Мәртебеге ие болған наурыз мерекесі жыл өткен сайын



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата06.03.2017
өлшемі4,91 Mb.
#8165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Буынға да бап керек 

Пантомима туралы не білеміз? 

Андромеда галактикасы 

Бөтелкедегі су 

Қолтырауынның қаны

бүгінде көп тараған аурулар­

дың бірі – буын аурулары. Оның 

пайда болу себебі әртүрлі. Көп 

жағдайда буын аурулары адам­

ның аз қимылдауы, суықтау, эко­

логияның зиянды әсері, кальций­

дің жетіспеуінен туындайды. 

Адам 25 жасқа дейін-ақ 

кальцийді өз ағзасынан шығара 

алады. Ал 25 жастан кейін 

міндетті түрде ағзаның кальций 

қорын толықтырып отыру керек. Мұндайда сүт және 

сүт өнімдерін мол пайдаланудың маңызы зор. Бұл 

ауру асқынып кетсе, өмір сапасын нашарлатады. Тіпті 

мүгедектікке де алып келуі мүмкін. Сондықтан әрбір 

адам өз денсаулығына аса үлкен жауапкершілікпен 

қарауы керек. 

Шаңырақ


Ә л е у м е т т і к - о т б а с ы л ы қ   п і к і р   а л ы с у   о т а у ы

№15(46)

ФоТо өнерінің 

хас шебері еді

«Тайқазан»

 

сапарын жалғастырды



«Денсаулық», №3

«Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты 

басылымдардың еңбек ұжымдары Қ.А.Ясауи атындағы 

халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология 

ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология 

ғылымының докторы, профессор, әдебиет сыншысы 

Құлбек Ергөбекке ағасы, белгілі фотожурналист 

берсінбек Сәрсенұлы СӘРСеНОвТіҢ

қайтыс болуына байланысты және марқұмның отбасы-

на қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

«Бас редакторлар клубы» ҚБ «Президент және 

Халық»  республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас 

редакторы, профессор Марат Тоқашбаев пен оның 

зайыбы «Қазақстан патриоты» журналының Бас редак-

торы Раушан Каршаловаға аналары 



КҮлӘйХаННыҢ 

қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып, 

көңіл айтады.  

ойтолғАм

Күл и я  Сма й ы л х а н қ ызы н ы ң   а насы 

Қ а р л ы ғ а   М ұ с т а ф а қ ы з ы н а   а р н а л ғ а н 

к іт абы мен к ү т кен нен де а н а ғ ұ р л ы м 

ма зм ұ н д ы,  ма ғ ы на л ы  б ол ы п  ш ы қ т ы. 

Өзім де шенеуніктің шекпенінде 40 жыл 

болғандықтан, шенеуніктен шыққан қалам 

тартатын адамдарға жұрт әдетте күмәнмен, 

ері к кен н і ң  ермег і  санап  қ арай т ы н ы н 

көп көрдім. Күлия ханымның кітабының 

мазмұны шенеуніктің де жүрегінің кеңдігі, 

өмірді барлағыштығы, жақсы мен жа-

манды ұдайы бақылап жүретіні қай-қай 

мықтыңнан да кейін емес екенін ұқтырды. 

Ризалықпен, көп сөздерінің астын сызып, 

бір демде оқып шықтым.

«Ана!» – бұл сөзде қаншама нұр, қаншама 

қуат бар...

Ол бізді дүниеге әкелді.

Бізді таза тәбетті, көңілі жайлы етіп өсірді.

Бізді қолымыздан жетектеп мектепке 

апарды, жақсы білім алуымызды қадағалады. 

Біздің әрбір сәтті қадамымызға қуанды, 

аналық ақылын айтып, бағыттап отырды.

Ауылдан ұзап кеткенімізде бізден келетін 

әрбір сәлемді сағына күтті.

Жұмысқа орналасқанымызға, еңбек 

жолымызды бастағанымызға қуанды, әрбір 

жетістіктерімізге шаттанды.

Жеке отау құрғанымызда бірінші ке ң-

ес шіміз болды, жақсылығымызға қуанып, 

қателіктерімізге күйінді.

Жеке өмірімізді өзіміз шешпек бол ға ны-

мызда біздің ертеңіміз үшін уайымдады.

Жақсы болдық, жаман болдық, бірақ бізге 

шексіз сенген, біздікін ылғи да дұрыс жағына 

жорып отыратын бір ғана адамымыз болды. 

Ол – біздің Анамыз!

Соныменен біз осы күнге жеттік.

К ү н д е р д і ң   к ү н і н д е   б і з   А н а м ы з д ы 

жоғалтып аламыз. Өмір заңы солай.

Адамда барлық нәрсе көп болуы мүмкін, 

Ана біреу ғана.

Ана – таусылмайтын жыр. Мәңгілік 

тақырып. Осы уақытқа дейін асыл аналарға 

арналып қаншама дастан, қаншама даналық 

ойлар қағаз бетіне түссе де оның биік бейнесін 

толық қамтыды дей алмаспыз. 

Бү гінгінің ба ла лары тағы бір к ү н ді 

өткізіп, жұмыстарын аяқтап, күннің қалай 

өткенін ойша шолып, жоспарлаған істері: 

кез десу лері, сұ хбат т асы н ы ң сөз дері н 

тыңдауы, келісуі (келіспеуі), құжаттарды 

қарауы, қол қоюы (кері қайтаруы), жағдайға 

қарап әрекет етуі..., қол еңбегімен айналы-

сатындары берілген істі сапалы орындауы, 

тірші лігі үйіндегі лері өз ба ла ларының 

сабағы, балабақшасы, киімдерін реттеу, 

үйдегі таусылмайтын күйбең тірлік, т.с.с. 

қалай жүріп жатқанын қарап, ертеңге не 

кейінгі к ү н дерге қа л дыры лған істерін 

болжап аламын деп жүргенде кеш батып, 

түн келеді. Барлығы жасалды, қолымнан 

келгені, Құдайдың бұйыртқаны осы болар 

дейді.

Өз әкем біздердің тәртібімізді ғана 



бақылаған. Онда да анам арқылы. Анамыз 

біздерге: «Мұныңды әкең біліп қалмасын» 

деп, тәртіптілікті, мектебімізден теріс пікір 

келмеуін өзі бақылайтын. Әкемізге тек жақсы 

жағымызды ғана жеткізіп, екеулеп солай 

болуын қолдап-қуаттап отырған соң біз де 

оларға сөз келтірмеуді ойлайтынбыз.

Өмірде қандай қиындық болса да адамның 

алдында қараңғылықты түріп, жан-жағына 

сәуле шашқан шам сынды анасының ақ 

жүзі алаулап тұрады. Күндердің күнінде шам 

сөнер, бірақ артында мәңгілік із қалады. 

Махаббат шуағы қалды. Автордың анасы 

Қарлыға Мұстафақызы сондай аналардың 

бірі болған екен. Артында қалған жарық нұры 

қызының қолына қалам ұстатыпты.

Мұхтар Мағауиннің төмендегі ойлары 

барша қазақ аналарына дөп келеді.

«Қазақ халқының болашағы бүгінгі қазақ 

әйелінің құрсағында шешіледі, бағзыдан келе 

жатқан айнымас шындық.

Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының 

игілігіне байлаған, әлемдегі ең ізгі әйел.

Өмірімде Құдай жолықтырған 

жақсылардың бірі, іні-дос 

Темірғали Көпбаев өзім оқыған 

мектепке өмір бойы жинаған 

кітапханамдағы 3500 кітабымды 

сыйға тартқанымды есітіп, өзінің 

офисіндегі кітаптарын көрсетіп: 

«Мына кітаптардың ішінен 

қалаған кітабыңызды алыңыз, 

мектептегі кітапханаңызға 

сыйым болсын» деді. ол жерде 

өзім оқымаған, кітапханамда 

жоқ көп кітаптар бар екен. 

Қанағатыма қарай жүзден астам 

кітап таңдап алдым. солардың 

ішінде жерлесіміз, оңтүстік 

Қазақстан облыстық Мәдениет 

басқармасының бастығы Күлия 

айдарбекованың шағын бір 

кітабы болды. оның мазмұнын 

білмей тұрып, атына қарап 

таңдадым. Кітаптың аты «анаға 

ТағЗыМ» екен. аналарға қатысты 

қазақ және орыс тілінде көп 

кітаптарым болушы еді, солардың 

қатарына қосқым келді. Өз анам 

– 93 жасқа келіп, осыдан он жыл 

бұрын мәңгілік мекеніне аттанған 

Қадиша Жүсіпбекқызын ұдайы 

есіме алып, сағынып, мұңданып 

жүретінмін, сондықтан аналарға 

қатысты дүниелерге бейтарап 

қарай алмаушы едім.

Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің 

жолына арнаған, әлемдегі ең мейірбан әйел.

Қазақ әйелі – бар бақытын некелі ерінің 

талайынан күткен, әлемдегі ең адал әйел.

Ұлттың ұйытқысы.

Ұрпақтың анасы». 

Панчатантрада: Бұл дүниеде адам үш 

нәрсенiң қамын жеп, соған бар ниетiмен 

тырысу керек екен, солардың бiрi – күнкөріс 

жағдайы, екiншiсi – адамдармен қарым-

қатынасын дұрыс құра білу, үшiншiсi – өзi 

туралы кейiнгi ұрпаққа жақсы үлгi қалдыру 

деседi.


Өткен жүзжылдықтың айтулы азамат-

тарының бірі Максим Горькийдің: «Адамның 

бойындағы жақсы қасиеттердің барлығы – 

ананың сүті мен ұстаздың сөзінен нәр алады» 

деген. Күлия Смайылханқызының анасы 

Қарлыға да балаларына өзінің ақ сүті арқылы 

жақсы қасиеттерін таратқан, өз үлгісімен, 

адамдық пен арлылықтың туын биік ұстауымен, 

салт-дәстүрді берік ұстануымен ұрпақтарының 

есінде, ел есінде қалған ана екен.

Еуропада XVIII ғасырда силлабикалық 

тәсіл деген болған. Қазақшалағанда «тұрақты 

жүйе». Ақын болғысы келгендер соны игеріп 

ала тын да өлеңді өре беретін. Осындайлар 

қа зір бізде де шаш етектен. Өлеңдері бар, 

поэ зиясы  жоқ.

Бұл кітап ондайлардан емес екен. Ондағы 

сөздердің жаны бар, олардан жылылық лебі 

есіп тұрады. Кітаптың ерекшелігі онда анасы 

Қарлығаның сөздері мен пікірлері көптеп 

келтірілген, олардың әрбірінің батпандай 

салмағы бар. Мәселен:

– Келіні үйді жағалап өріп жүрген 

құмырсқаларды біржола құртпақ болып, 

ыстық су құйып жатқанын көріп: «Қарағым 

олай істеме. Құмырсқа деген өте еңбекқор 

жәндік. Оны пайғамбарымыз да жақсы 

көрген. Олар да бір тіршілік иесі ғой. Обал 

болады».

– Анам ерте тұрып, дарбазаны айқара 

ашып қоятын. Бірде үйге сақал-шашы өсіп 

кеткен, көнетоз киімінен ащы тер мен сасық 

темекінің күлімсі исі шығып тұратын бір кісі 

келіп, анам оған ыстық шай құйып, тамақ 

берді. Ол адам анамның мейірімін сезінген 

соң, анда-санда келіп ауқаттанып тұратын 

болды. Бірде анам 5-6 күн сапарлап кетіп, 

үйге оралғанда әлгі кісі келіп: – Апа, сіз қайда 

кетіп қалдыңыз? Мен аш қалдым ғой, – деп 

жылады.


– Анам сәлем салғанды ұнататын. «Келін-

нің сәлемі – шаңырақтың туы, – деп отыра-

тын.

– Есік алдындағы бос қалған жерге: 



«Мына бір жерге тым болмаса асқабақ еге 

салыңдаршы. Өздерің жемесеңдер, өзгеге 

берерсіңдер. Бос қалған қара жерден ұялып 

тұрмын» деп еді анам бірде.

– Анам соңғы жылдары жиі ауырса 

да, Аллаға шүкіршілік етіп, көрген күніне 

ризалық етумен болды: «Сенің екі әжең де 

60-қа жетпеген еді, мен 70-ке келдім, шөбере 

сүйдім. Алла қажылықты нәсіп етті. Риза-

мын» деп жатты.

– Анам тұрмысқа шыққанда әкеме үш 

өтініш айтқан екен: тек қолдан сойылған 

етпен қамтамасыз етуді, тек таза үнді 

шайын тауып беруді, дастарқаннан қант 

үзілмеуін сұраныпты. Өзінің алтын тойын 

өткізгенімізде, отбасында қолдан сойылған 

қойлардың асықтарын біртіндеп жинап 

жүргеніне таңырқамаған адам қалмады. 

Сол асықтарды кәмпит араластырып 

шашу етіп шашты: «Үйлеріңде той болсын! 

Қосақтарыңмен қоса ағарып, алтын тойға 

жетіңдер! Үйлеріңде асық ойнайтын ұлдар, 

кәмпит жейтін ерке қыздарың болсын!»  деп 

тілек айтты.

бұл сөздері адамның «Ар-намыс кодексі» 

екен. Біздердегі мемлекеттік қызметшінің 

кодексі, өрт сөндірушінің кодексі деп бөліп-

бөліп алған кодекстердің бәріне ортақ 

адамгершілік кодексіндей көрінді.

Жапониядағы жер сiлкiнiсiнен кейiн 

құтқарушылар тобы қираған үйлердi аршып 

жүрiп, бiр әйелдiң бүкшиген қалпындағы 

жансыз денесiн көреді. Әйелдiң бүкшиiп 

отырғанына қарағанда, оның бауырында 

әлдененiң болуы мүмкiн деген оймен ба-

жайлап қараса, тiзерлеп отырған әйелдiң 

бауырында гүлдi көрпеге оралған үш-төрт 

айлық бала жатыр екен. Үй қираған кезде ана 

сәбиiн өз денесiмен қалқалағанға ұқсайды. 

Баланың жаялығын ашқанда iшiнен шыққан 

ұялы телефонда мынадай мәтiн жазылған 

екен: «Егер, сен аман қалсаң, анаңның өзiңдi 

жанынан да артық жақсы көргенiн ұмытпай 

жүр».


Міне, ананың махаббаты!

Күлия Айдарбекованың кітабында ана 

бейнесі әке образымен қатар өріліп отырады. 

Негізгі идеясы анаға арнау болғанымен әкенің 

де қасиеттері бірге берілген. Адамгершілік ту-

ралы ілімдердің бәрінде «жақсы әйелге жақсы 

азамат жолығады» деген қарапайым пікір 

молынан жолығады және оның растығын 

күнделікті өмірде көре жүреміз. 

Сыйласқан берекелі отбасы көкке самғап 

ұшқан құс секілді. Оның бағындырар биігі 

– бақыт. Ал қос қанаты – ер мен әйел. 

Қанаттары әлсіз және қуатсыз болса құс 

биікке самғай алмайды. Қуатты қоғамның 

негізін берік отбасы құрайды. Алла Тағала 

қасиетті Құран Кәрімде әйел еркектің 

қабырғасынан жаратылғандығын айтады. 

Қазақтың «Қабырғаңмен кеңес» дейтіні осы-

Елімізде танымал фотожурналист, төңірегіне 

жылылық шуағын төгіп жүретін азамат Берсінбек 

Сәрсенов өмірден өтті.

Газетіміздің өткен нөмірінде ғана Бекеңнің інісі, 

белгілі ғалым, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбектің 

ағасы жөнінде кім-кімді болса да тебірентіп, толғандырар 

жүрекжарды лебізі жарық көріп еді. Біртүрлі секем алып 

қалғанбыз. Ажалмен арпалысып жатқан жанбауырымен 

соңғы тілдесуіндей боп көрінген. Жоқ, олай емес. Әл 

үстіндегі ағасына жүректі жарып шыққан бұл сөзі тосын 

қайрат, күш-жігер берер, сосын жарық күн оны бозамық 

тартып бара жатқан әлемнен өзіне қарай тартып алар деп 

ойлаған. Қандай өкінішті... Ойлағандай, күткендегідей 

болмады...

Расында, Берсінбек Сәрсенұлы фото өнерінің хас 

шебері еді. Фото түсірудегі таптаурын жолмен жүргісі 

келмейтін. Жаңалыққа құмар-тын. Қазақ фото сала-

сында коллажды, «Тосыннан түсіргенде»... деген секілді 

тың дүниелерді өмірге әкелді. «Ана тілі» газетінде қызмет 

істеп жүргенде фотоға тіл тақырыбын арқау етіп, өз 

тілінің, қазақ тілінің нағыз жанашыры, тілеушісі екенін 

көрсетті.

Ол іске асырмақшы болған көп жоспарлар, мақсаттар 

бар еді. Ұлт мүддесіне байланысты бірқатар фотоальбом-

дарды жарыққа шығаруды көздеп жүрген. Асқынған 

сырқат бәрінің жолын бөгеді...

Қазақ фотосы, қазақ фото өнері бар кезде Берсінбек 

Сәрсенұлы да бар. Біз бұған ешқандай шүбә келтірмейміз. 

Ардақты азаматтың есімі ешқашан да ұмытылмайды.

«Қазақ газеттері» ЖШС

және Серіктестікке қарасты

басылымдардың еңбек ұжымдары

Жуырда Талды қорған қаласында «Қазақ стан халқы 

ассамблея сы –  20 ізгі іс» эстафетасының символы 

«Тай қазан» Оң түстік Қазақстан об лысына тапсы­

рылды. 

Шара Жетісу же рін мекендейтін барлық этностардың 

өзара достығы мен ынтымақтастығын бейнелейтін 

театрландырылған көрініспен басталып, концертке 

ұласты. Салтанатты жиынның ашылу рәсімінде облыс 

әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев құттықтау сөз 

сөйледі. Ол «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» 

мега-жобасының аясында ұйымдастырылып отырған 

«20 ізгі іс» республикалық акциясы облысымыздың 

барлық елді мекендерінде жалғасып отырғанын атап 

өтті. Шара аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, 

әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі 

шектеулі жандарға, жетім балаларға, ауыр дерт меңдеген 

балаларға, сол сияқты өмірде қиындыққа ұшыраған 

адамдарға ерекше көңіл бөлінетінін жет кізді. Б.Өнербаев 

оларға барынша қолдау көр сетіліп, көмек жасалатынын 

айтты. Сонымен қатар «Тайқазан» шарасы аясында тағы 

бір ізгі іс атқарылды. Алматы облыстық Қазақстан халқы 

Ассамблеясының өкілдері «Күміс үзеңгі» балалар ат 

спорты мектебіне мүмкіндігі шектеулі балаларға иппо-

терапия емін жүргізу үшін жылқы малын сыйға тартты. 

Мұнан соң күн сайын ізгі істердің қатарын көбейтіп, 

ел ішін аралау сапарын жалғастыруы үшін «Тайқазан» 

Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдеріне ұсынылды.



а.ОСПаН

–   А н а м   қ а т т ы   а у ы р ы п   ж ү р г е н і н е 

қарамай, көктемде баудың ішін тазартып, 

ескі ағаштарды кестірді. Солардың орнына 

жүз түп алма көшетін, екі жүз раушан гүлін 

қондыртты. Анамның қалдырған мәуелі 

бағы, ризығы, ескерткіш болып, сол бақ 

бүгінде жайқалып өсіп келеді.

– Анам суықты онша ұнатпайтын. Жүзі, 

қолы суып тұратын адамдардан аулақ бола-

тын.

– Анамның екі әпкесі қиын-қыстау за-



манда ұзатылып, жасау берілмеген екен. 

Соны есімізге салып, үлкен әпкеміздің 80 

жасқа толған торқалы тойында сол екі кісіге 

көрпе-төсек, киім-кешек жасап, кілем, 

теледидар алдырып, толық жасауын бергізді. 

Жасы 70-ке қарағанда өзі де туыстарына 

барып, екі-үш күн қонақ болып, төркіндеп 

қайтты. Көкейіндегілері орындалғанда: 

«Марқайып қалдым»  деді ризалықпен.

– Анам: «Немере деген «бал» деуші ем, 

шөбере деген «шырын» екен, немере деген 

«бақыт» деуші ем, шөбере деген «бақ-дәулет» 

екен. Жемістің ең дәмдісі екен... бұлақтың 

балы екен» деді ұрпақтарының өсіп, өркендеп 

жатқанына ризалықпен.

– Қолы жеткен жердегі барлық гүлдерді 

жұлып тастай берген бір немересінің шаш-

тарын тартып қалып: «Ауыра ма?» деп сұрап, 

басын изеген немересіне: «Мына гүлдердің 

де шашын жұлсаң, басы ауырады, өспей 

қалады...»  деді.

– «Нан – Құранмен қатар тұрады. Жолға 

нан салып жүрсең – жолың болады. Нанды 

жастығыңның астына қойып ұйықтасаң – 

қорықпайсың, шошымайсың» деп өнегелі 

әңгіме айтып отырушы еді Анам.

– Анам: «Әр күнің жақсылыққа толы 

болуы үшін – өзің біреуге жақсылық жаса. 

Біреудің жаман сөзін есітпеу үшін – өзің 

өзгеге тіліңді тигізбе»  дейтін.

– «Баланы қара, қоңыр, кір көтергіш 

киімге үйретпеу керек. Ақ көйлек киген 

бала – тазалыққа бейімделеді. Киімін жиі 

ауыстыруға әдеттенеді. Қалай болса солай 

жүрмейтін болады»  деуші еді Анам.

– Әскерге кетіп бара жатқан кішкентай 

қайнысын шығарып салып тұрып: «Бірінші 

күннен берген тамағына қанағат етіп үйрен. 

4-5 ұлтарақ салдым. Етігіңе ұлтарақ салып 

жүр, табаныңнан суық өтпесін. Суық күндері 

менің қолымның жылуы сол бір жапырақ 

ұлтарақ арқылы барады» деп еді анам.

– «Келген қонақ өз несібесін ала келеді. 

Алыстан келген қонаққа ас берсең – айта 

жүреді. Қазан көтеруден шаршамаңдар. Бес 

адамға әзірлеген тамақ, берекесін берсе, он 

адамға жетеді» дейтін.

– «Балаларыңмен сырласыңдар. Дос бола 

біліңдер. Олар көкейіндегіні өзгеге айтып, 

сарыуайымға түскенше өздеріңмен бөлісіп, 

еркін жүрсін, ешкімге жалтақтамасын. Егер 

ата-ана көмекке бірінші келсе, қиындықтан 

шығар жол сілтесе, бала алыстамайды»  деп 

еді анам бір жолы.

– Анам тазалық туралы көп айтатын. 

«Тазалық деген тек бет-қолды жуып жүру 

емес. Ішкі дүниең, ой-ақылың, ниетің мен 

пейілің, жүрегің мен тілегің таза болмаса 

«тазалық» деп ойлаудың қажеті жоқ. Ең 

алдымен, өз ой-парасатыңа таза бол. Өзіңе 

тілемейтініңді – өзгеге тілеме, барлық адам-

ды өзіңдей көр. Бірінші кезекте – арың таза 

болуы керек, қалғаны бұйырса, өз жолымен 

келе берер. Тәңірден адал ризық сұраңдар. 

Тек таза еңбекпен тапқан наның дәмді әрі 

сіңімді болады»  деуші еді Анам. 

Осы сөздерді ерінбей-жалықпай теріп 

алдым. Өмірдегі басты қағидаларымның бірі 

– менің білгенімді өзгелер де білсе екен деген 

ережеге келеді. Айтпағым, Қарлыға ананың 

дан туындайтыны хақ. Әйел – еркектің тірегі, 

ақылшысы, ұрпағының анасы. 

Сұлу сөздің шебері Ғабит Мүсірепов мы-

надай ой айтқан екен: «Қазақ әйелін «жан 

жолдасым» дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны 

мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз 

адамбыз дегені ғой». Қарлыға ана да күйеуіне 

жан жолдас бола біліпті. Ол алғаш келін 

атанып, ақ босағаны аттағанда жап-жас қыз 

болса да, соған қарамастан барған жерінің 

көңілінен шыға білді, ұрпақтың, әулеттің 

ғана емес, ауыл-аймақтың анасы бола біліпті.

П а й ғ а м б а р ы м ы з д ы ң   х а д и с і н д е : 

«Салиқалы әйел басқа әйелдерден, бір 

аяғында ақ белгісі бар қарға секілді ерекше 

болады» деген. Анамның әлі күнге ел ау-

зынан түспей, басқалардан ерекшеленіп, 

өзгелерге үлгі болып жүргені осы адалдығы 

мен қайсарлығы. 

Шыны керек, үй ішінің жұмысы бір 

бітпейтіні белгілі. Кезінде осыны алға тартқан 

әйелге Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): 

«Әрбіріңнің үй тірлігімен айналысуың – 

Аллаһ жолындағы жиһад болып есептеледі» 

деген екен. Яғни әйелдің еңбегі еш кетіп 

жатқан жоқ, тау-тау сауап болып, қоржынына 

тоғытылып жатыр ғой. Қарлыға апамыз да 

Жаратқанның, елдің ризалығы үшін талмай 

еңбектенді деп ойлаймын. 

Бала үшін туғанынан көз алдында сөзімен 

де, ісімен де үлгі болатын анасы екен. Қарлыға 

ана балаларына ақ жолдан айнымай ар 

сақтауды үйретіпті. Бәрін оқытты-тоқытты, 

мамандық иесі атандырды. 

«Жақсы адамның сарқыншағы»  деп 

қазақ бекер айтпаса керек. Оған дәлел 

балаларының мәдениетті де, жақсы азамат 

болып қалыптасуларында. Әсіресе, әкесінің 

жақындарына, дүйім әулетіне қорған болып, 

қорғаштап жүретін қасиеті ұл-қыздарына 

дарығаны.

Қазақты тәуелсіздік алғалы жұрт елей бас-

тады. Осыны ойланғанда Алаш көсемдерінің 

бірі Жүсіпбек Аймауытовтың: «Ұлтын шын 

сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп 

жұрт күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, 

күресте тең түсіп, басқаларға өзін елетіп отыр» 

дегені есіме түсіп, бізді басқаларға елетіп 

отырған осы біздің Күлия қарындасымыз 

сынды азаматтарымыз шығар деймін. 



Мырзагелді КеМел, 

экономика ғылымының докторы, 

профессор, Қазақстан Жазушылар 

одағының мүшесі

АнА –


таусылмайтын жыр

Болашақ жарын 

түсінде кездестірген...

дүНИЕ-кЕруЕН

Бір шаңырақ астыНда

Пешенеге Алла бұйыртқан өмірдің қызықтығы сонда – алуан соқпақтардан 

өтесің, әрқилы тағдырға кезігесің, жаны жайсаң адамдардың сөзі мен іс-

қимылынан көп нәрсе түйесің, әрине, пенденің бәрі асыл десек ақиқатқа 

жанаспайды. тірліктің жазылмаған заңы. Кеңес Абдуллинмен алғаш 

танысқаннан бері облыстың төрт аймағында қатар қызмет етіп, араласқан 

екенбіз. Орталығы Ембі қаласы болған Мұғалжар ауданында, кейін 

Қарабұтақ (бұл өңірге ұлы би Әйтекенің есімі берілді – Ж. Қ.), Шалқар 

аудандарында. Міне, соңғы жиырма жылға жуық уақыттан бері облыс 

орталығында – Ақтөбедеміз. Аудандарда басшылық қызметтер атқарды, 

еліміз аудандарында Президент Жарлығымен ең алғаш тағайындалған 

әкімшілік басшыларының санатынан.

– аршагүл, Сіз қандай отбасын­

да өсіп­өндіңіз? адамның сөзге ше­

шен, ойға бай болуы отбасында алған 

тәлім­тәрбиемен бірге жылдар бойы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет