Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»



бет14/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Байланысты:
УМК МӘНЕРЛЕП

Негізгі дауыс сарыны (тоны)

Әдеби шығармалар ауызекі оқу барысында, негізгі дауыс сарыны, мақамы шығарманың түрі мен мазмұны лайықты шығады. Мысалы, оқылатын әдеби шығармалар: күлдіргі әңгіме, лирикалық өлең, сатиралық мысал және басқа түрлері де болып келуі ықтимал. Сондықтан әдеби тексті оқитын не әңгімелеп беретін орындаушының дауыс мақамы шығарманың мазмұнына орай түзіліп не қоңыржай, не салтанатты көтеріңкі, не сатиралық ащы мысқыл, не сайқымазақ күлдіргі, не мұңды болып келеді.


Негізгі дауыс сарыны дегеніміз көркем шығарманың ауызша естілу әуезі. Мұны орындаушы көркем туындының кейбір суреттемелерін, оқиғасын, қаһармандарын тыңдаушыға үн мәнерімен сипаттап жеткізудің фоны ретінде пайдаланады.
Негізгі дауыс сарыны көркем шығарманың мазмұны мен түріне қарай түзіледі. Әдеби материалдың тақрыбына, идеялық мазмұнына, стиліне орай негізгі оқылу мақамы айқындалады. Айталық, ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы ғасырлар бойы қиын-қыстай қиыншылықты, кескілескен қан майдан – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» жеңіп, бүгінге жеткен қазақтың өміршеңдігін, қайсарлығын, ерлігін паш етеді де, қазірде азаттықтың асқар беліне көтерілген елдігін суреттейді.
Ақын Қасым Аманжоловтың «Дарқан дала» атты өлеңінде кең жазира даланың, туған жерінің жомарттылығын, байлығын, әсемдігін жыр маржанымен тізеді. Оның құдіретті күші ақын ойына қуат, бойына жігер құйып, мәңгілік ынтықтарына беретінін масаттана мадақтауы, тебірене толғауының ішкі сыры.


Солдат пен шыбық.
Солдат шайқаста ауыр жараланды. Мүгедек болып қалу қаупі туды.оның жатуға, отыруға, жүруге қауқары болмай қалды. Ол сөйтіп бір күн тұрады, екі күн тұрады, үшінші күні әлі құрып, аяғы басып тұруға келмей, қалтырап, таяныш іздеді.Қараса, қасынан қылтыиып келе жатқан ағаштың жас шыбығын көреді.Оны аяп кетіп: «Сендей жас шыбықты сындырғанша , түрегеп тұрып өлейін», -депті.
Жаумен шайқас іргелі жылжыды, жолдастары бұны есінен шығарғандай. Солдат жас шыбыққа сүйенбей, ауырғаны жанына батса да тұра беріпті.Солдат көп тұрды ма, аз тұрды ма, аз тұрдыма , бізге белгісіз, ауыр жарақаттан есі ауып, талысқып кетеді.
Бір кезде, орнынан тұруға күші қалмағанын сезіп, көзін ашса,үлкен зәулім ағаштың өсіп тұрғанын көреді. Ағаштың жуандығына он адамның құшағы жетпейтіндей екен. Биіктігі аспанмен тілдескен, жерден қарасан, ұшына көзің жетпейді.
Бұдан, соң солдат ағаштың бұтағына асылып тұрады.Көп кешікпей денсаулығы түзеліп, жарасы жазылып,сауығады. Жүруге, жатуға,тыруға жарайды. Жазылып шыққанына қуанған солдат біраз дем алып, тамақтанып, өз полкімді қуып жетейін деп асыға жүріп кетіпті.

(Б.Сергуненков.)


(«Балдырған» журналынан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет