78
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
Ө
з Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, еліміздің ертеңгі күнін күллі
әлемге көрсететін келешек ізбасарымызды қалай тәрбиелейміз? Оларға сапалы
білімді қалай береміз? Міне, ұстаздар, осы бағытта алда тұрған ауқымды
міндеттерді, көкейкесті мәселелерді шешуге міндеттіміз. Ол үшін білім беру
ортасы қандай болуы керек?
Білім беру ортасы білім алушылардың жеке тұлғалық және мәдени өсуіне
әсер етеді. Сонымен, ғалымдардың ойынша, білім беру ортасы дегеніміз, білім
алу субъекттері өзара байланысқа түсу процесінде нақтылайтын білім және
тұлғааралық қатынастардың материалдық факторларының жиынтығы. Бірақ,
өзгерудегі жағдайларға адекватты, жаңа педагогикалық технологиялар негізінде
инновациялық инклюзивті тәртіп бойынша жұмыс істейтін замануи жалпыға
білім беру мектебіне, әр оқушының білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне
сәйкес келетін, білім беру ортасы қажет. Әр балаға жынысына, ұлтына,
денсаулығына және ата-анасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына, басқа
да ерекшеліктеріне қарамастан білім алу кеңістігіне қосылуға жағдай жасалуы
керек. Инклюзияның басты шарты – мектеп балаға бейімделеді, керісінше емес,
бұл қалыпты балалардан тұратын оқушылардың негізгі контингентіне жағымды
әсер етеді: балалар білім алуда ерекше қажеттіліктері бар сыныптастарын
сыйлау мен бағалауға үйренеді; көмек беру арқылы өмірдің түрлілігін
қабылдап, «біз әртүрліміз, бірақ тең құқылымыз» толерантты кеңістікте
қалыптасады.
Оқу мен тәрбиелеудің үлкен ортасы мектеп екені белгілі. Ондағы жоспарлы
тақырыптық сабақтармен қатар, сынып сағаттары, тәрбие сағаттары, пәндік
олимпиадалар, ғылыми жобалар оқу мен тәрбиенің ең негізгі, ықпалдастығы
болып отыр. Бүгінгі таңда, ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы
барысында біз олардың жаhанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын
ескеруіміз қажет. Бұл жағдайда оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі ата-ана мен
мектептің өзара байланысынан көрінеді. Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты,
сапалы білімді дарыту, еркін тұлға тәрбиелеу – қазіргі кезде көкейкесті
мәселенің бірі болып отыр. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы,
мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс.
Өйткені отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтер мен ата
аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамы-
ту мәселелерін табысты шешуге болады. Мектеп, мұғалім және ата-ананың
ынтымақтастығының орны бөлек. Бала біржақты тәрбие құрсауында болмауға
тиіс. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-
тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік
табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына:
мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті
іс-әрекеттеріне байланысты.
Осы тұрғыда мектебімізде оқушы, ұстаз, ата-ана ынтымақтастығы жүйелі
түрде жұмыс жасайды. Негізгі мақсатымыз әр баланың мектепте, мектептен тыс
кезіндегі уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында,
Смагулова Р.,
А. Байтұрсынов атындағы
№20 орта мектебі
директорының оқу ісі
жөнінен орынбасары,
Өскемен қаласы
Жеке тұлғаны дамыту -
білім сапасын арттырудың шарты
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
79
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
алуан түрлі бірлескен іс-шаралар барысында оқушы, ұстаз, ата-ана арасындағы берік ынтымақтастықты
қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін негізгі іс-шараларды айқындадық.
Ата-аналдардың өзін-өзі басқару жұмысының қалыптасуын ұйымдастыру:
- мектеп және отбасының біріккен тәрбиелік қызметін жоспарлау;
- ата-аналарға педагогикалық рефлексияны қалыптастыруда, отбасында тәрбие технологиясын және
әдістемесін таңдауда және қолдануда көмек көрсету.
Білім беру ортасында жұмысты ұйымдастыруда күтілетін нәтиже белгіленуге тиіс. Кім жоспарлай
білсе - сол ұйымдастыра біледі. Басқаруды нәтижелі ұйымдастыру үшін мектеп әкімшілігі:
1. Ең алдымен педагогикалық талдау жүргізеді (басшылық, ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу
жұмыстары бойынша).
2. Білім беру мақсаттарына жүйе құрып, оны басқару жұмыстарын жүргізеді.
3. Нәтижеге жету үшін жағдайлар жасайды( материалдық, моральдық).
4. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырады.
5. Әр жұмыстың нәтижесін шығаруға тырысады:
Басқару принципі - бұл басқару қызметін жүзеге асырудағы жетекші идея. Принциптер басқарудың
заңдылықтарын көрсетеді. Қазіргі заман талабына сай біздің мектептің жүзеге асырып отырған жұмыс
жүйесі:
Осы жұмыстың нәтижесінде қазіргі мектеп түлегі төмендегідей қабілеттер қалыптастырады:
- ауыспалы өмірлік жағдайларға тез бейімделу;
- туындаған проблемаларды көре білу және оларды тиімді шешу жолдарын іздеу;
- ақпаратпен сауатты жұмыс істеу;
- жайдары, ашық болу;
- өз адамгершілігін, ақыл-парасатын, мәдени деңгейін дамыту бойынша өз бетімен жұмыс істеу.
Оқытушы қандай болу керек? - Ол жетекші емес, көшбасшы (лидер) болу керек. Ол үшін мыналар
қажет:
- оқушыны проблеманы шешу үдерісіне тарту;
- шығармашылық қызметінің мотивациясын қалыптастыруға ықпал ететін ақпаратпен бөлісу;
- команданың иесіне қарағанда жаттықтырушысына барынша ұқсауға тырысу;
- өз пәнін жақсы білу, өз пәнін оқыту әдістемесіне қатысты мәселелерде құзыретті болу;
ҚАЗІРГІ
ЗАМАН
ТАЛАБЫНА
САЙ
МЕКТЕПТІҢ
ЖҰМЫС
ЖҮЙЕСІ
80
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
СУБЪЕКТІЛІК
ОҚЫТУ
(оқушы-оқушы,
мұғалім-оқушы)
Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру – педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің бірігуін
талап етеді. Тұлғаға бағытталған білім - оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері
қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдайы. Әр оқушының болмысы арқылы
дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс.
Осы орайда мектептің бүгінгі бет бейнесін жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан мектеп ұжымының
өткен оқу жылында жеткен жетістіктері аз емес. Білім шаңырағындағы әлеуметі мықты, интеллектуалдық
қабілеті, кәсіби білігі жоғары ұстаздар ұжымның 90 %-ын құрайды.
Мектеп 2007-2008 оқу жылында бала санының көбейуіне байланысты екіге бөлінген кезде білім сапасы
төмен сыныптар қалып, мектеп бойынша білім сапасы-24% көрсетіп, мектептің басты мақсаты –
оқушылардың білім сапасын көтеру болды. Соңғы 4 жылдағы білім сапасының көрсеткіші төмендегі
кестедегідей:
3-кесте. 2010-2014 жылдардағы білім сапасының көрсеткіші
2007-2008 оқу жылының көрсеткіші бойынша бірде-бір үздік оқушы болған жоқ, ал 2014 жылғы ҰБТ
қорытындысы бойынша 5 оқушы «Алтын белгіні» ақтады. ҰБТ-2012, ҰБТ-2014 қала бойынша үздік 10
мектептер қатарына кірді.
Білім сапасының көтерілуі - оқушылардың шығармашылықпен айналуысының басты кепілі – дарынды
балалармен, дарынды мұғалімдермен жұмысты жандандыру. Осы мақсатта мектепте дарынды
оқушыларды анықтау, олармен жеке жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстың негізгі бағыттары:
Олимпиадалық резерв мектебі.
Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Эрудиттер клубы.
Оқушыларды мемлекеттік грантқа және несиеге дайындау.
Жас дарындыларды айқындау, тәрбиелеу және оқыту - оңай шаруа емес және ол педагогтерден үлкен
шығармашылық ізденімпаздық пен зор күшті талап етеді. Дарынды балалардың мүмкіндіктерін алу үшін
жағдай тудыру, заманауи білім берудің басым бағыты болып табылады, өйткені мемлекет таңдаулыларын,
оның зияткерлік әлеуетін қалыптастыру - біздің мемлектіміздің негізгі міндеттерінің бірі.
Мұғалімдердің кәсіптік өсуін көтеру мақсатында әртүрлі шараларға қатыстыру жұмысы жүйелі
жүргізіледі.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеудің тұжырымдамасы бекітілді.
Тұжырымдамада тәрбиенің мақсаты белгіленді. Тұжырымдаманың тарихи мәнділігі ондағы ізгілікті тәрбие
2010-2011
2011-2012
2012-2013
2013-2014
54%
55%
56%
58%
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
81
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
ойының қалыптастырылуы болды, оның негізгі қағидаттары адамдық жалпы құндылықтар мен ұлттық
дәстүрде тәрбиелеу, тұлғаға бағдарланған тәсіл болып табылады. Мектепте оқушыларды тәрбиелеуде
оқудан тыс (сыныптан тыс және мектептен тыс) іс-әрекеттерде ғана емес, оқу қызметінде де (сабақтан тыс)
жүріп жатады. Сондықтан мектепте оқытудың ең басты сипаттамаларының бірі - ондағы тәрбие беру
сипаты. Педагогикалық ұжымда тәрбие ісімен тек директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен
сынып жетекшісі ғана айналыспайды. Оқушы бүкіл оқуға кететін уақыттың 90-95 пайызында сабақта
болады. Сондықтан пән мұғалімдерімен педагогикалық ұжымының басқа мүшелері де тәрбие беруге
қатысады.
Оқытуда тәрбиелік қызметтердің жеткілікті деңгейде мән берілмеудің жағымсыз салдары қаншалықты
екенін тәжірибе көрсетіп отыр, оның адам оқуына, өміріне, адам бойында жағымсыз мінездердің
қалыптасуына, жалпы адамның өмірлік ұстанымына да қатысы болатыны анық.
Мектеп қызметінің түпкі нәтижесі - біліктілік, тәрбиелілік, тұлғалық даму деңгейін анықтаушы осы
мектепті бітірген түлек. Білім беру үрдісінде әрбір субъектінің қызметі мектептің негізгі мақсаттарына
тәуелді, ал педагогикалық жүйенің жеке элементтерінің міндеттері өзара үйлестіріледі, ал ол өз кезегінде
педагогикалық жүйенің жемістілігі мен нәтижелігін қамтамасыз ету.
Біздің пікіріміз бойынша, осы қаралған мәселелер оқыту үрдісіндегі тұлғалық бағыттылықты
қалыптастырудың сипаттамасын беріп қана қоймай, сонымен қатар білім беру мекемелерінде оқытудың
жаңа амалын қолдануға мүмкіндік береді және жеке тұлғаға бағытталған парадигма мектепті жаңартуға
әдіснамалық негіз болып табылады. Дегенмен де, әлі шешімін таппай отырған мәселер баршылық. Өзіндік
сын, дәлелдеме, дәйектеме ұсына білу қабілеті, оның жаңаша формаларын ұсыну, бастаған ісін аяғына
дейін жеткізу қажетті деңгейде емес. Кейбір ата-аналардың қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуі,
мектеппен байланыс белсенділігі төмен. Осы кедергілерді ескере келе, болашаққа жол жасаған
бағдарламаларды қолдай отырып, өзекті тақырыпты басшылыққа алдық.
82
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
Байзаурова Н.,
Өскемен экономика-
қаржы колледжінің
физика және математика
пәнінің оқытушысы
«Біздегі басты міндет – білім беруді жаңа сапамен және мазмұнмен
толықтыру», – деген болатын Елбасымыз кезекті Жолдауында. Бүгінгі күні
ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білімнің,
іскерліктің керектігін талап етеді. Сол себепті де оқушылардың шығар-
машылық ойлауын, оқушының табиғи дарындылығын пайдалана отырып,
ғылыми көзқарасы мен белсенділігін дамыту керек. Осы мақсатта колледж
қабырғасында жыл сайын дәстүрлі түрде жалпы әлеуметтік-экономикалық
пәндер апталығында әртүрлі сайыстар өткізіледі.
Төменде 1 курс студенттері арасында физика және математика пәндерінен
өткізілген сайыс жоспарын ұсынып отырмын. Сайыстың мақсаты -
студенттердің физикадан және математикадан алған білімдерін тексеру, пәнге
деген қызығушылықтарын, таным белсенділігін арттыру, шығармашылық,
ізденімпаздық қабілеттерін дамыту және де адамгершілікке, ұйымшылдыққа,
еңбек сүйгіштікке баулу.
Жүргізуші: Бүгінгі ойынның шарттарымен таныс болыңыздар. Ойын 4
турдан және көрермендер сайысынан тұрады:
І тур. «Блиц турнир» деп аталады. Мұнда әр ойыншыға 10 сұрақтан
қойылады (1 дұрыс жауапқа 1 жұлдыздан) Дұрыс жауап үшін ойыншыларға
жұлдыздар таратылады.
ІІ тур. «Лабиринт» деп аталады. Мұнда әр ойыншы физикадан,
математикадан, логикадан алған білімдерін пайдаланып лабиринттен
шығулары керек. Олар ойланғанша, «Көрермендер сайысы» өткізіледі.
ІІІ тур. «Сиқырлы текше» деп аталады. Текше қалталарындағы
сұрақтарға жауап беру керек.
ІV тур. «Раундровер» деп аталады. Бұл ойында әр ойыншы маркер
көмегімен физикалық ұғымдарды жазады. Кім көп сөз жазса, сол жеңіске
жетеді. Жұлдызша беру.
І тур. «Блиц турнир»
1. Табиғат туралы ғылым (физика)
2. 10
-6
дәрежесі қалай аталады? (микро)
3. Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады?
(пысқан жұмыртқаның айналу жылдамдығы шикіден артық болады)
4. Молекула кинетикалық теорияның негізігі қағидалары? (Барлық денелер
микробөлшектерден тұрады, денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты
қозғалады, денедегі микробөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі)
5. Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық кеңістікке
еніп кетуі? (диффузия)
6. Т=const болғандағы процесс? (изотерма)
7. Заттың үш күйін ата (қатты, сұйық газ)
8. Кебу дегеніміз не? Сұйықтың еркін бетінен пайда болатын булану
9. Адамға қай кезде көзілдіріктің керегі жоқ? (ұйықтағанда)
10. Кристалл ақауы дегеніміз? (кристалдағы идеал тәртіптен ауытқу)
Келесі ойыншы:
1. Аспан денелерін зерттейтін ғылым (астрономия)
2. Кристалдану деп (заттың сұйық күйден қатты күйге өтуі)
3. Екі дене жанасқанда, олардың молекулаларының араласу құбылысы...
(диффузия)
Жұлдызды сәт
(сыныптан тыс іс-шара)
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
83
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
4. Капиллярлық құбылыстар (Жұғатын сұйықтардың капиллярға тартылуы немесе жұқпайтын
сұйықтардың капиллярдан итеріліп шығарылуы)
5. Қараңғы бөлмеге кіргенде ең алдымен нені бірінші жағасың. Майшамды ма, әлде газды ма?
(сіріңкені)
6. Өзінің сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу? (қаныққан бу)
7. 1 жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)
8. 10
6
дәрежесі қалай аталады? (мега)
9. Р=const болғандағы процесс? (изобара)
10. Ішкі энергия дегеніміз (дененің барлық микробөлшектерінің кинетикалық энергиясы мен
потенциалдық энергиясының қосындысына тең болады)
Жүргізуші:
ІІ тур. «Лабиринт» деп аталады. Ойыншыларға тапсырмалар таратылады. Ойыншылардың міндеті,
осы тапсырмаларды шешіп, әділқазыларға көрсету. (Сендерге 5 минут уақыт берілсін)
Жауабы: (-3;-5); 38; 6; -3; 1.
Жауабы: (5;2); -2; 21; 4; 2.
Ойыншылар дайын болғанша, көрермендермен сайыс өткізейік
1. Молекулалық физикада жылу құбылыстарын зерттеуде қандай екі әдіс айқын қолданылады?
2. Термодинамика дегеніміз?
3. Молекула кинетикалық теория дегеніміз
4. Броундық қозғалыс дегеніміз?
5. Молекула кинетикалық теорияның негізгі ережелері
6. Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық кеңістікке еніп кетуі
7. 1920 жылы молекулалар жылдамдығын анықтаған ғалым.
8. Физикалық шамалардың қайсысы жердің барлық нүктелерінде және басқа планеталарда өзгермейді?
(дене массасы)
№1. Жерден айға ұшып жету үшін, кедергілерден өт
Жер
Ай
№2. Мектептен үйге жету үшін, кедергілерден өту керек
Мектеп
Үй
Үй
84
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
9. Массасы 1кг дененің салмағы неге тең?(9,8Н)
10. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ ішінде не қалады?(ауа)
11. Орнынан қозғалмай не өтіп барады?(уақыт)
12. Елеуішпен су әкелуге болама?(болады,қар,мұз күйінде)
13. Қандай ыдысқа су құйылмайды?(су толы ыдысқа)
14. Неліктен вертикаль жоғары лақтырылған доп жерге түседі?(жер тарапынан тартылыс күші әсер
етеді)
15. Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды?(шаңғымен тұрғанда қар бетінін әрбір шаршы
см ауданын шаңғысыз тұрғаннан гөрі 20 еседей аз күшпен басады).
ІІІ тур. «Сиқырлы текше» Осы текшенің көмегімен экрандағы қалташадан қажетті номерді
таңдаймыз.
№1 қалта. Бұл ұлы математиктің қабіріндегі құлпытасқа шардың және оған сырттай сызылған
цилиндрдің суреті салынған. Осы сызулар бойынша 2 ғасырдан кейін әлгі кісінің қабірі анықталған
болатын. Бұл математик әрі физик кім?(Архимед) (2 жұлдыз).
№2 қалта. Бұрындары бұл терминнің аты болған жоқ. Ол терминнің атын XVII ғасырда француз
математигі Франсуа Виет енгізді. Латыншадан аударғанда бұл сөз "доңғалақтың сымы" деп аударылады.
(радиус)(2 жұлдыз)
№3 қалта. 188 санын екіге қалай бөлгенде 100 сандарын алуға болады. Жауап ортасынан бүктеу
керек (2 жұлдыз)
№4 қалта. Жасырылған зат грек тілінен аударғанда "ойын сүйегі" деп аталады. Оның атын
Пифагордың шәкірттері енгізген болатын, қазір бұл зат балаладрың ойындарында кеңінен пайдаланылады.
Жасырылған зат не?(Кубик) (1 жұлдыз)
№5 қалта. Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы. Кез келген қиын сұрағыңды бүкіл ел болып, тіпті
дүние жүзі болып шешуге көмектеседі. Осының бәрі ненің көмегімен жүзеге асырылады. (Интернет)
(1 жұлдыз)
№6 қалта. Велосипедші А-дан В-ға дейінгі жолды жүріп өтті. Бұл жағдайда велосипедтің алдыңғы
және артқы дөңгелектерінің жүріп өткен жолдары бірдей ме? (1 жұлдыз) (бірдей)
ІV тур. «Раундровер»-деп аталатын. Бұл ойында әр ойыншы өзінің физикадан, математикадан
білімдерін барынша қолдану керек. (Ойыншылар плакатқа көбірек сөз жазуға тырысу керек)
Осы ойынның қорытындысы шығарылып, орын алған оқушылар марапатталады.
Әдебиеттер:
1. Тұрғынбаева Б.А. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. // Тұрғынбаева Б.А. - Алматы, 1999 ж.
http: // 45 minut.kz сайты
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
85
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
Бейсекенова А.,
методист, преподаватель
математики,
Усть-Каменогорский
колледж сферы
обслуживания
М
отивация – важнейший ком-
понент структуры учебной деятель-
ности, а для личности выработанная
внутренняя мотивация, есть основной
критерий ее сформированности. Он
заключается в том, что ребенок
получает «удовлетворение от самой
деятельности, значимости для лич-
ности, непосредственного ее резуль-
тата».
Однажды мне студент сказал на
уроке: «Мне тогда все понятно, когда
интересно. Появляется желание вы-
полнять задания все сложнее и слож-
нее, и тогда я считаю, что все смо-
гу!». Значит, ребенку должно быть
интересно на уроке. Если рассматри-
вать все обучение в виде цепочки
«хочу – могу – выполняю с интере-
сом – личностно значим каждому»,
то мы опять увидим, что интерес
стоит в центре этого построения.
Сформировать интерес у студен-
тов можно через самостоятельность и
активность, через поисковую дея-
тельность на уроке и дома, создание
проблемной ситуации, разнообразие
методов обучения, через новизну ма-
териала, эмоциональную окраску
урока.
Немаловажным является внутрен-
ний настрой любого ребенка, не
самоотстранение, а попытка сосредо-
точится и захотеть понять материал.
Возникло желание разработать и
провести урок, который настраивал
бы студентов внутренне, было реше-
но заменить названия этапов на сле-
дующие: «Я знаю…», «Я умею…»,
«Я могу…», «Я выбираю…», «Все я
сумею, все смогу…», здесь идет на-
строй на желание показать свои зна-
ния и умения при выполнении прак-
тического задания, и на активизацию
познавательного интереса.
Хочется представить разработку
данного урока для студентов первого
курса профессионального колледжа
по теме: «Исследование тригономет-
рических функций и построение
графиков».
Урок обобщения и системати-
зации знаний с использованием
информационно-коммуникационных
технологий, слайдов, карточек -
заданий, конверты с разноуровне-
выми заданиями, по теме: « Исследо-
Достарыңызбен бөлісу: |