ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
23
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№3 (59) 2015
XXI ғасыр мұғалімі қандай болу
керек? Бұл жайлы аз жазылып жүр-
ген жоқ. Үздіксіз оқуға көшудің
обьективті қажеттілігі дәлелденген
қазіргі кезеңдегі ақиқат: «өмір бойы-
на білім» формуласын «өмір бойы
білім алу» формуласымен алмастыру-
дың қажеттілігі мойындалды. Осыған
орай білім берудің барлық деңгейінде
бейімделген орта қалыптастыру қа-
жеттігі туындайды.
Үздіксіз білім алудың маңызы
даму үстіндегі тұлғаның және қоғам-
да жұмыс істеуіне мүмкіндік беру,
қажеттілігін қанағатттандыру және
әркімнің білім алудағы өз жүйесін
қалыптастыруға мүмкіндік беру бо-
лып табылады. Білім беру ұйымда-
рындағы балалар үшін басты тұлға -
педагог. Өзгеріс шын мәнінде өнімді
болу үшін мұғалімнің ғылыми-әдіс-
темелік ойлауын қалыптастыру бағы-
тында жұмыс істеу педагогтің маман-
дық құзырлылығын қалыптастыру-
дың бір жолы.
Педагогтің біліктілігін арттыру
проблемасы педагогикалық үрдістің
субьектісі ретінде соңғы кездері
ғалымдар мен практиктердің үлкен
қызығушылығын тудыруда. Педагог-
тердің біліктілікті арттыру инсти-
туттарында дәрістік білім алатын
академиялық курстарды өткізудің
тиімсіз екендігі қазір белгілі болды.
Бүгінде білім беру жүйелеріне бас-
қару менеджментінің қазіргі ұста-
нымдарын есепке алу кезеңі келді,
яғни: «Қызметкерлердің инициати-
валары мен өздік түрткісін дамытуға
арналған мәдени және ұйымдас-
тырылған оқу ортасын қалыптастыру
керек».
Білім берудегі кадрлармен әдісте-
мелік жұмыс – білім берудегі маңыз-
ды міндеттердің бірі. Педагогтерді
басқару аспектісіне тартуда әдісте-
мелік қызмет көрсету мекемелері
шешетін мәселелер туындайды. Сол
себепті педагогтерді үздіксіз маман-
дыққа үйретудегі атқарылып жатқан
жұмыстардың тиімділігін анықтау
маңызды болып табылады.
Оның барысында келесі міндеттер
шешіледі:
- педагогтың мамандық шеберлі-
гін шыңдауда біліктілікті арттыру-
дың маңызын айқындау;
- біліктілікті арттырудың неғұр-
лым тиімді тәсілдерін анықтау;
- мекеменің мамандық шеберлікті
арттырудағы әдістемелік жұмыс-
тарын көрсету.
Ересектерді оқыту мемлекеттік
маңызға ие екені мәлім. «Қазіргі
әлемде ересектерге білім беруге
адамға халықтың өміріне халықтар
мен ұлттардың өміріне толықтай
араласуы, өзінің жеке тұлға екенін,
нақтылауға, саяси және экономи-
калық, интеллектуалдық қабілеттерін
және дағдыларын дамыту мүмкін-
дігін тудырады».
Адамдардың білім алуға деген
мүмкіндігі бірдей емес. Жылдан
жылға артып жатқан ғылыми ақпа-
ратты меңгеру мүмкін еместігі және
бар. Уақыт өте келе білім ұмытылуы
мүмкін, бірақ ол мүлде жойылып
кетпейді, қайта жаңғырады және осы
білім келесідей жеке мінез-құлықты
қалыптастырады: талдау мәдениеті,
дәлелдей алу, эмоция, эстетикалық
талғам, сөйлеу, өзін ұстауы. Бұл жеке
қасиеттер тікелей оқушыларға беру
үшін мұғалімге аса қажет. Тек педа-
гогтердің жаңа құзыреттіліктерді
меңгеруі білім мекемелерінде білім-
дегі жаңа сапаға қол жеткізуге, ал
оқушыларға білімдегі жаңа жетістік-
терге жетуге мүмкіндік береді.
М. Алпыспаева,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ
филиалы ШҚО бойынша
ПҚ БАИ-дың
ҒЖ( Г)ПОӘжИТ
кафедрасының
аға оқытушысы
Мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы
үздіксіз білім берудің маңызы
24
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№3 (59) 2015
Осылайша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру моделін анықтайды. Ғалымдар
біліктілікті арттырудың проблемаларын әртүрлі
аспектілерде қарастырады. Солардың кейбіреуін
қарастырсақ:
- біліктілікті арттырудың кадрлардың психо-
логиялық қайта құрудың әсері (И.В. Блауберг,
А.Ю. Панасюк, Э.Г. Юдин);
- мамандық құзырлылықтарды қалыптастыру
(Т.Г. Браже, Н.В. Кузмина, Г.Н. Сериков);
- педагог кадрлармен жұмыс (В.И. Зверева,
Т.И. Шамова);
- педагогтердің біліктілігін арттырудағы
тәжірибе және оның Батыстағы даму тенденциясы
(Е.Б. Лысова).
В.В. Краевский біліктілікті арттыру – бұл
базалық мамандығы бойынша қосымша білім алу
және білім алу негізінде өз әрекетіне ой жүгірту
және мамандық дағдыларын дамыту деген.
Білім беруді модернизациялау жағдайында
біліктілікті арттыруда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану
барлық педагогтерді белсенді педагогикалық
әрекетке тартуға мүмкіндік береді.Тіпті мақсатты
нақты анықтау да педагогтердің біліктілігін артты-
рудағы проблеманы шешпейді. Мұнда педагогтер-
дің қызығушылығы мен қажеттілігін қанағаттан-
дыруға не қажет екенін анықтаудың маңызы зор.
Білім мекемелерінде мақсатты бағытталған,
пәндік және мазмұндық әдістемелік жұмыс бір-
тұтас жүйеге айналғанда ғана педагогтың маман-
дық өсуі жүзеге асады. Біліктілікті артыруда мұға-
лімнің өзіндік дамуының маңызы зор. Ғалымдар
өздік білім көтерудің төрт түрін ажыратады:
- мамандық;
- тұрмыстық;
- танымдық;
- өздік білім көтеру – өзін жүзеге асыру.
Педагогтердің инновациялық әрекеті пе-
дагогтің жеке педагогикалық жүйесінің міндетті
құрамдасы болып табылады және зерттеу жұмы-
сына ұласады. Бұл педагогтің өз жұмысын қайта
қарауға және дәстүрлі орындаушылық әрекеттен
шығып, оның орнына проблемалық іздену, реф-
лексивтік аналитикалық сипатқа көшуіне, қоғам-
ның сұранысына сай болатындай және жеке бастың
дамуына ықпал ететіндей болады. Педагогикалық
ұжымда жаңа педагогикалық білімге, педагогтың
білім және әлеуметтік функцияларын өзгертуге
әкеледі. Мамандық педагогикалық құзырлылықты
басқару – білімді модернизациялау жағдайында
инновациялық үдерісті басқару ретінде қарасты-
рылады.
Педагог білім беру үдерісіндегі басты тұлға
болып табылатындықтан, оның біліктілігі, жеке бас
қасиеттері және мамандық сапасы көптеген
проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады.
Біліктілікті арттырудағы басым бағыт міндеті:
мұғалімдердің жекелей ресурстарын дамыту,
мұғалімдердің танымы мен өзін-өзі өзгертуге
бағытталған оқытуды енгізу. Оны жүзеге асыру
үшін жекелей жетекшілік, коучинг, мамандық-
модельдеуші тренингтер арқылы және мұға-
лімдердің сабақтарына қатысуға, олардың жаңа
идеяларын жүзеге асыруға көмектесе алатын
мамандар командасын ұйымдастыру. Бұл «мұға-
лімдердің шығармашылық зертханасын» ұйымдас-
тыру қызметін атқарады. Бұл ұсыныстың мәні
белгілі бір уақыт аралығында мұғалімдер, әдіс-
керлер жиналып мұғалімдердің мамандық да-
муының мазмұндық-ұйымдастырушылық аспекті-
лерімен танысады. Осылай мұғалімдерді білікті-
лікті арттыру курстарына тартуға болады.
Шебер мұғалім - педагогикалық технология-
ларды жете меңгерген, жоғары моральдік, ин-
теллектуалдық, әлеуметтік-маңызды қасиеттер иесі
болуы тиіс. Бұл орайда еліміздегі біліктілікті арт-
тыру курстары педагогтерге тек қосымша білім
беріп қана қоймай, олардың таным белсенді-
ліктерін арттыруға, шығармашылық ізденуге,
жекелей өсуге бағыттауда.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы, Астана.2010.
2. Захарова И.М. Обоснование направлений совершенствования систем дополнительного образования в
условиях экономики знаний [Электронный ресурс]. Режим доступа: http://www.ogbus.ru/authors/Zhaha rova/
Zhaharova_1.pdf
3. Фрумина Е.Л. Непрерывное образование для педагогов: модели и особенности // Непрерывное образование в
политическом и экономическом контекстах / Под ред. Г. А. Ключарев. М.: ИС РАН, 2008. С. 274-292.
4. Бабкина, Т. А. Возможно ли воспроизведение образцов педагогической деятельности? [Текст] /
Т.А. Бабкина // Педагогика, 2000.- №5.- С. 23-27.
5..Бирюкова, Н. А. Организация профессионального развития учителя: опыт США [Текст] / Н. А. Бирюкова //
Методист, 2005.-№5.- С. 5-8.
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
25
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№3 (59) 2015
Б
ілім саласындағы түбегейлі
өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкер-
шілікті және кәсіби біліміндегі жаңа-
шылдықты талап етеді. «Балаларды
емес, алдымен ересектерді оқыту –
әлемді күйреуден сақтайды» демекші,
бүгінгі білім беру жүйесіндегі басты
жаңалық – мұғалімнің жаңаша фор-
матта білімін жетілдіру.
Мен үшін басты өзгеріс еліміздің
білім беру жүйесіндегі мақсаттардың
бірі - әлемдік білім беру жүйесіне ену,
әлемдік озық технологияларды пайда-
ланудың тиімді жолдарын іздену,
шығармашылықпен жұмыс істейтін,
дарынды тұлға қалыптастыру. Ақпа-
раттық технологияның дамуы білім
сапасының артуына жол ашуда.
Осындай заман талабына сай мақсат-
тар мен міндеттерді орындау үшін
мұғалімдерге тынымсыз ізденіс пен
озық технологияларды игеру қажет-
тігі туып отыр.
Алғаш білім жетілдіру курсына
келгенде, үшінші (негізгі) деңгейлік
курс бағдарламасымен, бағдарлама-
ның 7 модулімен танысқанда бұрын-
соңды кезіктірмеген жаңашылдықты
байқап, ерекше қызығушылық таныт-
тым. Осынау ұзақ мерзімді, озық ой-
лы, инновацияға тұнып тұрған үшінші
(негізгі) деңгейлік курс бағдарлама-
сының жаңашылдығын түсініп, аса
жауапкершілікпен қарауға тырыстым.
Тәуелсіз мемлекетіміздің басты
құндылығы – білімді адам. Әрбір
оқушының жоғарыдан көрінуі ұстаз-
дың арқасы. Мұғалім балаларға білім
беріп қана қоймай, өмірге дұрыс
жолдама беріп, бағыт-бағдар көрсе-
теді. Осы курсты оқығаннан кейін
өзімнің бойымдағы басты өзгеріске
себепші тренерлерім Майгүл Кеңес-
бекқызы мен Гүлмира Ыдырыш-
қызынан интербелсенді әдіс-тәсіл-
дердің мол қорымен сусындап, мең-
геруім деп ойлаймын.
Кезінде өзім де репродуктивті
оқыту арқылы білім алғандықтан,
дәстүрлі оқытудың барлық кемшілік-
терін анық білемін. Дәстүрлі оқытуда
сыныптағы белсенді төрт, бес оқушы
ғана жұмыс жасайды. Қазір екі деген
баға қойылмайды, сондықтан үлгерімі
төмен оқушылар - «Әйтеуір үшімізді
аламыз», - деп соңғы парталарда қо-
ңырауды тосумен болады. Осындай
құбылыс күнделікті қайталана береді.
Оқушылар мұғалім оқы десе оқып,
жаз десе жазып қана отырады. Ал
Б. Токбаева,
Жамбыл атындағы
орталау мектебінің
математика пәні мұғалімі,
Жамбыл ауылы,
Зайсан ауданы
Білім берудегі жаңа бетбұрыс
26
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№3 (59) 2015
сындарлы оқытудағы жеті модульді қамтитын
әртүрлі әдіс-тәсілдер оқушылардың қызығушы-
лығын оятады, ынтасын көтереді, еркін сөйлеуге,
өз ойын жеткізуге үйретеді, бірін-бірі оқытуға,
топпен жұмыс жасауға, болжам жасай алуға
үйретеді. «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын,
көрсетсең - есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң -
үйренемін!», - деген Конфуцийдің сөзімен толық-
тай келісемін. Сондықтан, менің ойымша, оқу-
шылардың бірін-бірі оқытқаны өмір бойы
естерінде қалады және іс-тәжірибесінде қолдана
алады. Дегенмен, алғашында оқушыларымды
топпен жұмыс істеуге дағдыландыра аламын ба
деген күмәнім сейіліп, аз уақыт ішінде қол
жеткізген елеулі жетістіктерім өзімді де қуанышқа
бөледі. Тіпті, сыныптағы барлық оқушылар топпен
жұмыс жасауға ынталы. Әрдайым берілген тап-
сырмаларды белсенділікпен орындайтын болды.
Топ басшыларын сайлау арқылы сыныптағы
оқушылар өздерін тереңірек таныта бастады.
Берілген тапсырмаларды тиянақты орындап,
оқушылардың барлығы да біркелкі жұмыс атқарып
отырды. Жалпы айтқанда, оқушылардың сабаққа
деген көзқарастары өзгере бастады.
Ғылыми-зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің
маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен
Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта
oқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,
олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қоса-
тындығын атап көрсетеді. Мен бұл курсқа келгенге
дейін математика сөз сабағы емес, нақты ғылым, ең
басты есеп шықса болды деп ойлайтынмын. Ал
есепті тек жақсы оқитын балалар ғана шығара
алып, үлгерімі төмен оқушылар есепті шығара
алмай, сол оқушылардың көлеңкесінде қалып
қоятын. Мен енді оқушылармен тек әңгімелесу
арқылы, есептің шығарылу жолын талқылап, оның
күнделікті өмірмен байланысын анықтай отырып,
пәнге қызығушылығын арттырамын деп шештім.
Мысалы: «Координаталық жазықтық» тақы-
рыбында нүкте, координата, абсцисса, ордината,
график деген математикалық терминдер кейбір
оқушыларды мүлде қызықтырмайтын, сол тақы-
рыпты өткен кезде ғана уақытша есте сақтап,
артынан ұмытып қала беретін. Сондықтан мен бұл
тақырыпты өткенде күнделікті өмірмен байла-
ныстырып, әрбір нүктені аспандағы жұлдыздар, ал
оларды қосқанда шығатын графикті шоқжұл-
дыздардың кескінімен алмастырғанда, сол оқу-
шыларды селт еткізіп, олардың тақырыпқа деген
көзқарас-қызығушылығы пайда болғанын көрдім.
Сол сияқты «Осьтік симметрия» тақы-
рыбында осьтік симметриялы фигуралармен қатар,
бізді қоршаған табиғаттағы симметриялы денелерді
анықтатуда оқушылардың қызығушылығы мүлдем
басқадай десем болады. Оны «Е» есімді оқу-
шымның: «Мұғалім, сонда «симметрия» дегеніміз -
әсемдік екен ғой, айналамыздағы заттар симмет-
риялы болмаса қандай жаман болар еді? Адам
денесінің өзі симметриялы, әйтпесе бәріміз құбы-
жық болар едік қой» деген сөзінен байқап, оқу-
шыларымның пәнге деген көзқарасының өзгер-
генін түсіндім.
Бағдарлама мазмұнына кіріктірілген 7 модуль-
де, оқушылардың өз бетінше ізденіп, білімді дайын
күйінде емес, білімге интербелсенді әдістер арқы-
лы жететінін ұқтым. Қай модульді алсам да, бір-
бірін толықтырып, бір-бірімен тығыз байланысты
екенін түсіндім. «Оқушыға оңай есептер берсе, ол
зерігеді, ал қиын есептер берсе - селқостық пайда
болады», - бұл сөздерден «Оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулін
айқындауға болады. Бұл модульді кіріктіру үшін
қолданылатын әдістер арқылы «Талантты және
дарынды балаларды оқыту», «Оқытуды басқару
және көшбасшылық» модульдерін ықпалдастыруға
болады.
«Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл
емес, мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде
баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын
кез-келген нысанның артында объективті емес
нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ
баланың дамуы, оқу және ынтасы туралы түсінік,
сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және
күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар
жатады» [Александер 2001]. Маңыздылығы жағы-
нан басқалардан кем емес өзгеріс, ол бағалау.
«Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді
бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда
табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді
бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда
тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған
білімдерін есте сақтау қиындық тудырады, тестіден
немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып
қалады» [1, 33 б] дегендей сабақты жоспарлаудағы
өзгерістердің тиімділігі жоғары деп есептеймін.
Өйткені қысқа мерзімді сабақ жоспары тақы-
рыптың мазмұнына бағытталмайды, сабақтың құ-
рылымына бағытталады. Дәстүрлі оқытуда көбі-
несе сабақтың мазмұнына көңіл көп аударылады
да, тақырыптық жоспарда мәтінді көшіру, есепті
көшіру көп уақытты алады. Орта мерзімді жос-
парлаудың тиімділігі ұзақ мерзімге жасалған-
дықтан көрнекі құралдырды, ресурстарды дайын-
дап алуға мүмкіндік болады.
Тағы бір айта кететін өзгеріс - реттелушілік
болып табылады. Іс-тәжірибемдегі сабақтарымды
өткізуде әрбір сабақ кезеңіне келгенде қысқа
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
27
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№3 (59) 2015
мерзімді сабақ жоспарыма үнемі қараумен болдым.
Яғни, сабақтың құрылымы бұзылмас үшін жағдай
жасап отырдым. Әсіресе, әдіс-тәсілдер, мұғалім
мен оқушы әрекеттеріне ерекше мән бердім. Тіз-
бектелген сабақ жоспарымда қандай реттілік
байқалса, соған сәйкес әрекеттерім де реттелді. Ал
дәстүрлі оқыту кезінде тақырыптық жоспарыма
сирек үңілетінмін, өйткені барлығы жаттанды
түрде, бір сарынмен автоматтандырылған болатын.
Оқушыларымда да топтық жұмысқа деген
бірсыпыра реттелушілік байқадым. Іс жүзінде
көріп жүргеніміздей дәстүрлі оқу жағдайында
оқушылар бір-бірінен көмекті өте сирек сұрайды.
Ал топтық жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне
көмектесе жұмыс істеуге дағдыланады. Бірінің
білмегенін екіншісі толықтырып көпшіл болуға
тәрбиеленеді. Өз ара қарым-қатынастары нығая
түсті. Оқушылардан байқаған тағы бір өзгеріс
көшбасшылыққа деген ұмтылыс және қиын-
дықтарды жеңуді үйренуі. Өзіне деген сенімділігі
артты, сабаққа келгенде көңілді, қызығушылықпен,
ынта-ықыласпен келетін болды. Өзін-өзі және
сыныптастарын бағалай біледі.
Сыныптағы басқа да оқушылардың сабаққа
деген қызығушылықтарының, белсенділіктерінің
артқанын және білім деңгейілерінің өскендігін
көрдім. Ал сабаққа еш қызығушылығы жоқ,
сабаққа келіп жай ғана тыңдап отырып қана кететін
«С» есімді оқушым постер жасаған кезде басқа
қырынан көрінді. Оның түрлі-түсті қағаздарға
сурет салып, оны қайшымен мұқият қиып жапсыру
жұмыстарымен айналысқанда оның өте епті екенін
аңғардым. Келесі постер жасаған уақытта жақсы
оқитын оқушылардың өзі одан «Бұл жұмысты сен
атқаршы» деп өтінетін болды.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар-
ды әр сабақтарымда үнемі пайдаланып отырдым.
Мұндағы мақсат: оқушылардың көру қабілеттерін
арттыру, қызығушылықтарын ояту, білімге деген
құлшынысын арттыру. Оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығының, ізденімпаздылығының
артқанын байқадым. Мектебімізде интерактивті
тақта жоқ болса да, сабаққа қажетті слайдтар
әзірлеп әкеліп, электронды оқулықтарды пайдала-
нып проектордан көрсету арқылы тығырықтан
шығуға тырыстым. Ал бұрынғы тәжірибемде өзім
түсіндіретінмін, ал оқушылар жауап берумен шек-
телетін. Қазір білімді өз беттерімен меңгере алады,
өзін-өзі және басқаларды бағалайды. Сыни ойлауға
үйренеді, білімге деген дағды қалыптастырады.
Топта жұмыс жасаған оқушылардың ішінен
жеке дара суырылып, өзінің ерекше білімімен,
нақты жауаптарымен, қиын сұрақтарға іздену
арқылы толық өз ойларын жеткізу арқылы да-
рынды және қабілетті оқушылар да көріне бастады.
Әсіресе, деңгейлік тапсырмалар кезінде бірінші,
екінші, үшінші деңгей тапсырмаларын орындаған
оқушылар көшбасшы оқушы ретінде танылады.
Олардың жеті модульді сабақта кірістіре отырып
пайдаланғанда, ойлау, оны айта білу, өз-өздеріне
сыни көзбен қарап, бірін-бірі бағалау арқылы
оқушылардың білімдерін артатынын білдім. Бір-
бірінің пікірін тыңдай отырып, әр-қайсысы өзіндік
пікірлерінде қалып, оны әрі қарай дәлелдеу
мақсатында дамытуға жол ашатындығын түсіндім.
Мектепте өз жоспарымды қолданысқа енгізуге
тырысу кезінде өте маңыздысы – нәтижелерге қол
жеткізу және пән бірлестігін, пән мұғалімдерін
өзіме тарту маңызды болды. Көшбасшылық
қабілетті дамытып, өз ісіме басқа әріптестерімді
тартқаным пайдалы іс деген ойдамын. Жұмыла
көтерген жүк жеңіл дегендей, өз мақсаттарымызға
нәтижелі қол жеткізіп, бірлескен жұмысты сәтті
жоспарлай аламыз.
Аз ғана уақыт ішінде өткен тәжірибелік
жұмыстар барысындағы осы өзгерістердің өзі бұл
жобаның білім беру ісіндегі маңыздылығын көр-
сетеді деген сеніммен айта аламын. Оқушылардың
жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын,
мүмкіндік дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін
біле отырып, білімі мен тәжірибесін қалыптас-
тыратын, қамқорлық көрсете отырып ықпал ететін
және бағдар беретін – көшбасшы мұғалім боламын
деп алдыма мақсат қойдым.
Білгенімді өзгеге үйрете отырып, әріптестеріме
ой тастап, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыр-
сам, сонда ғана бұл өзгерістер мектепте кеңінен
қолдау табады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012
2. ҚР білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
28
Педагогика
Достарыңызбен бөлісу: |