Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет31/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

ФЛУОРЕСЦЕНЦИЯ (осы  құбылыс  ең  алғаш  байқалған флюорит 
минералының аты  және  латынша  escent  —  әлсіз  әсер)  —  қоздыру 
әсері  тоқтағаннан  кейін  тез  ӛшіп  қалатын люминесценция (ӛшу 

уақыты t10 нс). Флуоресценция құбылысы қозған молекулалардың 
(атомдардың)  қалыпты  күйге  ӛздігінен  ауысуы  кезінде  пайда 
болады.  Флуоресценцияның  спектрі  және  оның  ӛшуі  бойынша 
молекулалардың, 
сұйықтардың, кристалдардың, 
сондай-ақ 
биология  объектілердің  (мыс.,  клетка  құрылысы)  қасиеттері 
жӛнінде деректер алынады. 
ФОТОСИНТЕЗ – 
жоғары 
сатыдағы 
жасыл ӛсімдіктердің, 
балдырлардың, 
фотосинтездеуші  
хлорофилл  
және 
басқа 
дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі 
нәтижесінде  қарапайым  қосылыстардан  (кӛмірқышқыл  газы,  су) 
ӛздерінің  және  басқа  организмдердің  тіршілігіне  қажетті  күрделі 
органикалық  заттар  түзуі.  Фотосинтез  нәтижесінде  жер  жүзіндегі 
ӛсімдіктер  жыл  сайын  100  млрд  т-дан  астам  органикалық  заттар 
түзеді  (мұның  жартысынан  кӛбін  теңіз,  мұхит  ӛсімдіктері  түзеді) 
және  бұлкезде  олар  200  млрд-тай  СО
2
 сіңіреді,  оттегін  бӛледі. 
Фотосинтезді  алғаш  зерттеушілер   Швейцария   ғалымдары  
Ж.Сенебье, Н.Соссюржәне  неміс  химигі   Ю.Майер болды.  19 
ғасырдың  2-жартысында К.А.Тимирязевкүн  сәулесі  энергиясы 
фотосинтез  процесінде  хлорофилл  арқылы  сіңірілетінін  анықтады. 
20  ғасырдың  басында  фотосинтездің  физиологиясы  мен 
экологиясына 
арналған 
маңызды 
зерттеулер 
жүргізіледі 
(В.В.Сапожников, 
С.П.Костычев,  
В.Н.Любименко, 
 А.А.Ничипорович т.б.).    20  ғасырдың  орта  кезінен  бастап 
фотосинтезді  зерттеуде  жаңа  әдістер  (газ  анализі,  радиоизотопты 
 әдіс спектроскопмя. Электрондық микроскоп т.б.) дамыды. 
 
Х 
 
ХАДЕЙ (АзойКатархейПриской— Жер тарихындағы 
бір 
эонның  бейресми  атауы.  Хадей   Жердіңқұрылған  уақытынан 
басталып архейдің басталған кезіне дейін созылады
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ТАБИҒИ  АПАТТАР  ҚАУПІН  АЗАЙТУ 
КҤНІ — қазанның  13 аталады.  БҰҰ Бас  Ассамблеясы,  1989  жылы 
№  44/236  қарарында  «Халықаралық табиғи  апаттар қаупін  азайту 
жӛніндегі  онжылдық»  жариялап,  қазанның  екінші  сәрсенбісін 
Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күні деп белгіледі және 
оны 1990-1999 жылдары жыл сайын атап ӛтуге қаулы етті. 
2001  жылы  Бас  Ассамблея  ӛзінің  56/195  қарарында  табиғи 
апаттардың  алдын  алуды,  оның  зардаптарын  жеңілдету  мен  оған 

дайын  болуды  қамтамасыз  етуді  қоса  ескергенде,  табиғи  апаттар 
қаупін 
азайту 
мәдениетін 
қалыптастыруға 
жәрдемдесетін 
құралдардың  бірі  деп  есептей  отыра,  осы  күнді  жыл  сайын  атап 
ӛтуге қаулы шығарды. 
ХАНТӘҢІРІ–  Шығыс  Тянь-Шаньдағы  шың,  Қырғызстан  мен 
Қазақстан  шекарасында.  Биікт.  6995  м.  Негізінен  мәрмәрленген  әк 
тастан  түзілген.  Х.  –  Тянь-Шаньның  ең  ірі  мұздану  орталығы, 
мұздықтарының жалпы ауд. 2500 км2. 
ХЕМОСИНТЕЗ (хемо…  және  грек.synthesіs  —  тізбек)  —
 бактериялардың бейорганикалық қосылыстарды 
тотықтыру 
есебінен кӛмірқышқыл газды  (СО)  сіңіруге  негізделген  қоректену 
типі.  Хемосинтезге  жарықтың  қажеті  жоқ.  Хемоминтез  процесін 
1887 жылы Ресей микробиологы С.Н. Виноградский (1856 — 1953) 
ашты.  Осы  күнгі  эволюциялық  тұрғыдан  қарағанда,  Хемосинтез 
фотосинтезге 
дейін 
пайда 
болған 
кӛмірқышқыл 
газын ассимиляциялау жолы  деп  есептеледі.  Хемосинтездегіш 
бактериялардың  басым  кӛпшілігі  бейорганикалық  ортада  тіршілік 
етеді.  Кейбір  бактериялар  қарапайым  органикалық  қосылыстарды 
(метан, метил спирті) сутек кӛзі  ретінде  пайдаланып,  сол  ортада 
тіршілік  етеді.  Микроорганизмдердің  Хемосинтез  арқылы 
қоректенуіне кӛптеген күкіртті бактериялар жатады. Олар әр түрлі 
күкіртті  қосылыстармен  қатар  таза  күкіртті  де  тотықтыра  алады. 
Күкіртті  бактериялар  екі  топқа  бӛлінеді.  Жіпше  тәрізді  кӛп 
клеткалы бактериялар күкіртті ӛз клеткаларына жинақтайды. Олар 
күкіртті  сутек  қоры  азайғанда  таза  күкіртті  тотықтырып,  қуат 
кӛзіне  айналдырады.  Ал  бір  клеткалы  бактериялар  күкіртті  ӛзін 
қоршаған ортаға шығарады. Күкіртті сутектің формуласы: 
H2S S2 H2SO H2SO3 H2SO4 
Түзілген  әрбір  ӛнім  алғашқы  қосылыстың  тотығуы  нәтижесінде 
пайда  болады.  Аралық  ӛнім  —  сутектің  негізгі  бӛлігі  молек. 
оттекпен 
тотығып, 
бір 
бӛлігі 
кӛмірқышқыл 
газын 
тотықсыздандырып, кӛмірсулардың түзілуіне жұмсалады. Ол мына 
формуламен бейнеленеді: 
CO2+2H2S (CH2O)+H2O+S2. 
Нитрификациялағыш  бактериялардың  да  Хемосинтез  процесінде 
алатын  орны  ерекше.  Аммиактың  нитратқа  дейін  тотығуы  екі 
кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде аммиак нитритке дейін тотығып, 
653,5 кДж қуат бӛлінеді. 
2NH3+3O2=2HNO2+2H2O+ +653,5 кДж. 

Екінші кезеңде нитрит нитратқа дейін тотығады: 
2HNO2+O2=2HNO3+151,1кДж. 
Түзілген 
қуаттың 

— 
7%-ы 
кӛмірқышқыл 
газының 
тотықсызданып, 
кӛмірсулардың 
түзілуіне 
жұмсалады. 
 Аммиактың тотығу кезеңдерін іске асыратын арнайы бактериялары 
болады. Оларды нитрозомонас (Nіtrosomonas) және  
нитробактер 
 (Nіtrobacter) 
деп 
атайды. 
Дегенмен,  
нитрификациялағыш  бактериялардың  жалпы  қуат  бӛлу  деңгейі 
күкіртті бактерияларға қарағанда екі есе тӛмен. 
 
Ц 
 
ЦЕНТРЛІК  ПРОЕКЦИЯ  -  бұйымның  проекциялау  центрі  деп 
аталатын  бір  нүкте  арқылы  ӛтетін  проекциялаушы  түзулердің 
кӛмегімен  тұрғызылған  жазықтықтағы  (немесе  беттегі)  кескіні. 
Нүктенің  центрлік  проекциясы  осы  нүктені  проекциялау  центрі 
болатын  нүктемен  қосатын  проекциялаушы  түзудің  проекциялар 
жазықтығымен  қиылысу  нүктесі  түрінде  анықталады.  Нүкте 
нүктеге,  проекциялау  центрі  арқылы  ӛтпейтін  түзу  түзуге 
кескінделіп, тиістілік сақталады, бірақ параллельдік сақталмайды.  
ЦУНАМИ (жапонша  —  тсунами)  —  мұхит  түбіндегі  жер 
сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт. ашық мұхитта 1 
м-ден  аспайды;  құрлықтағы  тар  шығанақтарда  50  м-ге  дейін 
барады.  Толқынының  таралу  жылд.  400  —  800  км/сағ-қа  дейін. 
Мыс., адамзат тарихындағы Ц-мен байланысты ең ірі апат — 2005 
ж. Оңт.-Шығыс Азияда болды. Индонезия жағасындағы жер сілкіну 
күші  8,9  баллға  жетіп,  соның  нәтижесінде  биіктігі  10  м-ден  астам 
цунами тарады. Таудай су толқындары жолындағы елді мекендерді 
шайып  әкетті.  Ц-дің  жойқын  күшінен  300000  адамның  ӛмірі 
қиылды. Ғаламат су толқындары жер сілкінудің эпицентрінен 6000 
км қашықтықтағы Африка жағалауына дейін жетті. 
Цунами  негізінен  Тынық  мұхит  жағалауында  (Ресейдің  қиыр 
шығысында,  Жапонияда,  Оңт.-  Шығыс  Азияда,  Оңт.  Америкада) 
жиі  қайталанады.  20  ғ-дың  40  —  50-жылдарында  АҚШ-та, 
Жапонияда  және  КСРО-да  халықты  алдын  ала  сақтандыратын  Ц. 
қызметі  құрылды.  Болжам  Ц.  толқынының  жер  сілкіну 
эпицентрінен таралу жылдамдығын есепке алуға негізделген. 
 
 

Ч 
 
ЧАШКАЛЫ ҚОЛ АНЕМОМЕТРІ МС-13 - анемометрлер желдің 
белгілі  уақыт  аралығындағы  ортапіа  жылдамдығын  ӛлшеу  үшін 
қолданылады.  Қол  анемометрінің  чашкалы  және  қанатты  екі  түрі 
болады. Чашкалы анемометрмен 1 - 20 м/с, қанатты анемометрмен 
0,3  -  5  м/с  аралығындағы  жел  жылдамдығы  ӛлшенеді.  Қанатты 
анемометр негізінен вентиляциялық трубаларда қолданылады. 
 
Ш 
 
ШАБЫНДЫҚ — жаз бойы ӛсуге бейімделген шӛптесін ӛсімдіктер 
биогеоценозы. Табиғи Шабындық орташа ылғалдылық жағдайында 
дамитын  кӛп  жылдық  мезофиттік  шӛптесін  ӛсімдіктердің  ӛсуіне 
қолайлы  жерлерде  болады.  Жайылма  су  қаптаған,  тау  бӛктерлері, 
далалы  және  шӛлейт  аймақтарда  кӛлдетіп  суарылатын  жерлерде 
табиғи  шабындық  ӛседі.  Шабындыққа  мал  жайылады,  пішен 
шабылады  және  Шабындық  ӛсімдік  түріне,  табиғат  жағдайына, 
түсіміне,  жер  отына  қарай  алуан  түрлі  болады.  Шабындық 
жерлерде  4000-нан  астам  шӛптесін  ӛсімдік  түрлері  ӛседі.  Оларға 
емдік  сиырсілекей,  бұршақ  тұқымдастарының  бірнеше  түрі, 
қарандыз, горечавка, сарғалдақ, чихотник, дәнді-қияқты ӛсімдіктер, 
тағы басқа жатады. Шабындық тың құрлық Шабындығы, суармалы 
жер  шабындығы,  тау  шабындығы  деген  түрлері  болады. Құрлық 
шабындығы —  жазық  далада,  сай-салалы  жерде  қар,  жаңбырдан 
нәр  алып,  ыза  сулары  жақын  жерде  ӛседі.  Орманды,  орманды-
далалы  және  далалы  аймақтың  ойпаң  жерлеріндегі  шабындықтың 
шӛбі  қалың  ӛседі.  Суармалы  шабындық  —  ӛзен  алқаптарында  су 
тасыған  кезде  су  жайылатын  жерлерде  ӛседі. Тау  шабындығы -
ы

ылғалды,  ауа  райы  жылы  таулы  аудандарда,  субальпілік, 
альпілік  белдеуде  ӛседі.  Бұлардың  шӛбі  аласа,  кӛбінесе  мал 
жайылымына  пайдаланылады.  Қазақстанның  ылғалы  жеткілікті 
ӛңірлерінде  әр  гектардан  12  —  15  ц,  су  жайылатын  ойпаң 
жерлерден 15 — 20 ц, орманды-далалы аймақтарда 6 — 10 ц, шӛбі 
шүйгін, шымды, ойпаң жерлерден 20 — 30 ц пішен жиналады. Жыл 
сайын  дайындалатын  пішеннің  99 табиғи  шабындықтаналынады. 
Қазақстанда пішен шабуға жарамды 7,3 миллионга шабындық бар. 
Бұл 
аймақтарға Солтүстік 
Қазақстан, Қостанайоблыстарының 
солтүстік  жатады.   Павлодар,   Ақмола,   Қостанай,   Батыс 

Қазақстан, Ақтӛбе, Қарағанды, Шығыс 
Қазақстан облыстарында 
шабындық ӛзен-кӛл алқабы, сай-сала, ойпаң жерлерден жиналады. 
Шӛбі 
шүйгін 
құнарлы 
шабындық Ертіс, Жайық ӛзендері 
алқабының кӛктемдегі тасыған су жайылатын жерлерінде кӛп ӛседі. 
Мұндай  шабындықтың  әр  гектарынан  8  —  10  ц  пішен  алынады. 
Сортаңдау шалшықты жерлерде биік бидайық, қияқ ӛседі, олардан 
8 — 20 ц пішен жиналады. Қазақстанның шӛлейт аймағында ӛсетін 
шабындықта  масақты  шӛптер  мен  бидайық  кездеседі,  оның  әр 
гектарынан  5  —  7  ц  пішен  жиналады.  Шӛлді  аймақта  шабындық 
кӛбінесе Сырдария, Шу,  Іле  сияқты  ірі  ӛзендердің  алқабында  ғана 
болады. Бұл жерлердің  шӛбі  —  ірі сабақты құрақ, қамыс, әр түрлі 
масақты  ӛсімдіктер,  әр  гектарынан  10  —  15  ц-ден  20  —  25  ц-ге 
дейін  пішен  жиналады.  Республикада  шабындық  жерлерді 
жақсарту  үшін  ӛсімдігі  сирек  жерлер  жыртылып,  ӛнімі  мол  шӛп 
тұқымы егіледі.  
ШАҒЫЛ,  БАРХАН  —  құмды  шӛл  және  шӛлейт  жерлерде  жел 
әрекетінен  пайда  болатын  ысырынды  құм  тӛбелері,  жер  бедерінің 
пішіні.  Құмтӛбелер  жарты  ай  немесе  орақ  пішіндес  болады.  Жел 
жақ  беткейі  созылыңқы  әрі  түйетайлы  (5  ),  келеді.  Айшыққа 
тірелген  жел  оны

),  ық  жақ  беткейі  қысқа,  тікше  (30  —  33

—  14 
айналып  ӛтеді  де,  екі  шетін  мүйіз  сияқтандырып  ілгері  созып 
отырады.  Желдің  режиміне,  бағыты  мен  күшіне  байланысты 
биіктігі  150  м-ге  дейін  Шағылды  қырқалар,  Шағылды  тізбектер, 
Шағылды пирамидалар, тағы басқа  пайда болады. Шағыл жылына 
бірнеше метрден бірнеше жүздеген метрге жылжып отырады. Онда 
ӛсімдік ӛспейді. Шағыл Орталығы Азия мен Қазақстанның барлық 
құмды шӛлдерінде( Қарақұм, Қызылқұм, тағы басқа) таралған. 
ШАҒЫЛҒАН  ЖӘНЕ  ЖҦТЫЛҒАН  РАДИАЦИЯЛАР  -  тӛселме 
бетке  келіп  түсксн  жиынтық  радиацияның  бір  бӛлігі  жұтылады  да 
бір  бӛлігі  кері  шағылып  кетеді.  Күн  радиациясының  шағылып 
кеткен  бӛлігінің  (R
к
)  келген  жиынтық  радиацияға  (Q)  қатынасын 
беткейдің  шағылдыру  мүмкіндігі  немесе  Альбедо      (А)    деп   
атайды: Альбедо   сан  мәнмен  (0 - 1) немесе пайызбен (0 - 100 %) 
есептеледі.  Беткейдің  альбедосын  және  жиынтық  радиацияны  біле 
отырып    мына  теңдеуі  бойынша  тӛселме  беттен  шағылып  кеткен 
қысқа  толқынды  күн  радиациясын  -  шағылған  радиация  (R
к

мӛлшерін анықтауға болады.  
 ШАШЫРАНДЫ  РАДИАЦИЯ  (0.  кВт/м
:
)  деп  -  радиусы  Күн 
аймағынан  басқа  барлық  аспан  олемінен  жср  бстінс  келетін 

радиацияны  айтады.  яғни  ол  атмосферадағы  барлық  газдар 
молскулалары  мсн  аэрозольдар  арқасында  жан-жаққа  шашыраған 
радиация. 
Шашыранды радиацияның мӛлшері келесі факторларға бағынышты. 

 
Күн  биіктігі  неғұрлым  үлксн  болса  шашыранды  радиация 
ағыныда  соғұрлым  жоғары  болады.    себебі    Күннен  келетін 
радиацияның қарқындылығы ӛседі. 

 
Атмосфера  неғұрлым  бұлыңғыр  болса  шашыранды  радиация 
ағыны  да  соғұрлым  жоғары  болады.  Себебі  шашыратушы 
бӛлшектердің саны кӛбсйеді. 

 
Ақшыл  жіңішке  бұлттар  шашыранды  радиация  мӛлшерін 
арттырады.  Ондай  бүлттар  жақсы  шашыратушы    орта  болып 
табылады.  Ал.  аспанды  тұтас  жабатын  қалың  тӛменгі  қабат 
бұлттары  кезіндс  шашыранды  радиация  мӛлшері  ашық  аспан 
жағдайымен салыстырғанда аз болады. 

 
Шашыранды  радиация  мӛлшері тӛселме беткейдің сипатына, 
әсіресс  оның  шағылдыру  мүмкіндігінс  де  бағынышты.  Жер 
бетінен    шағылған  радиацияның  атмосферада  екінші    мәртс 
шашырап  жер  бетіне  қайтып  келуі  салдарынан  шашыранды 
радиация  мӛлшері  біршама  артады.  Мысалы.  қар  жамылғысы 
келген 
тіке 
және 
шашыранды 
радиациялардың 
70-90% 
шағылдырады. Олар екінші морте шашырап қайтып келеді. Әсіресе. 
шашыранды 
радиация 
ағынының 
мәні 
үлкен 
Арктика  мен  Антарктидада  (0.70  кВт/м
:
).  Күн  биіктігі  неғүрлым 
тӛмен  болса  шағылу  соғұрлым  жоғары  болады.  яғни  екінші  мәрте 
шашырау да ӛссді. 

 
Теңіз деңгсйінен биіктеген сайын (ашық аспан кезінде) 
шашыранды радиация мӛлшері азаяды. Себебі атмосфераның 
қалыңдығы да азаяды. Шашыранды радиация ағынын тіке радиация 
ағынымен былайша байланыстыруға болады: 
ШӚГІНДІ —  бұрыннан  келген  тау  жынысынан,  биогендік 
кӛздерден 
пайда 
болып 
немесе 
химиялық 
үдерістерінің 
нәтижесінде  шӛгініп,  Жер  бетіне  немесе  Жер  бетінің  жанында 
бӛлінген материал. 
Палеозой тобы (эратемасы). 
Жер  қыртысына тиесілі  таужыныс  қабаттарының   фанерозой 
 эонотемасына  
қарасты, 
яғни  
протерозойэонотемасынан 
(кембрийге дейінгі эонотемадан) есептегеңдегі алғашқы тобы; алты 
жүйеге жіктеледі, олар (тӛменнен жоғары қарай): 


 
кембрий, 

 
ордовик, 

 
силур, 

 
девон, 

 
''таскӛмір (карбон)'' 

 
пермъ 
 жүйелері. 
Палеозой  эрасы.  Жер  дамуының  фанерозой эонына қарасты,  яғни 
протерозой  эоны  (кембрыйге  дейінгі  эон)  аяқталғаннан  кейінгі 
алғашқы  эра;  540  —  250  млн  жылдар  аралығын  қамтыған,  жалпы 
ұзақтығы  шамамен  290  млн  жыл  шамасында  деп  есептеледі;  алты 
кезеңге жіктеледі, олар: 

 
кембрий кезеңі, 

 
ордовик кезеңі, 

 
силур кезеңі, 

 
девон кезеңі, 

 
таскӛмір (карбон) кезеңі 

 
пермъ кезеңі. 
ШОҚАН  ШЫҢҒЫСҦЛЫ  УӘЛИХАНОВ (1835—1865)  — 
қазақтың  ұлы  ғалымы:  ориенталист,  тарихшы,  фольклоршы, 
этнограф, географ, ағартушы. Шын аты — Мҧхаммед Қанафия
Шоқан  Уәлихановтың  ғылыми  зерттеулері  Тамаша  білім  алып 
шыққан  жас  ғалым  түрлі  ғылыми   экспедицияларға   белсене 
қатысты.  Бұл  жӛнінде  ол  Омбыда  оқып  жүрген  жылдарында 
армандайтын.  Қазақ  даласын  және  онымен  шекаралас  жатқан 
елдердің  аумағын,  ондағы  халықтардың  тарихы  мен  жағдайын 
жаксы  білетін  Шоқанға  орыс  зерттеушілері  де  қатты  қызығып, 
оның  кӛмегіне  мұқтаж  болатын.  1855  жылы  Шоқан  Батыс  Сібір 
генерал-губернаторы  Г.Х.  Гасфорттың  Орталық  Қазақстан, 
Тарбағатай  мен  Жетісу  жеріне  жасаған  сапарына  қатысады.  Бұл 
сапарда  қарапайым  халықтың  ӛмірімен  танысып,  қырғыздардын 
тарихи  аңыз-әңгімелері  мен  жырларын  жазып  алды.
[5]
 Ш. 
Уәлиханов  1856  жылы  аса  кӛрнекті  ғалым,  белгілі  географ  П.С. 
Семенов-Тян-Шанскиймен  танысты.  Ол  жас  қазақ  ғалымның 
қабілетіне  шын  ниетімен  сүйсіне  қайран  қалды.  1857  жылы  П.С. 
Семенов-Тян-Шанскийдің  ұсынуымен  Ш.  Уәлиханов  Орыс 
географиялық  қоғамының  толық  мүшелігіне  қабылданды.  Шығыс 
Қазақстан  мен  Жетісуға,  қырғыз  еліне  жасаған  сапары  Шоқанның 
ғалым  ретіндегі  даңқын  арттырды.  1857  жылы  Шоқан  Алатау 

қырғыздарына  сапар  шегіп,  оның  тарихын,  этнографиясын  және 
халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық 
дастаны 
«Манасты»  
жазып 
алды. 
1858-1859  жылдары  Шоқан  атақты Қашғария сапарына  барып 
қайтты.  Шоқанға  дейін  ол  ӛлкеде  бірде-бір  зерттеушінің  болып 
қайтуының  сәті  түспеген  еді.  Неміс  ғалымы  Р.  Шлагингвейттің 
еуропалықтар  үшін  мүлде  жабық  ӛлкеге  барып  қайтпақ  болған 
сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен ӛлім жазасына душар 
болған-ды.  Шоқан  аса  қиын  құпия  жағдайда  ӛз  ӛміріне  қатер 
тӛндіре  жүріп,  Қашғария  ӛлкесінің  тарихы,  этнографиясы, 
мәдениеті  мен  геологиясы,  географиялық  жағдайы  жайлы  Бұған 
дейін  мүлде  белгісіз  аса  құнды  деректер  жинап  қайтты.  Соның 
негізінде 
«Алтышардың 
немесе 
Қытайдың 
Нан-JIy 
провинциясының  (Кіші  Бұхараның)  шығыстағы  алты  қаласының 
жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, 
одан  тыс  жерлерде  де  шығысты  зерттеуші  ғалымдар  жоғары 
бағалады.
 
Патша  үкіметі  жас  ғалымның  ғылыми  ерлік  еңбегін  жоғары 
бағалады. 
1860 
жылы 
Санкт-Петербургте 
ол 
орденмен 
марапатталып,  әскери  шені  де  жоғарылатылды.  Оны  орыс 
патшасы II  Александрдің ӛзі  қабылдады.  Осы  кездесу  кезінде 
Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы 
жайлы ӛз ӛтінішін батыл жеткізді. 
Петербургте  болған  кезінде  (1859—1861  жылдары)  Шоқан 
Уәлиханов  әр  түрлі  әскери  және  ғылыми  мекемелерде  жұмыс 
істеді.  Ол  ресейлік  шығыстанушылар  мен  дипломаттардың, 
жазушылар  мен  ақындардың  сиынатын  нағыз  піріне  айналды. 
Шоқан  Қазақстан  мен  Орта  Азияның  және  Шығыс  Түркістанның 
карталарын  жасаумен  айналысып,  қажымай-талмай  еңбек  етті. 
Шығыс 
елдерінің 
қолжазбаларын 
мұқият 
зерттеуді 
де 
жалғастырды.  Оны  Орыс  географиялық  қоғамы  Шығыс  тарихы 
туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды. 
Алайда  Петербургтың  ылғалды  ауа  райы  оның  денсаулығына 
жақпады.  Денсаулығының  нашарлауына  байланысты  Отанына 
оралуға  мәжбүр  болды.  Ол  Омбыға  барып,  даладағы  жергілікті 
баскару  ісін  қайта  ұйымдастыру  жӛніндегі  шараларға  қатысты. 
Оның  негізгі  ойлары  «Қырдағы  мұсылманшылық  туралы», 
«Қырғыздардың  кӛ-  ші-қоны  туралы»,  «Сот  реформасы  туралы 
жазбаларда» баяндалады. 

1864  жылы  Шоқан  генерал  Черняевтың  Оңтүстік  Қазақстанға 
жасаған  әскери  экспедициясына  қатысады.  Бірақ  әскери  қызметі 
ұзаққа  созылмады,  генералдың  жергілікті  халыққа  шектен  тыс 
қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан ӛз еркімен кетті. 
ШӚЛ – ландшафтың ауа  температурасы   құбылмалы,   жауын-
шашын ӛте  аз  түсетін  климат  жағдайында  қалыптасатын  түрі. 
Шӛлде  түсетін  жауын-шашын  мӛлшерінен  булану  шамасы  7  –  30 
есе  артық  болады.  Шӛл  топырағы  және  грунтына  қарай:  ертедегі 
аллювийлік  жазықтың  борпылдақ  жыныс  қабаттары  үстінде 
қалыптасқан  құмды  Шӛл  гипстелген  құрылымды  үстірт  пен  тау 
алды  жазығындағы  малтатасты  және  құмды-малтатасты  Шӛл; 
үстірттегі және тау алды жазығындағы гипстелген қиыршық тасты 
Шӛл;  аласа  таулар  және  ұсақ  шоқылардағы  тастақты  Шӛл; 
жамылғысы  сәл  карбонатты  саздақты  жердегі  саздақты  Шӛл;  тау 
етегі  жазығындағы  ллссті  Шӛл;  тау  алды  жазығы  мен  ӛзендердің 
ескі атырауларындағы саздақты тақыр Шӛл; тұзды мергелдік және 
сазды  аласа  таулы  ӛңірдегі  саздақты-шӛладырлы  Шӛл;  тұзды 
құмтӛбелер және теңіз жағалауындағы сортаң Шӛл болып бӛлінеді. 
Құрлықтың  ішкі  бӛлігінде  орналасу  жағдайына  қарай  құрлықтық 
(Гоби, 
Такла-Макан, 
т.б.) 
және 
құрлықтардың 
батыс 
жағалауларында  орналасқан  жағалаулық  (Атакама, Намиб,  т.б.) 
Шӛлдерге  бӛлінеді.  Геогр.  орнына  қарай  тропиктік,  субтропиктік, 
қоңыржай  белдеу  және   Арктика   мен Антарктида (арктиктик  Шӛл 
немесе  мұз  Шӛлі)  Шӛлдері  болып  бӛлінеді;  тауларда  Шӛл  (суық 
биіктаулық  Шӛл)  биіктік  ландшафт  белдеуін  құрайды.  Негізінен 
Шӛлдердегі  бұлтсыз  ашық  күндер  саны  197  –  295  шамасында. 
Жазы  ыстық.  Қоңыржай  белдеулік  Шӛлде  шілденің  орташа  темп-
расы  22  –  32С;  ең  жоғары  темп-расы  50С;  тропиктік  және 
субтропиктік  белдеулер  Шӛлдерінде  30  –  38С.  Солттүстік 
Америкадағы Ажал аңғарында  ауа  темп-расы  56,7  С-қа  дейін 
кӛтеріледі.  Шӛлдегі  топырақ  беті  кейде  90  С-қа  дейін  қызады. 
Жылдық  жауын-шашын  мӛлшісі  175  –  200  мм; Такла-
Макан Шӛліндегі  орташа  мӛлшісі  9  мм  шамасында.  Судың 
булануы,  жерге  сіңу  шығыны  кӛп  болғандықтан,  Шӛлден  ӛтетін 
кейбір  ӛзендер  сағасына  жетпей  тартылып  қалады.  Топырақ 
қабатындағы  ылғалдың  тапшы  болуына  байланысты  Шӛлдің 
ӛсімдік жамылғысы негізінен кедей, тек қуаңшылыққа бейімделген 
ӛсімдіктер 
ӛседі. 
Шӛптесін 
ӛсімдіктен 
эфемерлер 
және 
эфемероидтар  кӛп  тараған.  Субтропиктік  және  тропиктік, 

құрлықтың  ішкі  бӛліктеріндегі  Шӛлдерде,  әсіресе   Африка, 
 Арабия   Шӛлдерінде   суккуленттер, ксерофиттікбұталар  және  кӛп 
жылдық  шӛптер  ӛседі.  Солттұстік   Америка   және   Австрия  
субтропиктік  Шӛлдеріндегі  ӛсімдік  жамылғысы  басқа  Шӛлдерге 
қарағанда  түрлерге  бай  келеді.  Шӛл  жануарлары  ӛзін  қоршаған 
географиялық  ортаның  қатал  жағдайына  бейімделген.  Қосаяқ, 
кесіртке,  жылан,  құм  сарышұнақтары,  құм  тасбақалары, 
қарақұйрық, ақбӛкен, т.б. мекендейді. Дүние жүзіндегі ең ірі шӛл –
Сахара. 
Қазақстан 
мен 
Орталық 
Азиядағы 
ірі 
шӛлді 
аймақтар: Мырзашӛл, Қарақұм, Қызылқұм, Бетпақдала. 
Шӛлдің 
ландшафтысы Жер шарының 19%-нда, Қазақстан жерінің 44%-нда 
қалыптасқан; Шӛл белдемі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет