Қолданылған әдебиеттер:
1. // «Большевик Алтая». 1941. 10 мамыр. б.2
2. // «Большевик Алтая». 1941. 9 қазан. б.2
3. // «Большевик Алтая». 1941. 4 қараша. б.2
4. // «Большевик Алтая». 1941. 27 қараша. б.2
5. Шмурыгин Г.М. Восточный Казахстан в годы Великой Отечественной войны. //Материалы научно-теоретич. конференций.
Посв. 50-летию Победы.-Усть-Каменогорск.-1993. с.39-40.
6. Құдабаев Б. Бұрынғы Зайсан-бүгінгі Зайсанның болашағы //Достық, 1974. -19 қазан. б. 4
7. Зайсан асулары: тарихи-публицистикалық очерктер. Б.Жапаров, Р.Тулькин, Б.Құдабаев, М.Байкөбекова.-Алматы: баспа, 1998.-102 б.
8. ШҚОММ. - 29- қор. - 1- тізбек. -159-іс. 26-парақ.
9. Мұқанов с. Елу жылда ел жаңа. // Өркен, 1978. 12 қаңтар. –б.3
10. ШҚОММ. - 176- қор. - 3- тізбек. -84-іс. 5-6, 23, 31-парақ.
11. ШҚОММ. - 745- қор. - 1- тізбек. -452-іс. 1-парақ.
12. ШҚОММ. - 745- қор. - 1- тізбек. -341-іс. 1,7-парақ.
13. ШҚОММ. - 176- қор. - 3- тізбек. -103-іс. 35, 40-парақ.
14. ШҚОММ. – 1- қор. - 1- тізбек. -80-іс. 2-парақ
15. Лениногорға 200 жыл. //Коммунизм туы.-1986. 18 маусым. б.2
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
11
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
1941 жылы 22-ші маусымда бүкіл
халықпен Құмаш Нұрғалиев та соғыс-
тың басталғанын естиді. Өз тілегімен
майданға аттануға әскери комиссари-
атқа барады, ондағылар оның өтіні-
шін қабылдамады. Әлі жассын, май-
данға кеткендердің орнын ба-
сып, аянбай еңбек етіңдер.
Мүмкін сенің жасын тол-
ғанша, соғыс та бітіп қалар
деп шығарып салады
[1, 12 б.].
Бірақ сұм соғыс тез
біте қоймады. Мұрағат
деректеріне сүйенсек он
жетіден асқан Құмаш
Нұрғалиев 1943 жылы 26
мамырда өз еркімен Бұғы-
мүйіз ауылынан әскер қа-
тарына шақырылып, 1943
жылдың 1-маусымында капитан
М. Астаховтың бұйрығымен Зайсан
аудандық әскери комиссариаты арқы-
лы су жолымен қасындағы бес
жігітпен Отан қорғауға аттанды.
1943 жылы әскерге атанғаннан
1944 жылдың мамырына дейін әскери
қызметін Қиыр Шығыс пен Оралда
жалғастырды. Ол курсты бітіріп, кіші
сержант атағын алды. 1944 жылдың
мамырынан 29 қазанға дейін Кеңес
Одағының батыры А. Матросов
атындағы атқыштар полкінде Отан
қорғады.
1944 жылдың күзінде Риганы азат
етудегі Ауце қалашығы үшін болған
шайқаста Құмаш Нұрғалиев 29-қазан,
яғни өзінің 19 жасқа толған туған
күнінде ауыр жараланды. №3431 гос-
питалінің басшысы майор Иваньков-
тың анықтамасынан көре аламыз «... в
боях за Советскую Родину младший
сержант Нургалиев Кумаш 29.10 был
тяжело ранен. Диагноз: Ампутатция
обеих бедр и левого крецплеча».
Өмірдің тауқыметі мен ауыртпа-
шылығы осылай жалғаса берді.
Ол өлген жоқ. Бұл ғажапты жаса-
ғандар хирургтар Молоденков, Каве-
рина, Зайцев, медбикелер Шевелева,
Великанова, Солодкина, Ракова сын-
ды ақ халатты абзал жандар өздерінің
бірнеше литр қандарын берді. Диви-
зия командирінің өзі келіп, қа-
зақтың кіші сержанты Құмаш-
тың кеудесіне жауынгерлік
«Қызыл Ту» орденін қада-
ған еді [2, 43 б.].
Дәрігерлер Ташкент-
тегі госпитальге жібе-
руге бұйрық шығарып
қояды, бірақ қоймай жү-
ріп Мәскеуге рұқсат ала-
ды. Қашыққа ұшуға оның
денсаулығы жарайтын-
дығы туралы жауапкерші-
лікті өз мойнына алып, жазба-
ша қол хат береді [3, 87 б.].
Көп ұзамай 1944 жылы желтоқ-
санда жаралының тілегі қабыл болып,
дала госпитальнен оны зембілге
салып «ЛИ-2» санитарлық ұшағымен
Мәскеудегі әскери госпитальге жет-
кізді. 12 күрделі оталарға төтеп берді.
Қ. Нұрғалиев басқа да көптеген
Отан қорғаушылар сияқты госпиталь-
да емделіп қана қоймай, өмірге
жолдама алу үшін оқып, өзі таңдаған
мамандықты үйренуге ұмтылды. Бұл
үшін үкімет оларға қажетті қамқор-
лықты жасауға тырысты. Госпитальда
ұзақ емделуге мәжбүр болған ауыр
жаралылар сауыға бастап, ой және
дене еңбегіне жарағандардың палата-
ларына оқытушылар жіберілетін.
Оқытушылар Құмаш Нұрғалиев сияқ-
ты кісілерге толық білім берумен қа-
тар, олардың өзіне, өз күштері мен
мүмкіндіктеріне, тағдыр тауқыметі
түсірген ауыр сынға төтеп бере ала-
тындықтарына сенімдерін арттыра
түсті. Әсіресе мұғалімдер – Зинаида
Алексеевна Толстикова мен Наталья
Васильевна Балдина қазақ жігіті
Роза Сарқытбекқызы,
тарих ғылымдарының
кандидаты
Ерлігі ұмытылмас –
ел ұлы Құмаш Нұрғалиев
12
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
Құмаш Нұрғалиевтің жүрегінде ұмытылмас із
қалдырып, шексіз алғыс сезімдерін ұялатты. Бірін-
шісі орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берсе, екін-
шісі тарих пен жағрафияны оқытты. Осы екі пәннің
екеуін де ол ерекше құмарта, бар күшін сала оқып
үйренді. Мұғалімдер берілген тапсырмалардың
орындалуын тексерді, диктант жаздырды, оқушы-
ның өз бетімен сабақ әзірлеуіне көмектесіп, жетек-
шілік етті. Орта мектептің жоғарғы сыныптары-
ның оқу жоспарында көзделген барлық пәндерді
оқытты. Ол госпитальда болған уақытта 8-9-10 сы-
ныптар бағдарламаларын толық өтіп, орта білім
алуды алдына міндет етіп қойды. Жасынан білімге
құштар, әрі намысқой жігіт құныға оқиды, «сыңар
қолымен жазған жазудың өзінен ақ қайрат-қажыр-
дың ізін көргендейсің» деп таңданады екен мұға-
лімдер мен дәрігерлер. Дене шынықтырудан басқа
пәндерді меңгерді, кейінен емдеу гимнастикасы
әдіскерінің басшылығымен дене шынықтырумен де
шұғылданды.
1945 жылы мамырдың 9-да Ұлы Отан соғысы
Кеңес халқының жеңісімен аяқталды, сұрапыл
соғыстың жеңісін Қ. Нұрғалиев жаралы жолдас-
тарымен аурухана палатасында қарсы алды. Ұлы
Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары
артта қалды.
1945 жылдың жаз айында аяқсыздарға протез
дайын болды. Әркімнің өзіне шақталған ағаш аяқ-
тар. Кейін ол өз естеліктерінде: «ағаш аяқты жай
киіп көргеннің өзінде алғашқыда қара терге түсе-
сің. Ал протез киіп алып, тік тұрсаң өз салмағын
қара санды бунайды, өлтіре бунайды. Оң жағымда
да, сол жағымда да емші қыздар. Мені жасанды
аяққа қойдырады. Мен біресе оңға құлаймын,
біресе солға құлаймын. Олар қайта көтереді. Тағы
аттап, тағы құлаймын. Осылай күніне алпыс-жетпіс
рет құлайтын шығармын», – деп еске алады.
Ол қасына келген дәрігерлер болсын, кім
болсын барлығын өзінің шыдамдылығымен, қай-
сарлығымен таңқалдыратын. Одан ешкім қайғы-
ның зарын байқап, ешқандай артық өтініш естіп
көрген жоқ. Ол сондай өмір сүргісі келді. Өмірдің
тауқыметін тың, жаңа күштермен жеңе білді.
Жатпай-тұрмай еңбектенді, протез бен балдаққа тік
тұру үшін қаншама қиналды. Бірақ оның ерік-
жігері мықты, мүгедектер арбасына отырмайтын-
дығын, жерді өзі басып жүретіндігін көруге болар
еді. «Бұл үшін ол қаншама қиналып, өз ерінің өзі
қанша тістегенің кім білер?», – деп Ю. Шапорев
суреттейді.
Қиналған сәтте әрдайым Н. Островскийдің
«Құрыш қалай шынықты» атты романын парақ-
тайтын, екінші өмірдегі серігім Павленконың
«Бақыт» романындағы «Тело нечто, дух все» деген
нақыл сөзді үнемі қайталап, қиналған сәттерде еске
алатын, күнделігінің бір парағына да осы сөздерді
жазып қалдырған [4].
Ауруханада 9-10 сыныпты экстернат түрінде
емтихандар тапсырып аяқтады. 1945 жылдың 22-
тамызынан 18-желтоқсанына дейін коммуналдық
кәсіпорындар бухгалтері курсында үздік оқып,
1946 жылы 5-ақпанда № 527 куәлікті алды.
Коммуналдық шаруашылықты ұйымдастыру,
бухгалтерлік есеп, коммуналдық кәсіпорындар
шаруашылығының талдауы, еңбек және салық
заңдары негіздерін «5», шаруашылық бөлу пәнін
«4» бітіріп, аттестациялық комиссияға экзаменді
үздік тапсырды. Бұл білім кейін оған директорлық
қызметі кезінде көп көмегін тигізді.
Жазушы Николай Островский «Құрыш қалай
шынықты» атты романында Павел Корчагиннің
аузымен өмір туралы айтылған сөздер: «Адамға ең
қымбат – өмір, – дейді Павел Корчагин. Ол екі
айналып келмейді. Сондықтан ол өмірді жасай білу
керек, мақсатсыз да зердесіз күндер өткізіп түбінде
опық жеме, арам да ұсақ істер істеп кейін өзегің
өртеніп жүрмесін, өмірмен қоштасар алдында мен
бар тіршілік, бар қайратымды дүниедегі ең қасиетті
іс – адамзатты азат ету күресіне жұмсадым дейтін
бол. Бұл өмірде маған саптан шығып қалудан асқан
қорлық жоқ». Қандай мағыналы да тамаша сөздер –
өмір туралы, оны өкінішсіз жасай білу туралы
бұдан артық айта алмассың.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің орынбасары
Н.Е. Бабкиннің көмегімен 1946 жылдың қоңыр
күзінде протезбен екі балдаққа сүйеніп туған еліне
оралды. Құмаш Нұрғалиев сынды азаматтың
майдандағы ерлігі ұмытылмасы айғақ.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Әбуғалиев М. Өлімді жеңген өмір. – Алматы: Мектеп, 1984. – 78 б.
2. Әлімбаев М. Ардақтымыз атаусыз қалмасын // Жас Алаш. – 2000. – 2 қараша. – 2 б.; Соңыкі. Қумашқа хат //
Жулдыз. – 1995. – № 1. – 5-7 бб.
3. Розанов А. Первороссийские мальчишки. – Алма-Ата: Жалын, 1988. – 157 с.
4. Нұрғалиев Қ. Жеке жанұялық қор.
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
13
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
1941 жылы елдің басын қайғының
қара бұлты торлады. Фашистік Герма-
ния КСРО атты үлкен мемлекеттің
батыс шекарасына ауыз салған кезде
кеңес халқы өз Отанын қорғады, адам
баласының болашағын фашизм қаупі-
нен арашалады. Гитлерлік Германия
«Барбаросса» жоспарын жасаған кез-
де КСРО-ны көпұлттың жасанды
және тұрақсыз бірлестігі, ішкі бірлік-
тен жұрдай этностық конгломерат деп
есептеді, қаурыт соғыс жоспары бо-
йынша тез 8-10 аптада жаулап алуды
көздеді. «Ғылыми-зерттеу институ-
ты» деп аталған «Арбайтегемайн-
шафт Түркістан» атты жоғары барлау
мектебі құрылып, болашақта Қазақ-
станды «Үлкен Түркістан» атты қуыр-
шақ мемлекеттің картасына енгізді.
Кеңестік Ресей сияқты бұларда
біздің жерді қуатты шикізат және
азық-түлік базасына айналдыруды
жоспарлады, бірақ бұл іске аспады.
Фашизмге қарсы қазақ халқы осы
Отанын қорғау ықыласын бір ауыздан
білдірді. Бұл тарихи шындық, 35 млн
астам кеңес халқы қолына қару алып
соғысқа қатысты. Қазақстаннан әрбір
бесінші тұрғын, яғни 1 млн 366 мың
адам (кейбір деректерде 1 млн 200
мыңнан астам) мобилизацияланды.
Қазақстан халқының қан майданнан
оралмағандар саны қазіргі деректер
бойынша 600 мыңнан астам адам.
Ұлы Отан соғысында кеңес халқы-
ның жеңіп шығуына Отанға деген
махаббат әсер етті. Қан майданға ат-
танғандар мен тыл қаһармандары бір
игі мақсат үшін күресті. «Бәрі де май-
дан үшін, бәрі де Жеңіс ұшін!» деген
ұран төңірегінде топтасты. Халық
патриотизмі өте жоғары болды. Ол
елге, Отанға, жерге деген ықыласпен
қатар, ата-баба салтына, өз халқына,
оның жауынгерлік даңқына деген
сүйіспеншілікті де өз бойына сіңірді.
Ұлы Жеңіске 70 жыл толды. Қару-
лы майдан мен қаһарлы елдің ұлы
мұрат жолындағы бұл жеңістің таңын
атқызуда азаматтарымыз мыңдап
емес, миллиондап шейт болды.
Уақыт, өмір, оның көп жарақатын
жазғанмен, соғыстың арғы-бергі зар-
даптарында халықтың көңілінен таса,
әлі де айтылмай, зерттелмей келе
жатқан жайлар жетерлік. Қазақстан
соғыс кезінде әскер бергенмен қатар,
майданды қару-жарақпен, азық-
түлікпен қамтамасыз ететін аймаққа
айналды.
Манаш Қозыбаевтың сөзімен айт-
қанда, «Қазақстан майдан арсеналы»
болды. Осы жеңіске Торпақбай
ақ-сақалдың ұлдары да біркісідей
үлес қосты, атсалысты. Соғыс 3 жыл,
11 ай, 17 күнге созылған адамзат
тарихындағы талай адам баласын
жылатқан сұрапыл соғыс, сұм соғыс
бұл отбасын да айналып өтпеді.
Өз естелігінде киелі отбасының келіні
Сания апа соғысқа үш ұл кетті десе,
ертеректе Торпақбайдың үшінші
әйелі болған Мүгілсім әже осы отба-
сында соғыста сегіз боздақтың опат
болғанын айтқан еді.
Үлкен ұлы Оқабай Зайсан МТС-да
директор болып, тылда еңбек етті.
Соғыс заемдарын тарату жөнінде
Қазақстанның Шығыс өңірі тыл ай-
мақтарының алдыңғы орындардың
бірінде болды. Қызыл әскерге жылы
киім, майданға сыйлықтар жинап жө-
нелтілді. Отан қорғау қорына арнайы
есеп ашылғаннан кейін мемлекеттік
банк бөлімшелері еңбекшілердің жеке
өз қаражатынан берген ақшалай көме-
гін қабылдап ала бастады. Осындай
ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар-
Чекетаева Р.,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ
филиалы ШҚО ПҚ БАИ
аға оқытушысы, т.ғ.к
«Александр Невский» орденінің иегері -
жерлесіміз Шекерхан Торпақбаев
14
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
дың алдынғы қатарында аудан бойынша Оқабай
Торпақбаев жүрді. Бұл істерге аудан басшылығы
мен бірге бүкіл халықты, жастар мен оқушыларды,
қарттарды да жұмылдыруға ат салысты. Оқушы-
лардың масақ теріп, металл сынықтарын жинауына
көмектесіп, олардың тапқан ақшасы «Қазақстан
пионері», «Қазақстан комсомолы» қорына ауда-
рылды. Халықтың майданмен тікелей
қарым-қатынасын, олардың жауын-
герлерге арнап жіберген сәлемдеме-
лерінен көруге болады. Еңбек-
шілердің майданға жолдаған сәлемде-
месін қабылдап алу, жөнелту жұ-
мысын жолға қоюда арнаулы шаралар
іске асырылды. Осындай шараларды
ұйымдастырудың өзі майдандағы
ерлікпен тең тұрды.
Ағайынды Шекерхан және Жұпар-
хан Торпақбаевтар әскерге аттанады.
Олар Зайсандағы қазіргі Дауленов
а т ы н д а ғ ы м е к т е п -
интернатта оқыған. Ба-
сында Марқакөлдегі ал-
тынның бастықтары бо-
лады. Кейін Жұпархан
сельхозотдел, Шекерхан
Зайсандағы мемлекеттік
банкті (госбанк) басқар-
ған. Шекерхан соғысқа де-
йін офицерлер даярлайтын
оқуда оқыды, бұдан оның
ой-өрісі кеңейіп, саяси са-
насы тереңдей түсті. Яғни,
1938 жылы әскер қатарына
шақырылады, 1940 жылы
Сталинградтағы кіші лейте-
нанттар курсын, кейін
«Выстрел» әскери учили-
щесін бітіріп, лейтенант ше-
нін алған. Осы уақыттың
ішінде әскери өнердің көп
әдіс-тәсілдерін үйреніп, қыры
мен сырына қанықты. 1941
жылдың 22 маусымынан бас-
тап Қызыл әскер қатарындағы
ол - Мәскеу, Сталинград, Қы-
рым, Донецк, Днепропетровск,
Запорожье, Прибалтика тү-
біндегі шайқастарға қатысқан.
Отан қорғауға кеткен қос боздақтан хабар бол-
май аяулы әкелері Торпақбай Зайсан ауданы, Қа-
ратал ауылында қайтыс болады. Жылдар сырғып
уақыт өте берді, Ұлы Жеңіске 40 жылдығы қар-
саңында Симферополь қаласы тұрғыны Гунер Ве-
ниамин Моисеевичтің іздеу хаты барысында, Ше-
керханның хабарсыз кетпегені, ерлікпен қаза
тапқаны жайлы хабар келеді. Нәтижесінде жер-
гілікті әскери комиссариат 40 жыл өткеннен кейін
1944 жылы 29 қазанда жіберілген беріл-
мей қалған қара қағазды тауып жеткізеді.
Шекерхан ерлікпен 346-шы Дебальцев
атқыштар дивизиясы қатарында 1944 жы-
лы 10 қазанда (мұрағат құжаттарында
5 қараша) Латвия жерінде ерлікпен қаза
тапқан делінген. Аталмыш дивизия 1941
жылы тамызда Саратов облысында
құрылған, ерліктері үшін «Дебаль-
цевская» атауы және «Қызыл ту» ор-
денімен наградталған.
Данышпан жазушы Мұхтар
Әуезов «Ең ардақты санала-
тын қасиет - Отан жолын-
дағы ерлік екенін көрсетіпті.
Ерлік – бірдің үлгісі емес, –
дейді М. Әуезов, – бардың
үлгісі, осы ерлік жайшы-
лықта күнде сыналып са-
рапқа түсе бермейді. Ер
екені белгісіз кәдімгі көптің
бірі боп жүрген адам күн-
дердің бір күніне жетеді де,
қатарынан қара үзіп,
самғап ұшады. Көп ішінен
көлбең етеді де, жарқ
беріп, бірақ бой көтереді»,
– деп айтқан ерлік Шекер-
хан бойынан да табылса
керек. Өмір мен өлім ар-
палысқан кезде келер
ұрпақтың бақытты өмірі
үшін әрбір соғысқа
қатысқан қазақтың ұл-
қыздарына жан аямай
өзінің ерлігін таныта
білді. Есімдері бүгінде
алтын әріппен жазыла-
тын бұлардың қата-
рында майор Шекерхан да болды. Генерал
Д.И.Станкевскийдің «Верность памяти» кітабының
181 бетінде оның ерлігі баяндалған. 1944 жылы
7-ші тамызда полк Тушки бағытында жылжиды.
Сағат 11.00-ге тақау Тукумс қаласының маңында
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
15
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
жаудың бес шабуылына тойтарыс береді. Герман
әскері 11 танк, бір бронепоезд, 9 платформа, бір
жаяу әскер толып отырған вагон, 110 солдат пен
офицерлерден айырылады. Капитан Ш.Торпақбаев
басқарған 346-атқыштар дивизиясы
ның үшінші атқыштар батальоны со-
ның 10 танк, 9 платформа, бір броне-
поезд, тоқсан солдаттан артық адам
толған жабық вагонды жойып жібер-
ген. В.М.Гунер артеллиристер үшін
капитан Ш.Торпақбаевтың өз
ауызынан әскери тапсырмалар мен
бұйрықтарды орындап тұрғанын
жазады: «Капитан Шекерхан өзін
асқан батыл және шебер командир
ретінде көрсетті. «Александр
Невский» офицерлер орденімен
марапатталып, майор шені бері-
леді. Ол нағыз Батыр», - деп ке-
йін Сания Құсайынқызына жаз-
ған хатында оның Отан үшін
көрсеткен ерлігін баяндайды.
Кеңес Одағының Қызыл
армиясының орталық мемеле-
кеттік мұрағатының 1164
қоры, №78958 тізбе, 6 істің
133 парағында офицерлер
құрамы алфавиттік кітабын-
да: «Торпақбаев Шекерхан
3-ші атқыштар батальоны-
ның комбаты. 1916 жылы туған, 10 сы-
ныптық білімі бар. ВКП/б/ мүшесі, жеті рет жара-
ланған. 05.11.1944 жылы қаза тапқан. «Александар
Невский» (Приказ Командующего Войсками 51
армии №111-к, от 27 августа 1944 г.
Л№881747) /«Александар Невский» орденімен
1942 жылдың қарашасынан бастап әскери операци-
яларды басқару мен ұйымдастырудағы асқан ерлік-
тері үшін КСРО Қарулы күштері командирлерін
наградтаған/, Бірінші дәрежелі Отан соғысы орден-
дерімен наградталған. ҚазКСР, Шығыс Қазақстан
облысы, Зайсан ауданы. Абай көшесі 50 үй». Бұл
екі орден тек 1944 жылы берілген, ал соғыстың
басынан алған ордендері белгісіз.
Ерліктерін ерінбей іздесе, бір кітап болар
Торпақбаевтар жанұясының
Ұлы
Отан со-
ғысындағы ерлігін
болашақ
ұрпақ
ұмытпақ емес. Ше-
керхан мен Жұпар-
ханның
артында
ұрпақ қалмады. Бұл
Оқабайдың ұлы Са-
парбек пен келіні Са-
ния апаның қолында
бар 2-3 хатта ғана жа-
зылған тарих, ал нағыз
тарихты іздесек батыр-
лардың ерлігі Отандық
тұлғатануда өз орнын
алар еді.
Бұндағы түпкі мақ-
сатымыз халқымыздың
Ұлы Отан соғысына жап-
пай қатысуын көрсету, қол
бастаған Б. Момышұлы,
И. Панфилов, М. Ғабдуллин
сияқты зиялы азаматтары-
мыз болғанымен, олар санау-
лы еді. Ал ағайынды
Торпақбаевтар
ерлігі сияқтылар есепсіз көп
болатын, бірақ бірталайы ескерілмей қалды.
Біз қашанда жақсылығымызды әйгілеуге са-
раңбыз. Өткенге ой жіберсек, жақсы істер мен
жаңалық ашқандарын өз замандастары күндеп
өтеді, одан кейінгілер білмей өтеді, одан кейінгі
ұрпақтар мұндай мағұлматтарды іздеп өтеді екен.
16
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
С
реди памятных дат, которые отмечает весь народ нашей
многонациональной Родины, особое место занимает День Победы. В 2015 году
исполняется 70 лет со дня Победы в Великой Отечественной войне. И в
преддверии этой великой даты мы предлагаем для учащихся 5-11 классов
музейный урок «Свет памяти», разработанный в рамках образовательной
музейно-педагогической программы «Войди в мир искусства». Урок посвящен
творчеству Восточно-Казахстанского художника-графика, участника Великой
Отечественной войны, Б.И. Французова.
Задачи:
- познакомить учащихся с произведениями
талантливого восточноказахстанского художника-
графика, участника войны Б.И. Французова,
раскрывающими тему Великой Отечественной войны.
- помочь ребятам раскрыть замысел работ
художника, значимость и их художественную ценность.
- вызвать у школьников эмоциональный отклик на
произведения о Великой Отечественной войне и
воспитывать высокие чувства благодарности, уважения и
преклонения перед людьми искусства, прошедших
дорогами войны. Зажечь «свет памяти» ко всем воинам-
героям ВОВ.
Достарыңызбен бөлісу: |