Меніңше, біздің әкеміз әлемдегі ең жақсы әке. Ешкімге қатты сӛйлемейді, ешкіммен ренжіспейді



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата26.01.2023
өлшемі0,86 Mb.
#63119
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Тастамашы ана

Қуаныштан айырды 
Бірінші сабақтан бастап-ақ Амиля жанын қоярға жер таппады. Онда бір-ақ ой — 
мектептен ертерек қайту. Оған себеп бар. 

Ілияс, бүгін жаңа киімдер таратады, — деп күлімдеп хабарлады, — Түске қарай 
беруді бастайды, сондықтан басқалардан бұрын баруымыз керек. 

Қайдан білдің? 

Қыздардан. Күшті кроссовкалар мен костюмдер әкеліпті дейді, — кӛздері от 
ұшқындап сӛзін жалғады. 

Жақсы! Мен де дұрыстау киімдерден алып қалсам ғой... 

Мен не айтып отырмын саған? Есіңде болсын,ауызыңды ашып аңқиып жүрсең 
ештеңесіз қаласың. Тәрбиешімен бірге қоймаға бірге барамыз да кезекке бірінші 
болып тұрамыз. Сол кезде дұрыстау бір киімдер алып қалуға мүмкіндік бар. 

А, солай ма? Бірақ мұғалім бізді жібермеуі де мүмкін... 



Жібереді. Қалай болса да бірінші болып үлгеріп баруымыз керек. Әйтпесе 
жақсырақ киімдерді талап әкетеді де бізге бәрінен қалған керексіз киімдер 
бұйырады. Есіңде ме, ӛткен жолы кроссовкилер берген кезде маған үлкен 
размердегі екі аяқ киім берген. Маған шақ келетін басқасы болмағандықтан алуға 
тура келді. Одан кейін менің түр-сықпытыма бәрі күлген еді. Тіпті бірде 
денешынықтыру сабағында аяқкиімдерім аяғымнан ұшып кеткен болатын. Жоқ, 
жетер! Бүгін маған дәл болатын, ұнаған киімдерді ғана таңдап алам. 
Міне, қоңырау да соғылды. Биология сабағы басталды. Мен бір бӛлмеде жататын 
досым Фаритпен бір партада отырмын. Сыныбымызда балалар үйінің балаларынан 
үшеуміз: мен, Амиля, Фарит. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіріп жатыр, сондықтан 
мен ұқыптылықпен дәптеріме түртіп жазып алып жатырмын. 
Амиля болса байыз табар емес, қайта-қайта жыбырлап бір орында отыра алмай отыр. 
Міне, маған бір қағаз лақтырды, мен оған сұраулы жүзбен қарадым. «Қане, сұранып 
кетейік», — деп ымдайды. Мен басымды шайқадым да жазуымды жалғастыра бердім. 

Апай, бізге үйімізге баруға рұқсат етесіз бе? — деп Амиля батылдық танытты. — 
Балалар үйіне медициналық комиссия келуі керек, тәрбиешіміз бізге тӛртінші 
сабақтан сұранып келіңдер деп еді. 

Жоқ! Сабақ кезіндегі қайдағы медициналық тексеріс! 

Онда мен жазбаймын да, оқымаймын да. 



Жетер, Амиля, сен енді кішкене бала емессің. Мына ұлдарға қарашы. Бірге 
тұрасыңдар, ал мінездерің болса әртүрлі. Сен Ілис пен Фариттен үлгі алуыңа 
болады. Сабақ кезінде ӛздерін жақсы ұстайды, тапсырмаларды уақытында 
орындайды, мұғалімдермен ұрысып-керіспейді. Ал сен қыз болсаң да ӛзіңді дұрыс 
ұстамайсың. Қане, ӛзіңді қолға ал. 

Ой-ой-ой! — деп Амиля ернін шүршитіп күлді, — Олар жақсы болып кӛрінгілері 
келеді, ал ӛздері... Фарит, мысалы, ұйқышыл. Ал Ілияс — еріншек, ӛзінің 
киімдерін де жуа алмайды, оған ылғи әпкесі жуып береді. 

Ӛзің ұйқышылсың! — деп Фарит та тұрып қалмады. 

Амиляға біреулерге күліп, мазақтауды берсең болды, — деп сыныптың бір қызы 
сӛйлеп қалды. 
Амиля сол сәтте-ақ орнынан атып тұрды: 

Сен не дедің? Неменеге күйіп-пісіп отырсың? Кӛптен бері таяқ жемедің бе? 
Басқаларға тиіскенше одан да ӛзіңнің үлкен мұрныңа қарап алмайсың ба! 

Мен екімен оқитындармен сӛйлеспеймін, — деп ол қыз теріс қарады. 

Ах, сені ме! Қазір сазайыңды тартасың! — Амиля ашулы күйде сыныптасымызға 
жүгіріп барып, бұрымынан ұстай алды. 

Ай, ауырды! Жібер! 

Білетін боласың кіммен байланысқаныңды! 


Парта құлап, орындықтар жан-жаққа ұшты. Оларды қартаңдау ұстаз қанша 
қойғызамын десе де қолынан келмеді. Қыздар бір-бірінің шаштарынан ұстап алып 
жіберер емес. Қалғандары кӛмекке баруға дәттері жетпеді. Амиляның тӛбелесқұар 
мінезі бәріне белгілі. 
Қыздарды арашалауға Фарит екеуіміз келдік. Дау бізге бола басталған еді ғой. 

Амиля, шашын жібер, — деп оны тыныштандыруға тырыстым. 

Жетеді, сен үшін бәрі бізге күліп жатыпр, — деп Фарит қосылды. — Онсыз да 
бәріне балалар үйінің балалары кінәлі. 
Сол сәтте анау қыз Амиляның қолынан тістеп алды. 

А-а-а! Қо-лы-м! 

Мен жібер дедім ғой, — деп ол да ақталып жатыр. 
Қызарып кеткен Амиля қарсыласын ұрып жіберді. Қаламдар мен дәптерлер ұша 
бастады. Қыз еденге құлап түсті. Екеуін арашалап жүріп біз де ӛз «сыбағамызды» 
алдық. Амиля Фариттің бетін тырнап алды, ал мені қатты итеріп жібергені сондай, 
қабырғаға барып соғылдым. Сыныптың бӛлмесі у-шуға толып кетті. 

Болды! Бол-ды дедім ғой! — деп кенеттен мұғалім айқайлап жіберді. Бәрі тыныш 
бола қалды. Апай бізге кіналаған кӛзқараспен қарады. — Шығыңдар бұл жерден! 
Сендер менің сабағымды әдейі бӛліп жатырсыңдар! 


Амиля бірден ӛзінің заттарын жинай бастады. Біз Фарит екеуіміз сыныптан шығуға 
асыққанымыз жоқ. 

Барыңдар, барыңдар, барыңдар! — деп мұғалім бізге есікті кӛрсетті, — менің кӛз 
алдымнан жоғалыңдар. Амиляның соңынан бізге де шығуға тура келді. Ол бізді 
есіктің алдында күтіп тұр екен. Сыныпта істеген бейбастақтан кейін біз онымен 
сӛйлескіміз де келмеді. Ол болса түк болмағандай бізге күлімсіреп тұр: 

Ренжімеңдер. 

Жоқ, сенімен сӛйлескім де келмейді, — деп Фарит тырналған бетін сипады. 

Жарайды, ренжімеші, — деді Амиля. — Мені анау ұзын мұрынды қыз 
ашуландырып жіберді. Ол ылғи балалар үйінің ұл-қыздарына кінә артып жүреді. 
Егер шынымды айтсам, бұл шуды әдейі шығардым. 

Қалай әдейі? — деп таң қалыстық. 

Солай. Мұғалім сабақтан жақсылықпен жіберген жоқ, сондықтан мен біреу-
міреумен ұстасуым керек болды. Анау қыз аяқ астынан құрбандық болып кетті — 
ӛзі сұрап алды. Күшті, иә? 

Білмеймін... Мұғалім балалар үйіне телефон шалып бәрін айтып қоюуы мүмкін, 
— деп күмәнімді білдірдім. 

А, айтса айта берсін! Ұрысады да ұмытып кетеді. Ең бастысы — жақсы киім-
кешектер алу. Ұлдар, сендерге костюмді мен таңдап беремін. Менде, құдайға 
шүкір, талғам бар. Бірақ сендер маған ренжімеңдер! 


Қалай ғана ӛзіңнің бірге тамақ ішіп, бірге оқып жүрген жолдасыңа ұзақ ренжуге 
болады? Амиля адамды тез ӛзіне қаратып алады. Тіпті ол кінәлі болып тұрған 
жағдайда да тез шешім тауып кетеді. Міне, қазір де ол айқай-шудың үйге тез қайту 
үшін жасалған себеп екенін айтып, кӛзімізді жеткізді. 

Жарайды, Амиля. Бірақ енді олай істеме, тәрбиелі қыздар тӛбелеске араласпайды, 
— дер ұзақ үнсіздіктен кейін Фарит сӛзді қорытындылады. 
Амля даяр тұр екен, жауап берді: 

Үй, й, ақылмандарым менің! Енді ӛйтпеймін, егер ӛздері соны қалап тұрса, 
тоқтамаймын! 
Киім-кешек мәселесіне келгенде балалар үйінде үнемі кӛп шу болады. Жүз адамға 
бірдей киім-кешек әкеледі де таратады. Отбасындағы үрдіспен әр адамға бӛлек-бӛлек 
іздемейді. Содан кейін бәріміз бірдей болып жүреміз — бірдей костюм, күртеше, 
баскиім, қолғап. Бәріміз бірдей егіздер сияқтымыз! «Әне, инкубаторлар келе жатыр», 
— депдеревнялықтар бізді табалайды. Мені бұл сӛздер ыңғайсыз жағдайға 
қалдырады. Тіпті осынау жай киімдердің ӛзін аялап киіп жүруіміз керек. Егер біреудің 
қолғабы жыртылса, ол жолдасыныкын ұрлап алуы мүмкін. Оның сенікі екенін 
дәлелдеп кӛр! Ол киімдер бір-бірінен ешнәрсемен ерекшеленбейді ғой. Кӛпшіліктен 
ерекшеленетін бірнеше ғана киімдер болатын. Амиля сондай киімдерді алуды 
армандайтын. 



Ӛскенде ӛзіме қалағандарымның бәрін сатып аламын, — деп Фарит армандап 
кетті. — Әйеліме де, балаларыма да басқаларда жоқ нәрселерді таңдаймын. 
Қаласаңдар сендерге де ең керемет нәрселер сыйлаймын?! 
Сыныптасымыздың жомарттығына біз күліп қоямыз. Арманшыл-ақ біздің Фарит! 
Тәрбиешіміз Флюра тәте айтады, егер қатты қаласаң, барлық арман-тілектер 
орындалады. Міне, Фариттің, Амиля мен менің армандарымыздың бәрі орындалса 
екен. 
Бүгін біздің топта Хакима апайдың жұмыс істейтін кезегі. Ол біздің ерте келгенімізге 
таңданып қарады. 

Мұғалім ауырып қалыпты, — деп Амиля жауап қайтарды. 
Біз мектеп формасын шешіп, басқа киімдерімізді кигенше бәріне үлгеріп жүретін 
сыныптасымыз қоймаға барып келіп үлгеріпті. «Хакима апай, қазір киімдерді 
таратайын деп жатыр. Жүріңіз, барайық, — деп тәрбиешіге ӛтінді. Одан кейін біз 
«жұмаққа» қарай кеттік. 

Алақай, біз біріншіміз! — деп Амиля қуаныштан секіріп кетті. — Міне, жолымыз 
болды! Ұлдар, бірінші маған таңдап аламыз, содан кейін сендерге кӛмектесемін, 
жарайды ма? 


Жарайсың, Амиля! Шынында да, басқаларға ұқсамайтын бірнеше аяқ киімдер мен 
костюмдер әкелді. Кӛпшіліктен кішкене болса да ерекшеленетінімді елестетіп қатты 
қуанып кеттім. Фарит те қуанышын жасыра алмады. 
Амиля ӛзіне ұнайтын киімдерді таңдап алды. Бақыттан ол алты қат аспанда ұшып 
жүрді. Біз үшін киім таңдауды бастадық: 

Ілияс, осы уақытқа дейін жеңі қысқа костюммен жүргеніңді ұмыт! Қазір, қазір... 
Қане, мынаны киіп кӛрші. 

Кеңдеу сияқты. 

Онда қоя сал оны, — деп Амиля тәрбиеші естіп қалмау үшін құлағыма 
сыбырлады. — Басқасын кӛр. 

Міне, Ілияс, мынау саған құйып қойғандай екен! — деп Фарит те таңданысын 
жасыра алмады. Оған да дәл келетін костюм таңдап алдық. Аяқ киімді де 
размеріміз бойынша таңдап алдық. Шексіз қуанышта едік. 

Кешігіп қалғандарға енді бұлай болған жоқ. Енді оларды «инкубаторлар» деп 
тағы мазақтайтын болады. Ал бізге енді ешкім олай айта алмайды. Міне! 
Басқалардың алдында мақтанып алдық. Бізбен бір топтағылар қызғанып кетті! Мұның 
бәрі Амиляның арқасында! Мектепте де ол елдің алдында мерейі үстем болды. 

Қараңдар, бізге қандай киім берді? — деп бір айналып алды. — Балалар үйінен 
болғандықтан бізде ештеңе жоқ деп ойламаңдар! 


Ауылдың ұл-қыздары оның бұл кейпін құптап жатыр: 

Мәссаған! Амиля, саған сондай жарасып тұр! 

Жаңаруыңмен... 

Сендер Ілияс пен Фаритке қараңдар! — деп ол бізге кӛңіл аудартады. — 
Костюмдерін ӛзім таңдап бердім. Жігіттің тӛрелері ғой! 
Костюмдеріміз жарасып-ақ тұр. Жаңа киім киіп жүріп оқу да кӛңілді болды. Бүгін 
маған екі «бес» қойды. Амиля да «бес» алды. 
Сабақтар бір деммен ӛтіп кетті. «Тезірек ертеңгі күн басталып, мектепке келсек қой», 
— деген оймен үйге қайттық. 

Ой, қандай жақсы, иә, балалар? 

Иә, рахмет саған, Амиля! 
Біздің қуанышымыздың шегі жоқтай болатын... 
Сабақтар біткен соң балалар үйінің директоры бізді бӛлмесіне шақырып алды. Бізді 
кӛре салысымен Мавлида Нұрғалиқызы айқайлап, сілекейін шаша бастады: 

Сендер әбден шектен шыққан екенсіңдер! Мектепте де, бұл жерде де сендерден 
ылғи қиындықтар кӛріп жатырмыз. Кеше сабақта шу шығарыпсыңдар. 
Тәрбиешілеріңе мұғалім ауырып қалды деп ӛтірік айтыпсыңдар. Оның үстіне 
сендердің Хакима апайларың қоймадағы киімдерді сендерге таңдауға рұқсат беріп 
қойған екен. Жо-о-қ... Мұндай жақсылықты бағаламайтын балаларды еркелетудің 


қажеті жоқ. Дереу биылғы жылға алған киімдеріңді ӛткізіңдер! — Директордың 
сӛздерінен жаман болып кеттім. Достарымның да бастары тӛмен салбырап кетті. 

Апай, қалай болғанын сізге дұрыстап айтып берейін... — дей бастаған Амиляның 
сӛзін Мавлида Нұрғалиқызы сол сәтте-ақ бӛліп жіберді: 

Же-те-ді! Сендерді естігім де келмейді! Кӛз алдымнан жоғалыңдар, оңбағандар! 
Ал мемлекеттің киімдерін дереу қайта тапсырыңдар! Шығыңдар қане, 
нақұрыстар!... 
Ары қарай жаңа костюмде, жақсы аяқ киімде жүру жазбады. Ол аздай оқу жылының 
басында берілген футболка, жемпір сияқты да басқа киімдерімізді қайтарып алды... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет