Меніңше, біздің әкеміз әлемдегі ең жақсы әке. Ешкімге қатты сӛйлемейді, ешкіммен ренжіспейді



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата26.01.2023
өлшемі0,86 Mb.
#63119
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
 
Шірік адам болмаңдар! 
Ояныңдар, келдік... — кӛзімді ашсам, тап алдымда қара мұртты бір ер адам тұр екен. Қайда 
екенімізді білмей біраз отырып қалдым. Жан-жағыма қараған соң барып автобуста келе жатқанымыз 
есіме түсті. — Бұл соңғы аялдама, сендер қай жерден түсулерің керек еді? 


Мені қорқыныш билеп кетті. Амиля да оянды. Біздің деревнямыз жолымыздың ортасында болуы 
керек, ал мұртты аға біздің соңғы аялдамаға келгенімізді айтып тұр. Демек біз ӛзіміздің 
деревнямыздан ӛтіп кеттік?! Саусақтарыммен терезені қыраудан тазаладым да кӛшеге кӛз жүгірттім. 
Ол жақта қап-қараңғы. Жүрегім тез-тез соға жӛнелді. 

Сендер қай деревнядансыңдар? — деп жүргізуші сұрақ қойды. 

Сальмановоданбыз, — деп оянған Амиля жауап берді. 

Қайда бара жатырсыңдар? — деп сұрады қайтадан. 

Айттық қой, Сальмановоға, — деп серігім дүрсе қоя берді. 

Қалайша? — ағаның қабағы кӛтеріліп, таңданысын жасыра алмай қалды. 

Біз сонда тұрамыз. Үйде ата-аналарымыз күтіп отыр. Қалаға жұмыстарымызбен барғанбыз, 
билет сатып алдық та осы автобусқа отырдық. Ұйықтап қалыппыз, — деп Амиля ӛтірік қосып 
жіберді. Жүргізуші бізді қаңғыбастар деп ойлап милицияға тапсырып жібермеуі үшін солай деді: 

Не, біз деревнямыздан ӛтіп кеттік пе? 
Жүргізуші терең күрсінді: 

Шайтан алғырлар! Кӛздерің қайда?! Сендер басқа автобусқа отырып, мүлде басқа бағытқа кетіп 
қалдыңдар ғой! 
Жүрегім бақайыма түсіп кеткендей, үстіме суық суды құйып жібергендей. 

Басқа жаққа? — Амиля ауызы ашылып тұрып қалды да шынында да жылап жіберді. — Онда біз 
біттік, құрыдық! 
Мен де ӛзімді-ӛзім ұстай алмадым... Неге бұлай болды? Балалар үйінде бізге не болады? Сол сәтте-ақ 
кӛз алдыма ылғи айқайлап жүретін Мавлида Нұрғалиқызы, ӛзімен үнемі алып жүретін бір топ 


кілттердің жиынтығымен басыңнан ұрып жіберуге дайын тұратын Райфа апай келе қалды. Бізге 
шынында да жаман болатын болды! 

Болды, тоқтатыңдар жылауды. Ӛтіп жатқан кӛліктер кӛп. Тоқтатыңдар, қалаға дейін ала кетеді. 
Жылағанмен іс бітпейді. Уақытты құр ӛткізбей жолға шығыңдар да кӛлік тоқтатыңдар, — деп 
жүргізуші бізді автобустан шығарды. 
Менің батыл серігімді біреу ауыстырып қойғандай. Тоқтаусыз жылап менің одан сайын зәремді алды: 

Райфа апай бізге не істейді?! Ілияс, қайтеміз енді? Неге үндемейсің?! — деп мені жыла дегендей 
бүйірімнен түртіп қояды. 

Уақытты босқа ӛткізбеңдер,, мен гаражға асығып тұрмын. Ей, сендерге айтып тұрмын! — 
Жүргізуші бізден құтылғанша асықты. 

Ағатай, сіз бізді қалаға апара алмайсыз ба? Ары қарай Сальмановоға бірдеңе етіп жетерміз, — 
деп дауысым дірілдей шықты. 

Ол менің қолымда тұрған жоқ, мемлекеттің кӛлігін мен қалайша соншама жерге айдап кете 
аламын, — деп қолын сермеді. 

Сендер үшін сӛгіс алатын жайым жоқ! Байқауларың керек еді. Мен сонша жанармайды қайдан 
табамын? Мені үйде де күтіп отыр. Уақытты босқа алмаңдар, қане! Біреулер тоқтайтын шығар 
сендерге. 

Ағатай, егерде... — бірақ ол маған ары қарай сӛйлеуге мұрша бермеді: 

Түсініңдер мені, жүре алмаймын мен, ба-ра ал-май-мын! — автобусты оталдырды. — Ал жақсы! 
Гаражға жетіп үлгеруім керек. 

Дӛңгелегің жарылып қалсын! — деп Амиля ренжігеннен айқайлап жіберді. Автобустың есіктері 
жабылды да, бізді белгісіз жерде қалдырып жүре берді. 



Біз қалаға апаратын үлкен жолдың бойындағы бір деревняда екенбіз. Анда-санда болса да 
жарықтары жарқырап кӛліктердің ӛтіп жатқаны жақсы болды. Мүмкін біреуі тоқтап қалар. Ауа 
райы да бұзылды. Суық жел біздің жеңіл киімдерімізден ӛтіп, денемізді қаруда. Тезірек бір 
жылы кӛлікке мінсек қой! 
Ӛтіп жатқан кӛліктерге біз ұзақ уақыт қол кӛтеріп тұрдық, бірақ ешқайсысы тоқтамады. Балалар 
үйінің жұқа қолбақтарынан қолдарымыздың қатып қалғаны соншалықты, саусақтарымызды да сезбей 
қалдыұқ. Аяғымыз да қатып қалды. Біз орнымызда тұрып секіру арқылы жылынуға тырыстық. 
Жанымыздан ӛткен кӛліктердің бірі де тоқтамады. 

Ілияс,қалаға қарай жолмен ақырындап жүре берейік. Жолда ӛтіп жатқан кӛліктерді тоқтатып 
кӛрерміз. Мүмкін сонда біреулер тоқтар, — деп Амиля ұсыныс жасады. 

Жақсы, кӛрейік... 

Кӛлікті кезек-кезек тоқтатып кӛрерміз. Әйтпесе менің қолдарым қатып қалды. Сен тоқтатып 
тұрғанда мен қолдарымды қалтамда жылытып тұрамын. Одан кейін ауысамыз. 
Қайткенмен де Амиля ақылды екен! Егер екеуіміз де қол созып тұрсақ екеуімізге де суық. Ал былай 
істесек кезек-кезек қолдарымызды қалтамызда жылытып тұруға болады. 

Амиля, сенің жақсы кӛретін саның қандай? 

Тӛрт. 

Қазір кӛресің, тӛртінші кӛлік бізге тоқтайды, — деп оны үміттендіріп қоям. 

Айтқаның келсін... 
Тӛртінші кӛлік емес, бәлкім қырық тӛртінші кӛлік те тоқтамай кетті. Автобус әкеп тастаған деревня 
да алыста қалды. Кері қарай жете алмасымыз анық. Боран болса адамды аяр түрі жоқ — қарды 
бетімізге лақтырып, ауызымыз бен мұрнымызды жауып тіпті үдеп барады. Аяз дәл Райфа апай 


сияқты шымши бастады. Ашық жерде тіпті суық болды. Шынын айтқанда, бізді жылытатын әлемде 
ешқандай жылу жоқ болып кӛрінді. Кӛліктер де сирак ӛте бастады. Айнала түтек боран, қап-қараңғы. 
Боран тіпті күшейді. Тынысымыз қиындап, жүру одан бетер ауырлады. Аяқтарымыз бізді тыңдағысы 
келмей барады... Суық пен қараңғылық жан-жағымыздан қоршап алды. 

Ілияс, менің енді күшім қалмады. Осы жерде қатып қалатын болдық... — Амиля бұл сӛздерді 
еріндері кӛгеріп, жылап тұрып айтты, — саусақтарым түк сезбей қалды, менің жасымды сүртші, 
Ілияс... 
Оның жастары бетінде мұз болып қатып жатты, мен ақырындап оның бетінен ол мұздарды алып 
тастадым. Менің де дымданған кірпіктерім бір-біріне жабыса бастады. Суық. Бүкіл әлем суық. 
Шіркін, анам жанымда болғанда ғой! Ӛзінің жылуымен, нәзіктігімен бізді ғана емес, бүкіл жер 
шарын жылытар еді ғой... 

У-у-у... У-у-у... — жан шошытар үннен біз бір сәт үнсіз тұрып қалдық. Амиля қарға отыра кетті. 

Қас-қыр-лар... — деп сыбырлап еді, сӛзінің соңғы буыны жыланның ысылы сияқты шықты. 

У-у-у... У-у-у...У-у-у... — жақын жерден естілген бұл дыбыстардан қанымыз да 
тамырларымызда қатып тұрып қалғандай. Жүрегім тоқтап қалғандай, бүкіл жаным мен тәнімді 
сұмдық бір нәрсе қатырып тастағандай. Бұрын басқалардан қасқырлар туралы талай әңгіме 
естігенмін, сондықтан қатты қорқынышты болды. 

Тұр, қашайық..., — деп серігімді орнынан тұрғызайын дедім. 

Тұра алмаймын. Аяқтарым ӛзіме бағынбайды... — жылап отырып Амиля менен ұстай алды. — 
Тастап кет-пе-ші... 
Ӛлгіміз келмейді. Шынымен де Жаратқан біздің қасқырларға жем болғанымызды қалай ма?! Біздің 
ата-аналарымыз бар ма, жоқ па, қасқырларға бәрібір, олар балалар үйінің балаларын да аямайды. 


Олар тобымен келіп адамдарға шабуыл жасайды. Әкем баяғыда айтып берген бір оқиға есіме түсе 
кетті... 
Бір ерлі-зайыпты адамдар түнде кӛліктерінен түсіп, деревняға жаяу кетіпті. Баратын жерлеріне дейін 
біраз бар екен. Алдарынан кенет қасқырлар шығыпты. Күйеуі әйелін аққайыңның жуандау бұтағына 
шығарып жіберіпті. Ӛзінің шығуына үлгертпей қасқырлар әйелінің кӛзінше түгін қалдырмаған екен. 
Әйел таң атқанша ағаштың үстінен түспей отырыпты, адамдар оны түсіріп алып, үйлеріне әкеліпті. 
Кӛз алдында болған қайғыдан оның шашы сол түнде-ақ ағарып кеткен екен. Оның үстіне мылқау 
болып қалыпты... 
Жан шошытар қорқыныш менің аяқ-қолымды жұмыс істетпей тастады. Қасқырлардың ұлыған үні 
барған сайын жақындап келеді: 
«У-у-у... У-у-у...» Тыныс алу қиындап әл-дәрменім қалмағандықтан мен де тізерлеп отырып қалдым. 

Анашым! Әкешім! Кӛмектесіңдер! — деп сыбырлап ӛзіме жақын жандарды шақырдым. Амиля 
да үрей үстінде. Сонда осылайша ӛлгеніміз бе?! Ешкім де біздің сүйегімізді таба алмайды ма?! 
«У-у-у... У-у-у...» — деп жыртқыштар тым жақын жерден ұлыды. 

Жол бойынан бізге қарай жақындап қалған кӛліктің жарығы кӛрінді. Құдайым-ау, бұл біздің 
құтқарушымыз ба?! Тек тоқтамай ӛтіп кетпесе болды! Бұл — біздің соңғы мүмкіндігіміз. Бар 
күшімді жинап аяғымнан тұрдым да жолдың ортасына шықтым... Жүргізуші мені байқаса да 
жылдамдықты азайтпады. «Темір тұлпар» жанымыздан ӛтіп кетті... Біздің соңғы үмітіміз... 

Қара, — деп Амиля қарда отырған қалпы айқайлап жіберді. Артыма қарап едім, кӛлік ӛтіп кетіп 
барып, тоқтапты. Енді артқа беріп, бізге жақындаған екен. Терезеден бір үлкен кісінің басы 
кӛрінді: 

Тезірек мініңдер кӛлікке! 
Амиляның аяққа тұруына кӛмектестім. Есікті ашып орындыққа әрең отырдық. Аллаға мың да бір 
шүкір, біз құтқарылдық! 


Біздің жай-күйімізді кӛрген ата кӛпке дейін үнсіз отырды. Біз кішкене жылынып, жан біте бастағанда 
әкелік кейіппен қамқор болып: 

Кім мұндай түнде үлкен жолдың бойына шығады? Мұндай ауа райында иесі итті де бұлай далаға 
қоя бермейді. Қайдансыңдар сендер? 

Сальмановодан. 

Мәссаған! Мұнда қалай келдіңдер? 
Амиля әлі бағанағы қорыққаннан ӛзіне-ӛзі келе алмай отыр — тіпті сӛйлеуге әл-дәрмені жоқ. 
Сондықтан сұрақтарға маған жауап беруге тура келді: 

Қаладан шатасып басқа автобусқа отырып, мүлде бӛлек жаққа кетіп қалыппыз. Бізге беймәлім 
бір жерде ояндық. Жүргізуші бізді түсіріп жіберді де кетіп қалды, — деп мұртты жүргізушіге 
деген ренішімді жасыра алмадым. 

Солай ма? Ал сендер қалада неге ӛздерің ғана жүрсіңдер? Ата-аналарың қайда? 
Осы кезде мен кішкене үнсіз тұрып қалдым, бірақ енді амал жоқ, шындықты айтуға тура келді. 

Біз балалар үйіненбіз. Тісімді емдетуге келгенбіз. Тісім шіріп, іріңдеп кеткен екен, қатты 
ауырды. Мені қалаға ешкімнің әкелгісі келген жоқ. Сондықтан қашып шықтық... 

Мәссаған! Мынаны қара! Менің бір балалар үйінен танысым бар болатын. Ана әлемге тым ерте 
кетіп қалды. Ӛзін сақтай алмады, байғұс. — Ата ойланып қалды да, сӛзін қайта жалғастырды, — 
сендер қандай жанкештісіңдер. Тістеріңді уақытында тазалауың керек еді, мұндай болмас еді. 

Иә, — деп ӛз кінәмді мойындадым. 

Ӛмір сондай, балам, — деп тамағын бір қырнап қойды. Ауру тістің зияны кӛп. Оны емдеу де 
қиынның қиыны. Оны жұлып алып қана құтыласың. Адамдарда да түкке керегі жоқтары болады, 


олардан қоғамға тек зиян келеді. Ондай адамдардан еш пайда жоқ. Сондықтан, балам, шірік 
адам болмаңдар. 

Адам деген тіс емес қой, ол қалайша шіріген болуы мүмкін? — деп таңдана тағы сұрадым. 

Ӛскенде түсінесің, — деді ата темекісін бір сорып қойып. — Сендердің жолдарың болды. Мен 
тура астанаға бара жатырмын, бәрібір Сальманово арқылы жүремін. Тура үйлеріңе дейін 
жеткіземін. Ұйықтай тұрыңдар қазірше... 
Енді қайдағы ұйқы! Қасқырлардың ұлығаны әлі құлағымыздың түбінде тұр, жүрегіміз шаншып 
қояды. Шіріген адам туралы жұмбақ та маза берер емес... 
Кӛлік балалар үйінің екі қабатты ғимаратының алдына келіп тоқтады. Күзетші сол сәтте-ақ жетіп 
келді. 

Келдіңдер ме, қашқындар? Дереу топтарыңа қарай жүгіріңдер, — деп бізге дауысын кӛтерді. 
Біздің ата күзетшімен бірдеңе деп сӛйлесіп тұрып артымыздан айқайлады: 

Сау болыңдар! Енді ешқашан қашпаңдар! 
Ата кетіп қалды. Есіктен бізді түнгі қызметкер Флюра тәте қарсы алды. Сағат түнгі он екіден асып 
кеткен. Ол Амиля екеуімізді тобымызға дейін алып келді, бірақ одан бұрын асханаға әкелді. Тез арада 
шәйнекті қайнатып, бізге сүт қосылған шай құйып берді. Матадан тігілген сӛмкесінен үйдің нанын 
алып шықты. Ол кісі кейде осы сӛмкемен бізге бірдеңелерді үйінен пісіріп әкелуші еді. 

Рахмет, апай, біз шынында да қатты ашпыз. Сіз болмасаңыз біз не істер едік, — деп мен 
алғысымызды білдірдім. 

Эх, барлық тәрбиешілер осындай мейірімді болғанда ғой, — деп Амиля да қосып қойды. — 
Таңертеңнен нәр татпадық. 

Тәрбиеші Райфа сендердің тамақтарыңды басқа балаларға берді. Қашқындар онсыз да күн кӛреді 
деді. Жеңдер, ұялмаңдар, — депнанды бізге қарай жақындатып қойды. — Сендер мектептен 


оралмаған соң Мавлида Нұрғалиқызы шу шығарды. Бір жаққа телефон шалды. .. Ой, ертең не 
болатынын білмеймін. Барлығы жақсы болсын, балалар... 
Ішімізге ел қонған соң ақырын барып бӛлмелерімізге жата кеттік. Ұйқы бірден келмеді. Есіме 
қайтадан қасқырлардың ұлығаны түсті. Оның үстіне бір сұрақ маза берер емес: ертеңгі күн бізге не 
әкелер екен? 
Ауру 
Түскі астан соң бәріне мәжіліс залында жиналсын деген тапсырма келді. Барлық бес 
топ сол жерге бағыт алды. Бірін-бірі итермелеп балалар кӛңілді сӛйлесіп келеді: 

Жақсы қойылым болады! 

Тезірек орын алып алу керек! 

Ал не болады екен? 

Білмеймін, ешқандай мереке жоқ сияқты... 
Ал мені ол жерге мүлде тартпайды. Не болатынын ойша елестетіп қоямын. Амиля да 
ӛз бӛлмесінен шығар емес. Мектепте Әлия әпкеме қалай қашып кеткенімізді, қайда 
болғанымызды, басымыздан кешкендерді асықпай айтып бергенмін. Ол ұрысқан жоқ 
— менің аурудан қалай қиналғанымды ӛз кӛзіммен кӛрген болатын. 

Жауап беруге тура келеді. Залға жүр, — деді ол маған. 



Бармаймын. Қашып кеткеніміз үшін ұрсады, ал менің барлығының алдында 
қызарақтап тұрғым келмейді. 

Бірақ сендерсіз бәрібір басталмайды, — деп Әлия кӛндіргісі келді. — Жүр, 
әйтпесе маған да қиын болады. 

Сен сондай қызықсың, әпке! Туған бауырыңды сол жерге баруға мәжбүрлеп 
тұрсың. Түсінбеймін сені. Мен айттым ғой, бармаймын! — деп от алып кеттім. — 
Онсыз да барлығы таңертеңнен бері Амиля екеуімізге жаман кӛзбен қарап жүр. 
Бізге қарап күліп, қашқындар деп мазақтап жүр. 
Осы кезде бӛлмеге Райфа апай жүгіріп кірді: 

Қараңдаршы мыналарды, қай жерге жасырынғандарын. Тез арада залға барыңдар! 
— деп түкірігін шаша айқайлады. Әпкеме қарап тұрып тағы жалғастырды, — сен 
бауырыңды жақтап тұрсың ба! Ештеңе етпес, мен кӛрсетемін сендерге! Не қарап 
тұрсыңдар! Барыңдар! 
Дәл сондай күймен ол Амиляның бӛлмесіне де кіріп барды. Ол жерде шу қатты 
шықты. Аздан соң ол менің сыныптасымның басынан ұрған күйі сыртқа алып шықты. 
Әпкем, мен, Амиля үшеуіміздің тәрбиешінің соңынан құр сүлдеріміз кетіп бара 
жатты.мәжіліс залына кіргенімізше басыма қандай ойлар кіріп-шықпады дейсің! Бізді 
күтіп тұрған жаза маза берер емес. Бәріне дайын болдым. 
Залдың іші толыпты. Балалар да, тәрбиешілер де басталуын тағатсыздана күтіп отыр. 
Залға кіре салып мен бос орын іздеп жан-жағыма қарай бастадым. 



Әне, анау жерде үш бос орын бар екен, жүріңіздер, — деп әпкеме ұсыныс 
тастадым. 

Қайда? Сен бүгін құрметті орындасың! — Райфа апай менің қолымнан ұстап алды 
да сахнаға қарай алып шықты. Амиля біздің соңымыздан ерді. Әпкем бағанағы 
бос орындардың біріне отырды. 
Балалар үйінің директоры Мавлида Нұрғалиқызы бірінші қатарда отырды. Бізді кӛре 
сала түр-түсі бірден ӛзгеріп кетті, бейне бір ежелгі жауын кӛргендей болды. Бізді 
сахнаның ортасына әкеліп тұрғызған соң Райфа апай ӛзін жеңімпаз сияқты сезінді. 
Енді ше, сондай маңызды жұмысты атқарды ғой! 

Міне, — деп бастады кекесінмен, — қашқын мырзалар келді. Бұлар ерекше 
жандар, арнайы шақыртуды күткен. 
Барлығы қарқылдай күлді. Тек Әлия ғана қызарып кетті. Жылап кетпеу үшін ернін 
қатты тістеп отырды. 

Ал қане, айтыңдар! Қашуды кім ұйымдастырды, кімнің ойына келді? Қалаға неге 
бардыңдар? Тыңдап тұрмыз, — деп тәрбиеші сұрақтардың астына алды. 
Екеуіміз де түк те айтпаған соң Райфа апай одан сайын ашуланды. Ол ӛзін-ӛзі ұстай 
алмай маған жетіп келді де құлағымнан ұстап алды: 



Айт қане, қой сияқты неғып үндемей тұрсың?! — Маған ауру сезімі қатты 
білінгенмен де, түк болмағандай тұра беруге тырыстым. Енді ол Амиляны 
сілкілей бастады: 

Ал сен ше, шайтан алғыр, неге үндемейсің? Уақытты созба, айт! 
Бізді Райфа апай қалай қинаса да ешбір сӛз айтпадық. Мавлида Нұрғалиқызы да бір 
орында отыра алмады. Нық-нық басып сахнаға шықты. Оның түрі «енді менің кезегім, 
мен жақындасам болды, бұлар бірден сайрап кетеді» деп тұрғандай. 

Үндемейміз деп келісіп алғансыңдар ма? — деп директор ренішті жүзін менен 
Амиляға қарай бұрды. — Жақсы! Мен сендер сияқтылармен бірінші рет 
ұшырасып тұрған жоқпын. Калонияға жіберемін, бірден барлық шындықты айтып 
бергілерің келмеді... 
«Калония» деген сӛзден жүрегім тоқтап қала жаздады. Жоқ, бұлар барлығын білмей 
тынышталмайды. Бірақ кім бастайды сӛйлеуді? Ойлап тұрсам Амиляның ешқандай 
кінәсі жоқ. Ол тек маған кӛмектесті. Ал мен не үшін зардап шегуім керек? Жоқ, не 
болса ол болсын, барлығын ӛзім айтып беруім керек деп шештім. 

Қараңдаршы мыналарды! Директорды да елейтін түрлері жоқ, — деп отқа май 
шаша түсіп Райфа апай «кӛрермендерге» қарады. 

Онда калонияға кетуді қалап тұрсыңдар ғой..., — Мавлида Нұрғалиқызы 
ертегідегі арам жыландай бізді арбап, сӛйлетуге тырысты. 


Директордың сӛздері жанымды суықпен «тоңдырып», қашуымыздың себебін айтуға 
мәжбүр етті. 

Апай, бізді ешқайда жіберудің қажеті жоқ. Мен айтамын бәрін... — дауысымдағы 
діріл менің қорқып тұрғанымды білдіріп қойды. 

Ӛте жақсы. Қане, айт бәрін, — деп директор менің сӛйлеген кейпімді қостай түсті. 

Тісімнің ауырғанына тағатым қалмаған соң қалаға ӛзім баруға бекіндім. Бірақ 
қаланы мен онша білмеймін. Амиляға ӛтініш айтуыма тура келді, — ол менің 
жаныма еруге келісім берді. Тісімді жұлғызған соң автобекетке келдік те, 
автобусқа шатасып мініп, басқа бағытқа қарай кетіп қалыппыз. Бізге таныс емес 
деревнядан бірақ шықтық. Бір мейірімді ата бізді осы жерге әкеп тастады... 

Тағы да сол тіс! Сен не, бір-екі күн күте алмадың ба?! Еркелетіп алыппын 
сендерді — бәрі бірдеңе талап етеді. Талап етуді тым жиілетіп алған жоқсыңдар 
ма? Сендер жүз адамсыңдар, мен — біреумін! — Мавлида апай одан сайын ӛрши 
түсті. 

Сенен сұрап тұрмын, Ілияс, сен не, тісің ауырғаннан ӛліп кетер ме едің?! 

Енді... Қатты ауырды ғой... Шыдау ӛте қиын болды. 
Амиля да үндемей тұра алмады. Үлкендердің бізді кінәлап жатқанына, ал ӛз 
кінәларын сезінбегеніне жаны күйгендіктен шабуылға кӛшті: 



Мавлида Нұрғалиқызы, сіз тіс ауруынан адам ӛлмейді деп айтасыз. Ал екінші 
топтағы баланың бүкіл бетін кескілеп тастады. Оны да уақытында ешкім тіс 
дәрігеріне апарғысы келген жоқ қой... 

Тоқтат! — деп айқайлады директор. — Қарашы, менімен айтысып тұрғанын, 
сүмелек! Ұмытпа, сен кім екеніңді. Директормен дауласып қояды ғой бұл! 
Райфа апай да сӛз қосып қоятын мүмкіндікті қалт жібермеді: 

Не деп тұрсың сен, бастықсымақ! Ақымақ! Сен тіпті үй жұмысын да ӛзің жасай 
алмайсың. Ылғи Ілияс кӛмектеседі. Сен оған алғысыңды білдірмек болып қалаға 
апармақ болғансың ғой, ақымақ! 

Апай адамды олай қорлауға болмайды ғой. Барлығы беспен оқып кете алмайды. 
Мен анау бала сияқты Ілиястың да тыртық-тыртық болып жүргенін қаламадым... 

О, қандай жанашыр! Сен енді мен үшін шешім шығаратын болғансың ба, 
сумұрын! Қане, онда сені балалар үйінің директоры етіп тағайындайық. Барлығын 
тамақтандыр, киіндір... — Мавлида апай ӛзін-ӛзі ұстай алмады. 

Мавлида Нұрғалиқызы, түрмеде отырған әйелдің қызынан басқа не күтуге 
болады? Амиляның бізге қандай отбасынан келгенін барлығы жақсы біледі, — 
деп Райфа апай да директордан қалыспай жанды жерін ауыртып қалғысы келді. 

Менің анама тиіспеңдер! — қызарып кеткен сыныптасымның кӛздерінен жас 
шығып кетті. — Мен бүгін-ақ оған хат жазамын. Бізді қалай 
қорлайтындарыңызды айтып, бәрін жазамын! 



Қарашы, Райфа, мына қашқын бізді қорқытқысы келеді. Баяғыдан белгілі — 
«қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды». Егер сенің анаң дұрыс адам 
болғанда адам ӛлтіріп, түрмеде отырмас еді. Сені үйіңнен алып кеткенімізде тіпті 
нанға да зар болып отырған едіңдер. Бар байлықтарың — бос бӛтелкелер. 
Ұмытпа, сенің бүрге-биттеріңнің қандай болғанын! Киімнің орнына қандай 
шоқпыттарды киіп жүргеніңді де есіңе ал! Жетеді ме? Әлде тағы есіңе түсірейік 
пе? 

Ӛтірік айтпаңыздар — менде бүрге-биттер болмады... 
Мен біздің қашуымыз осыншалықты тереңдеп кетеді деп ойламадым. Директор ӛзіне 
шақыртып, ұрсып, жазалайды, сонымен бітеді ғой деп ойлаған едім. Ал бізбен 
барлығының кӛзінше сот отырысын жасады. Амиляны осылайша олар жер қылды! 
Мен, мысалы, оның анасының адам ӛлтіргені үшін түрмеде отырғанын білген 
жоқпын. Егер оны балалар үйіне әкелгенде биті болған болса да оны сахнадан жар 
салудың қандай қажеттігі бар? Амиляны да, ӛзімді де қатты аяп кеттім. Балалар үйінің 
барлық жандарының кӛзінше сағымызды сындырып тастады. Енді болжаудың да 
қажеті жоқ — жазалайды бізді аямай. Бәрі менің кесірімнен болды. 

Мен бәрінен кешірім сұраймын, — деп кінәмді мойындауға шешім қабылдадым. 
— Енді ешқашан да қашпайтын боламын. Бәріне мен ғана кінәлімін. Ӛтінемін, 
Амиляны жазаламаңыздаршы. 



Қарашы мұның серілігін! Екеуі де кінәлі! Мен сені бірінші күн біліп тұрғаным 
жоқ. Директор болып тағайындалғанға дейін сендер сияқтылардың талайымен 
жұмыс істегенмін. Сондықтан бұл жерге балалар қалай келетінін тәуір-ақ білемін. 
Егер сендердің аналарың дұрыс адам болғанда қырық жасында ӛліп қалмас еді. 
Спирттік ішімдіктермен дос болған ғой, шамасы. Артынан әкелерің де қайтыс 
болды. Жақсы адамдар ұзақ жасайды. Оның үстіне соңдарынан қаншама бала 
қалдырды, мемлекетке масыл етіп... 

Біздің анамыз ондай болған жоқ! — Бұл айқайдан мен салбырап кеткен басымды 
тік кӛтеріп алып қарасам, әпкем Әлия екен. Кӛзінің жасын сүртіп тұрып ол ата-
анамыздың неден қайтыс болғанын айта бастады. Кіші топтағы балалардың 
арасында отырған Зульфира да жылай бастады. — Егер білгілеріңіз келсе, 
анамыздың тӛсбелгісі де болатын. Егер ол тірі болғанда ғой... 
Директор Әлияның сӛзін аяқтатпай, бӛліп жіберді: 

Же-те-ді! Біз сендердің шешелеріңді мақтау үшін жиналып отырған жоқпыз. 
Бұрыннан білеміз сендер кімдердің балалары екендеріңді. Балалар! Бір нәрсені 
есте сақтаңдар: кім қашады немесе тәртіп бұзады — бастарыңнан сипамаймыз. 
Қайталаймын — естеріңде жақсы сақтап алыңдар. Амиля мен Ілиясқа жаза: бір ай 
бойы ешқандай серуендеуге шықпайды. Тек мектепке барып-қайтады. Бұл — ең 
жеңіл жаза. 


Кішкене жеңілдеп қалдым. Демек, директор бізді колонияға жібермейтін болды. 
Былтырғы жылы бір баланы сонда жібергендіктен, бізге де осындай қауіп тӛнген еді. 
Мавлида Нұрғалиқызы жалғастырды: 

Кейінгі кезде тым беттеріңмен кеттіңдер. Кейбіреулеріңді орнына қою керек екен. 
Бізде бұрын үлкендер кішілердің тәртібіне қараушы еді. Бұл жұмыс босаңсыған 
екен, — ол біреуді іздегендей кӛзімен отырған балалар жаққа қарады. Даян 
осында ма? Қане, кӛрінші... 
Орнынан бойы ұзын, қолдарын қалтасына салған бір жасӛспірім тұрды. Беті секпіл-
секпіл, ылғи ұйпа-тұйпа болып жүретін Даян менен тӛрт жас үлкен. Бірақ солай бола 
тұра бізден бір-ақ сынып жоғары оқиды. Тәрбиешілер де, басқа қызметкерлер де 
онымен ортақ тіл табысады. Басқаларға шаш ӛсіруге болмайды, ал оған — болады. 
Бірдеңе болса болды — Даян. Оның еркеліктеріне директордың ӛзі де кешіріммен 
қарйды. Даян үшін киімдерді де бӛлек сатып алады. Енді ше, ол балалар үйінде — 
«атаман». Оның алдында тәрбиешілерді тыңдамайтындар да қаздай тізіліп жүреді. 
Барлығы үшін ол «Даян ағай». 

Тыңдап тұрмын сізді, Мавлида Нұрғалиқызы. 
Ол ӛзін қалай маңызды сезінеді! Енді ше, директордың сенімді адамы! Оның 
киімдері де басқалардан ерекшеленіп тұрады — бізді бірдей киімдермен киіндірсе, 
оның киімдері тіпті басқаша. 



Даян, не бұл? — деп сұрады директор, — бізді саусағымен кӛрсетіп. — Жігітім, 
тәртіп нашар болып тұр. Қалай ма — қалаға қарай қашады. Тәртіп те, режим де 
жоқ. Мені кӛздеріне де ілмейді. Бұлай болмайды. Қане, мына балалармен 
дұрыстап сӛйлес... әйтпесе беттерімен кетті! 

Түсіндім, — деп Даян басын изеді. Мавлида Нұрғалиқызы сахнадан түсті де, аяқ 
киімімен тықылдата басып шығар есікке қарай беттеді. Бүгінгі «қойылымды» ӛзі 
аяқтады: 

Жақсы, топтарыңа барыңдар. Сендерге бұлай істеуді құдай жазбасын. 
Қашқандарға кешірім болмайды, — деп айтты да, күлімсіреп залдан шығып кетті. 
Балалар ӛздерінің бӛлмелеріне қарай жүгірді. Кішкентайларға қызық керек — 
директордың сӛздерін қайталап жатыр: 

Ха-ха, қашқындар! 

Мынау бастық! 

Қарашы мынау серіні! 
Амиля, Әлия, мен, үшеуіміз де ӛз топтарымызға кеттік. Үй тапсырмасын аяқтау 
керек. 

Кешкі астан соң біздің топтың балалары қар күреу үшін аулаға шықты. Таза ауада 
жұмыс істеген жеңіл — аз уақытта-ақ ауланың біраз бӛлігін қардан тазалап, барлық 


қарды бір жерге үлкен етіп үйіп тастады. Істелген жұмысқа риза болып отыра кеттік. 
осы сәтте Даян кӛрінді, жанында тағы үш бала бар. Олар бірден бізге қарай бұрылды. 
Жақындай бере ол маған күле бастады: 

Ой-ой, біздің қашқын мында екен ғой. Сені кӛруге келе жатыр едім. 

Менің есімім бар. 

Жарайды, тыпырлама. Әйтпесе, тіліңді бірден қысқартып алам, — деп Даян ӛктем 
сӛйледі. 

Шындығында онымен дұрыс сӛйлесу керек. Бірақ мен оған ешқандай жамандық 
жасаған жоқпын ғой? Мен оның алдында кінәсіз болғандығымнан ақталғым да 
келмеді. Ол болса мені үндемей тұрады деп ойлады-ау. Мен ӛз-ӛзіме араша түсуге 
бекіндім. 

Сен неге еш кінәсіз маған соқтығасың, — деп жақтырмай жауап бердім, — мен не 
істедім саған? 

Сен не дедің, боқмұрын?! Мә, ӛзіңнің сӛздерің үшін сазайыңды тарт! — ол 
кенеттен менің құлағымнан ұрып жіберіп еді, басым айналып қоя берді. 

Даян ағай, не істеп жатырсың? — менің тобымнан біреу маған жақтасқысы келді. 
Бірақ бұл сӛздер біздің «ағатайды» одан бетер ашуландырды. 

Сендер бұл жерде неге тұрсыңдар? Тез арада менің кӛз алдымнан жоғалыңдар! 
Мүмкін сендерді де бір-екі рет ұру керек пе? — Даянның ӛктем үнінен қорыққан 
балалар сол сәтте қашып кетті. 

Мен, Даян, оның үш серігі ғана қалдық. 



Қалай, ӛз кінәңді мойындауға дайынсың ба? — балалар үйінің атаманы 
жұдырығын түйіп алып тұрып сұрады. 
Мен басымды шайқадым. 

Онда мә саған тағы бір рет! — қатты теуіп жібергеннен мен құлап түстім. Оның 
жандайшаптары тек қана Даянның бұйрығын ғана күтіп тұр, барлығы маған лап 
қоюға әзір. 

Ағай, қане, мына есуасқа үйретейік. 

Ой, онымен ұзақ тәжікелесіп тұрамыз ба? 

Жоқ! — деп оларды Даян тоқтатты. — Мен мұны қалай жазалау керек екенін 
баяғыда-ақ ойлап тауып қойғанмын. Ха-ха, қашқын. Маңқаңды сүртіп ал да 
кешірім сұра! 

Мен жауап бермедім. Даян енді бетімнен тепті, мұнымнан қан кете бастады. 

Сен бұл жерде тәртіпке мен жауап беретінімді жақсы білесің. Ал сен, шайтан 
алғыр, қашып кетуге батылың барды. Директордың бұл үшін Даянға ұрсатынын 
ұмытып кеттің бе? Мавлида Нұрғалиқызының залда бәрінің кӛзінше не деп 
айтқанын естідің бе? Балалар үйіндегі тәртіп ақсап жатыр деді... Ал ол сен сияқты 
малдардың кесірінен! Білесің бе, сол үшін сені не күтіп тұрғанын? — айқайлап 
алған менің «ұстазым» Даян аз ғана сәтке тұрып қалды да, жанына үшеуін 
шақырды. — Қане, қашқынның бәтіңкесін шешіңдер! 

Не істеп жатырсыңдар? Шешпеймін мен аяқ киімімді! 



Біз сенен сұрамаймыз да. Мен ұстап тұрамын, сендер бәтіңкесі мен шұлығын да 
шешіп алыңдар. 

Қойыңдар, керегі жоқ! Суық қой! — Даян мені әлеуетті қолдарымен ұстап алды, 
оның «күшіктері» екі бәтіңкем мен шұлығымды шешіп алды. Қарда жалаң аяқ 
тұрған мен жүздеген инелердің теріме кіріп жатқанын сездім. — Аяқ киімімді 
қайтарыңдар, суық! 
Бұл оларды одан сайын құтыртып жіберді. 

Атышулы қашқын енді ӛзінің қабілетін кӛрсетсін! — деп айқайлады Даян. — Сен 
енді балалар үйінің маңын айналып жүгіріп шығуың керек. Біз уақытты есептеп 
тұрамыз. Егер 3 минутта жүгіріп келмесең, онда тағы бір шеңбер жасап жүгіріп 
келуің тиіс. 

Жүгірмеймін, аяқтарым қатып қалды! Бәтіңкелерімді қайтарыңдар! 

Қане, балалар, соңына түсіп, жүгіртіп отырыңдар, әйтпесе басқа жаққа қашып 
кетуі мүмкін! Ал мен осы жерде уақытты есептеп тұрамын. Неге тұрсың, жүгір! 
Қашқаның үшін жауап беруің керек. 
Менде таңдау қалмады, тістерімді қатты қысып алып алға қарай жүгірдім. Балалар 
артыма ілесіп жүгіріп келеді. Кішкене шыдай түс деп ӛзімді-ӛзім жұбатып қоям. 
Қатып жатқан қардың табанымды қарығаны сондай, суық сүйегімнен де ӛтіп 
кеткендей күй кештім. Бірақ мен тоқтамауым керек, 3 минутта жүгіріп келуге 
тиістімін. Алдымда — гараж, оның жанынан қалай ӛтсем екен? Гараждың алдында 


жүргізушілер ылғи кӛліктерін жуады, аққан су бірден мұзға айналады. Мұзбенен 
қалай жүгірсем екен?! 1 секундқа ойланып қалдым. Артымыздағылар: «Ұмытпа, 3 
минут», — деп айқайлады. Не болса, ол болсын, алдыға қарай ұмтылдым. Сіз мұздың 
үстінде жалаң аяқ жүріп кӛргенсіз бе? Сол бір қиын минуттарды еске алудың ӛзі 
қорқынышты. Үшкір шегелердің үстімен жүгіргендеймін. Аяғым мұзға жабыса береді
мен болсам жүгіруім керек. Кішкене тұрып қалсаң болды, екінші аяғың да жерге 
жабысып қалады. Қиындықпен аяғымды жұлып аламын, ары қарай әр аяғымның 
ізінен қан қалып жатыр... 
Даянға дейін аз қалды. Гараж артта қалғалы қашан. Бірақ күшім таусыла бастады. 
Аяқтарымды сезбей де қалдым, мен қар мен мұзда емес, үлпілдеген жүннің үстінде 
жүгіріп бара жатқандаймын. Басым ысып, кӛзімнің алды тұмандана бастады. Мен 
қардың үстіне жұмсақ қана құлап түстім, ешқандай ауырлықты сезбей де қалдым... 

Бір жерің ауырып қалмады ма, балам? 

Анашым! Сені қатты сағындым ғой! Неге сен бізді тастап кеттің? Сенсіз сондай 
қиын бізге... 

Ӛзіңе-ӛзің кел, ұлым. Сендердің жандарыңда бола алмағаным маған да қиын. 
Маған бүгін ауыр күн болды. Тірі болғанымда ешкімнің ренжітуіне жол бермес 
едім. Қайтсем екен, құдайым-ау?! Аяқтарың қатты ауырып тұр ма, ұлым? 

Жоқ, анашым, ауырмайды. Маған қардың үстінде емес, жып-жылы жүннің 
үстімен жүгірген сияқтымын. 



Ол жүн емес, балам, менің алақаным болатын... Мен жаныңда жүгіріп келе жатып 
табаныңның астына алақандарымды қойып отырдым. Сен қатты қиналмасын деп 
солай істедім... 

Рахмет, анашым! Мен сені қатты жақсы кӛремін. Бізді бұл жақтан алып кетші, 
ӛтінемін... 

Қолымнан келмейді, құлыншағым! Бірақ мен ылғи сендердің жандарыңдамын. 
Қолымнан келгенше сендерді ары қарай қорғауға тырысамын. Сендерден 
сұрайтыным, мен сендер үшін ұялып, қызармайтындай, ешқандай жаман іс 
істемей жүріңдерші. Қош бол, ұлым! Ұмытпа — мен ылғи қасыңдамын... 
Сӛйтсем, анам менің түсіме кірген екен. Медпунктің тӛсегінде ояндым. Жанымда 
медбике Сайда апай, бірнеше тәрбиеші, тіпті директор тұр екен. 

О-о-о, сен бізді қорқыттың ғой, Ілияс! — Мавлида Нұрғалиқызы күлімдей 
бастады. — Жолдасымен мұнша аяусыз іс істеуге Даянға кім рұқсат берді екен! 
Кӛресің, мен оны міндетті түрде жазалайтын боламын. Аяқтарың қатты ауырып 
жатыр ма? 
Кӛзімнен ірі-ірі жас тамшылары ағып кетті, бірақ директордың сұрағына жауап бергім 
келмеді. 

Ештеңе етпейді, — деді медбике. — Егер далада енді біраз қалғанда тіпті қиын 
болар еді. Аяқтарыңды спиртпен сүртіп, қыздыратын жақпа жағып қойдық... 


Жауап директорды кішкене тыныштандырды, бірақ болған іске ӛзінің қатысы 
болғанын да сезді. Сондықтан оны қамқорсыған кейіп танытып жуып-шайғысы келді: 

Ілияс, саған жаңа бәтіңкелер сатып алуға қалай қарайсың? Жақын күндерде Уфаға 
бару жоспарымда бар — сені астанаға қыдыруға ала кетуге болады... 
Мавлида апай менің басымнан сипағысы келіп қолын созды. Оның жасанды мінезі 
менің жанымды жылыта алмады. Мұны кӛрсе анам не дейді? Мен оның маған 
жақындағанын қаламайтынымды білдіріп аунап түстім. Маған одан жаңа киім де, 
астана да керек емес. 
Бұл сәтте жанымнан ешкімді кӛргім келмеді. Жаным қатты ауырды, бұл ауыру тіс 
ауруы мен жараланған табаннан мың есе күшті болды. Оны шіріген тіс сияқты жұлып 
алып тастай алмайсың. Жаным ауырып жатыр, жаным жылап жатыр! Одан ауыр не 
нәрсе бар дейсің?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет