Анамның әні
«Балалар үйінен» деген таңбаға да ақырындап үйренісе бастадық.
Бізді кӛре салысымен үрпиіскен ауыл тұрғындарының:
Әне, балалар үйінің балалары жүр. Байқаңдар, бірдеңелеріңді ұрлап кетпесін! — деген сӛздері
де енді таң қалдырмайды.
Балалар үйінде тұрамыз, сабаққа ауыл мектебіне барамыз. Балалар үйінің балаларына кӛзқарас
ӛзгеше болды. Ұлдардың бірі бірдеңе бүлдіріп қоймасын деңіз. Бірден қорытынды шығаратын:
«Бұлардан басқа не күтуге болады» — дейтін.
Алғашқы күннен-ақ кішкене қарындасымды басқа топқа алып кетті. Балалар үйінде түрлі жасқа
қарай бес топ болды. Біріншісінде ӛте кішкентайлар болса, бесіншісінде жоғары сыныптағы балалар
болды. Ең ауыр болғаны — Зульфираның бізден бӛлек тұрғаны. Оған барудың ӛзі арнайы кесте
бойынша. Бұл жерде тәртіп ӛте қатал, сен ол тәртіпке бағынуың керек екен. Кей кездерде
қарындасымды кӛруге барғанда беті тырналған, қолы кӛгерген сәттерін байқаймын. Сӛйтсем, оны
ұлдар осылай ренжітеді екен, немесе тәрбиеші «ӛмірге үйретеді». Біздің балалар үйіндегі ӛміріміз
осындай сынақтармен басталды.
Бұрын үйімізде таза ауада серуендеу күнделікті іс болып есептелетін. Ал бұл жерде мұндай бақытты
сәт тәрбиеші рұқсат бергенде ғана болады. Топта біреу «екі» алатын болса, сол топтағы бүкіл баланы
жазалайды. Күні бойы бәрімізге кітаптар мен дәптерлерге телміріп қарап отыруға тура келетін.
Тамақ та күнде сол. Колбаса, кәмпит, қаймақ сияқтылардың дәмін де ұмытып қалдық. Азық-түліктің
кӛптеген түрі бұл жерде рұқсат етілмейді. Санэпидемстанция рұқсат етпейді дейді. Мен оның қандай
адам екенін мүлде білмеймін.
Балалар үйіндегі алғашқы жарты жылда мен ең бастысын түсіндім: балалар да, тәрбиешілер де
әртүрлі болады. Біздің топта бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі тәрбиеші жұмыс істеді. Райфа апай ӛте
қатал болса, Хакима апай, керісінше — әрқашанда ақкӛңіл, ашық.
Бұл мерекені мен ылғи тағатсыздана күтемін. Бұл жылы маған бір ерекше бақыт келетіндей, менің
армандарымның орындалатын жылы сияқты.
Жаңа жылға екі апта қалған кезде біраз ұлдар мен қыздарды мәжіліс залына жинады. Олардың ішінде
мен де бармын. Мен ӛзімнің деревнямда да мұндай шараларға қатысып жүретінмін. Ӛзімнің
қабылеттерімді балалар үйінде де кӛрсете алатыныма қуанып кеттім.
Балалар! — деп мерекені ұйымдастырушы сӛзін бастады. — Жаңа жылға дейін санаулы ғана
күндер қалды. Сондықтан ұзаққа созбай, бүгін-ақ бірден бастап кетеміз. Қане, барлығын
ӛзіміздің ӛнерлерімізбен қуантайық!
Иә! — Балалардың кӛздері жайнап кетті.
Мен бұл жерге ең ӛнерлі балаларды жинадым. Ертегі қоятын боламыз. Зұлым Кощей Аяз ата
мен Ақша қарды ұрлап кетеді. Ал қоян, түлкі, аю, және басқа аңдар біздің мерекенің басты
кейіпкерлерін құтқарулары керек. Қалай, ойнаймыз ба?
Иә! Ойнаймыз! — деп бірауыздан жауап бердік. Мен тіпті қуанып кеттім. Қазір аюдың рӛлін
ойнап, Аяз ата мен Ақша қарды құтқарам!
Ұйымдастырушы рӛлдерді бӛліп бере бастады. Бірақ маған орман жануарларының рӛлін бермеді.
— Ал мен ше? — деп таңдана сұрадым.
— Ілияс, сен Кощей боласың, — деп жауап берді. — Оны тек қана сен ойнай аласың.
Апай, неге мен? Менің жағымсыз кейіпкер болғым келмейді, барлығы маған күлетін болады.
Ол не дегенің, сүйкімдім! Саған ең жауапты рӛл бұйырып тұр. Бұл шын емес қой, жай ғана
ертегі.
Сен неге тағы дауласып тұрсың? — деген дауысты арт жағымнан естіп, жалт қарасам, тәрбиеші
Райфа апайды кӛрдім. Ол жұмыс қалай жүріп жатқанын кӛргісі келіп, мәжіліс залына келген
екен. Мен басымды тӛмен түсірдім, ал Райфа апай маған ары қарай ұрсып жатыр:
Тағы да мына Ілияс! Сен ӛзіңді кіммін деп жүрсің? Әртіс, не жазушы, тіпті кейде ғалым
боламын деп айтасың. Ӛзіңнің қисық аяқтарыңа қарап ал! Саған Кощей бол деді ме, демек,
боласың!
Қойылымның ұйымдастырушысы мені арашалағысы келіп:
Ілияс келісті, бұл жай ғана ертегі ғой! — деді.
Ол бірден келісімін беру керек еді, — деп Райфа апай қоймады. — бір рет жіберіп алсаң, бұлар
мойныңа мініп алады да, кӛзіңді шоқып тастайды. Сен әлі жас болған соң оларды әлі білмейсің.
Ал мен бұл жерде жиырма жылдай болды жүргеніме. Негізі, Ілиястың Кощейдің рӛлін
ойнайтыны жақсы болды! Ол дәл Кощей сияқты ғой! Оған арнайы костюмнің де керегі жоқ —
футболкасын шешсе, барлық қабырғалары кӛрінеді. Қолдары жіңішке, аяқтары қисық... Нағыз
Кощей!
Балаларға керегі де сол. Барлығы күле бастады:
Ха-ха... Ілияс — Кощей!
Қолдары жіңішке...
Аяқтары қисық...
Реніштің жастары мені буып бара жатты, мен залдан жүгіріп шығып кеттім...
Жаңа жылдық кеште маған бәрібір зұлым кейіпкерді ойнауға тура келді. Аяз атаға айтып беріп, тәтті
сыйлықтар алу үшін кӛп тақпақтар жаттап алдым. Бұл жерде, балалар үйінде тәттілер — нағыз рахат,
тек түсімізге ғана кіреді.
Мен бекер тырыспаппын — кеш соңында екі қалтам да кәмпит-печеньелермен толды. Жаңа жылға
дейін санаулы сағаттар қалды, топта кӛңілді күй қалыптасты. Бӛлмемізді алдын-ала ӛзіміз қолдан
жасаған жылтырауықтармен, ойыншықтармен безендіріп қойғанбыз. Ал қазір мерекенің құрметіне
түшпара пісіп жатқан ас үй жақты тӛңіректеп жүрміз. Бұл біз үшін ерекше кӛрініс. Біз сияқты
балалар үйінің балаларына мұндай бақыт жылына бір-ақ рет келеді. Менің түшпараның дәмін
ұмытқаныма кӛп болып еді.
Райфа апай, түшпаралар дайын болды ма?
Кішкене күте тұрыңдар! Аз қалды дедім ғой...
Иісі шығып жатыр, дайын болған сияқты, — дейді біреу.
Кетіңдер ары, тойымсыз бейшаралар! Сендерді қанша тойындырса да бәрібір аз болып тұрады.
Пілді жеп жіберуге де дайынсыңдар! — деп ол қолдарын ербеңдетіп балаларды қуа бастады. —
Егер піскен болса да біраз тұра тұрсын. Он екіге дейін әлі ерте!
Бірақ дәмді етіп дайындалып жатқан тамақ та жанның терең түкпіріндегі сағынышты, қайғыны қуып
шыға алмады. Шіркін, ата-анамыз тірі болғанда ғой... Ештеңеден қиналмаушы едік. Барлық нәрсе осы
түүшпараларға тіреліп тұрған жоқ қой? Әкеміз барлығымызға сыйлық сатып алатын еді, ал біз болсақ
оған тақпақ айтып, ән шырқап берер едік...
Райфа апай әрең дегенде бізді дастархан басына шақырды-ау әйтеуір. Бәрімізге ақ ыдыстарға шай
құйылды, әрқайсымызға он түшпарадан салынды. Дастарханда мандариндер, кәмпиттер, жеміс
шырындары болды. Бірақ бәрібір бірдеңе жетпей тұрды. Бәлкім ата-ананың жылуы шығар...
Райфа апай бізді құттықтап тілек айтты:
Балалар,шын жүректен сендерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Ӛмір болған соң барлығы да
болады: кей кездерде сендерге ұрсатын кездеріміз де болады. Бірақ мен оны ӛзімнің рахатым
үшін емес, сендер жақсы адам болсын деп солай істеймін. Жақсы оқыңдар, тәртіпті, тәрбиелі
болыңдар, бізді тыңдаңдар. Біздің үйде сендерге тек жақсылықтар тілеймін!
Сағат он екіні кӛрсетіп тұр. Біз үйде бұл сәтте бір-бірімізге арман-мақсаттарға жетіңдер деп тілек
айтушы едік. Демек, қазір де солай істеуге болады. Жанымда сыныптасым Амиля отырған болатын.
Одан сұрап қоямын:
Сен нені армандайсың?
Мамам мені бұл жерден алып кетсе, балалар үйін ұмытсам. Ал сен нені армандайсың, Ілияс?
Амиляның арманы мені тығырыққа тіреді. Мен ата-анам қайта тірілсе екен деп армандай алмаймын
ғой, ол мүмкін емес. Баласын тастап кеткен ана ғана перзентін қайта құшақтай алады. Шіркін, менің
анам да түрмеде отырғанында ғой! Әйтеуір бір кезде ол бізге келер еді. Мен Амиляны қызғанып
кеттім. Тағы да шарасыз күйге душар болдым. Тоқта, тоқтай тұр! Әкем маған бір нәрсе тапсырам деп
еді ғой. Бірақ мен әлі күнге ол не зат екенін білмеймін. Сондықтан мен ӛзіме мақсат қойдым —
күндердің бір күнінде бұл заттықолыма алуым керек. Мұндай арманнан соң жаным бір жадырап
қалды.
Теледидардан мерекелік концерт басталды. Барлығы кӛгілдір экранның алдына рахаттанып отыра
кетті. Міне, сахнада менің анамның сүйікті әншісі Валентина Толкунова! Неге екенін білмеймін,
әйтеуір анама осы бір бұрымы ұзын орыс әншісінің әндері қатты ұнайтын. Бірден маған кішкене
күнімнен таныс ән шырқалып кетті:
... Сені әрқашанда сүйетін боламын,
Басқадай амалым жоқ менің...
Райфа апай, кішкене дауысын шығаруға болады ма? — деп сұрадым.
Сен немене, кереңсің бе?! Жоқ! — тәрбиеші сол баяғы қаз-қалпына түсті.—Ұйықтауға
жатқызып қоймағаныма қайта рахмет айтыңдар!
Ап-пай! Бұл менің анамның сүйікті әні еді... болады ма? Ӛтінемін...
Мен жоқ дедім, болды! Сенің анаңа ұнаса ұнаған шығар, ал маған бұл ән ұнамайды. Әншінің
ӛзін де ұнатпаймын. Шашын дұрыстай алмай жүріп ӛзінше махаббат туралы ән салғысы келеді.
Қане, теледидарды сӛндіріңдер, жатыңдар ұйқыға! Сендердің кесірлеріңнен мерекені дұрыстап
сезіне алмай отырмын. Менің не, отбасым жоқ па?! Қане, ұйқыға жатыңдар! Еріндеріңді
қисайтпаңдар, менің кӛңіл-күйімді бұзбаңдар! — Райфа апай ерекше бір зілмен теледидарды
токтан ажыратып жіберді. — Таңға дейін ешқайсыңды кӛрмейтін болайын!
Жаңа жыл кеші менің ӛтінішімнің кесірінен ойда жоқта аяқталып кетті. Мен бӛлмеге жүгіріп барып
жастығыма құлай кеттім. Ыстық жастарым бетімді күйдіріп жатты. Кӛз алдымда — анамның
күлімдеген кӛздері, сымбатты тұлғасы. Ал құлағымда сол ән әлі тұр:
Сені әрқашанда сүйетін боламын,
Басқадай амалым жоқ менің...
|