Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата22.12.2016
өлшемі9,72 Mb.
#128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

А. Баирканова
№4 орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиет 
пәні мұғалімі,  
Өскемен қаласы 
Бабалар аңсаған тәуелсіздік  


 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№3 (59) 2015 
мыздың  аяулы  ұлдары  мен  қыздарының  көз  жас-
тары  мен  қанына  суарылған  тәуелсіздік  ұлы  баба-
лардың  арманы  бірнеше  ғасырдан  кейін  орын-
далды.  
Бабалар  аманаты,  тәуелсіздіктің  тағдыры 
Елбасының  мойынында  тұрды.  Елбасы  үшін  ауыр 
жүк  үлкен  сынақ  еді.  Қазақ  деген  халықты 
Қазақстан  тәуелсіз  мемлекетін  бүкіл  әлемге 
танытып,  терезесі  тең  түрде,  өзін  әлемге 
мойындату,  мықты  саясаткер,  қазақтың  біртуар 
перзенті,  тұңғыш  Президентіміз  Н.Назарбаевтың 
тағдырына  жазылса  керек.  Тәуелсіздік  алғаннан 
бері  көптеген  жұмыстар  атқарылды,  алайда  қол 
жеткізілген  нәтижелермен  шектелуге  болмайды. 
Ынтымағы  жарасқан,  бірлігі  берік  халық  ғана 
бақытқа  кенелетіні  белгілі.  Сондықтан  да  әрбір 
қазақстандық  тәуелсіздіктің  қасиетін  барынша 
сезініп,  бостандықтың  әр  азаматқа  жауапкерші-
лікпен  жүктелетінін  азаттықтың  әр  таңы,  жаңа 
міндеттер  ала  келетінін  үнемі  естен  шығармауы-
мыз керек. Ежелден еркіндікті аңсаған әр қазақтың, 
ең  асыл  мұраты  еңселі  ел  болу  еді.  Ежелден  елім 
деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел бол-
мас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді. 
Тәуелсіз еліміз жастарымыздың болашағы үшін  
«Болашақ» бағдарламасын енгізді. «Жастар одағы» 
құрылды,  барлығы  жастардың  игілігі  үшін.Еліміз 
дер  кезінде  патриоттық  тәрбиені  қолға  алды. 
«Тәрбиесіз  берген  білім,  адамзаттың  қас  жауы» 
деген. Сондықтан да біз жастарымызды жан-жақты 
сауатты,  бойына  ұлттық  тәрбиені  сіңірген,  саналы 
азамат  етіп  тәрбиелеуіміз  керек.  Жастарымыз 
тәуелсіздіктің  қадір-қасиетін  біліп,  бағалай, 
қастерлей білуі тиіс. 
Біз  ұрпағымызды  патриот  етіп  тәрбиелеу  үшін 
«Жаужүрек  мың  бала»  сияқты  тарихи  фильмдерді 
көбірек  шығаруымыз  керек.  Бұл  фильм  жастары-
мызға бір серпіліс берді. Ұлттық нақышта берілген 
нағыз  патриоттарды  тәрбиелейтін  кино.  Ол  үшін 
дәстүрімізді, тілімізді, ұлттық рухымызды жандан-
дыруымыз қажет. Бұл үшін тек мектеп мұғалімдер 
ғана емес, бүкіл ел, ата-ана атсалысуы тиіс. Тәрбие 
бесіктен басталады, ананың сүтімен, атаның қаны-
мен  келеді.  Ұлтжанды  ұрпақ  тәбиелеу  үшін  ата-
ананың ықпалы өте үлкен  
Ата-ана  баласына  бір  мезгіл  ұлттық  құндылық-
тарымыз жайлы, салт-дәстүрімізді, үлкенді сыйлау, 
ата-ананы  қадірлеу,  бауырмалшылдық,  бай 
әдебиетіміз, батырлар жыры, хандар, билер жайлы 
білгендерін  айтып  отырса  нұр  үстіне  нұр  болушы 
еді.  Халқымыздан  шыққан  ұлы  адамдардың  бәрі 
ұлттық  тәрбиеден  сусындағандар,  ұлттық  тәрбие-

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 

Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№3 (59) 2015 
ден сусындаған бала еш ұақытта теріс ағымдардың 
жетегінде  кетпейді.  Біраз  жыл  біз  патриоттық 
тәрбиені ақсатып алдық. Оған Жаңа Өзендегі оқиға 
куә.  Жастарымыз  теріс  ағымның  жетегінде  кетіп, 
ішімдікке  салынып,  азғырушылардың  тиын-тебені 
үшін,  туымызды  таптап,  киіз  үйді,  шаңырақты 
ойрандап,  талқандағанда  жағамызды  ұстап,  сол 
жастарға қарап жүрегіміз қан жылады.  
Бір елдің патшасы, ұлы бабамыз Әл-Фарабиден 
елімнің  болашағын  болжап  бер  дегенде,  бабамыз 
«Елімнің  жастарын  көрейін,  жастарына  қарап 
еліңнің  болашағын  болжай  аламын»  деген  екен. 
Қазақта  «Туыңды  құлатпа,  шаңырағынды  шай-
қалтпа»  деген  киелі  сөз  бар.  Біздің  халқымыз  ша-
ңырақты  киелі  санап,  туымызды  жанымен,  қаны-
мен  қорғаған.  Туын  құлатпау  үшін  бабаларымыз 
жан  беріп,  жан  алған.  «Көк  байрағым,  байрағым 
желбіресе  байрағым,  қозып  кетер  қайдағым»  деп 
жыраулар  жырына  қосып,  жауынгерлерді  жігер-
лендіріп, арқаландырып отырған. Осылай бар қазақ 
бір  тудың  астына  жиналған.  Тудың,  шаңырақтың 
қадір-қасиетін  білмегені  жастарымыздың  дәстүр-
ден  қол  үзіп,  ұлттық  рухтан  алыстағаны,  тегін 
білмейтін  жастар  кез  келген  теріс  ағымның 
жетегінде кетеді.  
Патша  үкіметі  отаршылдық  саясатын  жүргізер 
алдында  қазақ  жеріне  жан-жақты  зерттеу  жасады. 
Зерттеушілер  қазақ  халқының  он  үш  жақсы 
қасиетін атап көрсетеді. Соның бірнешеуін мысал-
ға алайын. Бірінші, ата-ананың балаға деген ерекше 
сүйіспеншілігі,  ұрпағы  үшін  өмір  сүретін  халық. 
Екінші,  жастарының  ата-анасын  қадірлеп,  қастер-
леуі,  үлкенді  сыйлау,  ақсақалдарға  құрметі,  елдегі 
мәселелерді  ақсақалар  арқылы  шешуі.  Үшінші, 
салауатты өмір салты, ішпейді, шылым шекпейді.  
Отарлау  саясатының  мақсаты  -  ата-дәстүрді 
жою, тексіз етіп, мәңгүрттендіру. Дәстүрдің бәріне 
ескінің  сарқыншағы  деп  қарату.  Ғасырлар  бойы 
жүргізілген солақай саясат дегеніне жетті.  
Бабаларымыз  қара  шаңырақты,  отбасын 
өмірімнің өзегі, намысым деп санаған. Бір жігіттің 
артында  бір  әулет,  бір  ру,  бір  ел  тұрды.  Бір  жігіт 
бір рудың қамын ойлаған. «Жеті атасын білген жеті 
рудың  қамын  жер,  жеті  атасын  білмеген  жетесіз» 
деген сөз осыдан қалған. Қазақ даласы мен жесірге 
қамқор  болды.  Жетімнің  қамын  бір  ру  болып 
жеген.  Осының  бәрі  қазақ  халқының  ешбір  елге 
ұқсамайтын ерекше құндылығы. Кез келген ұлттың 
өзіне  тән  ерекшелігі,  дәстүрі,  тілі,  діні  бар.  Сол 
ерекшеліктерімен ұлт болып қалыптасады.  
Біздің  басқа  ел  таң  қалып,  тамсанатын  өзімізге 
тән  ерекше  дәстүріміз,  бай  тіліміз,  ұлттық 
тәрбиеміз  бар.  Сөз  қадірін  білген,  сөзге  тоқтаған, 
үлкенді  сыйлау,  ата-ананың  алдын  кеспеу,  бір-
бірімізге  деген  бауырмашылдық,  кең  пейіл 
қонақжайлылығымыз.  Осының  бәрі  қазақ  халқы-
ның  құнды,  баға  жетпес  байлығы,  ұлттық  ерекше-
лігі.  Біз  жастарымызға  тілімізді,  дәстүрімізді 
дәріптей  отырып,  патриоттық  рухта  тәрбиелеуіміз 
керек. Отан. Тіл. Дін. Дәстүр.  Осы төрт қағиданы 
бойына сіңірген ұрпақ ешқандай ағымның жетегін-
де кетпейді. Саналы білімді халықты жаһандану да 
жұта  алмайды.  Халқымыздың,  жастарымыздың 
рухы биік болса, тәуелсіздігіміздің іргесі сөгілмей-
ді. Тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болуы өзімізге бай-
ланысты.  
Бізге  ұлттардың  татулығы,  оның  ішінде  қазақ 
халқының  ауызбіршілігі,  жер-жерге  бөлінбей  жік 
шығармай,  бас  басына  би  болмай,  «Төртеу  түгел 
болса,  төбедегі  келеді,  алтау  алауыз  болса  ауыз-
дағы  кетеді»  Тұманбай  Молдағалиевтің  «Әр  қазақ 
менің  жалғызым»дегені  біз  үшін  ұран  болуы 
тиіс.Бірлік  етіп  тірлік  жасау  керек.  Ұлы  Абайдың 
«Біріңді,  қазақ,  бірің  дос.  Көрмесең,  істің  бәрі  - 
бос»  дегенін  естен  шығармағанымыз  жөн. 
Тәуелсіздігіміздің  болашағы  жастарымыздың  қо-
лында.  Мағжан  Жұмабаев  айтқандай,  «Арыстан-
дай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға 
сенемін».  Иә,  біз  жастарға  сенейік,  Тәуелсіздігіміз 
ғұмырлы, баянды болғай деп тілейік! 
Мен  әдебиет  сабағымды  тарих  пәнімен  байла-
ныстырып,  оқушыларға  өткен  тарихымызды  наси-
хаттап,  тәуелсіздіктің  қалай,  қандай  қиыншылық-
пен  келгенін  түсіндіріп  отырамын.  Оқушыларым-
ды  тарихымызды  насихаттау  арқылы  патриоттық 
сезімге  тәрбиелеймін.  Біздің  жастарымыз,  оқу-
шыларымыз  еліміздің,  Отанымыздың  патриоты 
болуға тиіс! 


 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№3 (59) 2015 
Қ 
азіргі таңда үздіксіз білім беру 
жүйесінде  білім  беруді  дамыту, 
дүниежүзілік  білім  беру    кеңістігіне 
кіру  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауында «бізге экономи-
калық  қоғамдық  жаңару  қажеттілік-
теріне  сай  келетін  осы  заманғы  білім 
беру  жүйесі  қажет»  делінген.  [3,7]. 
Сол  білім  беруді  дамыту  ісі  жеке 
тұлғаға  мәдени-тарихи  құндылықтар-
ды,  нормалар  мен  дәстүрлерді,  білім 
берудің  арнайы  таңдап  алынған 
мазмұны мен нысандарын беру болып 
табылады. 
Өткенімізге зер сала қарасақ, білім 
беру  жүйесінде  осыған  дейін  оқу-
шыға білім, білік, дағдыны қалыптас-
тыруды  талап  етсек,  бүгінгі  күннің 
мақсаты  –  іскерлік  қарым-қатынас, 
оларды өз бетімен білім алуға бағыт-
тау.  Сондықтан  да  қазіргі  замандағы 
педагогикалық  ғылымның  ерекшелігі 
–  баланың  тұлғалық  дамуына  бағыт-
талған  жаңа  білім  технологияларын 
қалыптастыруға  ұмтылу  болып  табы-
лады. 
Қазіргі білім беру жүйесінде бірін-
ші орында оқушы  –  тұлға. Жеке тұл-
ғаға  бағытталған  интерактивті  оқыту 
әдістерін  қолданып  білім  беру  де-
геніміз  –  педагогикалық  іс-әрекеттің 
әдіснамалық  жаңа  бағыты,  яки  ба-
ланың қайталанбас дара тұлға ретінде 
өзін-өзі  тануын,  өзін-өзі  жетілдіре 
отырып, дамытуын қамтамасыз ететін 
өзара тығыз байланысты идеялар,  тү-
сініктер мен іс-әрекеттер жиынтығы. 
Жеке тұлғаға бағыттап сабақта ин-
терактивті  әдістерін  қолданып    оқы-
тудың    білімділік    парадигма    ерек-
шелігі: 
* Өз беттерімен зерттеу  жүргізуге, 
өздік  жұмысына,оқушылардың  өз 
беттерімен жаңалық  ақпараттар  ашу-
ға  бағытталған; 
*  Оқу  үрдісінде  оқушылардың  
бейімділігі мен  қалауын  анықтау
 
*  Әр  деңгейдегі  оқушыларға  ар-
налған  дидактикалық  материалдарды 
қолдану; 
*  Оқушылардың  мүмкіндіктері 
мен  жеке  бейімділіктерін  ескере  ала  
отырып  әр оқушының  белсенділігін  
қамтамасыз  ету; 
*  Танымдық  іс-әрекеттің  бағала-
нуы  алдымен  оқушылар  тарапынан  
болса, соңынан  оқытушы  бағалайды; 
*  Үй  тапсырмасының  көлемін, 
күрделілігін,  түрін  таңдауға  оқушы-
ларға  мүмкіндік беру; 
*  Ең  басынан  оқушылар  әртүрлі 
шығармашылық жұмыстардың автор-
лары  болып келеді (презентация, ви-
део  сюжеттер,  сызба  диаграммалар, 
рефераттар, т.б). 
Білім  беру  жүйесі  жаңаша  көз-
қараспен  іскерлікпен,  ақпараттарды  
қабылдау мен өңдеу қабілеттілігін да-
мытуды,  білім  беру  мәселелерін  шы-
ғармашылықпен  шешуді,  білім    бағ-
дарламаларын  дербес  өзгешеліктер-
мен  толықтыруды  ұсынады. Қалып-
тасқан    дәстүрлі  оқыту  әдістері,  ком-
пьютерлік  оқыту құралдарымен орын  
алмастыру. 
Жаңа  оқыту  технологияларын  
үйреніп білусіз  - бүгінгі күні сауатты  
педагог маман бола алмайды. 
Жаңа оқыту технологияларын  үй-
реніп  білусіз  -  бүгінгі  күні  сауатты  
педагог маман бола алмайды. 
«Білім  алу  процесінің  нәтижесі 
дегеніміз сабақ, пән, бағдарлама, оқу-
дың  толық  курсы  аяқталғаннан  кейін 
үйренушінің  қандай  білім,  білік,  дағ-
ды, машық иемденетіндігі, оның «не» 
жасай  алатындығы,  қолынан  не  ке-
летіндігі»  -  дейді  филология  ғылым-
дарының кандидаты, доцент, ҚР білім 
беру  ісінің  құрметті  қызметкері  
А.Қ. Әлімов [2, 23]. 
Оқытудың  интерактивті  әдіс-
тәсілдері арқылы білім алушылардың 
қызығушылығын арттыруға болады. 
Г. Ибрагимова,  
ағайынды Абдуллиндер 
атындағы ШҚ өнер  
училищесінің тарих  
пәні оқытушысы, 
Өскемен қаласы  
«Қазақстан  тарихы»  сабағында 
интербелсенді  оқыту  әдістерін қолдану  жолдары  

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 

Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№3 (59) 2015 
«Оқу мен оқыту - оқушылардың сабақ барысын-
да  пікір  алмасып,  әңгімелесіп,  талқылап,  бір 
мәмілеге  келіп,  ойды  ортаға  салып,  жинақтап,  ко-
рытынды  шығаратын  әлеуметтік,  интербелсенді  
іс-әрекеті. Оқыту осы іс әрекетті қарым қатынасты 
байланыстырушы  болып  табылады.  Ал,  жоғарыда 
аталып өтілген іс-әрекет түрлері тек қана бірлескен 
топтық жұмыста іске асары сөзсіз» [1, 2]. 
Интербелсенді  оқыту  «Қазақстан  тарихы» 
пәнінде  көптеген  жұмыс  түрлері  мен  әрекеттер 
арқылы жүзеге асады.  
Олар бірлескен жұмыстар: 
А) жұптық;  
Ә) топтық;  
Б) бүкіл аудиториялық;  
В) жеке, бірлескен ізденіс, зерттеу жұмыстары;  
Г) ситуациялық, рөлдік ойындар;  
Д)  ақпараттық  әртүрлі  көздермен  жұмыс  жасау 
(кітап, дәріс, ғаламтор, құжаттар, мұражай) шығар-
машылық жұмыстар. 
Мәселен,  «ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  Қазақ-
стандағы саяси қозғалыстар және саяси партиялар» 
тақырыбы  бойынша  білім  игерудің  интербелсенді 
әдістерін қалай пайдалануға болады. 
1-әрекет:  оқушыларға  жалпы  сұрақ  қойылады, 
мысалы «ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы қозғалы-
стардың басты себептерін өздері іздеп, тауып айту 
керек.  Оған  жауап  беру  үшін  оқушылар  2-топқа 
бөлінеді.  1-топ  «Қарқаралы  петициясы»,  2-топ 
«Алаш партиясының» бағдарламасы құжаттарымен 
танысады.  Екі  құжат  бойынша  жұмыс  істеу  үшін 
оқытушы  сұрақтар береді. 
2-әрекет:  топ  жеке-жеке  жұптарға  бөлінеді. 
Сұраққа  жауап  алады.  «Саяси  қозғалыстың  көш-
басшылары» туралы тапсырма бойынша кесте тол-
тырылады. 
2-топқа  мына  кесте  беріледі:  «Қазақстандағы 
саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар»  тура-
лы салыстырмалы кесте құру. 
Әрбір топ бір-біріне тапсырма дайындайды: 
А) Бір топ екіншісіне терминологиялық тапсыр-
ма береді. 
В) Кім туралы айтылған? 
1. Қазақ әдебиетінің теориясын жасаушы, қазақ 
тілі теориясының авторы,  «Қазақ»  газетінің редак-
торы. Тағы сондай сұрақтар. 
Біздің  студенттердің  болашақ  мамандығы  пси-
хологтарының айтуынша, «АДАМ  ЖӘНЕ АДАМ» 
мамандықтар  тобына  жатады:  мейрімді,  толерант-
ты,  төзімді,  шыдамды  болуды  талап  етеді.  Сон-
дықтан,  біздің  оқушыларымыз  жан-жақты  білімі 
бар  мамандар  болуы  тиіс.  Олар  қоғамтану  сабақта-
рында, әсіресе  «Қазақстан тарихы» пәнінен, көп көлемді 
ақпараттық материалды қамтып үлгеру керек. 
Осы  бағытта  оқушыларды  тәрбиелеу,  оқыту 
мақсатына жетуге көмектесетін технологияның бірі 
–  ұжымдық  топтап  оқыту  әдісі.  (А.Ривин, 
В.Дьяченко).  Топтап  оқыту  дегеніміз  -  оқытуды 
ауыспалы жұбымен қарым-қатынас жолдары арқы-
лы орындап,оқушылар бір-бірін үйретеді. 
Технология үлгісі: 
1. Қызмет мақсатын анықтау. 
2.  Оқытушының  нұсқаулары  (қызмет  ереже-
лерін түсіндіру). 
3. Міндеттерін реттеу, топқа, жұпқа бөлу. 
4. Кезектегі құрамында жұппен жұмыс істеу. 
5.  Оқытушы  мен  оның  көмекшілері  жағынан 
ағымды бақылау. 
6. Көмек керек оқушыларға жеке көмек көрсету. 
7. Қорытындысын шығару, тақырыптық сынақ. 
Қорытындыны бақылаудың түрлері: 
-  «тікелей»  сынақ  (бірнеше  оқушы  барлығына 
сынақ алады); 
-  «жалпы»  сынақ  (бір  топ  екіншісінен  сынақ 
алады); 
- оқытушы көмекшілермен сынақ қабылдайды; 
- сабаққа қатысушылар сынақ қабылдайды; 
- тест алу. 
НӘТИЖЕ: Топтап оқыту технологиясына көпте-
ген  дәстүрлі  емес  сабақтартарды  жатқызуға  бола-
ды. Мысалы, сабақ-конференция, сабақ-сот, сабақ-
саяхат, біріктірілген сабақ, жоба қорғау т.б. Топтап 
оқыту  технологиясын  сабақта  және  сабақтан  тыс 
пайдалануда  оқушылардын  оқу  белсенділігі  арта-
ды. Дайындық жұмысына жіберілген кейбір қосым-
ша уақыт педагогикалық жеңіспен қайтарылады. 
Қолданылған әдебиеттер: 
1. Жақсылыкова  Г.И.  Қаженова  А.М.,  Исмагилова  Н.З..  Интербелсенді  әдіс-тәсілдер.  Әдістемелік  құрал.  -
Өскемен, 2004 ж. 
2. Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. - Алматы, 2013 ж. 
3.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы. 17 қаңтар 2014 ж.  «2050 - Қазақстан жолы: Бір мақсат, 
бір мүдде, бір болашақ». 
4. Мынбаева  А.К.,  Садвакасова  З.М.  Инновационные  методы  обучения,  или  как  интересно  преподавать.  -  
Алматы, 2009 г. 
5. Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучении. - Москва, Просвещение, 1991 г. 
6. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. - М. 1998г. 

10 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№3 (59) 2015 
А 
дамзат  тарихында  теңдесі 
жоқ,  ең  қаһарлы,  қанды  қырғын  бол-
ған  екінші  дүниежүзілік  соғыс  бүкіл 
әлемге қисапсыз қайғы қасірет әкелді. 
Жер бетіндегі бейбіт өмір мен тыныш 
тіршіліктің  тағдыры  қыл  үстінде 
тұрды.  Әсіресе,  басқыншы  гитлершіл 
фашизмге  қарсы  бітіспес  азаматтық 
күресіне  көтерілген  біздің  бауырлас 
халықтарымыз  үшін  бұл  алмағайып 
уақыт ауыр сын болды. Ел басына күн 
туған қатерлі шақта кеуделерін от пен 
оққа  тосқан  миллиондаған  ержүрек  
жерлесіміз  ортақ  Отанымыздың  бос-
тандығы  мен  тәуелсіздігін  қаһарман-
дықпен қорғады. 
Туған жер төсін қасық қандарымен 
суарған  қаншама  қайран  боздақтар 
азаматтық  үшін  жандарын  пида  етті. 
Осы  сын  сағатта  естияр  баладан 
еңкейген  кәріге  дейін  өмір  мен  өлім 
белдескен  алапат  айқасқа  шыққан 
халқымыздың тең жартысын тізе бүк-
тірген  азулы  да  айбатты  жауды  тек 
өзара  ынтымақ,  тығыз  топтасқандық, 
бірлік, төзімділік пен қайсарлық мінез 
көрсету  арқылы  ғана  күйрете  жеңіп 
шыққаны риясыз шындық. 
Ұлы  Отан  соғысы  халқымыға 
төнген  ен  ауыр  күндер  болды.  Төрт 
жыл,  1418  күн  мен  түн  бойы  өз  жері 
мен Отаны үшін келешек ұрпақ үшін 
жан  қилы  соғыс  болды.  Сол    кездегі 
Кеңес  Одағының  басқа  халқымен 
бірге  жауды  талқандап,  жеңіске  жету 
ісіне  қазақ  халқы  да  өзінің  лайықты 
ісін қосты. 
Қазақстандық  жауынгерлер  Брест 
қамалынан  бастап  Берлинге  дейін 
болды.  Ұлы  Отан  соғысы  жылда-
рында біздің қандастарымыз қатыспа-
ған  бірде-бір  үлкен  шайқас  болмады. 
Ұлы Жеңіске үлес қосқан біздің елдің 
азаматтары  да  болды.  Қаншама  
 
боздақтар  Отан  үшін  қасық  қаны 
қалғанша күресіп, туған жерге қайтып 
оралмады.  Оралмаған  жерлестеріміз-
дің  тізімі  ескерткіштегі  суретте 
берілген. 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында 
майдан  даласында  ұрысқа  қатысқан  
1  млн.  200  мыңдай  қазақстандықтар-
дың  қатарында  болған,  жау  шебінде 
жер бауырлап, жау қойған миналарды 
тауып,  оны  асқан  ептілікпен  залал-
сыздандырып  жауынгерлерге  жол 
ашқан  өз  ауылымыздың  азаматы,  үш 
бірдей  «Даңқ»  орденінің  иегері, 
сондай-ақ  «Отан  соғысы»  және 
«Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иесі 
Әбітай  Құсметов  бүгінде  ауыл 
ішінде  табыты  жерленіп,  басына 
ескерткіш қойылған. 
Көктерек ауылы өзінің елге сыйлы 
атақты азаматтарымен мақтана алады. 
Соның  бірі  Әбітай  Құсметов.  Әбітай 
1923  Көктерек  ауылында  дүниеге 
келген.  Алғаш  мектеп  табалдырығын 
да  осы  ауылда  аттап,  Жақыпбеков 
Уәли,  Ибраимов  Нұрқожа,  Қойшы-
баев  Тұрабек  сияқты  ұстаздардан 
дәріс алған. 
Әкесі  Құсмет,  қарапайым  шаруа 
отбасынан шыққан адам еді, темір ұс-
ташы  болды.  Адамзаттың  ар-намысы 
таза,  тура  сөйлейтін,  өткір  тілді  кісі 
болған. Қараторы, толық денелі, өткір 
көзді,  айбынды,  сақал-мұрты  өзіне 
жарасып  тұратын  адам  еді.  Анасы 
Нұржамал  -  момын,  көп  сөзі  жоқ,  үй 
шаруасына ұқыпты кісі болған. 
Әбітай  ержүректі,  шымыр  тұлға-
лы, от тілді, айтқанынан қайтпайтын, 
нағыз  шыншыл  азаматтың  бірі  еді. 
Отан  соғысындағы  ерліктері  жөнінде 
өз  аузынан  және  газет  арқылы 
Әбітайдың соғыс кезіндегі командирі-
нің жазғандарын оқып қанық болдым. 
Е. Cадуакасов, 
тарих пәні мұғалімі, 
Көктерек орта мектебі, 
Катонқарағай ауданы 
Ержүрек  батыр  бабамыз – Әбітай  Құсметовке  тағзым 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
11 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№3 (59) 2015 
Оның  өзінің  айтқаны  мен  газетке  жазылғанда-
рының  арасында  ешқандай  айырма  жоқ.  Бәрі  де 
шындық  болған  істер  екендігіне  кәміл  сенемін»,  -
деген  екен  өзінің  бір  естелігінде  осы  ауылдың 
ақсақалы, Ұлы Отан соғысының ардагері Амренов 
Қалиасқар атамыз (1985ж.). 
Иә,  «Ешкім  де,  ешнәрсе  де  ұмытылмайды» 
дегендей,  Әбітай  Құсметовтың  сонау  сұрапыл 
соғыстағы  ерлігі  халықтың  есінде,  ауыл  адамда-
рының  есінде,  жас  ұрпақтың  жүрегінде  ешқашан 
ұмытылмақ емес. Оның майдандағы ерліктері жай-
лы мектеп оқушылары арнайы альбом жасап, стенд 
жасап,  күні  бүгінге  дейін  мектеп  мұражайында 
сақтаулы.  Альбом  беттерінен  қазақ  солдатының 
тамаша  ерлігін  көргендей  боласыз. 
Қандай  қиын  кезде  Әбітай  өзінің 
тапқырлығымен, батылдығымен көз-
ге  түсті.  «Даңқ  орденінің»  толық 
иегері  Ә.Құсметов  сияқты  ата-
ларымыз  ұрпаққа  үлгі,  елге  мақ-
таныш. 
Украинаның  Донецк  облысын-
дағы  ежелден  «Сауыр  бейіті»  деп 
аталатын 
жотада 
зәулім 
биік 
ескерткіш  салынған.  Ол  Донбасс 
жерін  неміс-фашист  басқыншыла-
рынан азат ету жолында қаза тапқан 
жауынгерлерді  мәңгі  есте  сақтау 
белгісі.  Егер  барлық  шәйіт  болған-
дар  есімін  тұғыртасқа  қашап  қал-
дыру  мүмкін  болса,  мына  есім  де 
қашалар еді. Құсметов Әбітай, 1923 
жылы туған, сержант, 997 атқыш-
тар  полкі,  сапер  бөлімшесінің 
командирі... 
Осыған ұқсас жазулар атқыш, пулеметші немесе 
зеңбірекші не себептен мерт болғанын білдірмейді. 
Ал, сапер өліміне келер болсақ, ол неліктен өлетіні 
белгілі:  сапер  өмірінде  бір-ақ  рет  қателеседі. 
Демек, мерт болу себебі нақыл сөзден-ақ белгілі. 
Дейтұрғанмен  осынау  нақыл  біз  әңгіме  еткелі 
отырған  тағдырға  айна  бола  алмайды.  Сонау 
Нарын  бойындағы  Көктерек  ауылына  Әбітайға 
толтырылған  «қара  қағаз»  жіберілген  кезде  оның 
қаруластары  жауды  ығыстырып  бара  жатты.  Бара 
жатып,  Әбітай  қауіпті  ісінде  қателік  жіберген-
діктен  емес,  немістер  зеңбіректен  оқ  боратқанда 
мерт болғанына кәміл сенді. 
Соғыста  қазаға  ұшырау  кәдуілгі  жәйт.  Сон-
дықтан тірілер-әзірге тірілер! – барлық көз жұмған-
дарды  естерінде  сақтай  алмайды.  Ал,  Құсметов 
ұмытылып  қалған  жоқ.  Өйткені,  полктің  сонау 
Сталинград іргесінен батысқа тартылған жолының 
өн  бойында:  «Тексерілді.  Мина  жоқ.  Құсметов», 
«Өткел  қалпына  келтірілді.  Құсметов»,  «Айналма 
жол  -  мына  тұста.  Құсметов»  деген  жазу  тақтай-
шалар  үйреншікті  болып  кеткен-ді.  Жалпыға  бей-
мәлім  сапердің  әлгіндей  ескертулеріне  ден  қойған 
әскерлер  белгіленген  межеге  бағыттан  айтқымай 
жетіп  отырды.  Ескертуші  бейнесін  ешқашан 
көрмегендер  оны  сақтаушы  ие  ретінде,  қала  берді 
әскери  кәсібін  жете  меңгерген  егде  майдангер  деп 
білсе керек. 
Кенеттен тақтайшалардан Құсметов есімі жоға-
лып  кетті.  Бұл  оның  жасы  тура  жиырмаға  толған 
1943  жылдың  тамызы  болатын.  Рас,  оған  дейін 
көктеректік  ауылдасым  соғыстың  
бір  жарым  жылын  артына  тастап 
үлгеріпті.  Ал,  майдангерлік  жолын 
Сталинград  шайқасына  қатысудан 
бастағанында  қанша  мән  жатыр 
десеңізші! 
     Оны майданда өлдіге қосқан «қа-
ра  қағазға»  келер  болсақ,  соғыста 
мұндай шатасулық болып тұрғанын 
ескеруміз керек. Шындығында Құс-
метов  жау  артиллерриясы  атқы-
лауынан  құлаған  қорған  астында 
қалып  қойған.  Ұрыс  аяқталғанда 
өлгендерді  жерлеуге  келген  ко-
манда  ес-түссіз  жатқан  Әбітайдың 
тірі  екенін  байқап,  лазеретке  жө-
нелткен. Едәуір уақыт емделген соң 
ол  өзінің  әскери  бөлімшесіне  қайта 
қосылыпты. 
     Тағы да жорық, тағы да арпалыс. 
«Не  болса  да  Әбітайдың  үш  бірдай 
«Даңқ» орденімен, сондай-ақ «Отан соғысы» және 
«Қызыл  Жұлдыз»  ордендерімен  марапатталуына 
жеткізген  майдангерлік  жолы  осыдан  кейін 
басталғанды.  Әскери  мамандығы  сапер  екен, 
осынау  жол  қалай,  неден  басталғаны  белгілі:  жер 
бауырлап,  жау  қойған  миналарды  табудан,  асқан 
ептілікпен оларды залалсыздандырудан. Бұл неміс-
тердің  Қырым  түбегін  құрлықпен  жалғастырып 
жатқан мойнақта қорғаныстың алғашқы шебі еді. 
Ержүрек  саперлердің  соғыс  аяқталғанға  дейін 
жасаған  құлшыныстарында  сан  жоқ.  Дегенмен,  ең 
есте  қалғаны  Қырым  түбегінде,  әсіресе,  Севасто-
поль  түбіндегі  қимыл  еді.  Сапун-тау  үшін  шай-
қасқа  дейінгі  бірнеше  түннің  ішінде  миналанған 
жерлерге  жеті  рет  өтіп,  Әбітай  қырықтан  астам 
минаны залалсыздандырып, әскерлердің шабуылын 
жеңілдетті.  Өзі  ашқан  жолдардың  бірімен  қалаға 
Ержүрек бабамыз – 
Әбітай Құсметов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет