Тіс ауырғаннан өлмейді
Тіс ауырған не деген жаман десеңші! Әлемде одан артық қиын нәрсе жоқ шығар! Егер менде алтын
таяқша болғанда бұлайша қиналмас ем ғой. Ауыруын бірден қойғызар едім. Ӛзімді ғана емес, бүкіл
әлемді тіс ауруынан арылтушы ем, шіркін! Адамдар бұл жанды қинаған ауруды ұмытар еді.
Тісімнің ауыруы кеше басталды. Жан шыдатпас аурудан кейде тіпті жылаймын. Күндіз кішкене
қояды да, кешке қарай жанымды кӛзіме кӛрсетеді. Маған десең қабырғаға шық, мейлі, айға қарап
қасқырша ұлы... Мұндай сәттерде күніне тісімді қырық рет тазалауға да дайынмын. Бірақ неге екенін
білмеймін, оны осындай ұйқысыз түндерде ғана ойлайсың.
Таңертең мейірбике Сайда апайға бардым. Балалар үйінде медпункт болғаны қандай жақсы. Жарақат
алсақ та, суық тигізсек те, қызуымыз кӛтерілсе де бірінші кезекте Сайда апайға жүгіреміз әйтеуір. Ол
бізге қажетті дәрілер мен ақылын қатар береді. Міне, бүгін де оның жұмысқа келуін күтіп отырмын.
Медпунктке жұмыс басталардан ӛте ерте келген болатынмын.
Амансың ба, Ілияс? Не болды?- деп келе сала мейірімді кейіппен менен сұрай бастады.
Апай, тісім ауырып тұр. Бүгін кӛз ілмей шықтым.
Ай, Аллам-ай! Сендерге тісті күніне екі рет тазалау керек деп қанша рет айттым десеңші?
Жарайды, бӛлмеге кір.
Мен үндемедім — ӛзімнің кінәлі екенімді білдім. Суық орындыққа отырдым да ол кісінің ақылын
ары қарай тыңдадым.
Қане, аузыңды аш. Саған қай тіс ренжіді екен? «А-а-а» де... Медбике мені ұзақ қарады да басын
шайқады:
Иә-ә-ә... тісіңде қанқұрт бар екен. Тез арада емдету керек. Ол үшін қалаға бару керек... — Сайда
апай жұмыс үстеліне отырып ойланып қалды. Біресе терезеге, біресе алдында жатқан журналға
қарайды. — Мен директордан осы уақытқа дейін қаншама сӛз естідім. Ӛзім үшін жүгіріп жүрген
сияқтымын.! Біреудің құлағы ауырады, енді біреудің асқазаны ауырады, ал директор кӛлік
тауып бермейді. «Жигули» ғана жүріп тұр, оның ӛзі де Мавлида Нұрғалиқызыныкі. Жалғыз сен
үшін олар автобусты алып шықпайды ғой, Ілия. Қане, біз былай істейік. Мына дәрілерді ал, тісің
мазалаған кезде жарты-жартыжан ауырған жерге қоясың. Кӛмектеседі. Егер тіпті шыдай алмай
бара жатсаң директорға ӛзің бар. Тіспен ойнаудың қажеті жоқ. Егер рұқсат етсе, бүгін-ақ қалаға
барып, дәрігерге кӛрсетеміз. Ал қазір бара ғой, бӛлмеңде тісіңнің ауруы қойғанша жата тұр, –
деп ол үш тал дәрі берді.
Былтыр біздің балалар үйіне автобус бӛлді. Біз қалай қуандық десеңші! Сол жылтыраған дӛңгелекті
аппақ автобуспен бізді концерттерге, түрлі байқауларға апаратын. Гаражда жасыл «Жигули»
автокӛлігі де тұр. Бірақ бұл кӛлік біз үшін емес — онымен Мавлида Нұрғалиқызы жүреді. Ол кейде
күн сайын қалаға қарай шығады. Бүгін де солай қарай шығатын шығар, егер ӛтініп сұраса мені де
жолай ала кететін шығар. Ойланып тұрдым да, бӛлмеден шығып, директордың бӛлмесіне қарай
беттедім. Есігінің алдына келдім де, батылым жетпей тұрып қалдым. Бірақ та бүкіл ерік-жігерімді
жұдырығыма түйіп алдыға қарай адымдадым — тісті емдетуім керек қой.
Сәлеметсіз бе, Мавлида Нұрғалиқызы! –деп кіріп бардым.
Неге сабаққа бармағансың? – деп ол менсінбей қарады.
Апай, тісім ауырып тұр...
Сендер ызыңдай береді екенсіңдер! Біресе біреуің, одан соң тағы бірің...
Мен алдап тұрған жоқпын, кешеден бері...
Директор ары қарай сӛйлеуге мүмкіндік бермеді:
Білемін сендердің қулықтарыңды. Біреуіңнің ішің ауырады, енді біреуіңнің басыңа бірдеңе
болған, үшіншіңнің кӛзі дұрыс кӛрмейді — қалаға бару үшін әйтеуір бірдеңе ойлап
табасыңдар...Ауруханаға бізді апарып жүреді деп ойлайсыңдар ма?! Тапқан екенсіңдер! Мені
алдай алмайсыңдар, боқмұрындар! Міне, жағың да іспеген, ал сен болсаң тісім ауырады деп
алдайсың!
Апай, түні бойы ұйықтай алмадым. Сайда апай кӛрді, тісім шіріп жатыр деді.
Менің аудандық білім бӛлімінде маңызды шаруам бар, сенімен жүретін уақытым жоқ. Дәрілер
сұра. Сайдаға айт, директор айтты де, саған анальгинді кӛбірек берсін...
Бірақ дәріден пайда аз болып тұр...
Кет ары миымды жемей! — қолында ұстап тұрған қаламды стол бетіне лақтырып жіберді. — Тіс
ауырғаннан ешім әлі ӛлген жоқ. Бар мектепке!
Басымды тӛмен түсірген қалпы директордың бӛлмесінен шықтым. Тіпті маған жаны да ашыған жоқ,
шынымен де кішкене кезінде тісі ауырып кӛрмеген бе? Шіркін, құс болғанымда ғой! Ешкімге
жалынбай-ақ қалаға ӛзім ұшып барар едім. Директордың аяушылық білмес сӛздерінен кейін тісім
одан да қатты ауырып кеткендей болды. Ол аздай дәлізге шығып, менің соңымнан қатты айқайлады:
Қара мұны! Жақсылықты білмейтін жетесіз! Кӛрсетемін мен саған!
Маған сондай қиын болды. Ауырып тұрған баланы аяп, тыныштандырудың орнына жазықсыздан-
жазықсыз ұрса жӛнелді.
Біздің балалар үйінде бес топ бар, мен тӛртіншісіндемін. Әр топта жиырма шақты бала бар. Бізбен екі
тәрбиеші мен екі түнгі кезекші жұмыс істейді. Бақытыма орай, бүгін таңертеңнен бастап Хакима
апайдың кезегі. Райфа апай баяғыда-ақ: «Жалқау! Сабаққа бармау үшін ӛтірік істеп тұрсың»,-деп
ұрсар еді. Бӛлмемде жалғыздан-жалғыз жатудан жалықтым да, кітаптарым мен дәптерлерімді жинап
салып, мектепке кеттім.
Сабақтарда әрең шыдап отырдым. Қоңырау соғыла салысымен кӛшеге қарай жүгірдім де қарды
уыстап жедім — ауру аздап басылғандай болды. Сыныпқа ӛзіммен бірге қардың қатып қалған бір
бӛлігін алып келіп, тісім ауырғанын қояды ма деген үмітпен ауық-ауық тістеп қойып отырдым. Ақыр
аяғында менің қиналысымды кӛрген мұғалім сабақтан босатты:
Мұхаметов! Бар, қиналма. Ауырған тісті барынша тез емдеу керек.
Мен балалар үйіне қардың бӛлігін ұстаған қалпы қайттым. Қарама-қарсы бірінші болып Сайда апай
кездесті.
Әлі басылмады ма ауруы?
Жоқ...
Ілияс, ертеңге дейін шыда. Жаңа ғана Мавлида Нұрғалиқызымен сӛйлестім, ол сені ертең тіс
дәрігеріне апаруға келісімін берді. Жүр, тағы да дәрі берейін, тек шыдашы.
Артық сұрақ қоймастан Сайда тәтенің соңынан ердім. Шыда деп айту — жеңіл. Тісің ауырғанда түнің
бір жыл сияқты ұзап кетеді.
Кешке қарай тісімнің ауырғаны адам шыдамастай үдей түсті. Анальгиннің жартысы емес, енді тұтас
дәрінің ӛзі де кӛмектеспейтіндей болды. Менің бұл күйімді кӛрген түнгі күтуші Флюра тәте менің
маңымда не істерін білмей безілдеп кетті.
Мынаны ал, сол жақ қолыңа ұстап отыр, бірден кӛмектеседі,-деп сӛйлеп, маған ұсақталып
туралған сарымсақты беріп жатыр. — Кӛресің, кӛмектеседі, тек орныңнан тұрма, жүрме, тыныш
жат. Тіс ауыруынан жаман нәрсені кӛрмеппін. Қытайлар ӛздеріне зұлымдық жасағандарға тіс
ауруын тілейтінін білуші едім. Бара ғой, орныңа жата ғой.
Сарымсақ деген неткен ғажап нәрсе! Жӛтелді, суық тигенді емдейтінін білетінмін, енді міне, тіс
ауырғанын тоқтататынын кӛрдім. Таңғы 6-ларда тісім қайта «оянып» мені кеміруді қайта
бастады. Бір нәрсе жанымды кішкене жадыратты — тісімнің ауырғаны қоятын болады, бүгін
қалаға барып, емдетеміз. Барлығы мектепке кетіп жатқанда мен дәлізде директордың бӛлмесінен
шығуын күтіп тұрдым. Кӛлік есіктің алдында тұрды. Демек, қалаға барып қалармыз...
Әйтеуір мавлида нұрғалиқызы шықты-ау дәлізге. Мен орнымнан атып тұрдым да, күлімсіреуге
тырысып:
Сәлеметсіз бе! – дедім.
Сәлемет пе? Тісің әлі ауырып тұр ма? Сен сайданың да мазасын алып біттің, түкке тұрмайтын
нәрселермен бара бересің...
Не істеймін енді, тісім ауырып жаным қиналды...
Бүгін менде конференция, тек кешке ғана босаймын. Тағы да білім бӛлімінің бастығына баруым
керек. Егер Сайда екеуіңді алсам мен бір сағатымды жоғалтам. Жо-о-оқ, мен осыншама уақытты
бекер жібере алмаймын. Әр минут қымбат.
Апай, менде тіпті күш қалмады шыдауға!
Екі күн шыдадың, тағы бір күн шыдайсың. Айттым ғой, тістің ауырғанынан әлі ешкім ӛлген
жоқ, — деп кесіп сӛйлеп, биік ӛкшелі туфлиімен тықылдатып жанымнан ӛтіп кетті.
Мен қолыммен басымды ұстаған қалпыммен диванда отырып қала бердім. Панасыз баланың
қандай сезімді бастан кешіргенін сіздерге айтудың ӛзі артық шығар. Шіркін, қанатым болғанда
ғой!.. Мен «салым суға кетіп», бӛлмеме оралдым.
Сабақтан соң сыныптасым Амиля бӛлмеме кірді. Мен жалғыз болатынмын.
Ілияс, әлі ауырып тұр ма?
Иә, — деп жауап бергім келмесе де жауап бердім. Себебі еш мағынасыз сұрақтардан шаршап
кеттім. Менің жай-күйім түрімнен-ақ кӛрініп тұр емес пе!
Егер директор ертең де сені қалаға апармаса не істейсің?
Білмеймін...
Сенің басың бар ма, жоқ па?! Сен бала емессің ғой — жетінші сыныпта оқып жүрсің! Екінші
топтағы балаға не болды, есіңде ме? Сенімен де солай болуы мүмкін.
Иә, мен ол оқиғаны ойымда сақтап қалғанмын. Үшінші сыныпта оқитын бір баланың тісі ауырған.
Оны да қалаға уақытында апармаған, кейін бәрі кеш болды. Тісі іріңдеп кеткен. Оған ота жасады —
бетінің біраз жерлерін кескілеп тастаған. Содан бастап бұрын кӛңілді болып жүретін сол бала
күлімсіреуді қойды, себебі күлген кезде тыртықтар терісін тартатын, беті де бір жағына қисайып
кететін.
Менің де тісім ауыра бастады. Мен саған бірдеңе айтайын деген ем, ешкім оны білмесін, — деді
Амиля.
Қане, созбай тезірек айт, — ішімде бір үміт пайда болды, — тезірек айтшы...
Ертең, — ол кідіріп тұрып қалды, — қашып кетейік. Мектепке кеткендей боламыз, бірақ қалаға
барамыз. Тіс емдейтін емхананы мен білемін.
Жоқ... Директор ертең апарамын деп сӛз берген. Бүгін конференция болатындықтан ғана ӛзімен
бірге алып кете алмады.
Сен сондай аңғалсың, бәріне сене бересің. Керек едің сен оған! Мавлида Нұрғалиқызын бірінші
күн ғана біліп тұрғандайсың. Ол бүгін «иә» дейді, ертең «жоқ» дейді.
Амиля, ойлану керек. Біліп қойса, басымыздан сипамайды. Ӛзің білесің.
Сен қандай қорқақсың. Егер келіссең, бірге барайық. Мен ӛзім жалғыз-ақ бара аламын. Ӛзің
байқа. Кейін маған бірге барайық деп айтпадың деп ренжіп жүрмесең болды...
Азырақ ойланған соң мен келістім. Тегін жүру билетін завучтың бӛлмесінен рұқсатсыз алдық. Амиля
дәптер іздеген болып құжаттар тұрған шкафты ақтарды. Ал мен бұл кезде завучты әңгіме айтқан
болып кӛңілін ӛзіме қарай бұрып тұрдым. Алақай! Құжаттар қалтамызға түсті! Жоспар құрдық.
Ертең таңертең — қалаға. Амиля сияқты тәуекелшіл қыздардың жаныңда болғаны қандай жақсы!
Ол ӛте ақылды қыз — барлығына жаны ашиды, кімге болса да кӛмек қолын созуға дайын. Біздің
бірге оқитынымыз да жақсы болды. Мықты, ешкімге бой бермейді. Шындық үшін кіммен болса да
тӛбелесуден тайынбайды. Басқалармен салыстырғанда тәрбиешілерден де қорықпайды. Қайткенмен
қалалық қой.
Кеш те батты. Сол қолыма сарымсақ ұстасам да бұл жолы сонша жақсы бола қоймады. Барлығы
ұйқыға жатты, ал мен болсам жанымды қоярға жер таппадым. Терезені ашып, басымды сыртқа
шығардым. Кішкене жақсы болды, бірақ суық еді.
Түнгі күзетшінің бӛлмесіне түстім. Менің іскен жағымды кӛрген ол:
Мүмкін темекі тартып кӛрерсің? — деп ұсыныс тастады.
Мен темекі тартпаймын.
Түсінікті, мүмкін кӛмектесер ме дегенім ғой. Мә, бір сорып кӛр, — деп ӛзінің темекісін маған
ұсынды.
Мен түтінді ішіме жұттым да қатты жӛтеліп кеттім.
Эх, әлі шикісің ғой! Үйренетін кезің болды ғой. Ақырынырақ тартасың, — деп «ұстазым»
үйретіп жатыр.
Тағы бір сорып кӛрдім. Жоқ, керегі жоқ екен. Бұл маған ұнамады...
Амиля қай кездегідей тура айтыпты. Таңертең тәрбиеші кӛліктің бұзылып қалғанын, ешқайда бара
алмайтынын хабарлады. Жарайды, керегі де жоқ! Басқалар бірінші сабақта отырғанда Амиля екеуіміз
қалаға қарай жүйткіп бара жатқан автобуста отырған едік.
Міне, тіс дәрігерінің бӛлмесіндемін. Есіктен кіре берісте-ақ кӛңілім бір кӛтеріліп қалды. Ақ халат
киген дәрігер, ақ үстел, барлық жиһаздар адамға нұр мен үміт құйып тұрғандай. Қорқынышты да,
ауырады емес пе? Түк етпейді! Оның есесіне мына мезі еткен аурудан біржола құтыламын. Қанша
шыдауға болады! Менің қатты ауырып тұрғанымды кӛрген соң кезексіз кіргізді. Амиля дәлізде
қалды.
Дәрігер абайлап ауырған тісті зерттеп кӛріп, ине сияқты бірдеңемен шұқылай бастады. Содан кейін
қолына дырылдайтын бір құралды алды.
Ай-яй-яй! — мені ток ұрғандай, қатты ауырғаннан орындықтан секіріп кеттім. Дәрігердің қолын
қалай қағып жібергенімді де байқамай қалдым.
Тыныш отыр, балақай. Шыда. Әйтпесе тілсіз қаласың — мынау қолымдағы нәрсе айналып тұр,
— деп маған ескертіп жатыр.
Не деген дыбыс! Бұл дыбыстан тіпті жүрек те тоқтап қалардай. Ауырған жерге тигенде еріксізден
айқайлап кетесің. Ал ақ халатты аға қайталай береді: шыда, шыда. Оның қолындағы құрылғыдан
ауызымнан қоңыр түтін шығып жатыр. Мен бұл ұсақ шаңнан тұншыға бастағандаймын.
Уф, дырылдаған құрал тоқтады-ау! Дәрігер ауызыма су шашты да:
Шайқа да мынаған түкіріп таста, — деп сол жақтағы ыдысты кӛрсетті.
Бітті ме? — деп шыдамсыздана сұрадым.
Мен қазірше тісіңді тазаладым. Қазір дәрі қойып, уақытша жауып беремін. Одан тіс нервісінің
айналасында қорғаныш қабаты пайда болады. Содан кейін тісіңді пломбалаймын, содан кейін
болды.
Пломбаны бүгін қоясыз ба?
Жоқ, бүгін болмайды. Тісті емдеген соң үш күн ӛтуі керек. Демек, тӛртінші күні келесің.
Уақытты саған белгілеп қоямын, — дәрігер құрал-жабдықтарын жинастыра бастады.
Соңғы сӛзді естіп мен абдырап қалдым. Қалайша ол? Тӛрт күннен кейін! Әлі бүгінгі қашып кеткенім
үшін қалай жазалайтыны белгісіз. Тіпті серуенді де тыюуы мүмкін. Қалаға, дәрігерге тағы келу
туралы тіпті әңгіме де жоқ.
Мен қайтадан келе алмаймын, қазір-ақ пломбалап беріңіз...
Болмайды, бала. «Асығыстық — шайтанның ісі». Шарты сондай, — деп дәрігер маған бүгінше
осы дегендей басын изеді.
Мен болсам істі соңына дейін жеткізуді шештім. Мені мұнда енді ешкімнің әкелмесі анық.
Сондықтан да бӛлмеден шығып кетуге асықпадым.
Олай болса тісімді біржола жұлып тастаңыз, — деп талап еттім.
Дәрігерді бұл сӛзім қатты таң қалдырды:
Асықпа, жігіт. Тӛрт күннен кейін келесің, сол кезде тісіңнің жұмысын аяқтаймыз. Тісті
құтқаруға болып тұрғанда оны жұлып тастаудың қанша қажеті бар?
Ӛтінемін, жұлып тастаңызшы. Мен қайтадан келе алмаймын...
Сен не, «ит ӛлген жерде» тұрасың ба? — деп күлді ол.
Қанша күндер бойы бұл жерге әрең келгеніме қарағанда, демек солай болып тұр ғой деген ой келді.
Жылап, сұрай бастадым:
Ағатай, жұлып тастаңызшы, ӛтінемін, жұлыңызшы!
Дәрігерді кӛз жасыммен ыңғайсыз жағдайда қалдырдым-ау деймін, бірақ менде басқа амал қалмады.
Аз-кем ойланып тұрды да, маған ренішті жүзбен қарады.
Ӛтінемін, ағатай...
Дәрігер терезенің алдына қарай кетті де ойланып қалды. Бӛлменің ішін тыныштық кезіп кетті.
Біраздан соң тіс дәрігері жаныма келіп, құрал-жабдықтарын ала бастады, қорабын ашып, ішінен
шприц алды.
Сен енді солай деп болмаған соң... ауызыңды аш, укол саламыз!
Тістің қызыл иегіне шым етіп ине кірді. Бес минуттан соң ауызым мұздап, қатып қалғандай болды.
Тіпті тілімді де сезбей қалдым, бейне бір менікі емес сияқты. Шамасы, бұл ауруды сездірмеудің
амалы сияқты. Дәрігер қолына қысқыш сияқты бір құралды алды. Жүрегім атқақтап кетті.
Шыдауға тура келеді. Бірақ ауырмауы тиіс.
Бірақ түбір тісті суырып алу оңай емес екен.
Жасың қаншада? — деп дәрігер сұрақ қойды. Мен ойланып үлгергенше болмады, қолындағы
қысқышпен тісімді тартып қалды.
Ай-яй!...
Дәрігер терең бір демалды да қайта тартты. Тісім шықырлап кетті.
А-а-а... — мен бӛлмені басыма кӛтердім. Дәрігер тістің жартысын жұлып алды, ал қалған жарты
бӛлігі орнында қалды. Ауызымнан қан аққандықтан тәп-тәтті болып кетті. Бірақ дәрігер тістің
екінші жартысын да жұлып алды. «Түкіріп таста», — деді ол. Бұл оңай болмады — ұйыған қан
еріндерімнен сыртқа шығып жатты.
Орамалың да жоқ па? Мә, ал, — деп қамқошы дәрігерім ақ дәкенің бір бӛлігін ұсынды.
Алғыстың орнына мен тек басымды изедім. Сӛйлеу мүмкін болмады. Солайша мен әбден мезі еткен
тісіммен қоштастым.
Амиля мені есіктің алдында тағатсыздана күтіп тұр екен. Бірақ ол тіс дәрігеріне кірмеді, мені бірден
шығар есікке қарай бастады. Біз автобекетке қарай аяңдадық. Мен сӛйлей алмағандықтан, серігімнің
сұрақтарына тек басымды изеп жауап бердім.
Қалай, Ілияс, ауырмай ма? — басымды изедім.
Білесің бе, — деп жалғастырды. Мен оның ары қарай не айтатынын күттім.
Менің тісім ауырмаған еді, мен ӛтірік алдадым, — деп ол күлді.
Сені аяп кеттім. Әпкең қаланы білмейді. Ал Мавлида Нұрғалиқызын ӛзің білесің. Сен жақсы
баласың, маған үй тапсырмаларына кӛмектесіп тұрасың.
Бұл сӛздерден кейін мен ерекше күй кештім. Сыныптасым қандай мейірімді десеңші! Мен оған
сондай ризамын. Еш сӛз айтпастан мен оны қатты құшақтадым. Ӛтіп жатқан адамдар бізге таң
қалысып қарады.
Жол жүру билеті арқылы сағат тӛртке билет алдық. Әлі сағат үш. Егер балалар үйінде бізден неге
мектептен кеш келгенімізді сұраса, вокалдың үйірмесінде болдық деп айтамыз. Біздің ән айтқанды
жақсы кӛретініміз бәріне аян. Ол үшін шу шыға қоймас.
Қарным қатты ашты. Тісім ауырып жүріп мен таңертең түк те ішпеген едім. Түк етпейді, шыдауға
тура келеді. Ең бастысы — жанымды жеген аурудан арылдым. Амиля болмағанда, бұл немен
аяқталатынын бір құдай біледі.
Ұйқы әлемдегі ең тәтті нәрсенің бірі деп бекер айтпайды екен. Ұйқысыз ӛткен бірнеше түндерден
кейін соған кӛзім анық жетті. Айналадағы шу да, суық орындық та менің терең ұйқыға кетуіме бӛгет
бола алмады...
Автобус келді, — менің бұл ғажайып күйімнен Амиля алып шықты. — Жүр, хабарлады.
Алаңқайда біздің Сальмановаға келген сол бір жасыл автобус тұр екен. Халықонша кӛп емес. Билетті
кӛрсеттік те соңғы қарардағы орындықтарға жайғастық. Автобустың іші жып-жылы екен. Ал
кӛшедегі ауа райы бұзыла бастады — боан сырғи бастады.
Жылы жерде Амиля екеуіміз қатты ұйықтап кетіппіз...
Достарыңызбен бөлісу: |