Жұмыс істей алмайды...
Күз — біз үшін қызу еңбек мезгілі. Әсіресе осы бір картошка кӛп шыққан жылы.
Тәрбиеші Райфа апайдың бақшасы ӛте үлкен. Ол жерде біз күнде жұмыс істейміз. Ол
бізге картошка қазамыз деп алдын-ала айтып ескертіп қойған. Біздің сенбі,
жексенбіміз сол кісінің бақшасында ӛтіп жүр. Міне, бүгін де ӛзі балалар үйіндегі
жұмыс орнында қалды да, бізді, алты баланы үйіне жіберді.
Ауа райы бұзылуы мүмкін, бүгін аяқтауға тырысыңдар, — деп ескетті ол.
Райфа апайдың бақшасындағы жер ӛте қатты, оны қазу да қиын. Алғашқы күннен-ақ
алақанымыз үлбіреп қалды, оның үстіне түні бойыв арқамыз ауырып жүр. Ол ол ма,
Райфа апай жоқта оның күйеуі бізді жұмыскердей кӛретін болды. Түсте бізді балалар
үйіне жібереді: «Барыңдар, түскі астарыңды ішіңдер». Түскі астан соң тәрбиеші тағы
бақшаға қарай қуады. Кейбір кезде ӛздерінің үйінен сүт қосылған шай ұсынатын.
Кеше түнгі қызметкер Флюра тәте бізді ӛз үйіне қонаққа шақырды.
Дәмді сорпа дайындап қоямын, құймақ құйып қоямын. Моншаны жағылып, әзір
тұрады, — деді мейірімді тәте.
Түске дейін Райфа апайдың бақшасында картошка қаздық, бірақ түскі астан соң
балалар үйінен қайтадан бақшаға барғымыз келмеді. Шаршадым, картошканы кӛргім
келмейді. Байқаймын, Фариттің де бақшаға баратын кӛңіл-күйі жоқ сияқты.
Фарит, Флюра тәтенің үйіне барайық. Ол бізді кеше қонаққа шақырып еді ғой, —
деп басқаларға естіртпей досыма сыбырладым.
Иә, шынында да. Ал мен мүлде ұмытып кетіппін. Кеттік, әрине...
Түстен кейін Райфа апай алтауымызды тағы да картошка қазуғажіберді.
Балалар, бүгін аяқтау керекпіз... — деп тәрбиеші тағы қайталады.
Қақпаның сыртына шыққан соң Фарит екеуіміз басқа жаққа кеттік. Балаларға бізді
айтып қоймауларын тапсырдық.
Егер бізге сәлемдеме әкелетін болсаңдар Райфа апайға айтпаймыз, — деп
уәделерін берді. — күйеуі де үйінде жоқ сияқты. Демек, байқамай қалады.
Рахмет. Сәлемдеме әкелеміз сендерге...
Міне, Флюра тәте тұратын ӛзен жағасындағы әдемі үйге де келдік. Үйдің айналасына
түрлі-түсті кӛптеген гүлдер ӛскен, керемет кӛрік беріп тұр.
О-о-о, қандай қонақтар! — деп бізді қарсы алып, күлімсіреді. — Кеіңдер,
келіңдер. Сорпа дайын болайын деп қалды. Кеше қой сойғанбыз.
Адамның тәбетін ашар сорпаның тамаша иісі бүкіл үйдің ішін алып кетті. Мұндай
сорпа ішпегенімізге қанша болғанын біз ұмытып та қалдық.
Флюра тәте бізбен сӛйлесе жүріп құймақ пісіре бастады:
Ұлымды былтыр әскерге алып кетті, үйде сондай кӛңілсіз. Шешенстанда әскери
борышын ӛтеп жүр. Күйеуім болса күні бойы жұмыста. Күндіз мен ылғи үйде
жалғызбын. Міне, сендер келіп, айналамыз сәуле мен нұрға толып кетті.
Ыстық құймақ пен қаймақ дастарханнан ӛз орындарын алды.
Қазір аяқтаймын, содан кейін сорпа ішеміз... — деп мейірімін тӛге сӛйлеп жүр.
Мен Флюра тәтеге айтар-айтпасымды білмей ұзақ ойланып, басымды қатырдым.
Ақыры шештім — ол бізге анамыз сияқты емес пе?
Біз Райфа апайдан қашып кеттік.
Қалайша? Қашып кеткендерің қалай?
Фарит түсіндірді:
Бүгін бақшасында жұмыс істегенбіз. Картошкасын қазуды бірнеше күн бұрын
бастағанбыз. Ал бүгін аяқтауымызды тапсырды. Біз түске дейін-ақ шаршап
қалдық. Түскі астан кейін тӛртеуі бақшаға кетті, біз Ілияс екеуіміз сізге келдік.
Флюра тәте ойланып қалды:
Иә, міне қалай. Оның ӛзінің екі баласы бар, бірақ балалар үйінің балаларын
жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Білемін, қыста үйіне су да тасисыңдар.
Иә, болады.
Естігем, біздің балалар малдарға қарайды, астын тазалайды, қыздарға еден
жуғызып, үй жинатады екен.
Ол да рас.
Ал біздің сендермен достығымызды Райфа ұнатпайды. «Оларды еркелетпе, ара
қашықтықты сақта», — деп айтады маған. Бірде сендерге сәлемдеме апарғанда
ұрысып еді. Қызық әйел ӛзі.
Содан кейін Флюра тәте бізге ыстық сорпа құйып берді, үйдің кӛтеріліп піскен
керемет нанын кесіп берді. Пісірген сорпасы бізге қатты ұнады. Тіпті жай ғана сүтті
шайының ӛзі ӛте дәмді еді.
Біз тыңқия тойып алған соң кӛшеге шығып, кӛршілердің балаларымен ойнадық.
Содан кейін моншаға түстік. Мен тіпті уақытша болса да ӛзімнің балалар үйінен
екенімді ұмытып кеттім. Тура ӛзіміздің үйіміздегідей болды — ешкім мында барма,
тиіспе, ананы-мынаны жеуге болмайды деп тыйым салмайды. Флюра тәте де сондай
ақкӛңіл, мейірімді. Моншадан соң тағы да балмен шай іштік.
Біз күніміздің қалай зуылдап ӛтіп кеткенін де байқамай қалдық. Флюра тәтенің үйінде
қандай жақсы болса да балалар үйіне қайтуымыз керек. Кешіксек Райфа апай бізге
кӛресінді кӛрсетеді! Флюра тәте бізге құймақтардан, басқа да тәтті-дәмділерден кӛп
қылып салып берді.
Бәріне менен сәлем айтыңдар. Ертеңге дейін, балалар, сау болыңдар! — деп
шығарып салды. Қуанышты, риза болған кӛңілмен секірген күйі балалар үйіне
кеттік.
Мен де кейін ӛзіме осындай әдемі үй салып аламын, — деді досым.
Ол жерде бәріне орын табылатын болады. Ілияс, сен менің үйіме қонаққа келіп
тұрасың.
Рахмет. Мен де ӛзіме Флюра тәтенікі сияқты үй салып аламын.
Қане, Ілияс, серт берейік, балалар үйінен кеткен соң ӛзіміздің жылы ұямызды
құрып, ӛміріміз біткенше отбасымызбен дос болып араласайық...
Жарайды! Серт беремін...
Біздің ӛз бӛлмемізге кіріп кеткенімізді Райфа апай байқамай қалды. Балалар ӛз
орындарында болатын, қатты шаршаған екен. Флюра тәте беріп жіберген
сәлемдемелерді кӛрген сәтте-ақ бізді бірден қоршап алды.
Қыздарды да шақырыңдар, Флюра тәте барлығына бірдей бӛліп беруімізді
тапсырған, — деді Фарит.
Қыздар да жиналды. Барлығына екі құймақтан, бір уыс кәмпиттен бұйырды. Ұлдар да
шаршағандарын ұмыта бастағандай.
Қалай болды? Картошканы аяқтадыңдар ма? — деп сұрадым.
Қайдағы... Әлі бір күндік жұмыс бар.
Мүмкін екі күндік жұмыс болар.
Оның үстіне тәрбиешінің күйеуі келіп, сендерді талап етті.
Сендер оған не дедіңдер? — деп тӛсектен Фарит атып тұрды.
Ештеңе деген жоқпыз. Ол бәрібір Райфа апайға қоңырау шалып тексереді ғой.
Сол кезде бӛлмеге Райфа апай кіріп келді. Зәреміз зәр түбіне кетті.
Қайда болдыңдар, ақымақтар? — деп тәрбиеші Фаритке келіп басынан кілтпен
ұрып жіберді. — Кім ойлап тапты мұны?
Ешкім жауап бермеді. Тәрбиеші аяғынан тәпішкелерін шешіп алды да қатты
ӛкшесімен басымнан ұрып еді, құлағым зыңылдап кетті. Біздің бӛлмеміздегі ұл-
қыздар аман тұрғандарында қашып кетейін деп еді, бірақ оларды Райфа апай
тоқтатты:
Ешкім ешқайда бармайды! — деп бәрімізге иегінің астынан қарады. — Қаршы,
пысықтарын! Бұларға сенуге де болмайды! Ештеңе етпейді, мен сендердің
сазайларыңды тарттырамын. Сендердің кесірлеріңнен басқалар картошканы
қазуды аяқтай алмады. Егер ертең қар жауса ше? Құдайдан ертең ауа райы жақсы
болып тұра тұрсын деп сұраңдар, әйтпесе мен сендерді ӛлтіремін! Флюраның
үйінде болдыңдар ма?
Біз үндемедік. Бұл тәрбиешіні одан сайын ызаландыра түсті.
Ӛзінің үйінде жұмыс істету үшін сендерге кәмпит беріп алдаған ғой.
Біз ол жерде жұмыс істеген... — бірақ ол менің сӛзімді аяқтауға мұрша бермеді:
Тыныш! Жап ауызыңды! Әйтпесе қазір терезеден секіресің... — осы сәтте ол кей
балалардың қолынан құймақты кӛрді.
Бар, қане, қоқыс салатын шелекті алып кел, — деп қыздардың біріне бұйрық
берді.
Анау болса алып келіп, кір шелекті бӛлменің ортасына қойып қойды.
Қолдарыңдағылардың бәрін шелекке тастаңдар!
Мұны естіген балалар таң қалысып бір-бірлеріне қарасты. Кӛпшілігі құймақтың дәмі
қандай болатынын ұмытып та қалған еді ғой. Кейбіреуі ғана әкелген сәлемдемелердің
біразынан тістеп үлгеріп қалған.
Апай, бір рет қана тістеуге болады ма? — деп сұрады біреу.
Жоқ! Тастаңдар дереу. Біріншіден, санэпидемстанция рұқсат етпейді. Екіншіден,
енді Флюрадан бірдеңе алып кӛріңдерші осыдан.
Біреу жылап жіберді. Барлығы құймақтар мен кәмпиттерді шелекке тастап, бӛлмеден
жабырқап шықты.
Енді ісім Флюрамен болсын! Ол педагог емес, түсінесіңдер ме? — деп ұрса
бастады. — Ол балалармен жұмыс істеуді білмейді. Сендердің режимдеріңді
бұзып, үйіне шақырған адамның ісін педагогикалық іске қалай жатқызуға
болады? Мен жоғары білімді педагогпын, оның бұл ісін түсінбеймін. Бұл туралы
Мавлида Нұрғалиқызымен сӛйлесуге тура келеді.
Бір аптадан артық Флюра тәте жұмыста болмады. Оған бірдеңе болып қалды ма деп
алаңдадық. Ауырып қалды ма, егер тәуір болса жұмысқа шығатын шығар деп күттік.
Бір күні Флюра тәте біздің топқа келе қалды. Оның жұмысқа күндіз келгеніне таң
қалыстық. Ол кісімен жылы амандасқан соң біз сол сәтте-ақ оны қоршап алып
сұрақтың астына алдық:
Сізді сағындық, апай! Қайда болдыңыз?
Ауырып қалған жоқсыз ба?
Сіз бізбен күндіз де жұмыс істейтін болдыңыз ба?
Бірақ ол кісінің мүлде кӛңіл күйі болмады. Қолында қандай да бір құжаттар бар. Біраз
үнсіз тұрды да, күлімсіреуге тырысып жауап берді:
Рахмет, балалар! Менде бәрі жақсы. Енді сендермен жиі жолыға алмаймыз. Солай
болды. Бірақ менің үйімнің есігі сендерге әрдайым ашық.
Флюра тәте бәріміздің басымыздан сипады да есікке қарай беттеді. Одан кейін
балалар үйіне ешқашан келген жоқ...
Достарыңызбен бөлісу: |