ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
53
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты
дамуы да жоқ және болуы да мүмкін
емес. Ойын дүниеге қарай ашылған
үлкен жарық терезе іспетті, ол арқы-
лы баланың рухани сезімі жасампаз
өмірмен ұштасып, өзін қоршаған
дүние туралы түсінік алады. Ойын
дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық
пен еліктеудің маздап жанар оты» -
дейді А.С.Сухомлинский.
Балабақшадағы тәрбие – бала-
лардың тілін, сөздік қорларын
дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете оты-
рып үйренген сөздерін күнделікті
өмірде еркін қолдану әрі оны күнде-
лікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-
қатынаста қолдана білуге жаттықтыру
ісіне ерекше мән береді. Мектеп жа-
сына дейінгі кезіндегі балалармен
сөздік жұмысын жүргізу ісі тіл да-
мытудың негізгі бір міндеттері болып
есептелінеді. Тәрбие мен білімнің
алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәр-
бие ошағында беріледі. Баланың жа-
ңаны білуге деген құштарлығы, сөй-
леуі ойын үстінде қалыптасады. Тәр-
биешінің кәсіби жұмысы қаншалықты
жоғары болса, ол оқытып тәрбиелеген
тәрбиеленуші де соншалықты ақыл-
ойы да дамыған сауатты болуы тиіс.
Көп іздену, дайындалу, қосымша
әдебиеттерді орынды қолдана білу -
тәрбиешінің негізгі мақсаты. Мен
өзім тәрбиелеп отырған «Ақмарал»
орта тобында өткізген әдістеріме
тоқталар болсам, бұл әдістер бала-
лардың ақыл-ойлары мен қиялда-
рының, тілдерінің дамуына ықпал
етеді.
Мен балалармен сөздік жұмысын
жүргізе отырып, оларды айналасын-
дағы заттармен таныстырып, атын
айта білуге, қасиеті мен сапасын, түр-
түсі және пішінін ажырата білуге
өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі
құбылыстар жайындағы ұғым, тү-
сініктерін дамыта отырып белсенді
түрде тілдік қарым-қатынас жасай
білуге үйретемін. Балалардың сөздік
қорын дамытуда ойын, тапсырма,
жаттығулар орны ерекше. Соның
ішінде ойын – баланың шын тіршілігі.
Ойын – бала әрекетінің негізгі.
А.С.Сухомлинскийдің айтуы бойын-
ша: «Баланың білуге деген құштар-
лығы, сөйлеуі ойын үстінде қалып-
тасады» дегендей, бала ойын арқылы
қоғамдық тәжірбиені меңгереді,
өзінің психологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырады. Бала ойынында да
қоғамдық, ұжымдық сипат болады.
Мәселен, кез келген бала ешуақыта
жалғыз ойнамайды, қатар құрбы-
ларымен бірлесіп ойнайды, сол ар-
қылы бір-бірімен өзара қарым-
қатынас жасайды.
Ойын арқылы бала айналасын-
дағы нәрседен өзіне қызықтысына
ықыласы ауып өзіне таңдап алады.
Баланың бір ерекше қасиеті - сөйлеу-
ден еш жалықпайды. Ойын бала ті-
лінің дамуына ықпалын тигізіп, та-
ным белсенділігінің дамуына жол
ашады. Қай бала болмасын ойынмен
өседі, өйткені бала табиғатының өзі
тек ойынмен байланысты. Ойын үс-
тінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сон-
дықтан да ойын – балалардың дүние
тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп
бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін
ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз –
барлық дамудың баспалдағы, бәрін
білуге деген талпынысы мен құлшы-
нысы. Баланың білуге деген құш-
тарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қа-
лыптасады. Сөздік қорды дамыту ке-
зінде ойын - оқу іс-әрекетінде ен
негізгі орын алады.
Мысалы: заттарды қарау, сурет
қарау, жұмбақ шешу және құрастыру,
саяхат, ойын сабақтарын ұйымдас-
тыра отырып балалардың сөздік
қорларын дамытамын. Ойын ұйым-
дастыру кезінде өзім жетекші бола
Мухамжарова Л.,
«Мирас» балабақша
тәрбиешісі,
Өскемен қаласы
Ойын әрекеті арқылы
балалардың тіл білімдерін дамыту
54
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
отырап, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін
сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға ба-
ғыттаймын, заттың атын немесе қасиетін есінде
сақтап қалуға, ойынға деген қызығушылықтарын
арттыра отырып, зейіндерін, қиялдарын дамытуға
тырысамын. Мен өзім тәрбиелеп отырған «Ақ-
марал» орта тобында өткізген әдістеріме тоқталар
болсам, бұл әдістер балалардың ақыл-ойлары мен
қиялдарының, тілдерінің дамуына ықпал етеді.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, та-
биғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы,
«Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да атын ата»,
«Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты
тап», «Суреттерді есте сақта», «Керекті фигураны
тап», «Қызықты геометрия», «Лабиринт ойында-
ры» және т.б. көптеген ойындар ойнатамын.
Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалға-
сын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени
шығармашылық. Саусақ ойыны саусақтардың кө-
мегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-
тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ
ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпы-
нысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығар-
машылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын
ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар
мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстар және
ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың
қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шатта-
нады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үй-
ренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып есін-
де сақтайтын болады. Саусақ ойынын бала-
бақшада және үй жағдайына әсерлі, көңілді түрде
ұйымдастыруға болады. Мысалы: «Саусақтар сә-
лемдеседі». Сонымен бірге халық арасында кеңі-
нен тарап жүрген «Қуырмаш» ойын да саусақтар-
дың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. Бала-
лар осындай саусақ ойынын ойнай отырып өлең
шумағын қызыға айтады.
Мысалы: «Моншақ».
«Қызыл сары, көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ».
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағы мен сұқ
саусақтарының ұшын түйістіре отырып моншақ
тәрізді бейнелейді әрі оларды тізбектеп жасау-
балалар үшін өте қызықты әрекет,қол бұлшық етін
дамытуға үлкен көмегін тигізеді.Сонымен саусақ
ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақта-
рының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің
жетілуімен бірге олардың сөйлеу тілі мен ойлау
қабілеттері дамитын болады және кейін жазу
шеберлігін ойдағыдай меңгеруге дайындайды.
Ал, «қатынас» саласы бойынша балалардың тіл-
дері тезірек жетілсін деген мақсатпен әртүрлі
санамақтар, өлең тақпақтар қолданамын және
театрландырылған, рольдік, дидактикалық ойын-
дарды ойнатамын. Санамақты сызба-тірек арқылы
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
55
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
үйретудің маңызы өте зор. Бала санамақты жаттай
отырып, тек тілдік қоры дамып, молайып қана
қоймайды, сонымен қатар, қарапайым математика-
лық түсініктерін қалыптастырады, балалардың
қиялдау қабілеті артады! Мектепке дейінгі жасөспі-
рім баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне байланысты
мақсаттарды шешуде сахна, театр ерекше рөл
атқарады. Көңілді театр: Бұл көңілді театрын көбі-
не көркем әдебиет оқу іс-әрекетінде пайдаландым.
Мен осы тәсілді пайдаланып екінші кіші тобында
«Үйшік», «Бауырсақ», «Шалқан», «Мақта қыз бен
мысық» ертегілерін өткіздім. Осы ертегілерді сом-
дау барысында балалар жан-жануарлардың жүріс-
тұрысын, мінез-құлқын рольдерге ене ойнады. Бұл
ұйымдастырған іс-әрекет қызықты да, әсерлі
болды. Нәтижесінде балаларды ауызбіршілікке,
достыққа, татулыққа үйретеді.
Яғни, театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытыл-
мас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талға-
мын, қиялын дамытады.
Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген
көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театр-
ландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады.
Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-
әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын
арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік
жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да,
театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері
үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.
Балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды
рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы
жүргізілуде.
- театрландырылған қойылымдар арқылы бала-
лар тілін дамыту;
- сөздік қорларын байыту;
- ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға
үйрету;
- кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақ-
тарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра оты-
рып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөл-
дерді түсініп ойнауға үйрету;
Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі
нәтижелерге қол жеткізіледі:
- балалар тілі дамиды;
- сөздік қорлары толығады;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
- дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары
қалыптасады;
- театр өнеріне қызығушылықтары артады.
Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сый-
лайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуімен
қиялын дамытады.
Көңілді театрында арнайы алдын ала жасалған
қолға, саусаққа киетін кейіпкерлер қолғабының
көмегімен өткіземін «Үйшік» ертегісінде байла-
нысты жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек
қоян, жылмаң түлкі және де қорбаңдаған аюды
жасадым. Бұл ұйымдастырған іс-әрекет қызықты
да, әсерлі болды. Нәтижесінде балаларды ауызбір-
шілікке, достыққа, татулыққа үйретеді.
Бала тәрбиесінде театрдын алатын орны ерек-
ше. Қуыршақ театры баланың дүние танымын
қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар
әртістермен бірге күліп, бірге жылап отырып,
өздерінің тілдерін дамытады, себебі балалардың
қолдары, саусақтарының жетілуі орталық мидың
дамуына әсер етеді. Ата-аналармен бұл тақырыпта
көптеген жұмыстар жүргізілуде. Ата-аналарға
қабылдау бөлмесінде арнайы сенсомоторика
бойынша «Мектеп жасына дейінгі баланың ойын
барысында сенсомоторлық қабілеттерін дамыту-
дың әдістері мен түрлері» атты тақырыпта стенд
жасалды. Топта «Ертегілер әлемі» атты балаларға
арналған окулықтар бұрышын жасап, «Балаға кітап
сыйла атты» акция ұйымдастырдық. Акция өту
кезіңде әр ата-ана қолынан келгенше көмектерін
аямады. Ұсақ қол моторикасын дамыту және
қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығу-
лар, санамақтар, бала жан-жақты дамуына әерін
тигізетін ойын түрлерінің қаншалықты маңызды
болып саналатыны туралы кеңес бұрыштарын да
дайындадық.
Өз тәжірибемде тәрбиешілерге саусақ ойында-
рын, сергіту жаттығуларын, барлық ұйымдасты-
рылған оқу іс-әрекеттерін үнемі пайдалануды
ұсындым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл,
қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды.
Қолданылған әдебиеттер
1. Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары. –
М.: 1991.
2. Дүйсенбай Е. Санамақ. – А.: «Ана тілі», 1996
3. Интернет ресурстары
4. «Бала мен балабақша» журналы
5. «Айгөлек» журналы
6. Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. - Алматы: «Рауан»19915
7. Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. – Алматы: 1992
56
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
Д
ені сау ұрпақ тәрбиелеу ата-
ана мен балабақшаның басты міндеті.
Баланың
денсаулығын
нығайту,
сауықтыру шараларын дер кезінде
жүргізіп отыру, дені сау ұрпақты
қалыптастырудың бірден-бір қайнар
көзі. Ол үшін ата-ана мен педагог
үнемі тығыз қарым-қатынаста бола
білгені жөн. Ата-ана мен педагог
үнемі тығыз байланыста болып
отыруына көмекші құралдың бірі, ол -
ата-аналарға арналған
денсаулық
ақпараттық бұрышы.
Баланы кішкентай кезінен бастап,
ата-аналар да, балабақша тәрбиеші-
лері де балалардың спортқа деген
қызығушылығын оятып, оларды жан-
жақты баулиды. Бірлесе отырып бала-
ның денсаулығын нығайту жұмыс-
тарына атсалысады. Балабақшадағы
балалардың денсаулығын нығайту
және сауықтыру жұмыстары жылдың
басында бекітілген жоспарға сай
жүргізіледі. Балабақшада балалармен
тек қана дене шынықтыру сабақта-
рынан басқа да балалардың денсаулы-
ғын сауықтыру, шынықтыру жұмыс-
тары атқарылып келеді. Сонымен
қатар ата-аналарды отбасы жағда-
йында баланың денсаулығын нығайту
жұмыстарын жүргізуге шақыру да
балабақшада жолға қойылған үрдіске
сай атқарылып келеді. Бұл ата-анамен
балабақша арасындағы атқарылатын
шаралардың барлығы баланы ынта-
ландыруға арналады.
Егер ата-анамен педагог баланы
дұрыс ынталандыра білсе баланың
спорттық шараларға деген көзқарасы
жақсарады. Сол үшін ата-аналарды
балабақшада болып жатқан жағдай-
лармен ақпараттандыру үшін ата-ана-
ларға арналған кеңестер мен сайыс-
тардан бөлек ата-аналарға арналған
ақпараттық бұрыштардың берері де
мол. Топ бөлмесіндегі ақпараттан-
дыру бұрышындағы дене шынықтыру
бөлімін сан түрлі бағытта ұйымдас-
тырып, безендіруге болады.
Балабақшада өткен спорттық
сайыстарда жақсы көрсеткіш көрсет-
кендерді қолдап, қолпаштап отыру
керек. Егер бала, өзінің алысқа секір-
гендігінің арқасында «Біздің олим-
пиада жеңімпаздары» деген қабырға
газетіне суретінің шығатынын немесе
ілінетінін білсе, ол бұдан да жоғарғы
көрсеткішке ие болуға тырысады.
Өзін мықты әрі күшті жағынан көр-
сетіп, оны ата-анасына мақтаныш
сезіммен айту әр балаға тән қасиет.
Ал осы кезде ата-ана өз тарапынан
оның жеткен жетістігіне бірге қуана
білу керек.
Жетістіктерді ілу тақтасынан бас-
қа, «қалай шынығуға болады? қандай
спорттық жаттығулар қажет?» - деген
ақпарат көзін ілетін бұрыштың да
болуы керек. Бұндай бұрыштар ата-
аналар үшін өте пайдалы, өйткені
олар бұдан қызықты әрі танымдық
ақпаратты ала алады.
Бала үшін балабақшаны таңдау
кезінде, әрбір ата-ана кәсіби педагог-
тардың тәжірибесіне басты назар ау-
дырып, баланың білім мен пайдалы
істерге қол жеткізу мүмкіндігіне
жағдай жасайды. Ақпаратты тарату-
дың бір түрі – балабақшадағы ақпа-
раттық бұрыштар болып табылады.
Бұндағы ақпараттар тәрбиелеу мен
үйрету сипатында болып кездеседі.
Сондай-ақ, балабақша қабырға-
сындағы бұл бұрыштарды – көз тарта-
тындай етіп безендірудің себебі,
кішкентай бала өзі оқи алмайтын-
дықтан балаға жақын сурет түрінде
берілген ақпаратты жақсы қабыл-
дайды. Ата-анасымен бірлесе отырып
берілген ақпараттың өзіне қатысты
екенін түсінеді. Сонымен қатар
тәрбиешінің көмегі арқылы баланың
Исабаева А.,
№5 «Бала әлемі»
ясли-бақшасының
дене шынықтыру
нұсқаушысы
Бала денсаулығын нығайтуда
ата-аналарға арналған ақпараттың маңызы
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
57
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
есінде қалып, санасында қалыптасуына ықпал
жасайды.
Баланың денсаулығын нығайтуда және
сауықтыруда ата-ана балабақшада өткізіліп жатқан
шаралардан хабардар болып отыруы қажет.
Мәселен балабақшада баланың денсаулығын
нығайту үшін тек қана дене шынықтыру
сабақтарынан басқа да шаралар көп атқарылады.
Біздің балабақшада балалардың денсаулығын
сақтау және сауықтыру шаралары үш бағытта
жүргізіліп келеді: емдеу-профилактика, емдеу-
сауықтыру, шынықтыру шаралары.
Жыл бойына балалардың өмірін қорғау және
шынықтыру мақсатында балабақша қызметкерлері
балаларға қолайлы психо-физикалық жағдайлар
туғызуға тырысты. Атап
айтар болсақ, күн тәртібін
сақтау, таза ауадағы серуен,
топ бөлмесін кварцтау, ба-
лалардың белсенді қимыл-
қозғалысына көңіл аудару
сияқты шаралар үнемі жүр-
гізіліп келеді. Балалардың
көтеріңкі көңіл-күйлері,
тәбеттерінің жақсы болуы,
тыныш ұйықтауы үнемі
басты назарда.
Балалардың физика-
лық даму қалпын үнемі бақылауда ұстап отыру
үшін антропометриялық бақылау жүргізіледі. Ол
бөбекжай топтарда жылына төрт рет, ал мектепке
дейінгі топтарда жылына 2-рет жүргізіледі.
Балалардың денсаулығын нығайту және емдік-
алдын алу шараларын жүргізу үшін арнайы жүйе
құрылып, сол бағытта жұмыс жасайды. Осы
атқарылып жатқан жұмыстар ата-аналарға мәлім
болу үшін және ата-аналар отбасы жағдайында осы
аталған шараларды жалғастыруы үшін ақпараттық
бұрыштар жұмыс жасайды. Ақпараттық бұрыш-
тарды ұйымдастыруда төмендегідей талаптар
қойылды
Ақпараттандыру бұрышында негізгі есепке
алынуы керек мәселелер:
- балалардың денсаулығына қатысты ақпарат
болуы керек;
- балалардың қызығушылығына қатысты спорт
түрлерін насихаттау (қыздар, ұлдар) керек;
- топтың денсаулық даму картасының
динамикалық есебі көрсетілуі керек;
- дене шынықтыру бұрышында отбасы
жағдайында ойналатын ойындар мен жаттығулар
түрлерін насихаттау керек.
Келесі мәселе ата-аналардың назарына
ұсынылатын жаттығу түрлері де насихатталуы
керек.
Әр топта өткізілетін жаттығуларға қысқаша
мысал келтіре кетер болсақ
І кішкентайлар тобы
ЖДЖ (сылдырмақпен жасалады)
1. «Сылдырлат»
Бастапқы қалып; аяқ иық мөлшерде, бір
қолымызда сылдырмақ, қолымыз төменде.
1-қолымызды жоғарыға көтеріп сылдыр-
латамыз,
2-қолымызды төмен түсіріп,
сылдырмақты екінші қолға
ауыстырамыз,
3-екінші қолымызбен сылдыр-
латамыз,
4-қолымызды төмен түсіріп
б.қ келеміз (3-4 рет).
2. «Көрсет»
Б.қ екі қолымызда сылдырмақ,
қолымызды иыққа қоямыз,
1-отырамыз, екі қолды алдыға
созып, сылдырмақты сыл-
дырлатамыз,
2-тұрамыз, қолымызды сыл-
дырмақпен артқа қоямыз.
(3-4 рет).
АҚПАРАТТЫҚ БҰРЫШҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
АТА-АНАЛАРДЫҢ
КӨРІП ТАНЫСУЫНА
ЖАҚЫН ЖЕРДЕ
ОРНАЛАСУЫ
ҚАЖЕТ
АҚПАРАТ
АТА-АНАЛАРДЫ
ҚЫЗЫҚТЫРА-
ТЫНДАЙ БОЛУЫ
ШАРТ
АҚПАРАТТЫҢ
СОЛ ТОПТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ
САЙ БОЛУЫ
«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАЖЕТ
ЖАЛПАҚ
ТАБАНДЫЛЫҚТЫҢ
АЛДЫН АЛУҒА
АРНАЛҒАН
ЖАТТЫҒУЛАР
ТЫНЫС ДЕМ
ЖАТТЫҒУЛАРЫ
БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ
НЫҒАЮЫНА
АРНАЛҒАН ЖЕКЕШЕ
ШЫНЫҚТЫРУ
ЖАТТЫҒУЛАРЫ
АТА-АНА КҮНДЕЛІКТІ ҚАНДАЙ ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІНЕ КӨҢІЛ
БӨЛУІ ҚАЖЕТ
58
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№2 (58) 2015
3. «Айналу»
Ішімізге жатамыз, қолымызды сылдырмақпен
алдыға созамыз,
1-арқамызға ауысамыз,
2-б.қ келеміз. (3-4 рет).
4. «Секіру»
Б.қ аяқ иық мөлшерде, екі қолымызда сыл-
дырмақ, қолымызды кеуде тұсында ұстаймыз,
орнымызда тұрып екі аяқпен секіреміз. (5-6 рет).
ІІ кішкентайлар тобы
(доппен жасалады)
1. «Жоғарыға көтерілу»
Б.қ аяқ иық мөлшерде, қолымыз доппен төмен.
1-қолымызды жоғарыға көтереміз,
2-қолымыз төмен түсіріп б.қ келеміз. (3-4)рет.
2. «Бұрылу»
Б.қ аяқ иық мөлшерде, қолымызды алдыға
созамыз.
1-оңға қарай бұрыламыз
2-б.қ келеміз
3-солға қарай бұрыламыз
4-б.қ келеміз.(3-4) рет.
3. «Допты көрсету»
Негізгі түрі: 1-алдыға иіліп, допты жерге
тигіземіз, тізені бүгпейміз,
2-б.қ келеміз. (3-4) рет.
4. «Иілу»
Н.т 1-алдыға иіліп, допты жерге тигіземіз,
тізені бүгпейміз,
2-б.қ келеміз. (3-4) рет.
5. «Секіру»
Н.т қолымыз төмен. Орында тұрып секіру.
(4-5) рет
Ортаңғы топтар
(жалаушамен жасалады)
1. «Қолға арналған»
Б.қ аяқ иық мөлшерде, қолымыз жалаушамен
төмен.
1-қолымызды жалаушамен алға созамыз,
2-қолымызды жоғарыға көтереміз,
3-қолымызды жанға созамыз,
4-қолымызды төмен түсіріп, б.қ келеміз. (4-5
рет)
2. «Бұрылу»
Б.қ аяқ иық мөлшерде, қолымыз жалаушамен
төмен.
1-қолымызды алдыға созамыз,
2-солға қарай бұрыламыз,
3-оңға қарай бұрыламыз,
4-б.қ келеміз. (4-5 рет)
3. «Иілу»
Б.қ аяқ иық мөлшерде, қолымыз жалаушамен
төмен.
1-қолымызды жоғары көтереміз,
2-солға иілеміз,
3-оңға иілеміз,
4-б.қ келеміз. (4-5 рет)
4. «Отырып-тұру»
Н.т екі аяқ бірге, екі қолымыз жалаушамен төмен.
1-отырамыз, қолымызды алдыға созамыз
2-б.қ келеміз. (4-5 рет)
Достарыңызбен бөлісу: |