Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет10/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   206
АҢҒАР, ӚЗЕН АҢҒАРЫ (долина, речная долина) - жер бедерінің 
аса енді емес, әдетте, ұзына бойы ирелеңдеп созылып жататын, 
ойыстау, жалпы еңістігі ӛзеннің бастауынан сағасына қарай 
бағытталған нысаны. Бірнеше аңғарлар қосылып, ірі аңғарлар 
құрайды. Еш уақытта бір аңғар екінші аңғарды кесіп ӛтпейді. 
Аңғардың қалыптасуы жер бетінде ӛтіп жатқан аса күрделі 
климаттық, эрозиялық, мұздық, тектоникалық процестер мен 
оқпалық (карст) құбылыстарға тікелей байланысты. Ағын су 
орекетінен пайда болған эрозиялық Аңғар, қалыптасуынан 
тектоникалық әсер (тау қалыптасу процестері) кӛрінетін Аңғар 
тектоникалық Аңғар, жанартау орекетінен болған Аңғар, мұздық 
аңғар және т.б. болып жіктеледі. Ӛзен аңғарының қалыптасу, даму 
процестері мыңдаған жылдарға созылады, аңғардың ең алғашқы 
нысандарына сайлар мен жыралар жатады. Кесе кӛлденең 
қимасының сипатына карай аңғарлар мынадай типтерге жіктеледі: 


 
1) саңылау — терең әрі тар Аңғар, беткейлері, әдетте, тіп-тік, 
кейде арнаға қарай еңкіш келеді, аңғардың табанын түгелдей су 
алып жатады, тек тауларда ғана кездеседі; 
 
2) каньон — ӛте құлама беткейлі терең аңғар, әдетте, табаны тар, 
таудан шыға берісте, немесе тауларда кездеседі
 
3) шатқал — терең жартасты тау аңғары, әдетте, беткейлері 
шығыңқы келіп, құламасы етегіне қарай ӛседі; 
 
4) трапецияға ұқсас — шығыңқы немесе түзу кӛлбеу кең Аңғар, 
бұл жазықтағы аңғардың сипаты. Осы аңғардың бір түрі — жәшік 
тәрізді табаны тегіс, беткейі құлама аңғар; 
 
5) астау тәрізді — беткейлері ойыс (батыңқы), етегіне жақын 
біртіндеп кӛлбей түседі, мұздық әрекетінен болған құбылыс. Мұнан 
ӛзге V — тәрізді, U — тәрізді және т.б. аңғарлар кездеседі. 
АҢҒАР БЕТКЕЙЛЕРІ (склоны долины) — ӛзен аңғарының екі 
жағалауын шектейтін, еңістігі ӛзен арнасына қарай бағытталған 
жер беті. Аңғар беткейлері биік, тӛмен, тік, кӛлбеу болып келуі 
мүмкін. Ал кӛлденең бітімінің нысанына карай — түзу, ойыс, 
шығыңқы, баспалдақты және т.б. болады. Дамыған аңғарлардың 
беткейлері ӛзен жағасынан террасалармен ерекшеленген болып 
келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет