Бақылау жұмысы. Текстті дауыстап оқуға даярлаңдар. Қандай кідірістер қойылатынын белгілеңдер де, оқып беріңдер.
Топ қасқырмен айқасқан табын.
(оқиға) Бұл оқиға Жосалы қыстағында болған еді. Өрісте жүрген біп табын сиыр кешкісін қыстаққа қайтып оралмады. Күн ашық болған соң малшылар бұған онша көңіл бөлген жоқ.
Қызыл іңір шамасы еді. Құм арасымен тасалап келген алты аш қасқыр табынның шетіне ала құйындай тиді. Сол-ақ екен, мама сиырлар жер сүзіп дөңгелене қалды да, тайыншаларды қоршап алды. Кенет табын ішінен дөнен өгізше суырылып шығып, өзіне қарсы ұмтылған көкжалды мүйізіне іліп алды да ішек-қарнын бір-ақ ақтарды.
Қасқырлар енді тікелей шабуылға шықты, бірақ ауыздарының салымы болмады. Сиырлардың даусын естіген малшылар да жетті. Табын аман екен. (Е.Төкенов.)
Тест «кідіріс» (пауза)
Тексттің мағыналық түйінін меңзейтін кідіріс?
А) ұзақ кідіріс
Б) орташа кідіріс
В) қысқа кідіріс
Г) логикалық кідіріс
Д) психикалық кідіріс
2. Тыңдаушылардың көңіл-күйіне әсер ету үшін пайдаланатын кідіріс?
А) психологиялық кідіріс
Б) сәл іркілуі
В) көркем сөз
Г) үнсіз талас
Д) қимыл іс-әрекет
3. Психологиялық кідіріс неге байланысты болады?
А) орындаушыға
Б) мәнерлеп оқуға
В) сөздің ұзақтығына
Г) қысқа мәтінге
Д) тексттің психологиялық мазмұнына
4. «Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін» сөйлемінде қандай кідіріс жасалады?
А) қысқа
Б) ұзақ
В) орташа
Г) кідіріс жоқ
Д) кідіріс бар
5. Логикалық кідіріс?
А) қысқа
Б) ұзақ
В) сөйлем
Г) мәтіндік
Д) орташа талас
6. Сөйлемдегі сөз дестелерін бөліп тұратын кідіріс?
А) ұзақ кідіріс
Б) қысқа кідіріс
В) орташа кідіріс
Г) үтір
Д) екпін
7. «Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ, төрт тағандап бұға бастады.» Сөйлем соңында қандай кідіріс байқалады?
А) логикалық
Б) ұзақ
В) психологиялық
Г) орташа
Д) қысқа
8. Сөйлемнің аяқталғандығын білдіретін кідіріс?
А) логикалық
Б) үтір
В) екпін
Г) сөйлем
Д) көркем сөз
9. Интонация дегеніміз не?
А) сөз сазы
Б) кідіріс
В) дикция
Г) екпін
Д) үтір
10. Пауза дегеніміз не?
А) айтылу мәнері
Б) кідіріс
В) сөйлеу қарқыны
Г) интонация
Д) сөз екпіні