ҚАНДАЙ ҰҚСАССЫҢДАР...... Бұл оқиға Октябрь революциясынан бұрын Финляндияның Лахти қаласында болған екен.
Патша үкіметі Ильичті қолға түсіріп, тұтқындау үшін бар күшін салады. Тыңшылар қала мен даланы тіміскілеп, Ильичті таба алмайды. Өйткені Ильичке партия, өзінің сенімді серіктері- жұмысшылар қамқорлық жасап , дұшпан көзіне түсірмеген .
Осындай бір кезде Ильичке тез арада Россиядан шетелге кетуге тура келеді. Ол шекарадан финлядия арқылы білдірмей өтпек болады. Ізін жасырып, Лахти қаласына келіп жөтеді.
Мұндағы жұмысшылар Ильичті қаладан таң бозара шығарып салммақ болып келіседі де, жұрт көзін аулау үшін жол көрсетуді әйел адамға тапсырады.
Таң бозарып ата бастаған мезгіл. Көшеде екі адам жүріп келеді.
9 Дәріс
Тембр (сөйлеу нақышы)
Сөйлеу нақышы (тембр)айтылу мақсатына қарай көңілді,қапалы,үрейлі т.б болуы ықтимал.Сөйлеу нақышы –мәнеріне келтіріп сөйлеу мен дауыстап оқып берудің бір құралы.Толқу,мұңаю,қуану,күдіктену сиақты жайттардың бәрі де дауыс құбылысынан сезіледі.Желігу,қамығу т.б көңіл күйлерінде дауыс кедуілгі қалпынан ауытқып шығады.Осы ауытқуда дауыстың эмоциялық бояуын,тембр деп атайды.Тебіреніс неғұрлым күшті болса,соғұрлым дауыс ауытқуда да кәдуілгі қалпынан ерекше шықпақ.
Сөйлеудегі дауыстың эмоциялық бояуы белгілі жағдайға байланысты болады. Мысалы:Алақай ! Қар жауды!-десек ,қар түсіп ауаның тазарғанына қуанған көңіл қошын білдіреміз.Ал қар борап ,ақ түтек боп,айналада еш нәрсе көрінбесе:АПырай!Мына бораннан көз сүрінеді,фермаға қалай жетер екенбіз?!-деп қобалжи сөйлейміз.
Сөз нақышы көркем сөз оқушының қалауынша түзілмек. Егер И.А.Крыловтың «Түлкі мен қарға»мысалын дауыстап оқитын болсаныз, түлкінің сөзін көлгірси шыққан үнмен келтіресіз.
«Қарағым,неткен сұлу ең!
Неткен мойын,неткен көз!
Осыдан артық дейсің бе,
Ертегі қылып айтқан сөз?!»
Немесе Мазай атайдың қояндарды ажалдан құтқарып ,сақтандырған сөзін жылы леп,мейрімді үнмен оқисыз:
Жағаға әкеп бөрене мен қайықты ,
Дедім:
«Кәне ал,бәрің де тайып тұр!»
Сөйткенімше жалма-жаң,
Тұра қашты қояндар
Айқаладым соңынан
«Тез ,антұрған ,аман қал!
Байқа қыли сорыңа
Түспе қыста қолыма!»
Сөйлегенге немесе дауыстап оқығанда үннің эмоциялық бояуы сөз мағынасына қарама-қарсы ұғым туғызатын жайттарда да кездеседі. Мысалы: «Ала жаздай ін салсаң,селкілде де, билей бер!»- дейді құмырсқа жеңілтек, алаңсыз шегірткеге. Құмырсқа әнді қаракет деп танымайды. Сондықтан оған қарама-қарсы пікір айтады. Қамсыз ыршын секір,билей бер дейді. Ашқарынға би қайда?Алда шегірткеге бұдан да қиын болатынын құмырсқа түсінеді. Осындай қарама-қарсы ой түйсін дауыстың нақышымен ғана жеткізуге болады.
Көркем шығарманың мазмұнына орай дауыс нақышын қалай анықтауға болады. Оны талдау арқылы ғана айқындай аламыз. Сөйтіп, шығарманың мазмұнын мұқият оқып, автордың ой-пікірін, оның творчествалық мақсатын,туындының идеясын әбден түсінгенде ғана дауыс нақышын түземіз.