Балық пен кәмпиттің дәмі
Кӛктемнің жаймашуақ күні. Сыныптасым Фарит екеуіміз мектептен қайтып келеміз.
Ол кенеттен балалар үйінің жанында тұратын жасы егде әйелдің қақпасының алдына
тоқтай қалды.
О-о-о, қандай иіс десеңші! Апа балық қуырып жатыр, — досым терезеге қарай
бұрылып иіскей бастады. — Эх, шіркін, маған дәл қазір бір табасын берсе, бірден
түк қалдырмас едім!
Шынында да иіс керемет аңқып тұр. Балық жемегелі кӛп болған, сондықтан мен де
мұндай тамаққа кет әрі емеспін.
Білесің бе, фарит, менің анам балықты сондай дәмді етіп қуыратын. Ұнға аударып
алады да... М-м–м, сондай дәмді болатын! — Тәтті иіс анамның ыстық құшағын
тағы бір еске салып ӛтті. — Эх, ата-аналарымыз тірі болғанда ғой — тек
балықтың иісін иіскеу үшін басқа біреудің терезесін торуылдап жүрмейтін едік
қой! Күнде қуырып жер едік.
Айтпа. Балалар үйінде бізге балықты жиі бермейді, — деп Фарит мұңайып бір
ішін тартып қойды.
Осы уақытта терезеден апаның ӛзі қарап қалды.
Тағы да мына балалар үйінің балалары! Сол баяғы тіміскіленіп жүреді — бірдеңе
ұрлап кеткілері келіп! Кетіңдер, менің қақпамның алдында тұрмаңдар! — деп
айқайлады да ашық тұрған терезесін жауып алды.
Біз ары қарай кеттік. Фарит те, мен де апаға жауап бермедік. Үлкен кісіге не
айтасың?.. Ақкӛңіл фарит ұрсысқанды, ренжіскенді ұнатпайды. Ол балалар үйіне
жақында тап болды. Анасы қайтыс болды, әкесі бұл жерге ӛзі алып келді. Біз бір
бӛлмеде тұрамыз, бірге оқимыз.
Аз уақытта Фарит ӛзінің бар талантын танытып үлгерді. Ол суретті жақсы салады,
суретші болып туған ба дерсің. Оның үстіне ӛлең жазады. Мені таң қалдыратыны —
қарапайым нәрселерден керемет таба білетіні. Мысалы, кӛктемгі аққан суларды кӛреді
де: «Бұлар да кӛктемге қуана алмайды», — дейді. Немесе бетін күнге бұрып, маған:
«Күн бізді жақсы кӛреді, сондықтан біз оған рахмет айтуымыз керек. Ілияс, кӛз
алдыңа елестетіп кӛрші, егер ол бір тәулікке жоқ болып кетсе біздің жайымыз не
болмақ?» ол сондай қызық жан. Міне, ол қазір де бір жақсы ұсыныс айтты:
Білесің бе, Ілияс, мен саған бірнәрсе айтайын дегем. Бірақ оны ешкімге айтпа.
Қазір түскі ас ішіп алған соң ӛзенге балық аулаға барамыз! Келісесің бе?
Мен ғой келісем, бірақ біздің қармағымыз жоқ қой...
Ол да мәселе болп па! Ауылдың балаларының біреуінен сұрай тұрамыз.
Ал, жарайды.
Біз қуана бір-біріміздің алақандарымызды қыстық та, балалар үйіне кеттік. Түскі
астан соң қалталарымызға дастарханнан қалған нанның қалдықтарынан толтырып
салып алдық. Бұл күні Хакима апайдың кезекшілігі болатын. Ол мейірімді тәрбиеші
ешқашан айқайлаған емес, бостан-бос ұрыспайтын. Біз оның мейірімді кейпін
пайдаландық.
Ӛзенге жақын барып, сол тӛңіректе тұратын бір баланың қармағын сұрап алдық. Одан
соң ағаштардың астынан жауынқұрттарын тауып алдық. Содан кейін Белая ӛзенінің
баяу бір ағысына барып отырдық. Ӛзен толып ағып жатты, маған екі жағаны жалғап
тұрған ағаш кӛпірді ағызып алып кететіндей болып кетті. Қызық, мына күшті ағын
соншама қайда асығып бара жатыр? Егер ағысқа ұзақ қарап отырсаң басың айнала
бастайды.
Ілияс, сен қармақты тастардан бұрын жауынқұртқа бір түкіріп, арманыңды айтқан
жоқсың ба?
Ол не үшін?
Салты бар сондай. Олай істемесең, балық сенің жауынқұртыңнан айналып ӛтіп
кетеді. Байқаймын, сенің қармағыңа әлі бір де балық түспеді. Шығар қармағыңды.
Фарит күршекке жаңадан жауынқұртын салып, тез-тез сыбырлап бірдеңелерді айтты.
Одан кейін қармақты суға лақтырды.
Сенен сұрауға бола ма? — деп оны ӛзіме шақырдым.
Әрине.
Сен әкеңмен бірге балық аулауға барғансың ба?
Фариттің бет-бейнесі бірден ӛзгеріп кетіп, ұзақ үнсіз тұрып қалды. Одан соң ӛзінің
қайғылы оқиғасын айта бастады:
Қайдағы?! Әкем менімен ойнамайтын да. Ұзақ күнге достарымен жоқ болып
кететін. Кешке мас болып келіп ұрыс-керіңс бастайтын. Қыстың суық күндерінде
де бізді үйден қуып шығушы еді. Бірде күндегі әдетінше кеш келіп, тамақ сұрады.
«Мен ештеңе пісіре алмадым, отын жоқ», — деді анам. Әкеме жын кіріп
кеткендей. Ол есіктің алдына жүгіріп шығып шӛрке алып кірді. «Отын жоқ па?
Міне саған отын!» — деп айқайлап анамды ұра жӛнелді. Біз оны арашалауға
тырыстық, бірақ әкемнің ұрғанынан жан-жаққа ұшып түстік. Суыққа қарамастан
жеңіл киінген анамды үйден қуып жіберді. Бізге: «Мен сендерге жақсы ана алып
келем», — деді. Таңға жақын ғана ұйықтады. Біз есікті аштық, қалтыраған анамыз
шӛптің үстінде отыр екен. Содан кейін аяулы анамыз жиі ауыратын болды. Түні
бойы жӛтелетін, ауа жетпейтін. Бірнеше айдан кейін анамыздан айырылып
қалдық, — осы кезде Фарит бетін қолдарымен жауып қатты жылады. Маған
досымның кӛз жасын кӛру ауыр болды.
Қоя ғой, Фарит, мен сені түсінемін. Әйтпесе бар балықты үркітіп аламыз, — деп
әзілдедім. — Сенің қарындасың қайда? Екеуің бір туғансыңдар емессіңдер ме?
Кӛз жасын тия алмаған Фарит әңгімесін ары қарай жалғастырды:
Иә, ол менің туған қарындасым. Мен бірақ оның қайда екенін де білмеймін.
Назгүлді әкем сығандарға сатып жіберді. Ол мас болған кезінің бірінде ӛзі айтқан
солай деп.
Кетші ары! Ол ойыншық емес қой! — мен таңданысымды жасыра алмадым.
Сығандар деревняда әдеттегіше бірдеңелер сатып жүрді. Әкем қарындасым екеуі
аулада болатын. «Қандай әдемі қыз! Бізге сатшы», — депті сығандар. Ол ақымақ
Назгүлді сатып жіберген екен, — Фарит тағы да кӛз жасына ерік берді.
Осы сәтте қармақтың жібі тартылғандай болды. Үлкен балық түскендей.
Фарит, балық түсті қармаққа, тарт! Тезірек тарт! — деп шыдамсыздана орнымнан
атып тұрдым. Менің досым да жылауын тоқтата қойды. Қармақты тартып еді —
үлкен балықты алып шықты!
О-о-о, иә!
Ілияс, қара, қандай шортанды ұстағанымызды!
Мұңлы естеліктер аяқталып, оның орнына қуаныш келді. Енді ше! Ұсақ-түйек емес,
үлкен балық ұстадық — екеуіміз де сылқия тоятын болдық! Шортан болса тулап
жатыр, берілгісі келмейді...
Біз балықпен алысып жүргенде кӛпірге үлкен қара жеңіл кӛлік тоқтады. Одан әдемі
қара костюм киген бір ер адам түсті. Галстук таққан, бәлкім бір үлкен бастық болар.
Ағып жатқан ӛзеннің үстіндегі сықырлаған кӛпірге бір қарап алды да, бізге қарай
жақындады:
Сәлем, балалар!
Сәлеметсіз бе, — деп бірдей жауап қайтардық.
Сендер мектепте оқисыңдар ма?
Иә.
Мұғалімдерің сендерге судың арнасынан кӛтеріліп ағып жатқан кезінде ӛзенге
жақындамау керегін ескерткен жоқ па?
Ескертті, — дедім мен, — бірақ балықты қатты жегіміз келді.
Ата-аналарың балық сатып әпере алмайды ма? — деп қара костюмдегі аға
сұрақтарын ары қарай жалғастырды.
Балалар үйіненбіз, — дедіФарит. — Қараңыз, біз қандай балық ұстадық! Сізге де
жетеді...
Балалар үйіненбіз деңдер. Қане, кӛлікке отырыңдар, мен сендерді үйлеріңе дейін
жеткізіп тастайын. Бұл кезде ӛзен жақта жүру қауіпті.
Жас жүргізуші бізге кӛліктің артқы есіктерін ашып берді. Бәріміз отырған соң кӛлік
орнынан жеңіл қозғалды. Костюм киген аға бізге бір-бірден кәмпит ұсынды да,
біздің аттарымызды сұрады. Қайта-қайта қойын дәптеріне бірдеңелерді түртіп
жазып отырды. Балалар үйіне дейін тез-ақ келіп қалдық. Қоштасып тұрып ол кісі
түсін суыта бізге қарап саусағын шошайтты да:
Енді жалғыз ӛздерің ӛзенге бармаңдар. Директорларыңа сәлем айтыңдар, — деді.
Кәмпитіңіз үшін рахмет, ағатай!
Ал жақсы, сау болыңдар, балықшылар, — деді де кетіп қалды. Фарит екеуіміз
соңынан қолымызды ұзақ бұлғап тұрдық.
Балық ӛте дәмді болып шықты. Асханадан май сұрап алдық та ӛз тобымыздың ас
үйінде қуырып алдық. Бәрімізге аз-аздан жетті, тіпті Хакима апайға да бердік.
Ұйықтардың алдында бәріміз баяғыда ұмытылған қуырылған балықтың дәмі жайлы
әсерлерімізді қуана бӛлістік.
Мені бір сұрақ мазалай берді: қара кӛлікте болған кісі қандай бастық болды екен?
Үшінші сабақ болып жатқанда мектептің завучы кірді. Кӛзілдірігін түзеп алды да,
қатарларға бір кӛз жүгіртіп алып, мұғалімге қарай бұрылды да, сӛйлеп кетті:
Кешіріңіз, маған Ілияс пен Фарит керек еді. Оларды тез арада балалар үйінің
директоры шақырып жатыр. — Сол сәтте-ақ зәрем зәр түбіне кетті — біз не
бүлдірдік екен?
Тезірек, балалар! Директор сендерді шыдамсыздана күтіп отыр, — деп завуч бізді
асықтырды, мұғалімге қарады да, — мен директордан сабақтың аяқталуын күтуін
сұраған едім. Бірақ ол кісі кӛнбеді, бірден жіберуімді сұрады, — деді.
Бір жағынан жақсы, сабақтан ерте кеттік, екінші жағынан бізді балалар үйінде күтіп
тұрған беймәлім жайт алаңдатуда. Мүмкін біз жайлы біреу арызданды ма екен? Бірақ
ешқандай жамандық жасамаған едік қой. Мектепте сабақтарымыз жақсы. Болатын
нәрседен айналып ӛте алмайсың, үйге қарай тартып отырдық.
Балалар үйінің кіре берісіне таяғанымыз сол еді, күзетші біздің бірден директордың
бӛлмесіне кіруімізді бұйырды. Мавлида Нұрғалиқызының есігінің алдына келгенде
үнемі менің аяғым дірілдейді. Сӛйте тұра, тәжірибелі адамдай бірінші болып есікті
қақтым да, аштым:
Сәлеметсіз бе? Кіруге болады ма?
А, келдіңдер ме, қойлар! Кіріңдер, тойымсыз кӛздер! — директордың түрі де,
сӛйлеу мәнері де ешқандай жақсылықтан хабар беріп тұрған жоқ. Есік
ашылғаннан-ақ ашулы кӛзбен бізге атылардай болып отыр. — Міне, ұжым болып
жиналып сендерді күтіп отырмыз. Бізге басқа айналысар нәрсе жоқ қой, рас па?
Иә, біз асыр салып ойнап, дәмді тамақ жеп, тәтті ұйықтағаннан басқаны
білмейміз, — деп бір тәрбиеші зілмен күлді. — Сендер, балалар, жұмыс
істейсіңдер, ал біз ойнаймыз. Солай ма, Ілияс, Фарит?
Не болды? Бәрі бізді жеп қоюға әзір. Басқа топтардың тәрбиешілері де отыр. Ох, бүкіл
ұжымның директордың бӛлмесінде жиналып отырғаны бекер емес.
Қане, кеше сендер қайда болдыңдар? — деп Мавлида Нұрғалиқызы тесіле қарады.
Балық аулауға бардық, — деп жауап бердім мен.
Ох-ох! Боқмұрын, сен іріленіп, батыр боп кеткен екенсің! Су тасып жатқанда
рұқсатсыз ӛзенге кетіп, онымен қоймай мақтанып тұрғандарын қара, — деп
директор ашуланды. — Сендер не, аш болдыңдар ма?
Балық жегіміз келді, — деп Фарит те үн қосты.
Бұл сӛз ұжымды сілкіп жібергендей болды да, тәрбиешілер араның ұясындай гуілдеп
кетті:
Бұларға үнемі бірдеңе жетпей жүреді!
Айтпа, бұлардың жеп жүргендері балаларымыздың ӛңі түгіл түсіне кірмейді!
Бӛлтірікті қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды деп бекер айтпайды ғой.
Міне-міне. Алқаштардың балаларын адам қыламыз деп ӛмірімізді сарп еттік.
Директор тізгінді қайтадан ӛз қолына алды:
Сендер онда кімді кӛрдіңдер?
Қара костюм киген ер адамды. Ол бізді ӛзінің кӛлігімен әкеп тастады.
Бізге кәмпит берді, — деп Фарит қостап қойды.
Білесіңдер ме, сендер кімсіңдер? Сендер тоғышарсыңдар! Үш адамның тамағын
жесеңдер де бәрібір ашсыңдар. Сендер жарылып кетіңдер! Білесіңдер ме ол
адамның кім екенін?! — деп Мавлида апай сілекейін шашты.
Біз басымызды шайқадық.
Ӛтірік айтпаңдар! Сендер бәрін білесіңдер. Менің атыма кір келтіру үшін әдейі
істедіңдер. Ӛздерің барып, директор анандай-мынандай деп мұңдарыңды шаққан
шығарсыңдар. — Мавлида Нұрғалиқызы маған қарады да баж ете қалды, —
талтақ, кел, жақында маған. Мына кітаптағы суретке қара! Астында не деп
жазылып тұр? Дауыстап оқы!
Суретте кешегі аға тұр еді! Иә, иә. Қателесуім мүмкін емес, тіпті галстугы да кешегі.
Оның суретін кітапқа қоятындай ол кім болды екен? Жазуға жақындап қарап,
дауысымды қаттырақ шығардым:
Аудан әкімшілігінің басшысы... — Маған кенет қатты ыстық болып кетті. Фарит
те таңданысын жасыра алмады. Демек бізге кәмпит берген қара костюмдегі аға
аудандағы ең үлкен адам екен ғой! Біз қайдан білейік...
Директор үстелінің суырмасынан газет алып шықты да бәрінің кӛзінше сілкіп қойды:
Міне, бізді қалай танымал қылды бұлар! Қараңдар! Аудандық газетте балалар
үйінде балаларды дұрыс қадағаламайды, ӛзенде су кӛтеріліп ағып жатқанда да
маңында ойнап жүре береді деп жазған. Таңертең бастықтың ӛзі хабарласты.
Ілияс пен Фарит деген балаларың пысық екен, анау-мынау емес, Белая ӛзенінен
шортан ұстап алыпты. Мен ӛз құлағыма ӛзім сенбедім, ойнап тұрған шығар деп
ойладым, — Мавлида апай газетті үстел үстіне лақтырды. — Ұрысты, мен не
істеймін енді, барлық су қоймаларын аралап, тәртіпке қатты мән беруімді
тапсырды. Білім бӛліміне қоңырау шалып, маған сӛгіс беруімді тапсыратынын
айтты. Не деген жақсылықты білмейтін балалар! Ұят-ай! Екі сұмырайдың
кесірінен бүкіл ауданға атышулы болдық! Бұл ақпаратты радиодан да айтқан
екен. Басымнан теуіп жібергендей болдыңдар!
Ех, егер балық аулауымыз мынандай келеңсіз оқиғамен аяқталатынын білгенімізде
ғой, шіркін! Анау ағаның біздің директорға сонша ұрсатынын біз қайдан білейік? Ол
бізге мейірімді болып кӛрінді, бізбен әңгімелескенде күлімсіреп отырды.
Қане, жолдастар, бұларды не істейік? — деп директор сұрақты тӛтесінен қойды.
Арнайы колонияға жіберу керек. Сол жақта олардың орындары!
Бір ай бойы балалар үйінің едендерін жусын!
Бұларға жаңа киім-кешек бермей қою керек, ескілерімен жүрсін!
Иә-иә, тіпті семіріп кетті. Патшаның отбасында ӛскендей!
Кӛкӛністер мен жеміс-жидектерді бермей қою керек!
Шын сӛз, тойынған ит қожайынына секіреді деген осы.
Даянға айту керек. Бұларды біраз сілкіп алсын...
Тағы да кӛп ұсыныстар айтылды. Бізге қуырылған шортанның терісі сияқты қызарып,
осы сӛздерді тыңдап тұру ғана қалды.
Дұрыс, жолдастар. Осы жазалардың бәрін қолдансақ та бұларға аздық етер, — деп
Мавлида Нұрғалиқызы үстелден түрегеліп, қорытындылады.
Жақында жазғы киімдер таратамыз, ал мына сұмырайлар ескі киімдерімен
жүретін болады. Олар бізді ұятқа қалдырады да, ал біз бұларды аяуымыз керек
пе?! Қарындары тойғанша тамақ ішеді, ұйқылары қанғанша ұйықтайды — есесіне
осылай бізді қаралайды! Мемлекет бұларға қаншама қаржыларын кетіріп жатыр,
ешқандай пайда жоқ! Даяннан да сұрақ сұрау керек деген ұсынысты да
қолдаймын. Біраз жӛнге келтіріп алсын, әйтпесе тіпті құтырып кетті бұлар. Ал
енді мектептеріңе жӛнеліңдер!
Ол бізді дұшпандық кӛзқараспен ұзатып жіберіп, артымыздан:
Жазда менен жаңа футболкалар мен шұлықтарды сұраушы болмаңдар! — деп
айқайлады.
Бӛлмеміздің есігі қатты теуіп жібергеннен серпіле ашылды. Табалдырықта Даян
тұрды. Біз Фарит екеуіміз кітап оқып отырған едік.
Ей, ботаниктер, мен келгенде кітаптарыңды қоя қоюларың керек! — деп бізді
қорқыту үшін жұдырығымен есікті бір ұрды. Оның жасының бізден үлкен болуы
— үлкен басымдық. Қолдары ұзын, жұдырығы жуан, одан тіпті ауылдың
балалары да қорқады. Еш кінәсіз-ақ Даяннан таяқ жеп қалуымыз мүмкін. Сен
ешқандай кінәсіз болсаң да оны ешкім тоқтатпайды, кінәламайды. Оның біздің
бӛлмемізге келуі ешқандай жақсылықтың белгісі емес.
Кешегі директордың алдында болған әңгімеміз есіме түсті, ол жерде бізді Даянның
«қамқорлығына» беру туралы ұсыныс та айтылған еді.
Менің рұқсатымсыз балыққа неге бардыңдар? — деп Даян маған жақындап келді.
Сен не, біздің топтың тәрбиешісісің бе? — дедім мен де.
Тыныш! Тойымсыз тоғышарлар! Барлық қиындықтарды сендерден тартып
жатырмыз. Білесіңдер ме, сендер үшін мен таяқ жедім! Директордан жаман сӛз
есту маған жақсы деймісіңдер. Жетер енді, еркелетіп жіберіппін сендерді! Ӛмір
бойы балық кӛрмегендейсіңдер. Мен бұны жәйдан-жәй қалдырмаймын.
Не болды соншама? Сол бір балық ұстаудан әлем бүлініп кетпеген шығар? — деп
Фарит «атаманның» алдында ақталуға тырысты.
Сен дауласайын дедің бе? Мә саған! — Фариттің құлақ-шекесіне ауыр соққы тиді.
Одан кейін Даян маған да бұрылды, — Саған да керек пе? Мә саған!
Мен оның жұдырығынан жалтарып үлгердім.
Сендердей боқмұрындарға қолымды да былғағым келмейді. Менің түсінуім
бойынша сендер бір-біріңе адал достарсыңдар. Аштан ӛліп қалмау үшін балық
аулауға да бірге бардыңдар. Балалар үйін бүкіл ауданға танымал еттіңдер.
Директор сендердің жазаларыңды беруді маған тапсырды. Мен басқаша жасайтын
болып шештім. Бүгін кешкі сегізде сендерді спортзалда күтемін. Ол жерге барлық
балаларды шақырдым. Сендер бір-біріңмен тӛбелесулерің керек. Солай
ӛздеріңнің достықтарыңды дәлелдейсіңдер. Кім жеңіліп қалады, сол менің бүкіл
жұмысымды істейтін малайым болады. Менің киімдерімді жуатын болады, анда-
мында барып менің тапсырмаларымды орындайтын болады. Түсінікті ме?!
Мен тӛбелеспеймін, — дедім мен. Неге біз Даян айтты деп бір-бірімізді
тӛмпештеуіміз керек?
Біз тӛбелеспейміз, — деп Фарит мені қостады.
Тыңдамай кӛріңдер мені. Онда бүкіл балалар үйі болып ұрамыз сендерді. Екеуің
де менің малайым боласыңдар.
Ұра беріңдер, бірақ мен сенің құлың болмаймыз, — деп тағы қосып қойдым. Даян
не істерін білмей аңтарылып тұрып қалды:
Сендер қандай қырсық едіңдер десеңші! Бұған дейін менімен ешкім сӛз
таластырып кӛрмеген, — деп басын сипап, ойланып тұрды да, — жақсы, тағы бір
шығар жол бар. Сендер білетін шығарсыңдар, мен кәмпиттерді жақсы кӛрем. Егер
тӛбелеспеймін десеңдер маған кәмпит әкеліңдер. Қайдан алу керек екенін
айтайын ба? Ауылдың ортасында жәрмеңке бар. Сол жерге барыңдар да бір
килограмм кәмпит ұрлап әкеліңдер екеуің. Сонда мен сендерге тиіспеймін. Басқа
тапсырмалар да болмайды сонда. Келісесіңдер ме?
Біз ештеңе деп жауап бермедік.
Жақсы, ойланыңдар. Мен сендердің таңдауларыңа қалдырдым: не екуіңді де
аямай ұрып-соғып, сендердің үстеріңе аяғымды сүртемін, не болмаса кәмпит алып
келесіңдер де кешірім аласыңдар. Кешке дейін уақыт берем, — деп Даян шығып
бара жатып есікті қатты күшпен серпе жапты.
Бӛлмеде тыныштық орнады. Кӛп үнсіздіктен кейін Фарит сӛйледі:
Ал, не істейміз, Ілияс?
Білмеймін.
Ұрлаған жақсы емес.
Әрине. Кӛктен анам кӛретін болса, баласының сондай күйге тӛмендегеніне
ұялатын болады. Фарит, тӛбелескім де келмейді. Достар бір-бірін ұрмаулары
керек.
Мына Даян дегенің әбден құтырып алды. Оның ӛзін бір күндері біреулер
жәукемдеп кетсе, шіркін. Ілияс, мүмкін базарға барсақ барып кӛрейік пе?
Ұрлауға ма?
Жоқ, барайық, кӛреміз. Мүмкін бірдеңе ойлап табармыз.
Тәрбиешіден сыныптасымыздың үйіне барамыз деп сұрандық та базарға қарай
аяңдадық. Сӛредегі кәмпиттерді кӛзімізбен жеп ары-бері бірнеше рет ӛттік.
Сатушылар сұрап жатыр:
Балалар, сендерге не керек?
Кәмпит керек, бірақ біздің ақшамыз жоқ.
Тегін тек қана шӛп ӛседі, — деп олар бізді қағытып күліп мәз болысады.
Фарит, кӛресің, ӛскенде сатушы боламын. Кәмпитті тойғанша жеймін. Саған да
беремін...
Досым сол сәтте-ақ мен туралы әзіл ӛлең құрастырып жіберді де, қиындықтарымызды
ұмытып, күліп жетісіп қалдық. Сол кезде сатушылардың бірі бізді ӛзіне шақырып
алды да ұсыныс тастады:
Бағанадан сендерге қарап тұрмын, бірдеңе күтіп жүрсіңдер. Менің жанымнан
бірнеше рет ӛттіңдер. Менде сендерге жұмыс бар. Анау бос қораптарды
жинаңдар, — ол бос картон жәшіктерді кӛрсетті, — ескі клубтың артына апарып,
ӛртеп жіберіңдер. Мен сендерге ақша тӛлеймін.
О-о-о, біз тез-ақ бітіреміз, — деп Фарит күлімсіреді, —Тәте, біз тез аяқтаймыз!
Клубтың артында ескі қағаздар мен жәшіктерді ӛртейтін арнайы орын бар. Біз ол
жерге тӛрт бос жәшік апардық та, ӛртеп жібердік. Сатушы бізге әрқайсымызға үш
рубльден берді. Демек, ӛмір сүруге болады! Біз тіпті қуанып кеттік. Келесі сатушыға
жақындадық:
Тәте, сізге кӛмек керек емес пе? — Тағы бірнеше жәшікті апарып ӛртедік. Біз
жұмыстың ретін біліп алдық. Қалталарымыздағы тиындардың сылдыры бізге күш
бере түсті. Үшінші, тӛртінші, бесінші сатушыға кӛмектестік. Кеш батқанша
базарда жүгіріп жүріп жұмыс атқардық. Отқа күйген шаштарымызбен,
кірпіктерімізбен, түтінге қақталған киімдерімізбен, бірақ шексіз бақытты болған
біз бар ақшамызға кәмпит сатып алдық. Едәуір салмақты кәмпит келді. Тамаша
болды! Жұмыс істеп жүріп байқамаппыз, кешкі тамақтың уақытын ӛткізіп
алыппыз, демек ертең таңертең ғана тамақтана аламыз. Ол бірақ маңызды емес.
Біз ӛз күшімізбен бірінші рет ақша таптық. Оған кәмпит сатып алдық. Иә, Даян
талап еткендей ұрлап алған жоқпыз, сатып алдық.
Кӛңілді, ӛз-ӛзімізге риза кейіппен екі қабатты үйге қарай жүрдік. Кейде кішкене
лақтардай секіріп-секіріп қоямыз. Кӛптен бері кәмпит жемегенбіз, сондықтан бір-
бірден дәм татып кӛруді шештік. Шіркін, қандай тәтті десеңші! Бұрын мұндай
тәттілерді кӛрмегенбіз де. Қалған кәмпиттерді Даянға бердік. Кәмпиттерді кӛрген
«атаман» күліп, мәз болып кетті. Ешқандай жұмыссыз бос жатқан ол тӛсегінен
қарғып түсті де, ауызына бірнеше кәмпитті бірден тығып жіберді де, тамсанып
тұрып бізді мақтады:
Жарайсыңдар! Демек сендер де ұрлауды үйрендіңдер!
Фарит екеуіміз мектептен қайтып келеміз. Балалар үйінің жанындағы үйден бізге
таныс керемет иіс шығып жатыр. Апа балық қуырып жатқан болар.
Кӛз алдымнан соңғы күндердегі барлық істерім жүгіріп ӛтті де, мен ӛзімді тордағы
балықтай сезіндім. Тамағыма тас тұрып қалғандай болды.
Тезірек жүрейік, — дедім досыма, біз тез-тез жүріп балалар үйіне қарай ӛтіп
кеттік.
Достарыңызбен бөлісу: |