Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет2/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

АНТАРКТИКА  –  Жер  шарының  оңтүстік  поляр  аймағы. 
Антарктиканың  (грекше  antі  –  қарсы,  arktіos  –  солтүстік)  табиғи 
шекарасы  ӛте  айқын  байқалады.  Ол  дүниежүзілік  мұхиттың  беткі 
суларының  біршама  жылы  және  керісінше  мейлінше  салқын 
бӛліктерінің  араласатын  аймағы  –  антарктикалық  конвергендену 
белдемі арқылы ӛтеді. Бұл шекара негізінен 48 – 60Ә оңтүстік ендік 
аралығында 
орналасқан. 
Поляр 
аймағын 
алып 
жатқан 

Антарктиканың  аумағы  шамамен  52  млн.  км2.  Оның  құрамына 
бетін  қалың  мұз  жамылғысы  жауып  жатқан  Антарктида  құрлығы 
мен  оған  жалғас  жатқан  Александр  І  жері,  Оңтүстік  Шетланд, 
Оңтүстік  Оркней,  Оңтүстік  Сандвичевтер,  Оңтүстік  Георгия, 
Баллени  аралдары  мен  арал  топтары  және  құрлық  жағалауын 
шайып  жатқан,  шартты  түрде  Оңтүстік  мұхит  деп  аталатын  – 
Тынық,  Атлант,  Үнді  мұхиттарының  антарктикалық  бӛлігі  енеді. 
Құрлық  жағалауындағы  қайраңдарда  Росс,  Уэделл,  Беллинсгаузен, 
Ынтымақ,  Ғарышкерлер  теңіздері  бар.  Уэделл  және  Росс 
теңіздерінің  елеулі  бӛлігін  қайраңды  мұздықтар  басқан.  Қыс 
кезінде мұхиттағы қалқыма мұздықтар шекарасы солтүстікте ашық 
мұхит  айдынында  50Ә  оңтүстік  ендіктерге  дейін  жетіп,  аумағы  20 
млн.  км2  болады.  Бір  жылдық  мұздың  қалыңдығы  1,5  –  2  м-ге 
жетеді,  кӛп  жылдық  мұздар  мұзтау  түрінде  кездеседі.  Антарктика 
Арктикамен 
салыстырғанда 
табиғатының 
қаталдығымен 
ерекшеленеді.  Онда  жер  шарының  ең  суық  полюсі  орналасқан 
(89,2ӘС). 
АНТИКЛИНАЛЬ,  АНТИКЛИНАЛЬДЫҚ  ҚАТПАР  -  тау 
жынысы  қабаттарының  жоғары  қарай  доғалана  қатпарлануы. 
Антиклинальдің  орта  шенінде  ескі,  ал  қанаттарында  кейінгі 
жас қабаттар орналасады 
АНТИКЛИНАЛЬ - Шӛгінді, 
 эффузивті 
 немесе 
 ӛзгерген  
жыныстар   бірлестігіне  тән  қат  -  қабаттардың  ӛзара  астасу  пішіні. 
Жымдасқан 
қойнауқаттар 
жиынтығының 
бірлесе 
иілуі 
нәтижесінде антиклинальды  қатпарлар дӛңес  пішіндер  тузеді. 
Катпардын ӛзегін, яғни оның ішкі ӛңірін құрайтын қабаттар сыртқы 
ӛңірдегі  яки  қатпар  қанаттарындағы  жыныстардан   кӛнелеу  болуы 
шарт.  Қақтылы қатпардың иілу  нуктесі  қатпар құлпы деп  аталады, 
ал  осы  қатпар  жүйесінің  құлыптары  орналасқан  нүктелерді  жазық 
бағытта  ойша  қосқан  жағдайда  пайда  болатын  шартты  сызық 
қатпар айдары деген атауға ие. Синонимі - антиклинальды қатпар. 
АНТИЦИКЛОН (грекше anti – қарсы, cyclon - айналым) – біркелкі 
қысым сызықтарымен тұйықталған, атмосфералық қысымы жоғары 
аймақ,  яғни  жоғарғы  қысым  жүйесі.  Қысым  орталығынан  шетіне 
қарай  тӛмендей  береді.  Соған  сәйкес  жел  антициклонның 
орталығынан  шетіне  қарай  және  Жердің  ӛз  осінің  айналуының 
ықпалымен  Солтүстік  жарты  шарда  оңға,  Оңтүстік  жарты  шарда 
солға  қарай  бұрыла  соғады.  Ені  2-3  мың  ,  км-ге  жетеді.  Орталық 
бӛлігінде ауа жоғарыдан тӛмен қарай құлдырайды да, барған сайын 

құрғай  түседі.  Сондықтан  Антициклон  ӛткенде  қыста  суық,  жазда 
жылы,  ашық  ауа  райы  қалыптасады.  Тұрақты  Антициклон 
Антарктиданың  үстінде,  екі  жарты  шардың  субтропиктік 
ендіктерінде  айтарлықтай  жиі  қалыптасады  (Азор  антициклоны, 
Солтүстік-Тынық  мұхит  антициклоны).  Сонымен  бірге  қыста 
қоңыржай  ендіктердегі  құрылықтардың  үстінде  де  пайда  болады 
(мысалы,  Сібір  антициклоны).  Кейде  антициклон  деп  кез  келген 
қысым жоғары және біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталмаған 
қысым  жотасын‖  да  айта  береді.  Антициклонда  ауа  қысымы 
ортасынан  шетіне  қарай  тӛмендейді.  Солтүстік  жарты  шарда 
антициклон  ауасы  сағат  тілінің  айналу  бағытымен  орталықтан 
сыртқа  қарай  ағады.  Оңтүстік  жарты  шарда  ауа  сағат  тіліне  қарсы 
бағытта,  сыртқа  қарай  ағады.  Антициклон  ортасында  ауа 
жоғарыдан  тӛмен  бағытталғандықтан,  онда  атмосфера  шептері 
болмайды.  Ауа  массасы  тӛмен  түскен  сайын  адиабатты  түрде 
жылиды  да  температура  инверсиясы  пайда  болады.  Қазақстанға, 
кӛбіне, қыста шығыстан  Сібір анициклоны тараса, жазда батыстан 
Азор 
антициклоны 
әсерін 
тигізеді. 
Құрлық 
үстіндегі 
антициклонның  орталығында  селдір  бұлтты  ауа  райы  орнығады 
және  оның  солтүстігінде  жылы  ауа  массасы  қалыптасып,  жазда 
будақ бұлттар, қыста қатпарлы бұлттар бақалады.  
АНТИЦИКЛОНДЫ  АҒЫС  -  Солтүстік  жарты  шарда  сағат  тілі 
жүрісінің  бағыты  бойынша  түзілетін,  ал  Оңтүстік  жарты  шарда 
оған  қарсы  бағытта  ағатын  теңіздер  мен  мұхиттардағы  судың 
айналма ағысы. 
АНТИЦИКЛОНДЫҚ 
ЖЫЛЖУ 

ауа 
тасқынының 
антициклондық  құйынын  күшейтетін  желдің  горизонт  бағытта 
қозғалуы.  Антициклондық  жылжу  желдің  жылдамдығы  Солтүстік 
жарты  шарда  тек  солдақ  оңға  қарай,  ал  Оңтүстік  жарты  шарда 
оңнан солға қарай баяулағанда ғана болады. 
АНТИЦИКЛОНДЫҚ 
ИНВЕРСИЯ 

антициклондағы 
температура  инверсиясы.  Жер  бетіндегі  радиациялық  инверсия 
және  бос  атмосферадағы  шӛгу  инверсиясы  деп  екіге  бӛлінеді. 
Атмосферадағы температура инверсиясының басым бӛлігі нақ осы 
антициклондық инверсия болып табылады. 
АНТИЦИКЛОНДЫҚ  ҚҦЙЫН  -  Солтүстік  жарты  шарда  сағат 
тілі  жүрісінің  бағытымен,  Оңтүстік  жарты  шарда  оғап  қарсы 
бағытта айналатын мұхиттағы тік немесе кӛлбеу ӛсті су құйыны. 

АНТИЦИКЛОНДЫҚ  ЦИРКУЛЯЦИЯ  -  антициклондағы  ауа 
қозғалысының жүйесі; яғни антициклон орталығының тӛңірегінде 
ауаның  Солтүстік  жарты  шарда  сағат  тілі  жүрісінің  бағыты 
бойынша,  Оңтүстік  жарты  шарда  оған  қарсы  бағытта  айналатын 
қозғалысы 
АҢҒАР — бедердің теріс пішіні, ені ұзындығымен салыстырғанда 
тар,  бастуаынан  сағасына  қарай  еңістеу  болатын  жер  бетіндегі 
ирелең тереңдеме. Аңғарлар бір-бірімен кездескенде қиылыспайды, 
қосылады.  Аңғар  ағын  судың  шаю  әрекетінен  (эрозия)  жаралады, 
басқа экзогендік 

процестердің 
әсері 
шамалы. 
Аңғар басты және бүйірлік болып  бӛлінеді.  Бүйірлік  аңғар  басты 
аңғардың саласы болады. Олардың есебі екі түрлі жолмен: 
1.
 
бастысынан бастап кішілеріне қарай; 
2.
 
бастауындағы саласы жоқ саладан бастап жүргізіледі. 
Әрбір  аңғардың  кӛлденең  қимасында  бӛлінетін  морфологиялық 
элементтері: 

 
арна — ең тӛменгі тар суағар бӛлігі; 

 
жайылма — ӛзен тасығанда су басып қалатын табаны; 

 
террасалары — сатылана кӛтерілген бүрынғығы жайылмалары. 
Терраса  беткейлері  әр  турлі,  беткейдің  тӛменгі  бүгілмесі табан 
сызығы,  жоғарғысы жиегі деп  аталады.  Бастауларының  пішініне 
қарай  жабық  (түйық  )  және  ашық  аңғарлар  деп  бӛлінеді. 
Географиялық  және  геологиялық  жағдайларға  байланысты  аңғар 
типтері кӛп жоне әр түрлі.  
АҢҒАР, ӚЗЕН АҢҒАРЫ (долина, речная долина) - жер бедерінің 
аса  енді  емес,  әдетте,  ұзына  бойы  ирелеңдеп  созылып  жататын, 
ойыстау,  жалпы  еңістігі  ӛзеннің  бастауынан  сағасына  қарай 
бағытталған  нысаны.  Бірнеше  аңғарлар  қосылып,  ірі  аңғарлар 
құрайды.  Еш  уақытта  бір  аңғар  екінші  аңғарды  кесіп  ӛтпейді. 
Аңғардың  қалыптасуы  жер  бетінде  ӛтіп  жатқан  аса  күрделі 
климаттық,  эрозиялық,  мұздық,  тектоникалық  процестер  мен 
оқпалық  (карст)  құбылыстарға  тікелей  байланысты.  Ағын  су 
орекетінен  пайда  болған  эрозиялық  Аңғар,  қалыптасуынан 
тектоникалық  әсер  (тау  қалыптасу  процестері)  кӛрінетін  Аңғар 
тектоникалық  Аңғар,  жанартау  орекетінен  болған  Аңғар,  мұздық 
аңғар және т.б. болып жіктеледі. Ӛзен аңғарының қалыптасу, даму 
процестері  мыңдаған  жылдарға  созылады,  аңғардың  ең  алғашқы 
нысандарына  сайлар  мен  жыралар  жатады.  Кесе  кӛлденең 
қимасының сипатына карай аңғарлар мынадай типтерге жіктеледі: 


 
1) саңылау —  терең  әрі  тар  Аңғар,  беткейлері,  әдетте,  тіп-тік, 
кейде  арнаға  қарай  еңкіш  келеді,  аңғардың  табанын  түгелдей  су 
алып жатады, тек тауларда ғана кездеседі

 
2) каньон — ӛте құлама беткейлі терең аңғар, әдетте, табаны тар, 
таудан шыға берісте, немесе тауларда кездеседі

 
3) шатқал —  терең  жартасты  тау  аңғары,  әдетте,  беткейлері 
шығыңқы келіп, құламасы етегіне қарай ӛседі; 

 
4) трапецияға  ұқсас —  шығыңқы  немесе  түзу  кӛлбеу  кең  Аңғар, 
бұл жазықтағы аңғардың сипаты. Осы аңғардың бір түрі  — жәшік 
тәрізді табаны тегіс, беткейі құлама аңғар

 
5) астау  тәрізді —  беткейлері  ойыс  (батыңқы),  етегіне  жақын 
біртіндеп кӛлбей түседі, мұздық әрекетінен болған құбылыс. Мұнан 
ӛзге V — тәрізді, U — тәрізді және т.б. аңғарлар кездеседі. 
АҢҒАР  БЕТКЕЙЛЕРІ (склоны  долины)  —  ӛзен  аңғарының  екі 
жағалауын  шектейтін,  еңістігі ӛзен арнасына  қарай  бағытталған 
жер  беті.  Аңғар  беткейлері  биік,  тӛмен,  тік,  кӛлбеу  болып  келуі 
мүмкін.  Ал  кӛлденең  бітімінің  нысанына  карай  — түзу,  ойыс, 
шығыңқы,  баспалдақты және  т.б.  болады.  Дамыған  аңғарлардың 
беткейлері  ӛзен  жағасынан  террасалармен  ерекшеленген  болып 
келеді. 
АҢҒАР  МҦЗДЫҚТАРЫ  олинные  ледники)  —  қатты  жауын-
шашынның 
жиналу 
жылдамдығы абляция және 
ӛзге 
де 
шығындардан асып түсетін, қоректену алқабы (қиыршық қар алабы 
— фирн) мен шығындалу алқабы (мұздық тілі) айқын кӛрініске ие 
тау  мұздығы.  Әдетте,  қоректену  алқабына мұздық қалыптасқан 
орын  (цирк),  кейде  мұздыққа  іргелес  жатқан  беткейдің  жазық 
беттері  мен  жоталары  кіреді,  мұздықтың  тілі  аңғармен  ылдилай 
отырып, қар шегінен тӛменге түседі. 
Аңғар  мұздықтары  морфологиялық  тұрғыдан  алғанда  қарапайым 
(бір  ғана  мұз  ағысынан  тұратын)  және  күрделі  (бірнеше 
қапталдық  салалардан  тұратын)  немесе полисинтетикалық 
мұздықтар болып 
жіктеледі. 
Қарапайым 
мұздықтар 
кӛбінесе Альпіде кездесетіні  себепті  —  бұл  мүздықтарды  кейде 
альпілік типтегі мұздықтар деп те атайды. 
Қарапайым  мұздықтар  типіне  түркістандық  мұздықтар  типі  (қар 
кӛшкіндерімен 
қоректенеді) 
кіреді. 
Күрделі 
мұздықтарға Федченко,Зарафшан, Иныльчек мұздықтары 
мысал 
бола алады. 

АҢҒАР ТАБАНЫ  (Дно долины) - ӛзеннің арнасы мен жайылмасы 
кіретін,  аңғардың  ӛзге  бӛлікгерімен  салыстырғанда  тегіс  келген 
тӛменгі бӛлігі. 
АНТРОПОГЕНДІК  ОРТА  (Антропогенная  среда)  —  адамдар 
одейілеп немесе абайсызда, тікелей немесе жанама түрде ӛзгерткен 
табиғи орта. 
АПАТТЫ  КӚШКІН  -  кӛшкін  құрайтын  факторлардың  қалыпты 
тіркесі жағдайында пайда болатын және кӛшкін науасында кәдімгі 
кӛшкіндерден  қалыптасқан  минералдық  ысырынды  конустан  тыс 
алысқа тарайтын, сирек қайталанатын кӛшкін. 
АРАЛ 
ТЕҢІЗІ — Қазақстан мен Ӛзбекстан шекарасында 
орналасқан  сутоған.  ТеңізХХ  ғасырда ауданы  жағынан  (68  мың 
км
2
) әлемде тӛртінші 
орында 
болған 
болатын, 
бірақ 1960 жылдардан  бастап  теңіздің суы азайып  келеді.  Арал 
теңізі, Кайнозой  дәуірінің орта  шетінде,  яғни  бұдан 21  млн.  1200 
жыл бұрын Каспий  теңізінеқосылып  жатқан.  Бұған  теңіздің 
терістік  бетіндегі  қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан  80  метр 
тереңдіктен Олигоцен  уақытында ӛмір  сүргенқызыл  балықтың, 
ірі ұлудың, киттің омыртқа  сүйектерінің  тасқа  айнала  бастаған 
күйінде 
табылуы 
дәлел 
болмақ. 
Бұл 
теңіздің 
кезіндемұхитпен қосылып жатқандығын кӛрсетеді. Сондай-ақ Арал 
маңынан акуланың тісі  мен  сүйегі  табылды. ХІХ  ғасырдың орта 
кезіндегі  Арал-Каспий  ойпатының  пайда  болуы  жӛніндегі 
болжамдардан  Арал  бассейнінің геологиялық ерте  кезеңдеЖерорта 
теңізімен тұтасып 
жатқан 
су 
айдыны 
екенін, 
оның 
кейінгі Альпілік дәуірлерде 
жер 
қыртысының 
кӛтерілуіне 
байланысты  ұсақ  су  айдындарына  бӛлінгенін  білеміз.  Сондай-ақ, 
Арал  теңізінің  кӛлемі  жайлы,  Арал  теңізі  жайлы  ұғымдар  сонау 
ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі. 
Ендеше  қазіргі  кезде  әлем  елдері  назарын  ӛзіне  аударып  отырған 
осы  су  айдынын  зерттеу  сол  ерте  заманан  бүгінгі  күнге  дейін 
жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да кӛне зерттеулер 
мен 
қазіргі 
жаңа 
мәліметтерді 
салыстыру 
арқылы Арал 
теңізі бассейнімен  оның  жағалауының  даму эволюциясын,  сондай-
ақ  ғасырлар  бойы  ӛзгеру  сипатын  анықтау  қиын  емес.  Мысалы, 
ежелгі  заманның  ӛзінде  Арал  теңізі  кӛп  елдерге  мәлім  болған. 
Ӛйткені,  сол  IХ-X  ғасырлардағы  араб  ғалымдары  – Ибн 
Хордадбех, Ибн 
Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахри келтірген 
мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі 

Аралдың  кӛлемі  мен  жағаларының  пішіні  туралы  мағлұмат  алуға 
болады. 
АРИЗОН 
КРАТЕРІ , 
Бэрринджер 
кратері 
— Аризона 
штатында(Пері шатқалының маңында, Флагстафф және Уинслоу қ-
лары 
аралығында) метеориттен пайда 
болған 
кратер. 
Америкалықтар 
алғаш 
оған 
19 
ғ-дың 
аяғында үндістердіңаспаннан құдай келгені жӛніндегі аңызын естіп 
назар 
аударған. 
1902 
ж. Филаделфия инженері Дэниэль 
Бэрринджер зерттей  келе  кратердің  аспан  денесінің  Жермен 
соқтығысуы  салдарынан  түзілгені  жӛнінде  болжам  жасаған. 
Ғалымдардың  бүгінгі  болжамы  бойынша,  кеңістіктен  сағ-на  69000 
км жылдамдықпен келген, диам. 125-130 м, салм. 70000 т метеорит 
Жермен  500  000  т  қопарғыш  зат  жарылысына  тең  күшпен 
соқтығысып,  диам.  1250  м,  тереңд.  420  м  кратер  ойған.  А.  к-нің 
қазіргі  тереңд.  174  м.Қазақстанда Балқаш  к-нің  солт.-бат-ндағы 
Бояулысай  мен  Алтыбай  ӛзендерінің  аралығындағы  жазықта 
осыған ұқсас Шонақ кратері бар. 
АРЕАЛ 
 - 

лат. 
area  
– 
алаң, 
кеңістік) 
-  
ӛсімдіктер мен жануарлар түрінің, 
туысының, 
тұқымдасының 
құрлықта не судағы таралған аймағы; берілген таксон таралып және 
оның  дамуынын  толық  циклі  ӛтетеін  жердің  немесе  теңіздің  беті 
(түр,  топ,  қатар  және  т.б.).  Ареал  онда  ағзалар  соның  бойымен 
немесе  бірқалыпты  орналасса  ол  тұтас  болады,  егер  ағзалардың 
таралуы  екі  немесе  бірнеше  бір-бірінен  оқшауланған  аймақтармен 
шектелсе  онда  бӛлінген  болады.  Ареалдар  космополитті  олар  жер 
шарының  кӛптеген  аумағын  алып  жатыр.  Ӛсімдіктердің 
эндемикалық  түрлері  осыларға  қарама  кайшы  келетін  жіңішке 
ареалдар  бӛледі;  жер  бетінде  қандай  да  бір  табиғи  құбылыстың 
(жануарлар,  ӛсімдіктер,  пайдалы  қазбалар  түрлері  және  тағы  да 
басқалары)  таралған  атырабы;  физикалық  және  қоғамдық 
географияда  қолданылатын  ұғым.  Мысалы, биогеографияда Ареал 
—  тірі  организм  топтарының  (түрдің,  туыстың  және  тағы  да 
басқалары),  экономикалық  географияда  —  әр  ауыл  шаруашылығы 
да  немесе  ӛнеркәсіп  саласының  таралған  атырабы  және  тағы  да 
басқалары. 
Ол 
кез 
келген 
тіршілік 
иелерінің морфологиялық және экологиялық сипаттамаларының  
бірі  болып  табылады.  Ареалдың  мынадай  түрлері  бар:  бастапқы 
Ареал  –  бір  түрдің  ең  алғаш  ерекше  қалыптасқан  аймағы.  Бұл 
түрдің дәуірлеп,  жаңа  аймақтарда  таралуы  арқасында  ол  кеңейеді, 

ал  азайып,  жойылуы  нәтижесінде  тарылады;  тұтас  Ареал  –  бір 
түрдің  тіршілік  етуіне  қолайлы  мекендерге  таралуы;  үзілмелі 
(дезъюнктивті)  Ареал  –  ӛсімдіктердің  тұқым  алмасуы,  ал 
жануарлардың  қоныс  аударуы  арқылы  бір-біріне  қатынаса 
алмайтындай,  шалғай  орналасқан  аймағы  (мыс.,  кӛгілдір 
сауысқан Пиренейтүбегінде  де,  Қиыр  Шығыста  да  тіршілік  етеді); 
реликті  Ареал  –  ертеде  кең  таралған  түрлердің  кейін  әр  түрлі 
себептермен  тіршілік  ету  аймағы  тарылып,  шағын  аумақтарда 
сақталып  қалуы  (Шығыс  Қытайда ғана  кездесетін  жалғыз  түр  –
 гинко ағашының 
сақталуы); космополитті Ареал– 
кейбір 
ӛсімдіктер  мен  жануарлардың  жер  шарына  жаппай  таралуы 
(мыс., үй  шыбыны, су  егеуқұйрығы,  т.б.);  эндемикті  Ареал  – 
ӛсімдіктер мен жануарлардың шектеулі аймақтарды ғана мекендеуі 
[мыс., Жетісу аяқты  балығы  Жетісу  (Жоңғар)  Алатауының  1800  – 
2500  м  биіктіктегі  бұлақтарында  ғана  кездеседі].  Қазіргі  кезде 
кӛптеген  тіршілік  иелерінің  Ареалдары  адамның  әр  түрлі 
әрекеттерінің (тың жерлерді егістікке айналдыру, ормандарды кесу, 
шӛлді жерлерді суландыру, батпақтарды құрғату, т.б.) нәтижесінде 
ӛзгеріске  ұшырауда.  Нақтылы  Ареалдың  сипаттамасы  картаға 
түсіру  арқылы  анықталады.  Ареал  карталары  ғылыми,  денсаулық 
сақтау, шаруашылық мақсатта кеңінен қолданылады.  
АРКТИКА – 
(гр. аπκτορ — 
солтүстік) Еуразия және Солтүстік 
Америка  құрлықтарының  солтүстік  шетін, Солтүстік  Мұзды 
мұхитты аралдарымен қоса түгел қамтитын жер шарының солтүстік 
полюс 
аймағы. 
Ол 
сондай-ақ Атлант 
мұхиты мен Тынық 
мұхиттың іргелес бӛліктерін де қамтиды. Ауданы 27 млн. км
2
, оның 
15  млн.  км
2
-і 
мұхит  суы.  Арктиканың  құрамына Ресей 
Федерациясының Мурманск,  Архангельск,  Тӛмен  облыстары, 
Красноярск  ӛлкесі, Саха  Республикасы,  Магадан  облысының 
солтүстік  аудандары,Канаданың Юкон,  Солтүстік-батыс  Квебек, 
Ньюфаундленд  аумақтары, АҚШ-тыңАляска түбегінің  солтүстігі, 
 Данияның  
Гренландия аралы, НорвегияныңШпицберген 
аралдары бӛліктері  енеді.  Аралдардың  солтүстігін  Арктикалық 
шӛлдер,  оңтүстігі  мен  құрлық  жағалауларын тундра белдемі  алып 
жатыр. Арктикада тұрғын халық сирек орналасқан. 
АРТЕЗИАН  СУЛАРЫ -  Қойнауқаттар  арасында  жиналған 
арынды жерасты  сулары.  Артезиан  сулары  бартау  жыныстарын, 
түзілімдерін  яғни  олардың  ңойнауңаттарын  үңғьімалармен 
бүрғылап ашқанда сыртңа атқылап, шапшып шығатын суфонтаны. 

АРТЕЗИАН  СУЫ —  су  ӛткізбейтін  қабаттардың,  немесе 
жарықтардың және қатты жыныстардың қуысындагы жер асты суы. 
Ол  жер  астындағы  қысымда  тұрады.  Бұл  —  сапасы  жағынан  да 
жақсы су. Сондықтан сол айғақтағы елді сумен қамтамасыз етудің 
ең  қолайлы  кӛзі  болып  саналады.  Артезиан  Суы  –  су  ӛткізбейтін 
қабаттар  арасында  кездесетін  арыны  күшті  жер  асты  суы. 
Қазақстанның  кӛптеген  аудандарында  артезиан  суының  қоры  мол. 
Тау  бӛктеріндегі артезиан суы  тұщы,  минералдығы  1  г/л-ден 
аспайды.  
АРХЕЙ (АРХЕОЗОЙ) — прекембрийдің үш 
бӛлімшесінің 
ортаңғысы (осыдан 4-2,5 млрд ж. бұрын). Қазіргі кезде архей ресми 
түрде эон болып табылады. Архей — архей эрасы және архей тобы 
ұғымдарының  қысқаша  аталуы.  Грек  тілінде  archаіos  деген  сӛз 
ежелгі  деген  мағынаны  білдіреді.  Архей  –  Жердің  геологиялық 
даму  тарихындағы  ең  ежелгі  эра  болып  табылады.  Радиометрлік 
зерттеулер  Архей  эрасына  қатысты  тау  жыныстары  осыдан 
шамамен  3,6  –  4  млрд.  жыл  бұрын  қалыптаса  бастағандығын 
кӛрсетеді.  Бұл  эраның  жоғарғы  деңгейі,  яғни  оның  протерозой 
эрасына ауысу уақыты шамамен 2,6 – 2,8 млрд. жыл бұрын ӛткен. 
Архейде  қалыптасқан  тау  жыныстары  негізінен  метаморфтық 
ӛзгерістерге  ұшыраған тау  жыныстарынан:   гнейстен,   кристалды 
тақтатастан,  сирек  жағдайда   амфиболиттен,   мәрмәрдан   және 
 кварциттен тұрады.  Органикалық  қалдықтар  кездеспейді,  бірақ 
олардың құрамында графиттің ұшырасып қалуы архей эрасында да 
тіршілік  нышаны  болғандығын  білдіреді.  Архейде  түзілген  тау 
жыныстары  кӛптеген  кӛне  геологиялық  құрылымдардың  негізін 
қалайды. Олардың арасында маңызды кендер кездеседі. 
АСПАН,  АСПАН  КҤМБЕЗІ –  бақылаушыға киіз  үйдің тӛбесі 
сияқты  болып  кӛрінетін күмбез. Күн,  Ай,  жұлдыздар,  т.б.  аспан 
шырақтары  бізден  ӛте  қашықта  болғандықтан,  олардың  ара 
қашықтығының  айырмашылығы  бізге  сезілмейді.  Сондықтан  олар 
аспан  күмбезінде  орналасқандай  әсер  береді.  Ашық  далада  аспан 
жалпайып кӛрінеді, яғни күмбездің тӛбесіне қарағанда, оның іргесі 
(кӛкжиек)  қашықтағандай  болады.  Биік  үйдің  қасында  тұрған 
адамға  аспан  күмбезі  кӛкжиекке  қарағанда  биік  болып  кӛрінеді. 
Ауа 
қабаты кӛгілдір, 
кӛк, 
күлгін сәулелерді 
күштірек 
шашырататындықтан аспан күмбезі кӛк түсті болып келеді. 
АССИМИЛЯЦИЯ (лат. assimilatio - 
сіңіру) 

 адам мен жануарлар ұлпалары 
мен 

жасушаларының құрылымдық бӛліктерін  түзу  және  жаңарту 
бағытында тіріорганизмде 
жүретін 
химиялық 
процестердің 
жиынтығы; 
ағза 
құрамына 
және 
тіршілік 
әрекетіне 
қажетті анаболизм;  қарапайым  құрылымды  заттардан  құрылымы 
күрделірек  заттекті полисахаридтер; нуклеин  қышқылы; ақуыз т.б. 
синтездеу процессі. 
АТАКАМА —  Оңтүстік  Америкадағы  Орталық  Анд  жотасының 
батыс  етегінде  жатқан  шӛл.  Тынық  мұхит  жағалауында  (ұз.  1000 
км-ге  жуық)  созыла  орналасқан.  Чили  Республикасы  аумағының 
солтүстігіндегі  тропиктік  белдеуге  сәйкес  келеді.  Құрамына 
Жағалық  Кордильер,  ұзына  бойы  созылған  аңғар  және  Батыс 
Кордильер жотасының батыс беткейі кіреді. Кайнозой эрасындағы 
тектоник.  қозғалыстар  мен  жанартау  әрекеті  нәтижесінде 
қалыптасқан шӛл. Климаты тропиктік пассаттық, Перу суық ағысы 
әсерінен салқын болып келеді. Жағалауының орташа темп-расы ең 
ыстық  айда  19-200С,  ең  салқын  айда  13-140С,  ал  ұзын 
аңғарларында  ыстық  айда  230,  салқын  айда  120С.  Жауын-шашын 
ӛте сирек түседі (жылдық мӛлшері 50 мм), кейбір жылдары мүлдем 
жаумайды. Жағалық Кордильердің шығыс бӛлігінде ӛте ірі натрий 
және  калий  селитрасы,  йод,  ас  тұзының  кен  орындары,  ал  Анд 
тауларының  батыс  беткейінде  ірі  мыс  кен  орны  (Чукикамата) 
ашылған.  Шӛлдің  беткі  бӛлігінің  кӛпшілігін  жылжымалы  құмдар 
мен  сортаң  жерлер  алып  жатыр.  Бұталар  мен  кактустер  тек  ылғал 
молырақ  жерлерде  ӛседі.  Перу  суық  ағысының  әсерінен 
жағалаудағы  сулар  планктонға  және  ихтиофаунаға  бай  келеді. 
Соның  нәтижесінде  жағалық  жартастар  мен  аралдар  құс  базарына 
айналған. Ондағы құстар саңғырығының қалыңд. 30 м-ге жетеді. Ол 
азотты  тыңайтқыш  болып  табылатын  гуано  түзеді.  Гуано  Чилидің 
ең  басты  экспорт  ӛнімі.  Үндістер  тілінде  ―А.‖-  шӛлді  аймақ  деген 
ұғымды білдіреді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет