Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата15.03.2017
өлшемі0,71 Mb.
#9522
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 №2 (47) 2016. Ғылыми және әдеби-көркем журнал
МЕНШІК ИЕСІ:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 
Ғылым комитеті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институты 
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС:
Қалижанов  У. 
–  төраға,  бас  редактор,  филол.ғ.д.,  ҰҒА 
корреспондент мүшесі
Ақыш Н. – бас редактордың бірінші орынбасары, филол.ғ.д.
Ананьева С. – бас редактордың орынбасары, филол.ғ.к., доцент
Ахетов  А.  –  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет    және  өнер  
институтының  аға сарапшысы
Әбдезұлы Қ. – филол.ғ.д., профессор
Әбдіғазиев Б. – филол.ғ.д., профессор
Әзібаева Б. – филол.ғ.д., профессор
Әлібекұлы А. төрағаның орынбасары, филол. ғ.к., доцент
Елеукенов Ш. – филол.ғ.д., профессор
Ерғалиева Р. – өнертану ғ.д., профессор
Жұмасейітова Г. – өнертану ғ.к., доцент
Күзембай  С.  –  өнертану  ғ.д.,  профессор,  ҰҒА  корреспондент 
мүшесі
Қасқабасов С. – ҚР ҰҒА академигі
Қирабаев С. – ҚР ҰҒА академигі
Мамыраев Б. – филол.ғ.д., профессор
Мұқан А. – өнертану ғ.к., доцент
Мұсағұлова Г. – өнертану ғ.к., доцент
Нұрғали Қ. – филол.ғ.д., профессор
Ісімақова А. – филол.ғ.д., профессор
Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және 
спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінде 2005 
жылдың 24-наурызында тіркелген. 
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлік
N 5844-Ж.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
Қолдарыңызға  ұстап  отырған  –  ғылыми-көпшілік  және 
әдеби-көркем «Керуен» журналының кезекті саны:
– егер де Сіз тәуелсіз еліміздің әдебиеті мен өнері, фоль-
клоры  мен  рухани  өмірі  жайында  жан-жақты  хабардар 
болғыңыз келсе;
– егер де Сіз ұлтымыздың жан дүниесінің айнасы болып 
табылатын көркем әдебиетіміз жайындағы терең де білікті 
зерттеулерді оқығыңыз келсе;
–  егер  де  сіз  төл  өнеріміздің  әр  саласынан  жазылған 
мазмұнды    мағлұматтарға,  байсалды  талдауларға 
қаныққыңыз келсе;
– егер де Сіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігіне қарасты М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институтының тыныс-тіршілігінен үнемі құлағдар бо-
лып отырғыңыз келсе;
– егер де Сіз өзіңізді төл әдебиетіміз бен өнеріміздің шы-
найы жанашыры деп санасаңыз;
–  бір  ауыз  сөзбен  айтқанда,  бүгінгі  рухани  өміріміздің 
тыныс-тіршілігінен  жан-жақты  хабардар  болғыңыз  келсе, 
онда Сіз...
«Керуен» журналының тұрақты оқырманына айналасыз.
 
Жазылу индексі: 75278
Жазылу бағасы:
2 айға 4 айға 6 айға 8 айға 10 айға  12 айға
Қала үшін
350 
700 
1050 
1400 
1750 
2100 
Ауыл 
үшін
300 
600 
900 
1200 
1500 
1800 
«Керуен» журналына жазылу жыл бойы жүргізіледі. 
Журнал 
«Қазпошта» 
АҚ-ның 
жергілікті 
бөлімшелерінде  жазылуға  болады.  Оған  ешқандай  шек 
қойылмайды.

3
Әдебиеттану
Б.У.Әзібаева
ҚАЗАҚ ҚАҺАРМАНДЫҚ ЭПОСЫ: 
НОҒАЙЛЫ ЦИКЛЫ
Фольклордың  маңызды  һәм  бай  саласын  халқымыздың 
баға  жетпес  руханияты  –  эпостық  жырлар  құрайды.  Онда 
жалпыэтностық  мәні  бар  елеулі  оқиғалар  мен  халықтың 
көпғасырлық  тарихындағы  өмірлік  жинаған  тәжірибелері, 
алған  сабақтары,  көкейіне  түйгендері,  салт-санасы 
жинақталып,  көне  танымнан  көркемдікке  дейін  дамып 
өрнектелген  дүниетанымдық  көзқарастары  мен  ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  идеалдары,  рухани  құндылықтары  мен 
эстетикалық,  этикалық,  моральдық  (ахлақ)  ұстанымдары 
көрініс  табады.  Эпос  –  халықтың  даңқы  мен  мақтанышы, 
этнос руханиятының маңызды әрі ажырамас компоненті. 
Халқымыздың эпостық қазынасы шығу тегі мен генезисі, 
даму жолдары, эволюциясы, жанрлық белгілері мен өзіндік 
ерекшеліктеріне орай төмендегідей жіктеледі: 1. Көне эпос; 
2. Қаһармандық эпос; 3. Ғашықтық (романдық) эпос; 4. Та-
рихи эпос; 5. Дастандық эпос.
Эпосымыздың  бұл  түрлерінің  типология  тұрғысынан 
өзара  күрделі  өзгешелік,  айырмашылықтары  болғанымен, 
өзінің  табиғи  жолымен  өмір  сүріп,  дамитын  эпикалық 
шығармашылық  туғызған,  объективті  түрде  өмір  сүретін 
біртұтас көркемдік әлем, көркемдік жүйе құрайды.
Сонымен  бірге  қазақтың  эпостық  мұрасы  –  әлемдік 
эпикалық  қордың  ажырамас  әрі  құрамдас  бөлігі.  Демек, 
әлемдік  эпос  дамуының  типологиялық  жалғастығы  мен 
бірізділік заңының тұтастығын қазақ эпосының табиғатынан 
да тануға болады. 
Қазақ  эпосы  мифологиялық  синкретизм  аясында  пай-
да болып, тарихи даму жолында саналуан түрлік/жанрлық 
трансформациядан  өтті.  Ол,  кейіпкері  мифтік  күштермен 

4
Әдебиеттану     
айқасатын  көне  түрден  ХІХ  ғасырда  жанр  ретінде  толық 
қалыптасқан,  кейіпкері  жеке  даралық  қасиеттерге  ие, 
патриархалды-рулық,  патриархалды-феодалдық  қоғамның 
қағида,  ұстанымдарына  қарсы  шыққан/тұрған,  өз 
тағдырын  өзі  шешуге  қабілетті  және  сол  жолда  аянбай-
тын,  ортағасырлық  түркі  және  шығыс  фольклоры  мен 
әдебиетінің ықпалын сіңірген дастандық эпосқа дейін өсті. 
Дастандық эпостың кейіпкері белгілі дәрежеде жаңа заман 
тұлғасына,  жазба  әдебиет  кейіпкеріне  жақын.  Дастандық 
эпостың  фольклор  мен  жазба  әдебиеттің  арасында  көпір 
қызметін атқаратыны сондықтан. 
Қазақ эпосының мәнді әрі тұрақты тақырыптарын былай-
ша  топтауға  болады:  генезисі  ілкі  ата,  мәдени  қаһарманға 
тірелетін аңшы-мергеннің ерлігі; отбасын қорғау; тайпасын, 
туған жерін, елін, Отанын басқыншы жаудан қорғау; бірлік 
пен тәуелсіздік үшін күрес; жеке тұлғаның жеке басының 
махаббаты, бақыты, ары мен намысы үшін күрес; қауымның 
қарапайым мүшесінің мінез-құлқы мен ішкі жан күйзелісін 
бейнелеу;  жеке  адамның  діни  сезімдерін  суреттеу;  ұжым 
мүшелерінің  ара  қатынастарын,  тайпа  аралық  қарым-
қатынастардың көрінісін беру т.б.
Эпостық жырларымыздың таралу аймағы көп ғасырлар 
бойы  Қазақстанның  барлық  өңірлерін  кең  қамтып,  сол 
тәрізді  Қытайдың  қандастарымыз  мекен  етіп  отырған 
барлық  аймақтарында  да  ауыздан-ауызға  кең  тарап,  қанат 
жайғаны  белгілі.  Онда  өмір  сүріп  жатқан  қандастарымыз 
өздерінің  ұлттық  болмысын,  тілін,  дінін,  ділін,  дәстүрлі 
тұрмыс-салтын,  қолөнер  кәсіптерін,  сондай-ақ  ата-баба-
ларынан  мұра  болып  қалған  фольклорын,  соның  ішінде 
эпостық мұраларды айтарлықтай жақсы сақтағаны белгілі 
болып отыр.
Бүгінгі  күндері  де,  яғни  фольклордың  аясы  тарылған 
жағдайда да эпостық мұраларымыз кітап түрінде көптеген 
данамен  ел  арасында  таралып,  өзінің  сейілдік,  тәрбиелік, 

5
Әдебиеттану
идеологиялық, эстетикалық функциясын атқарып, халықтың 
ұлттық санасын қалыптастыру әрі нығайту жолында қызмет 
етуде.
Қазақ  эпосы  туралы  айтқанда  алдымен  батырлық 
эпос  түрін  ауызға  аламыз.  Қаһармандық  эпостың  басты 
тақырыбы  –  ру-тайпасын,  туған  жерін  басқыншы  жаулар-
дан  қорғау.  Сондықтан  оның  сюжеттері  тұтастай  болсын, 
жекелей болсын, осы тақырыпты ашуға жұмылдырылады. 
Сюжеттің  басты  қозғаушысы,  эпос  идеялары  мен  концеп-
циясын  жүзеге  асырушы  –  эпикалық  қаһарман,  батыр. 
Қаһармандық эпостардың батыр есімімен аталатыны да со-
дан.
Қаһармандық  эпос  ғасырлар  бойы  қалыптасады. 
Қалыптасу тарихында ол өзіне дейінгі архаикалық эпостың 
эволюцияға  ұшырап,  трансформацияға  түскен  негізгі 
параметрлерін жаңа деңгейде, жаңа сапада бойына сіңірді.
Қаһармандық эпостардың қатарында аса көлемді (бірнеше 
мың  жыр  жолдарынан  тұратын),  көпқабатты,  бірнеше 
эпикалық  сюжеттерден  құралған,  көптеген  мотивтерді 
қамтитын, яғни құрамы жағынан күрделі шығармалар бар. 
Сонымен бірге қаһарманның бір-екі ерлігін/жорығын ғана 
баяндайтын шағын мәтіндер де кездеседі. 
Екі мың жылдан астам тарихы бар қазақтың қаһармандық 
эпикалық дәстүрі – күрделі әрі кең ауқымды құбылыс. Мәні 
жағынан  біртұтас  десек  те  іштей  өзгешеліктері  жоқ  емес. 
Қаһармандық  жырларды  шартты  түрде  екі  топқа  бөлуге 
болады: 1) қазақ эпосының классикалық үлгілері, яғни же-
келеген ру-тайпалардың тәуелсіздігі мен тыныштығы үшін 
күресетін,  ешқашан  жеңілмейтін  батырларды  жырлайтын 
шығармалар; 2) қазақ қаһармандық эпосының құрамындағы 
ноғайлы  циклы,  яғни  жеке  ру-тайпаның  емес,  жалпы 
ноғайлы жұртының батырларын жырлайтын шығармалар.
Бірінші  топқа  «Алпамыс  батыр»,  «Қобыланды  батыр», 
«Қамбар  батыр»  эпостары  жатады.  Бұлар  ру-тайпалық 

6
Әдебиеттану          
эпостың жарқын үлгісі болып табылады, мысалы Алпамыс 
қоңырат  тайпасының,  Қобыланды  қыпшақ  тайпасының, 
Қамбар  арғын  тайпасының  (кей  нұсқаларда  –  уақтың)  на-
мысын  қорғайды.  Аталған  эпостардың  басты  мақсаты  – 
ерекше  жағдайда  дүниеге  келген,  тайпаның  қорғаны,  бас-
шысы  болуға  лайықты,  мінсіз  қаһарманды  дәріптеу;  бұл 
эпостарға  тән  тағы  бір  ерекшелік  –  олардың  фабулалық 
негізі  халықтың  фольклорлық  жадында  сақталып,  бүгінгі 
күнге  жыршылардың  айтуымен  жеткен  эпикалық  көне 
сюжеттердің қабатынан құралады.
«Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» 
эпостары  қаһармандық  эпостың  классикалық  үлгілері  деп 
мойындалған. Бұлар жеткілікті дәрежеде зерттелген.
Екінші  топты,  яғни  ноғайлы  циклын  эпикалық 
«Қырымның  қырық  батыры»  тізбегі  және  жеке  батырлар, 
нақтылап айтқанда Ер Тарғын, Едіге батыр, Орақ, Мамай, 
Қарасай мен Қази, Ер Сайын, Шора батыр, Ер Көкше мен 
Ер Қосай, Бөген, Қарабек батыр, Төрехан сынды батырларға 
арналған эпостар құрайды. Аталған эпикалық қаһармандар 
«Қырымның  қырық  батыры»  циклына  да  кіреді,  соны-
мен  қатар,  жоғарыда  айтқанымыздай,  олардың  кейбіріне 
арналған,  бүгінгі  күнге  бірнеше  нұсқаларымен  жеткен 
көлемді  эпостар  да  бар.  Мысалы,  Едіге  туралы  эпостың 
8  нұсқасы,  Шора  батырға  арналған  эпостың  4  нұсқасы, 
Қарасай  мен  Қазиды  дәріптейтін  эпостың  12  нұсқасы 
белгілі.
Бұл эпостардың тарихи фонын Алтын Орда мен Ақ Орда 
құлап, оның орнына Қырым, Аштархан, Қазан, Ноғай мен 
Қазақ хандықтары пайда болған ХІV – ХVІІ ғасырлардағы 
оқиғалар құрайды.
Алтай  мен  Еділ  аралығындағы  байтақ  далаға  Шыңғыс 
ханның  қалың  әскері  кірмей  тұрып-ақ  интеграциялық 
өзгерістер, бауырлас түркі тайпаларының бірігуі басталған 
болатын. Бұл өзгерістер қалайда біртұтас халықтың, нақты 

7
Әдебиеттану
жағдайда қазақ халқының пайда болуына әкелері сөзсіз еді...
Түркі  дәуіріндегі  адамдар  өздерін  белгілі  бір  тайпаға 
жатқызумен  қатар,  өздерінің  неғұрлым  ірі  тілдік  саяси 
бірлікке  жататынын  да  сезді.  Мұндай  сезімнің  шығуына 
бір  кезде  (VІ  ғасырдың  екінші  жартысында)  әлемдегі  ең  
ірі мемлекет болған Түркі қағандығы ықпал етті. Бір шеті 
Қиыр  Шығыс,  екінші  шеті  Қара  теңізге  дейін  созылған 
мемлекеттің тіл бірлігіндегі тайпалары ортақ «түркі» атау-
ын қабылдады [1: 42-43].
Кейіннен  ортағасырдағы  Қазақстан  аумағында  пайда 
болған  ірі  саяси  бірлестіктердің  бірі,  VІІІ  ғасырдан  бы-
лай қарай қалыптаса бастаған қыпшақ тайпалық бірлестігі 
құрылды. Қыпшақтар мекен еткен этникалық аумақ бүгінгі 
Қазақстанның  едәуір  аумағын  қамтыды  [2:  445].  Шығыс 
деректерінде қыпшақ иелігі ХІ ғасырдан бастап-ақ «Дешті 
Қыпшақ»  («Дешті»  парсы  тілінен  аударғанда:  жер,  ел, 
дала; кейіннен Алтын Орда мен Ақ Орданың аумақтарына 
қарата айтылатын Батыс Дешті Қыпшақ және Шығыс Дешті 
Қыпшақ деген терминдер пайда болды) деп атала бастайды.
Қыпшақ  хандығының  құрамына  қазақтың  Үш  жүзінің 
көптеген тайпалары мен рулары кірді. Бұған сол тайпалар 
мен  этникалық  топтардың  бір  этносқа  жататынын  анық 
түсініп, ұғынуы себеп болды [2: 445].
Моңғол  басқыншылығынан  пайда  болған,  ғылымда 
«Жошы ұлысы», «Алтын Орда», «Ақ Орда» деген атаулар-
мен белгілі алып империяның негізін түркі тілді тайпалар 
мен халықтар, яғни жергілікті тайпалар құрды. Моңғолдар 
бұл мемлекеттерге тек билеуші әулетін ғана әкелді.
Шыңғыс  хан  Моңғолиядан  сырт  ұлыстарға  әскерінің 
шағын бөліктерін ғана қалдырып отырды. Алтайдан әуелі 
Еділге  созылған  Жошы  ұлысына  небәрі  төрт  мың  моңғол 
жауынгері бөлініпті. Оның екі мыңы Батысты жаулап алу-
шы Батуға, ал қазақ жеріндегі Орда Ежен мен оған қараған 
інілеріне бар-жоғы екі мың жауынгер берілген [1: 44].

8
Әдебиеттану
Кейіннен моңғолдардың біразы өз елдеріне қайтып кетті. 
Ал қалған моңғолдар («қалмақтар») аз уақыт ішінде түркі 
тұрғындарының  ішіне  араласып  кеткен.  Бұл  туралы  араб 
саяхатшысы әл-Омари былай жазған: «Ескіде бұл мемлекет 
қыпшақтар елі болған, алайда, татарлар (моңғолдар) оларды 
иемденіп алғанда, қыпшақтар олардың қол астында қалды. 
Кейін  олар  араласып,  туыстасып  кеткенде,  әуелгі  табиғи 
және  нәсілдік  белгілерінен  топырақ  асып  түсіп,  олардың 
бәрі  дәл  бір  рудан  шыққан  қыпшақтар  тәрізді  болды»  [3: 
235].
Алтын Орданың құрамына кірген түркітілдес тайпалар, 
соның ішінде, кейінірек, қазақ ұлтының негізін қалағандары 
да  генетикалық  жағынан  тамырлас,  тілі,  ділі,  діні  мен 
этнографиялық сипаты жағынан бір-біріне өте жақын еді.
Бір 
мемлекет 
аясындағы 
саяси 
бірлестік, 
орталықтандырылған  билік  пен  жақсы  ұйымдастырылған, 
тәртіпке бағынған әскердің, басқарушы аппараттың болуы, 
қалалардың салынуы, ислам дінін қабылдауы т.б. жағдайлар 
түбі  бір  туыс  тайпалар  мен  халықтарды  өзара  жақындата 
түсті. Сөйтіп олар өздерін толыққанды қоғам, қауымдастық 
деп сезінді.
Сондықтан да ішкі қайшылықтар мен талас-тартыстардың 
салдарынан  Алтын  Орда  құлап,  бірнеше  хандықтарға 
бөлініп  кеткенде,  әр  хандықтың  аумағында  қалып  қойған 
халық бұрынғы мызғымас отанын аңсап, күйзеліске түсті. 
Бұл  кезең  өкінішке  толы  өте  ауыр,  нәубетті  кезең  болды, 
«дейін және кейін» дейтін уақыт өлшеміне айналды. Эпо-
старда  жырланатын  оқиғалар  не  сол  іргесі  ажырамаған 
бірлік кезеңінде, не бірлестік құлағаннан кейін орын алады.
Қазақ  эпостарында  бірлік  дәуірі,  бір  этнос,  тұтас  бір 
жұрт  идеясы  Ноғайлы  Елі,  ноғайлы  дәуірімен  байланы-
сты  жырланады.  «Ноғайлы»  деген  ел  атауы  ХІІІ  ғасыр 
соңында Алтын Орданың батысындағы көшпелі ұлыстарды 
басқарып,  жоғары  билікке  таласқан,  маңғыт  тайпасы-

9
Әдебиеттану
нан  шыққан  қолбасшы  Ноғай  есімінен  шыққан.  Кейіннен 
батыстағы  қыпшақтар  өздерін  «ноғай»  деп  атай  бастаған. 
Соған байланысты, батыс қыпшақ мемлекеті – Алтын Ор-
даны  қазақ  жеріндегі  ел  «Ноғайлы»  атаған.  Алтын  Орда 
дәуірлеген ХІV ғасырдың бірінші жартысы мен ортасында, 
Өзбек хан мен Жәнібек хан тұсында, бүкіл «қыпшақ дала-
сы»  «Ноғайлы»  атанып  кетті.  Алтын  Орда  әлсіреп,  Батыс 
Қазақстан жерінде Ноғай Ордасы дербес мемлекет ретінде 
құрылғанда  (ХV  ғасыр),  ал  шығыста  Қазақ  хандығы  бой 
көтергенде «Ноғайлы» ұғымы қайта тарыла түседі: Ноғай 
Ордасы солай аталған еді [1: 50], ал Қазақ хандығын құрған 
(1465 ж.) тайпалар «қазақ» деген ортақ атауды қабылдайды.
Ендеше,  тарихи  тұрғыда  «ноғайлы  дәуірі»  –  Дешті 
Қыпшақ тайпалары мен халықтарының Алтын Орда (соған 
қарасты Ақ Орданың да) құрамына еніп, тұтастанған дәуірі.
Ал қазақ халқының эпикалық санасында «ноғайлы дәуірі» 
– бір шаңырақ астында мамыражай күн кешкен, қой үстіне 
бозторғай жұмыртқалаған берекелі заманды білдіреді.
Түптің түбінде объективті және субъективті себептермен 
Алтын  Орданың  құлайтыны  бесенеден  белгілі  еді.  Импе-
рия  құлаған  соң,  оның  құрамындағы  түбі  бір  түркітілдес 
тайпалар  бөлшектеніп,  жекелеген  этностар  мен  мемле-
кеттер  шаңырақ  көтерді.  Алайда  билік  басындағылардың 
алауыздығын қарапайым халық құп көрмеді, өйткені халық 
үшін  ішкі  алауыздықты  тиып,  ынтымақты  бірлікте  болу, 
соның  арқасында  «Дешті  Қыпшақ»  дәуірінде  ноғайлы 
халқы  болып  тұрған  кездегідей  сыртқы  жауға  қарсы  тұра 
білу  маңызды  еді.  Сондықтан  сол  дәуір  халықтың  тарихи 
және эпикалық санасында өшпес із қалдырып, нәтижесінде 
қазақ  халқының  тарихы  үшін  аса  маңызды  кезең  жайлы 
эпикалық шығармалардың, соның ішінде «ноғайлы» батыр-
лары туралы эпикалық циклды құрайтын жырлардың тууы-
на түрткі болды.
Қазақ қаһармандық эпосының ноғайлы тізбегін құрайтын 

10
шығармалар:  «Едіге»  («Бабалар  сөзі»  фольклорлық 
Серияның  39-томы,  8  нұсқа),  «Орақ,  Мамай»  (Серияның 
40-т.,  4  нұсқа),  «Қарасай,  Қази»  (41,  42,  43-тт.,  12  нұсқа), 
«Сайын  батыр»  (44-т.),  «Ер  Тарғын»  (44-т.,  3  нұсқа), 
«Қарабек  батыр»  (44-т.,  2  нұсқа),  «Ер  Көкше,  Ер  Қосай» 
(44-т.), «Ер Шора» (45-т., 4 нұсқа), «Төрехан батыр» (46-т., 2 
нұсқа), «Бөген батыр» (46-т., 2 нұсқа). Бұлардан өзге мұнда 
«Қырымның қырық батыры» циклын құрайтын 41 батырға 
арналған 35 эпикалық шығарма кіреді. 
Ноғайлы циклына кіретін шығармалар Батыс Қазақстан 
аумағында  пайда  болған.  Ноғай  Ордасы  сол  өңірде  ХV 
ғасырдың  басында  құрылып,  ХVІІ  ғасырдың  30-жылда-
ры  құлаған.  Аталған  шығармаларға  ХV  –  ХVІ  ғасырлар 
мен  ХVІІ  ғасырдың  басында  Ноғай  Ордасы  мен  онымен 
шектесетін аймақтарда орын алған тарихи оқиғалар арқау 
болған.
Циклдың тарихи оқиғаларға құрылғаны күмәнсіз, себебі, 
басты  кейіпкерлердің  есімдері  мен  олардың  іс-әрекеттері, 
мәтінде көрініс тапқан факт, детальдар тарихи құжаттардан 
белгілі.
Негізгі  кейіпкерлері    Едігеден    тарайтын  жақын  
туыстығына    қарамастан,  циклдің  құрамына  кіретін  әрбір  
шығарма дербес сюжетке құрылған, яғни мазмұны жағынан  
бір-бірінен байланыспайды.
Мысалы, Мұсаның ұрпақтарының өзара қарым-қатынасы 
қандай  болғаны  Орақ  пен  Мамай,  Қарасай  мен  Қазиға 
арналған  шығармалардан  аңғарылады.  Мұнда  Мұсаның 
тоқалынан туған Сымайыл өз бауырларына қарсы жүйелі, 
мақсатты  түрде  күрес  жүргізеді.  Екіжүзді  пасықтығы 
мен  аярлығының  арқасында  туыстарын  араздастырады, 
нәтижесінде,  туған  бауырлар  бір-бірінің  қанын  төгеді.  Ол 
тақ мұрагерлерін ығыстырып, көзін жойып, өзі таққа оты-
руды  көксейді,  ақырында  сол  мақсатына  жетеді  де,  бірақ 
халық бұған наразы болады. 
Әдебиеттану

11
Бірнеше  әйелден  туған  балалардың  өзара  тартысы 
ертегілер  мен  эпостарға  тән  жайт,  алайда  мұнда  дәстүрлі 
ертегілік-эпикалық мотив емес, тарихи шындықтың көрінісі 
болып  отыр.  В.М.Жирмунский  атап  көрсеткендей:  «Исто-
рические междоусобицы в Ногайской орде, происходившие 
между сыновьями, а потом и внуками Мусы, начались, как 
мы  установили,  сразу  же  после  его  смерти  (ок.  1507  г.)  и 
закончились  только  со  смертью  Исмаила  (1563),  т.е.  про-
должались без малого 60 лет» [4: 492]. Әрине, билік үшін 
күрес  пен  тақтан  үміткерлердің  көзін  құрту  (жақын  туы-
старды) әлемдегі барлық билеуші әулеттерге тән құбылыс. 
Алтын    Ордада  билік    үшін    тартыс  Сымайылдан  бұрын 
да орын  алған.  Әсіресе  Өзбек пен  Жәнібек  хандардан  
кейін  қатты  өршіген.  В.М.Жирмунский  өзінің  көлемді 
зерттеуінде феодалдық тартыстың әлеуметтік себептері мен 
оның өршуіне едәуір ықпал еткен сыртқы саяси жағдайлар 
туралы айтады. Алайда ғалым атап көрсеткендей: «В народ-
ной памяти все случившееся отложилось только как неспра-
ведливая и пагубная семейная распря, вызванная честолю-
бивым стремлением младшего брата (точнее, сына младшей 
жены) захватить власть, которая по праву принадлежала его 
старшим  братьям.  Политические  причины  распри  –  отно-
шения с Москвой, Казахские и Астраханские дела – оказа-
лись забытыми: они с течением времени утратили остроту 
и актуальность, да и никогда, по всей вероятности, не были 
известны широким массам. Эпос осуждает Исмаила не как 
друга Москвы или «изменника родины», а как честолюбца 
и интригана, предприимчивого и коварного, пренебрегаю-
щего запретами патриархально-родовой морали, ради удов-
летворения своих личных, эгоистических, корыстных инте-
ресов... Зачинщиком каждой семейной распри в доме Мусы 
становится Исмаил» [4: 492].
Жыршылар    Сымайылдың    жауыздығын    былай 
түсіндіреді,  ол  біріншіден,  енші  бөлу  кезінде  сыбағадан 
Әдебиеттану

12
Әдебиеттану
қағыс  қалып,  іштей  кек  сақтап  жүрген,  екіншіден,  жер 
астында  жеті  жыл  жатып,  сиқыр  мен  сәуегейлік  өнерін 
үйренген.
Нұртуғанның  көлемді  нұсқасында  Мамай  қайтыс 
болған  соң  хан  тағын  иеленген  Орақ  ханды  Сымайылдың 
азғыруымен Алшағырдың 16 жасар баласы Қалау өлтіреді 
(Сымайыл оған: «Орақты өлтіріп, орынына өзің хан бол» – 
дейді). Содан кейін Сымайыл Алшағырдың тағы бір бала-
сы Сарауды өлтіріп, «Орақты Қалау өлтірді» деп, жар сала-
ды, Қалау қашып кетеді, ал Сымайыл хан тағына отырады. 
Халық бұған наразы болады, нәубетті кезең басталады. 
Жалғасы  келесі санында
Әдебиеттер
1. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Исин А.И. Қазақ хандығы 
тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. – Алматы, 2011.
2. Кумеков Б.Е. Культурное наследие Казахстана в свете 
арабоязычных письменных памятников ІХ – ХV вв. // Куль-
турное наследие Казахстана. – Алматы, 2005. – С. 441-446.
3. Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к 
истории Золотой Орды. Т.1. Извлечения из арабских сочине-
ний. – СПб., 1884.
4. Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. – Ле-
нинград, 1974.

13
                                                            
     Т.Әлбеков


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет