Меніңше, біздің әкеміз әлемдегі ең жақсы әке. Ешкімге қатты сӛйлемейді, ешкіммен ренжіспейді



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата26.01.2023
өлшемі0,86 Mb.
#63119
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Тастамашы, ана! 

Неге сен бізді қалдырып кеттің, ана? Бұл жерде ӛте қиын. Сені ойламаған , есімізге алмаған бір 
күн де жоқ. Естисің бе, ана-шы-м?! 

Тыныштал, балам, жылама. Сендердің жастарың менің қабіріме құйылуда. Білсеңдер ғой, сендер 
үшін жаным қалай ауыратынын... Жақында тәрбиешінің сенің басыңнан кілтпен ұрғанын 
кӛрмеді деп ойлайсың ба, балам? Маған қандай ауыр болғанын білсең! Бірақ, ӛкінішке орай, 
кӛмектесе алмаймын... 

О дүниеде жақсы дейді. Шын ба бұл, ана? 

Сендерсіз маған жұмақтың ӛзінде де қиын, балапандарым менің. Сендермен қоштасқан күнді 
еске аламын да тоқтаусыз жылаймын. Сен ӛзіңді мықты ұстадың, ұлым. 

Мен ол күнді бүгінгідей есімде сақтадым. Барлығы Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып 
жатты. Ал сен сол баяғы тӛсегіңде жаттың. Анашым, саған кӛп ауыртпашылықты кӛтеруге тура 
келді. Үш жыл тӛсек тартып жаттың... неге екенін білмеймін, ауруханаға да жатпадың... Неге 
екенін білмеймін, ауруханаға да жатпадың. 

Қазірде, әрине, ӛкінемін. Дәрігерлер ота жасауға кӛндіргілері келді, ісіктің ӛсетіндігін айтып 
ескертті. Бірақ мен сендерді қалдырғым келмеді, бәрің де кішкентай болдыңдар. Әкелерің күнде 
жұмыста. Бірде ауруханаға жатайын деген едім, бірақ үш жасар зульфира мені құшақтап алып, 
жібермей жасын тӛкті: «Тастама бізді, ана, қалдыра кӛрмеші!» үшеуің де жас толған 
жанарларыңмен маған : «Тастамашы бізді, ана», — деп жалындыңдар. Қалай тастаймын 
сендерді? Солайша ауруханаға бармай қалдым. Одан кейін бәрі кеш болды — дәрігерлер ісіктің 
асқынып, қатерлі болып кеткенін айтты... Ауру мені тӛсекке таңды. 

Соңғы айда ауылдың фельдшері Хания тәте саған апта сайын келіп тұрды. Ол ӛзімен бірге 
чемоданын алып жүретін — ішінен дәрінің құтысын алып шығып, шприцке толтырып, сенің 
тамырыңа салатын. Саған сол сәтте-ақ жақсы болушы еді. Бірақ кейінгі кездерде фельдшер бізге 


жиірек келетін болды. Бірнеше укол салатын, ал қолданылған шприцтер мен дәрі құтыларын 
бірден отқа тастайтын. Жаңа жылдың алдында саған тіпті жаман бола бастады. Сен қатты 
қиналдың, бізге қорқынышты болды. Әкем ӛзін қоярға жер таппай, есіктің алдына шығып кетіп, 
темекісін бірінен кейін бірін тарта берді. Тіпті бізбен бұрынғыдай ойнамады да. Ақыр аяғы әкем 
бізді Хания тәтені шақырып келуге жіберді. «Тезірек барып-келіңдер, аналарың ӛте қиын 
қалде»,-деді ол. Сірә, ӛзі сені тастап кеткісі келмеді-ау деймін. Біз фельдшерге жүгіріп кеттік. 
Бізді кӛре салысымен Хания тәте бәрін де сӛзсіз ұқты. «Жаңа жылға дейін бірнеше сағат қана қалды, 
қане, дастархан басына жайғасыңдар, тым болмаса шай ішіңдер»,-деп шақырды. Біз әпкем екеуіміз 
қарсы болдық — сенің үйде аурудан қиналып, уколды күтіп жатқаныңды білдік. Бірақ фельдшер бізді 
ақыры кӛндірді, бізге асығыс-үсігіс бір кесе шайдан ішуге тура келді. Біздің тағат таппай 
тұрғанымызды кӛріп Хания тәте ары қарай бізді қыстамады. Дәрілерге толы чемоданын алды да 
бізбен бірге кӛшеге шықты. 
Бүкіл әлемді ақ жамылғыға ораған қар жауып тұрды. Білесің бе, ана, мен сол сәтте нені армандадым? 
Сен тезірек сауығып, жазылып кетсе екен дедім... Бірақ менің арманымның орындалуы бұйырмаған 
екен. «Хания тәте, сонда сізде жақсы бір дәрінің болмағаны ма? Егер бар болса, анамызға беріңізші. 
Ӛскен соң міндетті түрде сізге ӛтеуін тӛлеймін»,-деп мен фельдшерге ӛтіндім. Ол болса ештеңе 
айтпастан терең күрсінді. Ол саған уколды салуын — салды, содан кейін бір қағазды алып саған қол 
қоюға берді. Жаңа жылға екі сағат қалған кезде саған бір жеңіл болып қалғандай болды. Сонда да 
бізге мереке тойлайтындай кӛңіл-күй болмады. 
Хания тәте ӛз міндетін атқарып болған соң әкеме шығарып салуды ӛтінді. Олар аулада бірдеңелерді 
ұзақ сӛйлесті. Әкем үйге ӛзіне ұқсамай кірді, бейне бір «салы суға кеткендей». Сен де ӛзгерісті бірден 
байқап, әкемнен фельдшер не айтқанын сұрап жаттың. «Гүлнұр, маңызды ештеңе емес, тек қана 
шығарып салдым»,-деп жауап берді ол. Тағы бір сағат ӛтті. Біз бәріміз сенің жаныңда болдық. Жаңа 
жылға дейін санаулы минуттар қалды, бірақ үйде мерекенің белгісі де сезілмеді. Солай бола тұра мен 
ішімнен сыйынып: «Жаңа жыл біздің үйге бақыт пен бәрімізге денсаулық алып келсе екен» деп 


қайталаумен болдым. Біраздан кейін сен: «Жарықты ӛшіріңдерші»,-деп ӛтіндің. Басыңды біресе бір 
жаққа, біресе екінші жаққа қаратып бұра бердің. Әкем бізді басқа бӛлмеге қарай алып кетті. Сен 
болсаң «Жарықты сӛндіріңдерші!» деп қайталаумен болдың. Сірә, сен балаларыңның қалай 
қиналғаныңды кӛрмеуін қалаған болуың керек. Немесе бізді қорқытып алмайын деген шығарсың. 
Біздің кіп-кішкене жүректеріміз қалай азап шеккенін сезсең ғой, шіркін! Әлия алаңын жасыра алмай: 
«Анамыз ӛлейін деп жатыр ғой деймін»,-деп күбірледі. Біз бірден ыстық жасқа булықтық. Сен 
бұрындары жігіттердің жыламайтындығын айтқан едің. Сондықтан да мен жылаған дауысымды 
шығармауға тырыстым. Бір кезде кӛйлегімнің түймесін жұлып алып, дауысымды шығармас үшін 
тістегенім сондай, алдыңғы тістерім сықырлай бастады. Қыздар тоқтамастан жылады, қанша жерден 
берік болуға тырыссам да, мен де жыладым. 
Әкеміз сенің бӛлмеңе шақырған соң біз тӛсегіңнің жанына келіп тұрдық. Кӛзі қызарып кеткен әкем 
біраз үнсіз тұрған соң: «Балапандарым, ылғи да сендерді қалай аймаласа, сендер де аналарыңды 
солай бір аялап, құшақтап алыңдар»,-деді. Бірінші болып ӛзі сенің маңдайыңнан сүйді. Біз де сені 
сүйе бастадық, ал сенің кӛздеріңнен жас ағып жатты. бірдеңе деп айтқың келетін тәріздісің, бірақ әл-
дәрменің жоқ. Бұл біздің сені ақырғы рет сүйгеніміз болатын. «Анамызға қиын болып жатыр, 
қанекей, аяқтарын бір уқалап жіберейік»,-деп Әлия ӛзінше сенің халіңді жақсартқысы келді. Біз 
жыладық, әкеміз ғана кӛз жасын бізге кӛрсеткісі келген жоқ. Сені біз құтқарып қала алмадық. Сен 
кӛзіңді жұмып, тыныс алуды тоқтаттың... Ах, егерде мен дәрігер болғанымда ғой! Бір-ақ күнде сені 
орныңнан тұрғызар ем ғой! 

Жетеді, ұлым, менің жанымды қинамашы. Онсыз да менің жағдайым қиын. Білемін, сендерге де 
оңай болмады. Қайта әкелеріңнің сендерді ӛзінің соңғы сағатына дейін тастамағаны жақсы 
болды.... 

Иә, анашым, әкемізге де ауыр қайғыны басынан ӛткеру жазылыпты. Сенің ӛмірден қайтқаныңа 
бір апта ӛткен соң ауылдық кеңес пен мектептен адамдар келе бастады. «Жақсы, үшеуі қалада 
оқып жатыр, ал мына тӛртеуін жалғыз ӛзің аяқтарынан тік тұрғыза алмайсың, қиналмай-ақ 


оларды балалар үйіне бер»,-деп әкемізді үгіттей бастады. Бірақ ол ӛз дегенінен қайтпады. 
Аудандық қызметтерден де адамдар келді. Ашуланып, әкем оларға: «Мен тірі тұрғанда 
балаларымды ешқайда да бермеймін»,-деп үйден қуып шықты. Мектептегі кейбір мұғалімдер де 
бізге басқаша қарай бастады. Дұрыс жауап беріп тұрсақ та «екі» қоя бастады. Содан кейін 
әкелері балаларына қарай алмайды, сондықтан да бұл балалар сабаққа үлгере алмайды деген 
желеумен жиі арызданды. Олардың бар мақсаттары бізді балалар үйіне жіберу болды. 
Кейбіреулердің тіпті: «Әйелі ӛлуіне байланысты Ғиззат үкіметтен кӛп ӛтемақы алып отыр, 
сондықтан да балаларын мемлекетке бергісі келмейді»,-деп айтуға да ұяттары барды. Ауыл 
әкімдігінің ақылсыз біреуінің қызғаныштан әкеме қарап: «Кейбіреулерге жақсы болды, сен енді 
бәрінен байсың»,-деп айтқан кездері де болды. Әкем шыдай алмай әлгі нақұрысты бірақ ұрды. 
Ол сен қайтыс болған соң қатты қайғырып жүрді. Түндерде ұйықтай алмай қиналды. Ал бір жыл 
ӛткен соң жиі ауыратын болды. Трактор жүргізіп жүріп қатты суық тигізіп алды. Оның үстіне 
сенен айырылғанды да кӛтере алмады деп ойлаймын. Сенің қайтқаныңа үш жыл толғанда 
әкемнен де айырылдық. Бізді осында, балалар үйіне алып келді. 

Сендердің бастарыңа түскен тағдырды дұшпаныңа да тілемейсің... 

Есіңде ме, сен маған қаладан бір аяқ киім алып келген едің. Маған сондай қатты ұнады. Мен ол 
аяқ киімді сен ӛмірден ӛткен соң да кӛпке дейін киіп жүрдім, айырылғым келмеді. Кейін басқа 
аяқ киімдер де сатып алып берді, бірақ маған осы, сенің әпергенің қымбат болатын. Ол аяқ киім 
әбден тозса да, мен мектепке ылғи сонымен баратынмын. Бірге оқитын сыныптастарым неге 
менің ескі аяқ киім киіп жүргенімді сұрағанда: «Мұны маған анам сатып алып берген еді»,-
дейтін едім. Есіңде ме, сен әлі бізбенен бірге болғаныңда мен ана туралы ән жаттап алған ем 
ғой? 8 наурыз мерекесіне орай маған ол әнді сахнада орындауды сұрады. 
«Анам, анашым менің аяулы, 
Ұзақ болсын ӛмірің сенің саялы»,-деген жерге келгенде кӛзіме жас келіп, тамағыма ӛксік тығылып, 
әннің сӛздерін ұмытып қалдым. Бетімді жас жуып кетті де, кӛрермендер шапалақ ұрып кетті. 


Анасыз ӛмір сүру қандай қиын! Мұнда біздің бәрімізді алқаштардың балалары дейді. Бірақ мен 
білемін ғой, сен ондай болмадың. Тірі болғаныңда екі «Алтын алқаңды» ӛңіріңе қадап, мына 
тәрбиешілерге кімнің кім екенін кӛрсетер ең. Біраз балалар шынында да ата-аналарының 
маскүнемдіктерінің салдарынан осы жерге келген, сондықтан да біз сияқтылар солардың ішінде кетіп 
қаламыз. Ал біз сияқты әке-шешесіз тұл жетімдер балалар үйінде аз. 
Жақында Сәлима деген қызға анасы түрмеден сәлемдеме жіберді. Онда түрлі кәмпиттер мен 
печеньелер бар болатын. Бізге жеткенше әбден қатып кетіпті. Тастай болып қатып кеткен 
сәлемдемелерді Сәлима бәрімізге бӛліп берді. Оның анасы адам ӛлтіріп түрмеге түссе де, Сәлима 
бәрібір анам бар деп мақтанады. Анасының сәлемдеме жібергенін айтып бәріміздің құлағымызға 
тыныштық бермеді, әлі ұзақ уақыт есіне алып айтып жүреді. 
Кешке ұйқыға жатқан соң біз болашақ жайлы әңгімелесеміз. Фаниль деген баланың ата-анасы 
ажырасып кеткен. Анасы арақ ішіп кеткен соң огы қарындасымен бірге балалар үйіне ӛткізіпті. Ол 
анасының маскүнем екенін ешқашан айтпайды. Анасы жұмысқа орналасып, қарындасы екеуін үйге 
алып кетеді, зоопаркті кӛрсетеді деп үміттенеді. Мен оларға қатты қызығамын. 
Ауылдың орталығында шағын базар бар. Сабақтан соң балалар ол жерге кәмпит пен басқа тәттілерді 
ұрлауға барады. Бірде мені де ӛздерімен бірге баруға шақырды. Мен: «Анам ренжиді, болмайды»,-
деп қарсы болдым. Олар қатты таң қалды, ал маған сен бәрімізді кӛріп тұрған сияқтанасың. 
Сондықтан да сені жабырқатқым келмейді. Анашым, міне, осылайша ӛмір сүріп жатырмыз. Сен 
жанымызда болмасаң да сенің жылуың мен мейіріміңді сезінеміз. Ылғи да ұятты бірінші орынға 
қойып келеміз. 

Дұрыс, ұлым. Ал мен сендерді үнемі қорғап жүремін... 

Ана, сен менің күнделігімдікӛрсең ғой. Бізді ренжіткен сайын жақсы адам болып 
қалыптасқымыз келеді. Сондықтан сабақты жақсы оқуға талпынып келемін. Кейбір оқушыларға 
үй жұмысын орындауға кӛмектесемін. Ол кӛмегім үшін маған алма береді. Бәрібір сенсіз бізге 
ӛте қиын. Егер сен оралсаң әр күн сайын ән шырқап берер едім. Даладан ең әдемі гүлдерді теріп 


әкелуші ем ғой. Есіңде ме, сен ауырып жатқанда су апарып беретін едім. Сен тіріліп келсең 
болды, күні бойы саған су тасудан жалықпаймын. Оралшы, анашым! Ӛтінемін! Бізді 
басқалардың езгісіне қалдыра гӛрме!.. 

Бұл жақтан қайтатын жол жоқ, ұлым. Алтындарым менің, шыдаңдар... 
Қалғып кеттім де, кеудеме біреу ауыр сӛмке тастап жібергендей күйде оянып кеттім. Ол тәрбиешіміз 
Райфа апай болатын. 

Сол баяғы ұйықтап жатырсың ба?! Асханада кезекші екеніңді ұмытып кеттің бе? Мен анаң 
емеспін, сен үшін ыдыс-аяқ жумаймын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет