Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата21.01.2017
өлшемі0,99 Mb.
#2342
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ 
СЫНШЫЛДЫҚ СИПАТЫ
Мағжан  өз  дәуірінің  ғана  емес,  бұрынғы  және  кейінгі 
кезеңдердегі ақындарға ұқсамайтын өзіндік дара стилі бар 
өршіл  ақын.  Белгілі  әдебиеттанушы-ғалым  Ш.Елеукенов 
Мағжан өлеңдерін талдай келе: «Сөз танитын кісі Мағжан 
стилін бөтенмен шатастыра алмайды. Мағжан қолын жаза 
баспай  таниды.  Ұлтым  десе  өліп  өшетін  шерлі  жүректен 
туған мұңды-зарлы өлең жолдары кімдікі десе, Мағжандыкі 
деп  жауап  береді.  Стилін  айырғанда  жан  сөзін,  еліне, 
жұртына  деген  махаббатын  барынша  дәл,  нәзік,  үзілте, 
шыңғырта  жеткізетін  айтқыштығынан  айырады.  Оның 
асқан  суретшілігі  тарихи  терең  білімімен  суарылған  зор 
мәдениетті, арқалы ақындығы – осының бәрі түгел үйлесіп, 
бір  арнаға  құйылып  келіп,  бұл  –  Мағжан  жыры  дегізеді» 
[1, 337-б.] – деп тұщымды ой айтады. 

98
Әдебиеттану
Ол  өмір  сүрген  уақыт  хандық  биліктің  тақтан  түсіп, 
кеңестік отарлау саясатының атына мінген кезеңімен тұспа-
тұс  келеді.  Яғни  екі  дәуірдің  де  соқпағын  бастан  өткерді. 
Оқырманның  бойына  жігер,  санасына  рух,  жүрегіне  қуат 
беретін өлеңдері әрдайым өз халқымен бірге өмір сүре бер-
мек. Өз заманының озық ойлы, көзі ашық азаматы әдебиетке 
жайдан-жай келген жоқ. Әдебиеттанушы-ғалым Г.Орданың: 
«Бұған  дейін  Шығыс  поэзиясын  терең  меңгерген  ақын 
ендігі  кезекте  Батыс  поэзиясына  ден  қоя  бастайды.  Оны 
Гете,  Гейне,  Шиллер,  Байрон,  Пушкин,  Лермонтов,  Фет, 
Гоголь,  Кырлов,  Короленко,  Мамин-Сибиряк,  Мережков-
ский, Бальмонт, Есенин, Клюев, Брюсов есімдерінің ақын 
шығармашылығында  жиі  ұшырасуынан  көруге  болады. 
Шығыс пен Батыстың озық туындыларынан үлгі алған ақын 
қаламынан  бұған  дейін  қазақ  поэзиясында  болмаған  жаңа 
туындылар шықты» [2, 116-б] – дейді өз сөзінде. Осының 
өзінен-ақ жоғарыдағы ғалымдардың сөзін ескере отырып, біз 
оның өзіне дейінгі шығыс пен батыстың ұлы ақындарының 
өлең-жырларынан мол сусындағанын көреміз. 
Өз  заманынан  озып  туған  ақын  қараңғылық  жайлаған 
қазақ  халқын  өзге  дамыған  жұрттармен  тең  деңгейде 
көргісі келді. Саясаттың ырқына еріп кетпей әрдайым ойын 
жыр  жолдары  арқылы  ашық  білдіріп  отырды.  Ол  дауылға 
қарсы  ұшқан  қырандай  ой-арманын  бүкпесіз  айтты.  Туып 
өскен  жерінен,  жайлы  қонысы  мен  малынан  айыры-
лып, отарлықтың езгісісінде кетіп бара жатқан ұлты үшін 
күйді.  Отарлық  езгіге  қарсылығын  арыстан  болып  айба-
тына, жолбарыс болып қайратына міне отырып символдай 
жеткізді.  Алмағайып  заманда  ұлт  мүддесін  жеке  басының 
тағдырынан жоғары қойды. Айтысты, тартысты, жұлқысты, 
ақыры соңында мерт болды. Артында өлмейтін, өшпейтін, 
жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін жалынды жырлары 
қалды. 

99
Әдебиеттану
Мағжанның,  жалпы  Алаш  зиялыларының  өмір  сүрген 
уақыты, жоғарыда айтқанымыздай, қылышынан қан тамып 
тұрған кеңестік кезеңмен тұспа-тұс келді. Қазақтың жәйлі 
қонысын тартып алу, жаппай отырақтастыру, ірі байларды 
тәркілеу, қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргін, қыру-
жою дегеннің бәрін көзі ашық азаматтар білмеді емес, білді. 
Ұлт зиялылары сол зұлмат саясаттың құрбанына айналды. 
Ұзын құрыққа ілінгендердің қатарында М.Жұмабаев та бар 
еді. Оның «Мен кіммін!» өлеңінде бірде арыстан, бірде жол-
барыс, ай, күн, от болса, аласұрған ақын енді бірде:
Өзім – Тәңірі, табынамын өзіме,
Өзім – құран, бағынамын сөзіме.
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Енді, ескілік, келді өлер кезіңе [3, 59-б] – деп, Кеңес 
өкіметінің  отарлау  саясатына  қарсылығын  білдіре  оты-
рып  қазағын  жаңалыққа,  өнер-білім  үйренуге  шақырады. 
Батырлығы  мен  батылдығы  сонда  жатыр,  ақындық 
шабыттың  дүлдүліне  мінген  ол  өзін  Тәңірге  теңесе,  сөзін 
құранға  балайды.  Құран  сөзін  өзгертуге,  немесе  кемітіп-
толтыруға келмейді әрине.
Академик  С.Қирабаев  Мағжанның  «Сүйемін»  өлеңін 
талдай отырып: «Осында суреттелген оның анасын, жарын, 
елін, жерін сүюінде әдемілікке, қызыққа, тағы басқа сезім 
қозғайтын көріністерге құмарту байқалмайды – анасы таспиқ 
санап, жерге қарап отырған көріксіз кемпір, жары – құшағы 
жалынсыз, қазан-ошақ маңындағы әйел, елі – жалқаулық би-
леген, ұйқы басқан, малымен бірге жусап, бірге өрген халық, 
жері – қысы ақ кебін, жазы сары сағым, орманы, тауы, суы 
жоқ өлік дала – алайда, ақын соның бәрін, неге екенін өзі 
де білмейді, сүйеді. Яғни оның сүюі табиғатынан, қанынан, 
бар болымысынан туады. Бұл ақынның туған топырағымен 
тұтастығын  танытады»  [4,  115-116-бб].  Ақынның  туған 
жеріне, өскен еліне деген сүйіспеншілігін бір-бірінен ажы-
рамайтын егіз ұғымда қарастырады. 

100
Әдебиеттану
Ұлы  Абайдың  «Есектің  артын  жусаң  да  мал  тап» 
дегеніндей. «Жатыр» өлеңінде өзге жұрттың еңбекшілдігін, 
өнер-білімге ұмтылысын үлгі етіп көрсетеді. Онда:
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр.
Бірі – ай, бірі – жұлдыз, бірі күн боп,
Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.
Таласып өнер-білім алып жатыр,
Күнбе-күн алға қарай барып жатыр.
От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп,
Тәңірінің рахметіне қанып жатыр [5, 5-б]. Бар байлық 
пен  бақыт  еңбектің  арқасында  келеді.  Сол  жалықпай 
еңбектенгенінің  нәтижесінде  өзге  жұрттар  жетістіктерге 
жетіп  отыр.  Өнер  мен  білімнің  құдіретінің  шексіз  екенін 
уақыт  дәлелдеді.  Үздіксіз  ұмтылып  алға  жылжып  бара 
жатқан халықтарды көзі ашық ақын сезіп отыр. Қарап босқа 
жата бермей, өзге елдерден үйренуге шақырады. 
Ұлы ақын Абайдың өз кезінде мансап үшін бар байлығын 
шашатын қазақ байларының жаман қасиеттерін  «Болыс бол-
дым мінекей, Бар малымды шығындап, Түйде жал, атта қом, 
Қалмады елге тығындап» – деп кейістік білдірсе; Мағжан да 
өз қазағын ашына отырып сынайды:
Байларың мыңды айдаған шалқып жатыр,
Бар малын болыстыққа шашып жатыр.
Барымта, ұрыс-керіс, кісі өлтіріс –
Ішінде сорлы қазақ қалып жатыр [5, 5-б] – дейді. Қара 
басының  қамын  күйіттеген  байлардың  шен-шекпен  үшін 
бар  жиған  малдарын  шашып,  болыс  болуға  ұмтылысын 
сынайды.  Байлардың  негізгі  мақсаты  әуелі  билікке  келу, 
жоғарыға жағу, сосын халқын қанау. Ел ішінде орнап жатқан 
барымта,  ұрыс-керіс,  жуан  жұдырықтылардың  әлсіздерге 
көрсетіп  жатқан  зорлық-зомбылығын  ашына  айтты.  Енді 
бірде «Қазағым» өлеңінде: 
Тасталық болыстыққа таласуды,

101
Әдебиеттану
Таласып, жаман көзбен қарасуды.
Мың-мыңның төгілуі жетер енді,
Ізгілік аққан бұлақ – қара суды [5, 17-б]. Ортақ мәмілеге 
келіп,  бекер  шығынданбай,  береке-бірлікте  бола  отырып 
адамдық  ар  жолында  күресуді  насихаттайды.  Қолында 
байлығы мен мансабы барларға тым болмағанда балаларын 
оқытуға кеңес береді. Енді бірде: 
Мінекей, қазақ сорлы бітіп жатыр,
Күннен күн артқа қарай кетіп жатыр.
Сезінбей өз өлгенін, өзінікін
Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр! [5, 6-б] – Байлар-
дан  көңілі  әптен  қалған  ақын,  ендігі  бар  үмітін  қазақтың 
оқыған зиялыларына артады. Бірақ ол оқып төре болғандары 
өз жұртына қамшы ала жүгіретін, елді бұлау, тонау дегеннен 
алдына  жан  салмайтындар...  Оның  үміт  артып  отырғаны 
Алаш зиялылары еді. Енді бірде «Сорлы қазақ» өлеңінде:
Оқу-білім жақындатпай, жолатпай,
Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай,
Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр,
Қанды жаспен екі көзін шылатпай.
Қозғал, қазақ, білімге жүгір, кез келді,
Қылышын алып, «надандық» саған кезенді.
Шетке лақтыр, тұмақтай алып, тұра кел,
Ертеңді-кеш  басыңа  мініп  езгенді!  [5,  12-13-бб].  Тек 
жатқан  халқына  аяныш  көзімен  қарайды.  Бодандықтың 
себебі  мен  салдары  білімсіздік  пен  жалқаулық  екенін  ай-
тады.  Халықты  еркін  жайлаған  надандық  дертінен  қалай 
құтылуға ем іздейді. Егер жұрты арлы болғанда өзгелермен 
бәсекеге түсетін еді.
 
 «Тәңірі» өлеңінде:
Бақытсыз қаңғып жүрген қазақ сорлы,
Әркімге күні кетіп, мазақ сорды.
Бір елші жібермедің, санға алмадың

102
Әдебиеттану
Жалаңаш түйе баққан араб құрлы!
Кеш, Тәңірім, сорлы құлға қаһар етпе,
Рақым қыл, біз сорлыны шетке теппе.
Сөз шықты жан ашумен, Әділ Тәңірім,
Тиген соң ащы таяқ тұщы етке [5, 42-б] – дейді. Бір 
кездері «Мен кім?» өлеңіндегідей емес, енді сабасына түсіп, 
тәубесіне келе бастағанын көреміз. Тағы да сол зарлы үн. 
Бұл  әрине  ақынның  қара  басының  мұңы  емес,  халқының 
мұңы. Халықты дендеген надандық дертінен құрдымға кетіп 
бара  жатқанына  күйінеді,  келер  күнге  үмітінен  күдігі  ба-
сым. Жастардың болашағы бұлыңғыр. Бір кездері арыстан-
дай ақырып, жолбарыстай шақырып өзін Тәңіріге балаған 
ол тақтан түскендей күй кешеді. Енді бірде «Қазақ азаматы» 
өлеңінде:
Біреуіне – сен Тәңірім деп табынад,
Біреуіне – мен құлың деп бағынад.
Біреуіне – садақа бер деп жалынад,
Біреуіне – құйрық болып тағылад [5, 43-б] – деп, рухы 
өр, тарихы тереңде жатқан халқының енді кіріптарлық күйге 
түсіп, өзгелердің қас-қабағына қарап отырған бет-бейнесін 
көреміз. Бабалардан тектілігін жоғалтпай жалғастырып келе 
жатқан ұрпақтың барынан айырылып, бодандық қамытына 
мойыны үйрене бастағанын ашына айтады. Бұл тұста өзге 
ақындардың Коммунистік партияны, Ұлы Ленинді жырлау-
дан аса алмай жүрген кезі еді. «Құрбым» өлеңінде:
Бұл жалған ойын емес, бейнет жері,
Қылғанға адал еңбек зейнет жері.
Жалғанның бір мүшесі бола алмассың,
Қиналып, маңдайыңнан ақпай тері [3, 63-б]. Ақынның 
тағы  да  қозғайтыны  еңбек  тақырыбы.  Табысыңды  тек 
адал  еңбегіңмен  тап  дейді.  Даяр  асқа  тік  қасық  болмай, 
маңдайыңнан  ащы  теріңді  шығар,  сонда  ғана  өзгелермен 
бәсекеге түсе аласың дейді. Дүниенің кілті еңбек пен білімде 
екенін қадағалап айтады.

103
Әдебиеттану
Ұлы  Абайдың  «Соқтықпалы,  соқпақсыз  жерде  өстім, 
Мыңмен жалғыз алыстым кіна қойма» дегеніндей, Мағжан 
да өз дәуірінің оза туған ақыны. Ол да қараңғы қазағын жап-
пай оянуға шақырады. «Қазақ тілі» өлеңінде:
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр, бүгін қорқақ бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жанды кісенде,
Қан  суынған,  жүрек  солғын  соғады  [3,  46-б]  –  деп 
кешегі батыр бабаларымыздың асқақ, өр рухты ұлдарының 
мойнына  бодандық  қамытының  киіліп,  одан  әрмен  қыса 
түскеніне налиды. Еркіндік таңын қаншалықты аңсағанымен 
кісендеулі тұлпардай дәрменсіздік танытады.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, арың –
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы  жұлдыз  –  бабам  тілі  сен  қалдың!  –  дейді. 
Еркіндік,  бостандық,  бірлігінен  айтырылып  бара  жатқан 
қазақты сақтап қалудың бірден бір жолын қасиетті тілінен 
ғана  күтеді.  Сонымен  қоса  бүкіл  түркі  жұртын  бір  тудың 
асытына біріктіретін күш, ол қазақтың қасиетті тілі. 
Кез  келген  ақынның  жан  дүниесін,  ішкі  сыры  мен 
сипатын  кестелі  өлеңдерінен  аңғарамыз.  Дәл  сон-
дай  Мағжанның  ақындық  өнеріндегі  батылдығы  да, 
батырлығы  да,  сыршылдығы  мен  сыншылдығы  да  бүкіл 
шығармашылығының өн бойында. Дәл сондай оның куанып 
шаттануы да, қайғырып күңіренуі де елін шын жүрегімен 
сүйе білуінен.  
Ақынның «Сырым» өлеңіне назар аударайық:
Мен қуансам, жас баладай қуанам,
Көрген адам талай деген: «Есалаң!»
Мен қайғырсам, орнатамын қиямет,
Жас баламын – тағы да тез жұбанам.

104
Әдебиеттану
Күлсем егер есім шығып күлемін,
Жылағанда, қап-қара қан төгемін.
Қасым болса, қанын ішкім келеді,
Досым болса, жолында оның өлемін.
Әйел сүйем, бірақ емес сендерше,
Мен сүйемін  жан денесін бергенше.
Жан денесін бірдей алам, улаймын,
Қысып сүйем құшағымда өлгенше [3, 66-б]. 
Дәл  солай,  Мағжан  Жұмабаевтың  өзіне  тән  ақындық 
стилі бар. Не жазса да бар жүрегімен жазады. Оның еліне, 
жеріне  деген  сүйіспеншілігі  бәрінен  жоғары  тұрды.  Әйел 
затына деген іңкәрлік, құшып-сүю Мағжан тілінде кестелі 
өрнектермен  берілген.  Мағжанша  сүю  әрбір  адамның 
қолынан келе де бермейді. Мағжан – қазақ поэзиясының да-
рабозы. 
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Елеукенов Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. 6-том. 
– Алматы: Қазығұрт, 2012. 480 бет.
2.  Қазақ  көркем  сөзінің  шеберлері:  Анықтамалық.  – 
Қарағанды: Экожан, 2010. – 512 бет.
3. Жұмабаев М. Көп томдық шығармалар жинағы. 1-том. 
Өлеңдер, дастандар, әңгіме. – Алматы: Жазушы, 2008. – 208 
бет. 
4. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. 5-том. – 
Алматы: Қазығұрт, 2007. 446 бет.
5. Жұмабаев М. Көп томдық шығармалар жинағы . 2-том. 
Өлеңдер, дастандар, аудармалар. – Алматы: Жазушы, 2008. 
– 208 бет. 

105
Әдебиеттану
Ж.Салтақова 
«МҰҢЛЫҚ, ЗАРЛЫҚ» ЖЫРЫНЫҢ ЖИНАЛУ, 
ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ
Уақыт өткен сайын толығып, өз құндылығын арттырып 
отырған қолжазба мұралардың ең көп жиналған және көп 
нұсқалы  саласының  бірі  –  эпикалық  жырлар.  Қазақтың 
эпикалық жырлары – өзінің құрамы, көлемі жағынан аса бай, 
ұлт мақтанышы.  Эпостық жырларды стадиялық, жанрлық 
жағынан алып қарағанда, көне дәуірлердің шындығын көз 
алдымызға  елестетеді.  Мысалға,  мифологиялық  сипатта, 
ғажайып, сиқырлы  күштерге сенушілік, түрлі архаикалық 
элементтер 
«Құламерген, 
Жоямерген», 
«Мұңлық, 
Зарлық»,  «Дотан  батыр»,  «Құбығұл»  жырларында  кездес-
се,  қаһармандық  эпостың  классикалық  үлгілері  «Алпа-
мыс», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» 
жырларында  ру,  тайпа  бірлестіктерінің  дәуірінің,  елдің 
тәуелсіздігі, бостандығы үшін өткен күрестер сипатталады. 
Ал, «романдық эпос» аталып жүрген жырлар іштей екі топқа 
бөлінеді:  қазақ  ғашықтық  жырлары  («Қозы  Көрпеш-Баян 
сұлу», «Қыз Жібек» т.б.) және шығыс сюжетін арқау еткен 
жырлар («Сейпілмәлік», «Жүсіп-Злиха», «Ләйлі-Мәжнүн»). 
Қазақ  эпосының  уақыт  жағынан  алғанда  кейінгі  дәуірге, 
ақиқат оқиғаларға негізделген – тарихи жырлар («Бөгенбай 
батыр», «Абылай хан. Сабалақ», «Қабанбай батыр» т.б.).
Ғалымдар сан ғасырлық тарихы бар эпостық жырлардың 
шығу  тегіне,  құрылымына,  жанрлық  жүйесіне,  көркемдік 
ерекшеліктеріне байланысты  зерттеу жұмыстарын жүргізіп 
келді. Осы мол қазынаның көлемді де көркем саласының бірі 
– көне эпос. Фольклортану саласында көне эпос және оның 
жекелеген  үлгілері  туралы  Ә.Марғұлан,  Ә.Қоңыратбаев, 
Қ.Жұмалиев,  М.Ғабдуллин,  Е.Ысмайылов,  Н.С.Смирнова, 
Т.Сыдықов,  Р.Бердібаев,  Ш.Ыбыраев,  Б.Әзібаева  т.б. 
ғалымдар құнды пікірлер айтып, бұл жанрдың табиғатын әр 

106
Әдебиеттану
қырынан қарастырады. 
Профессор  Ә.Қоңыратбаевтың  еңбектерінде  көне 
эпосқа  қатысты  ғылыми  тұжырымдар  мол.  Ғалымның 
«Эпос  және  оның  айтушылары»  атты  еңбегінде  [1,12] 
эпостың  пайда  болу  кезеңі  жан-жақты  талданатын  бол-
са,    академик  Ә.Марғұлан    көне  эпос  үлгілерін  шығу  тегі 
мен жасалу кезеңін архаикалық дәуірге жатқызады [2,414]. 
Ал  Ә.Қоңыратбаев  жанрлық,  хронологиялық  жағынан 
ертегілік эпос [1,13] деп бөліп қарауды ұсынды. Академик 
М.Ғабдуллин  мен  Т.Сыдықов  бірлесіп  жазған  зерттеуде 
көне эпостарға: «...ертедегі адамдардың ру тәуелсіздігі үшін 
жүргізген күресі, тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, шаруашылық 
жайлары,  бақташылық,  аңшылық  кәсібі,  дүниетанудағы 
көзқарасы,  наным-сенім  ұғымдары  мифтік-фантастикалық 
негізде суреттелген», – деген анықтама берілген [3,33].
Р.Бердібай  ашып  көрсеткен  көне  эпостың  сюжеттік 
құрылымы,  жанрлық  сипаты,  көркемдік  табиғаты  осы 
зерттеудің нысанасына алынған жырлардың қай-қайсысында 
да кеңінен орын алған.  Солардың ең көнесінің санатында 
жататын жырдың бірі – «Мұңлық, Зарлық» дастаны. Оның 
сюжеті өте бай, оқиғалар желісі шытырман. Мотивтері пен 
эпизодтары  да  алуан  түрлі.  Оқиғаның  дамуы  оқырманды 
өзіне қызықтырып, тартып отырады. Жыршы баяндау мен 
суреттеу тәсілдерін барынша пайдаланған.   
Аталған  жырды  «Хикаят  рисала  Мұңлық,  Зарлық» 
деген  атпен  алғаш  рет  баспаға  дайындап  жариялаған  – 
Ж.Шайхысламұлы.  Дастан  Қазан  төңкерісіне  дейін  алғаш 
1896 жылы араб әрпінде жарияланып, 1917 жылға дейін он 
үш рет кітап болып басылған. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін 
жинап, жариялауда  ақын, ауыз әдебиетін жинаушы, баспагер 
Ж.Шайхысламұлының (1857-1937) еңбегі ерекше. Оңтүстік 
Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Қожатоғай аулында,  қожа 
әулетінде  дүниеге  келген  Жүсіпбек  жасында  мұсылманша 
оқып,  білім  алған.  Ел  арасынан  жыр-дастандарды,  айтыс 

107
Әдебиеттану
үлгілерін  жинап,  өз  бетінше  түзетіп,  Қазан  қаласындағы 
Хұсайыновтар баспаханасына жіберіп, кітап етіп бастырып 
отырған.   
Жырды  кімнен  естігені,  қалай  жазып  алғандығы  ту-
ралы  Ж.Шайхысламұлы  ешқандай  дерек  айтпайды.  Тек 
жыр соңында мынадай жолдар бар: «Қайғымен хатқа сал-
дым  көп  жырларды,  Ескі  сөзден  түзеттім  мен  бұларды». 
Ж.Шайхысламұлының  «ескі  сөз»  дегені  фольклорта-
нушы  ғалым  Б.Әзібаеваның  тұжырымы  бойынша  «ескі 
жалпытүркілік  тілде    жырланып  хатқа  түсірілген  нұсқаны 
меңзеп отырғаны анық, ол қолжазба, я жарияланған кітап 
болуы  мүмкін.  Біздің  біраз  жыр,  дастандарымыз  ХІХ 
ғасырдың бірінші жартысында-ақ хатқа түсіп, кейде баспа 
бетін көріп те үлгеріп ел арасында қолжазба күйінде, кітап 
күйінде кең тарағаны белгілі» [4,313].           
Қазақ  арасына  кеңінен  танымал  «Мұңлық,  Зарлық» 
жырының  алғашқы  қолжазбасы  1895  жылы  Жетісу 
өлкесінде  жазылып  алынғаны  туралы  дерек  бар.  Орталық 
Ғылыми  кітапханада  сақталған  қолжазбаның  көшірмесі 
латын  әрпінде  машинкаға  басылып  (5-бума),  1941  жылы 
баспаға дайындалған. Алғашқы бетінде «Ғашықтық жырла-
ры. 1-том» деген жазу бар. Жырды айтушы, жинаушы, тап-
сырушы туралы мәліметтер тым аз.  
ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысынан  бастап  Қазақстан 
көлемінде  түрлі  әскери,  фольклорлық-этнографиялық  экс-
педициялар  ұйымдастырылып  келгені  белгілі.  Солардың 
бірі – 1953 жылы Оңтүстік  Қазақстан экспедициясы. Бұл 
топты  Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясы,  Тіл  және  әдебиет 
институтының Халық творчествосы бөлімі ұйымдастырған. 
Жетекшісі – белгілі фольклортанушы Т.Сыдықов. Осы са-
парда экспедиция мүшелері  Т.Жиренбаев деген жыршының 
айтуынан    «Мұңлық,  Зарлық  дастаны»  аталған  жыр 
нұсқасын жазып алған (ӘӨИ. 380-бума). 
Жиренбаев  Төлеген  –  1894  жылы  Оңтүстік  Қазақстан 

108
Әдебиеттану
облысы, Қаратас ауданы, бұрынғы Ленин атындағы колхоз-
да дүниеге келген. Жыршының айтуына қарағанда, ол бұл 
дастанды 20 жасында (1914 жылы) Мұрат деген ақынның 
ауызекі  айтуынан  жаттап  үйренген.  Мұрат  ақын  1942 
жылы созылмалы аурудан қайтыс болған. Үш бөлек оқушы 
дәптеріне  жазылып  алынған  қолжазба  мәтінді  қағазға 
түсірген  экспедиция  мүшесі,  институттың  сол  кездегі 
ғылыми қызметкері – Сейітғаппарова Зүбәйра.  
«Мұңлық-Зарлық»  жырының  және  бір  нұсқасын  1975 
жылғы  «Амудария  құйылысындағы  қазақтардың  ауыз 
әдебиеті  үлгілерін  жинау»  экспедициясы  барысында 
хатқа  түсірген  тәжірибе  жинақтаушы,  Низами  атындағы 
педагогикалық институттың студенті  Б.Мошқалова, ал ин-
ститут қорына тапсырушы – профессор Қ.Саттаров  (920/20-
бума). 
Дастанның 108 беттен тұратын бұл нұсқасын Өзбекстан 
мен  Қазақстанға  танымал  жыршы,  Қарақалпақстанның 
Қоңырат  қаласының  тұрғыны  Наурызбек  Раманқұлов 
жырлаған.  Наурызбек  жыраудың  жыршылығы,  ауыз 
әдебиетінің  мол  мұрасын  ел  арасына  жеткізудегі  еңбегі 
туралы  Қ.Саттаров  былай  деп  жазады:  «Амудария 
құйылысындағы қазақтар арасында халық ауыз әдебиетіне 
бай өлке екендігі бұрыннан белгілі. Біз фольклор экспеди-
циясын 1975 жылы июль айында Амудария құйылысындағы 
қазақтар арасында өткіздік. Шын мәнінде де терме-толғау, 
жыр  дастандарға  мол  екендігін  көзімізбен  көрдік.  Соның 
бірі ертеден мекен етіп келе жатқан қазақтардың (ертедегі 
Арал  халқы)  ауыз  әдебиетіне  мол  мұрасы  барлығына 
көзіміз  жетті.  Мұны  біз  Қоңырат  қаласындағы  Наурыз-
бек жырау Раманқұлұлының өз жанынан шығарған терме-
толғауларымен  бірге,  өзінен  бұрын  өткен  және  замандас 
ақын-жыраулардың  шығармаларын  жеткізуде  қызметі  мол 
екендігін көрдік» [5, 24].   

109
Әдебиеттану
Еліміз  егемендік  алғалы  ұлттық  мұраларымызға 
мемлекеттік  деңгейде  көңіл  бөліне  бастады.  Осы 
мақсатта  М.О.Әуезов  атындағы    Әдебиет  және  өнер  ин-
ституты  ұйымдастырған  фольклорлық  экспедиция  2013 
жылы  Ресейдің  Омбы-Саратов  облыстарында  тұратын 
қазақ  диаспорасының  фольклорымен  танысып  қайтты. 
Институттың  аға  ғылыми  қызметкері  Б.Тұрмағамбетова 
мен  ғылыми  қызметкер  Н.Набиолла  Саратов  облы-
сы,  Александров-Гай  ауылының  тұрғыны  Ғабділмәжит 
Өтеуұлы  қолжазбаларының  фотокөшірмесін  институттың 
қолжазба  қорына  тапсырған.  Аталған  қолжазбаның  бірі 
–  «Мұңлық  мен  Зарлықтың  үзінді  әңгімесі»  деп  аталады. 
Жырды Ғабділмәжит Өтеуұлы әкесі Өтеудің аузынан жазып 
алған. Нұсқа Зарлықтың Күлмес ханның қырық уәзірін хан 
алдына қуып келген жерінен басталады.   
«Мұңлық-Зарлық»  жырының  нұсқаларын  жинау-
да  жекелеген  адамдардың  да  үлесі  зор.  Солардың  бірі 
–  1896  жылы  Алматы  облысында  дүниеге  келген  Дулат-
бай  Төлебаев.  Ол  жеткізген  қолжазба  шамамен  1950-
1960  жылдары  хатқа  түскені  аңғарылады.  Оған  1959-
1961  жылдары  институттың  қолжазба  қорына  түскен 
деген дәптердегі мәлімет айғақ болады (117-бума). Мәтіннің 
мазмұнымен  толық  танысқанда,    Ж.Шайхысламұлы  1896 
жылы  Қазанда  жариялаған  дастанның  қысқартылып, 
қарасөзбен  ертегіге  айналдырылған  түрі  екендігі  анықтал
ды.                                                                                                                                                                                                     
Халық мұраларын жинаушы Әбдіғаппар Әлімжанов 1957 
жылы тапсырған 26 беттік «Мұңлық, Зарлық» атты  дастан 
үзіндісі    Қаншайымның  зарымен  аяқталады  (ӘӨИ.  129-
бума). Сондай-ақ институттың байрығы ғылыми қызметкері 
Бозтай Жақыпбайұлы (1887-1970) тапсырған жыр үлгісі де 
тым қысқа, шығарманың бір ғана үзігі екендігі анықталды 
(983-бума, 8-дәп.). 

110
Әдебиеттану
Осы  ретте  «Мұңлық,  Зарлық»  дастанының  өзге  де 
нұсқаларының,  үзінді  үлгілерінің  жиналуына,  институт 
қорында сақталып қалуына  зор ықпалын тигізген Мәди Бо-
латов (883-бума), Тұрлыбек Сыдықов (193-бума), Жәрімбет 
Дауымбаевтардың  (682-бума)  сияқты  жинаушылардың  
еңбектерінін  ерекше  атап  өткен  орынды.  Дастанның 
қолжазба нұсқаларының арасында орысша аударма үлгілері 
де  кездеседі  (ОҒК.1398-бума).  Солардың  бірі  –  «Мұңлық, 
Зарлық»  жырына  қызығушылық  танытып,  орыс  тіліне 
тәржімалаған 1887 жыл Семей қаласында туып өскен, Ре-
сей география қоғамының мүшесі   А.Белослюдов. Ол 1908 
жылы Семей қаласында інісі Виктормен бірге «Ағайынды 
Белослюдовтердің музейін» ұйымдастырғаны белгілі.    
 Қолжазба мәтіндерді салғастыра оқу барысында аталған 
дастан  нұсқаларының  басым  көпшілігі  1896  жылы  Қазан 
қаласында жарияланған «Хикаят рисала Мұңлық, Зарлық» 
жырының  көшірмелері  екендігі  айқындалды.  Дегенмен, 
1975 жылғы «Амудария құйылысындағы қазақтардың ауыз 
әдебиеті үлгілерін жинау» экспедициясы кезінде жазылып 
алынған қолжазбаны жырдың бір нұсқасы деп қабылдауға 
толық негіз бар. Біріншіден, оқиға  қазіргі Оңтүстік Қазақстан 
облысы,  Байырқұм өңірінде өтеді. Шаншар ханның есімі 
Шонжар  хан  деп  өзгерген.  Жинаушының  мәліметіне 
қарағанда,  «Қараспан  тауы  мен  Шөгірлінің  шыңы, 
Қаншайым  аралы  Сырдария  өзенінің  ортасында  орман, 
тоғайымен тұр. Мұңлық пен Зарлық негізгі кейіпкерлердің 
жерленген қорымдары, күмбездері сақталған. Зарлық маза-
рына жақын 4-5 км жерде Мұңлық қорымы бар, дастанда 
аталатын Көкжиденің қасында» [6, 3]. 
Екіншіден,  жеткізуші  Раманқұлов  Наурызбек  – 
жыршылығымен,  күйшілігімен  атағы  шыққан  дарын  иесі 
болғандықтан, бұл нұсқаның жырлануы да бөлек. Жырдың 
Қазан  нұсқасы  2300  өлең  тармағынан    тұрса,  Наурызбек 
нұсқасының көлемі шамамен  3000 жолды құрайды. 

111
Әдебиеттану
Енді  дастанның  Қазан  және  Наурызбек  нұсқаларының 
сюжеттік  ерекшеліктеріне  тоқталып  өтейік:  Қазан 
нұсқасының  кіріспесі  жырмен,  ал  Наурызбек  нұсқасы 
қарасөзбен баяндалады. Алдыңғы нұсқада Шаншар ханның 
баласыздық қасіреті кеңінен суреттелсе, Наурызбекте Шан-
шар  хан  халқына  «қайырымы  тиген  халыққа,  сондай  әділ 
хан  еді»  делінеді.  Кейінгі  нұсқада  Қаншайым  –  сұлу  ғана 
емес,  ақылды  әрі  көреген  қыз.  Ханға  әйел  болатынын  ал-
дын  ала  болжап,  адамның  көз  терісінен  көз  қалта  тігеді. 
Бұл нұсқада жырланатын ханның Жәудір шалға қызы үшін 
берген қалыңмалы (алтын толы көз қалтадан бөлек), он бес 
күн тойын, он бес күн ойын қылып, дүрілдетіп той жасауы 
Қазан нұсқасында айтылмайды. Және де Қазан нұсқасында 
Шаншар  хан  Қаншайымды  дарға  асқанда  Ғайып  Ерен 
Қырық  Шілтен  келіп  үш  рет  арқанды  қиса,  Наурызбекте 
алғаш Ғайып Ерен, екінші рет ол сары бас лашын, үшінші 
мәрте тырна болып жіпті қиып кетеді. Зарлық қара дәумен 
күрескенде Қазан нұсқасында Қызыр пайғамбар көмектессе, 
Наурызбек  нұсқасында  Ғайып  Ерен  Қырық  Шілтен  күш-
қуат беріп, Әзірет Әлі қолтығынан демеп тұрғызады.
«Хикаят рисала Мұңлық, Зарлық» Қазан нұсқасы (1896) 
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық 
көрген «Бабалар сөзі» жүзтомдығының 52-томында жарық 
көрді  [4,9].  Өкінішке  орай,  Наурызбек  жырау  нұсқасы  еш 
жерде жарияланбағандықтан, ғылыми айналымға түспеген. 
Дастан кеңестік кезеңде көптеген өзгерістер, түзетулермен 
бірнеше рет жарық көрді. Атап айтқанда, «Батырлар жыры» 
[7,318],    «Мұңлық-Зарлық»  [8,119],  «Ғашық-наме»  [9,13] 
т.б.  
«Ғашық-наме»  жинағында  шығыс  хикаяларының 
желісінде  құрылған  қазақ  дастандары  «Сейфүлмәлік», 
«Таһир-Зүһра», «Жүсіп-Зылиха», «Иранғайып шаһ Ғаббас» 
дастандарымен  қатар,  жанрлық  тұрғыда  бұл  санатқа 
қосылмайтын    «Мұңлық-Зарлық»  та  жарияланған.  Белгілі 

112
Әдебиеттану
библиограф-ғалым  Ү.Сүбханбердина  құрастырған  бұл 
жинақта ғылыми басылымның барлық шарттарын орындаған 
(ғылыми түсінік, сөздік, жер-су атаулары т.б.). Алғы сөзде 
құрастырушы  «Мұңлық,  Зарлық»  дастаны  туралы  мына-
дай  тұжырымдарға  келеді:  «Шығыс  сюжетіне  құрылған, 
бірақ қазақ әдебиетіне сіңісті болып, қазақ фольклорының 
дәстүрлерімен ұштасып, төл шығарма сипаттас болып кет-
кен  және  бір  шығарма  –  «Мұңлық-Зарлық»  дастаны.  ... 
Жырдың  сюжеті  желісі  қазақтың  ертегі-аңыздарымен  са-
рындас. Онда батырлар жырында кездесетін сөз оралымда-
ры мен бейнелеу тәсілдері кеңінен қолданылған» [9,8]. 
  Жыр  2008  жылы  «Қазақстан  балалар  энциклопеди-
ясы»  сериясы  бойынша  басылған  «Қазақтың  көне  эпо-
сы»  атты  ғылыми  басылымда  жарық  көрген  [10,152]. 
Кітапты құрастырып, алғысөзі мен түсініктерін жазғандар 
З.Сейітжанұлы,  П.Бисенбаев.  Бұл  басылымға    «Мұңлық, 
Зарлық»  жырының  1964  жылы  «Жазушы»  баспасы-
нан  жарық  көрген  «Батырлар  жырының»  үшінші  то-
мында  жарияланған  мәтін  ұсынылған.  Кітап  балаларға 
арналған  серия  болғандықтан,  көркемдік  деңгейі  жоғары. 
Құрастырушылар  көне  эпос  түрлерін  барынша  қамтуға 
тырысқан.  Кітапқа  «Төлеген  мерген»,  «Аққоян  мерген», 
«Ақкөбек»,  «Хан  мерген»  сияқты  көне  эпостың  ертегі 
нұсқаларымен  қатар,  «Мұңлық,  Зарлық»,  «Дотан  батыр», 
«Құламерген», «Құбығұл» жырлары да енген. 
Сонымен қатар, «Мұңлық, Зарлық» жыры «Қазақ эпосы» 
[11,343] атты кітапта 2006 жылы жарияланған. Мәтіндерді 
салыстыру барысында бұл басылымға енген мәтін де 1964 
жылғы «Батырлар жырынан» алынғаны анықталды. 
  «Мұңлық,  Зарлық»  Қытай  қазақтары  арасында  да 
кеңінен таралған. Жыр 2011 жылы «Қазақ ауыз әдебиетінің 
қазынасы» атты серияның 8-томында және 1981 жылы «Ал-
тай  аясында»  журналының  1-санында  жарияланды.  Ай-
тушы – Оразбек Саяуұлы, жазып алған – Асқар Асғатұлы. 

113
Әдебиеттану
Аталған кітап пен журнал сандарын М.О.Әуезов атындағы 
Әдебиет және өнер институты «Шетелдегі қазақтар фоль-
клоры»  ғылыми-зерттеу  жобасы  аясында  2013  жылы 
ұйымдастырған    «Қытай  қазақтары»  экспедициясы  ба-
рысында  көшірмелерін  елге  әкелінді  (ӘӨИ.  1254-бума). 
Қорға тапсырушылар: институттың ғылыми қызметкерлері 
А.Тойшан мен  Н.Нәбиолла.
 Бүгінгі таңда қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жа-
риялау,  оларды  жас  ұрпаққа  насихаттау  жұмыстарының 
жылдан жылға өрісі кеңу үстінде. Ұлттық мұраларымызды 
көздің қарашығындай сақтауда, бүгінгі күнге жеткізуде же-
келеген адамдар еңбегінің, экспедициялардың  маңызы зор.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет