ПРЕКЕМБРИЙ, криптозой — архей мен протерозойлық тау
жыныстарының жалпылама жиынтығы; Жер тарихында палеозой
эрасының кембрий дәуіріне дейінгі ұзақтығы 3,5 млрд. жылдай
уақытты қамтиды.
ПРЕРИЯ (француз
тілінде praіrіe,
латын
тілінде partum —
шалғындық) — Солтүстік Американың орталығы бӛлігіндегі
үстіртті жазық ӛңір. Теңіз деңгейінен 500 — 1500 м биіктікте.
Солтүстігінде Саскачеван ӛзенінің орта ағысынан оңтүстігінде Ред-
Ривер ӛзенінің жоғарғы ағысына дейін, батысында Ұлы
жазықтардан шығысында Мичиган кӛлінің оңтүстік жиегіне дейін
созылып жатыр. Батысында Сеңгір таулары орналасқан. Прерия
Солтүстік Американы мұз басуы және адамның орманды орынсыз
кесуі салдарынан пайда болған. Солтүстігінде қара, оңттүстігінде
қызғылт-қоңыр топырақ басым. Климаты континенттік; солтүстігін
қоңыржай, оңттүстігін субтропиктік климаттық белдеу алып
жатыр. Қаңтар айының орташа температурасы солтүстігінде — 20
o
С, оңттүстігінде 7
o
С, шілдеде 17 — 28
o
С-қа дейін жетеді.
Жылдық жауын - шашынның орташа мӛлшері шығысында 900 мм,
батысында 600 мм. Прерияда негізінен бозшағыл, айрауық, боз,
бидайық, т.б. астық тұқымдас шӛптесіндер басым ӛскен және
олардың биіктігі 1,5 м-ге дейін жетеді. Солтүстігінде кӛктерек,
тал, қайың, қарағай шоқ ормандары, оңтүстігінде емен, жаңғақ,
терек, т.б. ӛседі. Прерияның барлық ӛңірі егіншілікке
пайдаланылады.
ПРОДУЦЕНТТЕР -
ӛз ағзаларын ӛздері
қалыптастыратын
организмдер
ПРОЕКЦИЯ (лат. projectio - алға лақтыру) — бұйымның бетке,
кӛбінесе жазықтыққа белгілі бір әдіспен тұрғызылған кескіні.
ПРОТЕРОЗОЙ — Прекембрийді құрайтын үш бӛлімшенің
(1.хадей немесе приской , 2. архей, 3. протерозой) соңғысы (осыдан
шамамен
2500—542
млн
жыл
бұрын).
Протерозойды 3
геологиялық заман құрайды (ертелеуінен жаңалауына атап
ӛткенде):
1.
Палеопротерозой;
2.
Мезопротерозой;
3.
Неопротерозой.
Ең елеулі оқиғалары бҧлар:
Мезопротерозойда оттегі сіңген атмосферасының құрылуы;
Соңғы Неопротерозойдың Криоген кезеңінде бірнеше рет
мұздықтар құрылуы;
Эдиакарий кезеңі (635—542 Ma) жұмсақденелі кӛпжасушалы
организмдердің ӛрбуімен сипатталады.
Жер тарихында археозой мен палеозой аралығындағы эра және сол
заманда
қалыптасқан
қабаттар.
Бұл
терминді
ғылымға
америкикалық геолог Э.Эммонс енгізген. Протерозой бұдан 2000
(кейбір тұжырым бойынша 2500) – 570 млн. жыл бұрын,
ұзақт. 1500
млн. жылға
созылған
эра. Қазақстанмен Орта
Азия жеріндегі
Протерозойды Р.Борукаев, Ю.Зайцев, В.Королев,
т.б. зерттеген.
Протерозойдың бірінші жартысы (2,2 млрд. жылға дейін)
геократтық жағдайларда ӛткен. Қыртыстың салқындау процесі
нәтижесінде қатаң және морттық қасиеттерге ие болған литосфера
жарылып, суперконтинентте рифт ойпаңдары мен айырылымдар
пайда болған.
Бастапқы
Протерозойдың
екінші
жартысында бұл
процестер күшейіп, суперконтинент кӛлденеңі жүздеген және
мыңдаған км болатын блоктарға (микротақталарға) жіктелген. Олар
жұқарып (рифтинг) және толық айырылып (спрединг), ал
айырылған блоктар арасын терең сулы алаптар басқан.
Протерозойдың соңында шӛгінді және жанартаулық тау
жыныстарымен толған бұл алаптар, деформацияға, метаморфизмге,
граниттенуге ұшырап, қайта жабылған. Бастапқы Протерозойда
организм қалдықтары ӛте сирек. Қалдықтарының қалыңдықтары
кей жерлерде жүздеген метр болатын кӛк-жасыл балдырлар түзіліп,
олардың қарқынды фотосинтездеуші әрекетінен ауаның құрамы
ӛзгере бастады. Ол таза оттекті кӛбейтіп, тіршілік әлемінің
ӛркендеп дамуын тездетті. Даму бастапқы-ортаңғы рифейде
қарқындады. Бактериялар, балдырлармен қатар қарапайым бір
клеткалы
организмдер
–эукариоттар пайда
болды. Темір, мыс, алтын,
кӛптеген
бейкентас
шикізаттары
шоғырларының пайда болуы Протерозоймен тығыз байланысты.
Р
РАДИАЦИЯ — иондану сәуле шығаруы; жылулық сәуле
шығаруы;
Күн
радиациясы —
электромагнитты
жане
корпускулярлық
табиғаты
бар Күн сәулелерi;
сәуле
шығаруға синоним.
РЕЙН (нем. Rheіn,
франц. Rhіn)
— Батыс
Еуропадағы ірі
ӛзендердің бірі. Ұзындығы 1320 км, су жиналатын алабының аум.
224,4 мың км
2
. Ӛзен Швейцария Альпісінен Алдыңғы Рейн және
Соңғы Рейн бастауларынан басталып, Швейцария, Лихтенштейн,
Австрия, Германия, Нидерланд, Франция жерлерімен ағып ӛтіп,
Солтүстік т-ге құяды. Негізгі салалары — Ааре, Мозель, Маас
(сол), Неккар, Майн, Рур (оң). Орташа су ағымы 2500 м
3
/с,
жылдық
ағын
мӛлшері
79
км
3
.
Ағысының
сипатына,
аңғарларының морфологиясына байланысты ӛзен: таулы, жоғарғы,
ортаңғы Рейн және тӛменгі Рейн болып бӛлінеді. Рейн — Батыс
Еуропадағы халықар. маңызы бар су жолы, тӛм. ағысында жылына
100 млн. т-дай жүк тасымалданады (күніне 650 — 700
кеме). Базель қ-на дейін (атырауынан 886 км) және Боден к-нде (66
км) кеме қатынасы бар. Рейн ӛз. алабындағы су жолының жалпы
ұзындығы
3000
км-дей;
Рона,
Марна,
Везер,
Эмс,
Эльба ӛзендерімен каналдар арқылы жалғасқан. Швейцария,
Франция, Германия жерлерінде СЭС-тер салынған. Рейн бойында
Базель (Швейцария), Страсбур (Франция), Мангейм, Майнц, Бонн,
Кельн, Дюссельдорф, Дуйсбург (Германия) қ-лары; атырауында —
Роттердам (Нидерланд) теңізпорты орналасқан.
РЕЙК БҦҒАЗЫ — Отты Жер мен Шетленд аралдары
аралығында, Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғастырып
жатқан Жер шарындағы ең енді бұғаз(1120 км). Ұзындығы 460 км,
тереңдігі 5249 м. Теңіз дауылдары жиі болып тұрады. Оңтүстік
бӛлігі қыста қатады, жаз айларында ірі мұзтаулар жиі кездеседі.
1578 жылы осы бұғаз арқылы алғаш жүзіп ӛткен ағылшын теңіз
саяхатшысы Ф.Дрейктің (1540 — 1596) есімімен аталған.
РЕКЕМБРИЙ -
фанерозой алдындағы хадей, архей, протерозой
деген үш эонды сипаттайтын қазіргі кезде бейресми түрде ғана
қолданылатын атау. Бұл ең ұзақ геологиялық уақыт Жер қабығы
қатайған кезінен басталып 542 млн. жыл бұрын кембрий кезеңі
басталған кезде аяқталады. Геологиялық уақыттың осы кезеңге
жататын тау жыныстары әдетте ӛзгерген және олардың ішінде
қатты бӛліктері немесе қаңқалары бар аз ғана қазбалар табылып
жүр. Прекембрий тау жыныстары солтүстік Канада және Балтық
теңіз қалқанды ӛңірлерінде жер бетіне кӛптеп шығады.
РЕФРАКЦИЯ немесе Жарықтың сынуы — оптикалық сәуленің
(жарықтың) екі ортаны бӛлетін шекарадан ӛткен кезде таралу
бағытының ӛзгеруі, ауа орталығында жарық сәулелерінің сынуы
(үзілуі); соның салдарынан бағдарлаған заттың кәдімгі биіктігі
бұрынғысынан биіктеу сияқты болып кӛрінеді. Түзетуді алғанда
рефракция жерлік (егер сэуле жердегі заттардан келетін болса)
және атмосфералық (егер сәуле жұлдыздармен Күннен' келетін
болса) болып екіге бӛлінеді. Сыну кӛрсеткіштері n1 және n2
болатын біртекті изотропты мӛлдір (жұтпайтын) орталардың
созылыңқы жазық бӛліну шекарасында Жарықтың сынуы мынадай
екі заңмен анықталады:
Cынған сәуле түскен сәуле мен бӛліну бетіне түсірілген нормаль
(перпендикуляр)
арқылы
ӛтетін
жазықтықта
жатады;
Жарықтың сынуы жарықтың шағылуымен қатар жүреді. Бұл
жағдайда сынған және шағылған сәуле шоқтары энергияларының
қосындысы түскен сәуле энергиясына тең. Олардың салыстырмалы
қарқындылығы сәуленің түсу бұрышына, n1 мен n2-нің мәндеріне
және түскен сәуле шоғындағы жарықтың полярлануына тәуелді
болады. Сәуле
sіn
=n2
sіn
) Снеллдің сыну заңымен байланысқан:
n1
)
мен
сыну
бұрышы
(
2)
түсу
бұрышы
( нормаль (перпендикуляр) түскен кезде сынған және түскен жарық
толқындарының орташа энергияларының қатынасы мынаған тең:
4n1n2/(n1+n2)2. Егер n2<) тәуелді болады (қ.
=0-ден басқа)
Жарықтың сынуымен қатар жарықтың полярлану күйі де ӛзгереді
және бұл құбылыс сызықты полярланған жарықты алу үшін
пайдаланылады.
Жарықтың
сынуының
түскен
сәуленің
полярлануына тәуелділігі сәуленің қосарланып сынуы кезінде
ерекше байқалады. Жалпы айтқанда, ортаның сыну кӛрсеткіші (n)
жарық толқынының ұзындығына (
-дің кез келген мәнінде (
arcsіn
(n2/n1) болса, онда Жарықтың сынуы болмайды. Бұл жағдайда
бӛліну шекарасына түскен жарық толқынының барлық энергиясы
түгелдей шағылған толқынмен кері қайтады (яғни жарықтың толық
ішкі шағылу құбылысы пайда болады).
n1 және түсу бұрышы
Жарық
дисперсиясы).
Сондықтан монохромат)
бар
сәуле
құраушылары әр түрлі бағытта таралады.
емес жарық сынған
кезде, оның әр түрлі толқын ұзындықтары ( Линзалар мен
кӛптеген оптикалық приборлардың құрылысы Жарықтың сынуы
заңдарына негізделген. Рефрактометрлік әдістің негізіне жарық
сәулесінің бір ортадан келесі ортаға ӛткенде бағытының ӛзгеруі
немесе сынуы жатады. Аналитикалық сигнал сыну кӛрсеткіші
болып
табылады,
ол
анализденетін
заттың
табиғатына,
құрылысына, тығыздығына тәуелді. Бұл параметрлер мына теңдік
арқылы бір-бірімен байланысады:
мұндағы R - анықталатын заттың молярлық рефракңиясы; n -
анықталатын заттың сыну кӛрсеткіші; М - анықталатын заттың
молярлық массасы; p = m/V - анықталатын заттың тығыздығы.
Сыну кӛрсеткіші дегеніміз - түсу бұрышының синусының сыну
бұрышы синусына қатынасы. Ортаның тығыздығы мен жарық
сәулесінің бағытына байланысты екі жағдай белгілі:
1.
ρ(а) < ρ(б) n=sinα/sinβ
2.
ρ(а) > ρ(б) 1/n=sinα/sinβ
Түсу бұрышы ӛскенде (II) сыну бұрышы 90° тең болатындай
(sin90
0
=1) мезгіл келеді де, жарық сәулесі ортаның жанасу шегі
бойымен сынады. Бұндай түсу бұрышы толық ішкі сыну бұрышы
деп аталады.
sinα' = 1/n немесе n = 1/sinα'
Осындай тәуелділік аналитикалык мақсаттарда қопданылатын
аспаптардың (рефрактометр) конструкциясында ескеріледі. Сыну
кӛрсеткіші аналитикалық параметрлерден (құрамы, табиғаты,
тығыздығы) басқа жарық ағындарының толқын ұзындығына,
температураға, кысымға (газдар үшін) байланысты. Осы
параметрлердің әсерін жою үшін стандартты ерітінділер мен
талданатын
заттың
сыну
кӛрсеткішінің
ӛзгеруін
бірдей
жағдайларда (λ: Т: Р) жүргізеді
РИФТ (ағылш. rіft — жарықшақ, жарылым), рифтік белдем —
белгілі бағытта жүздеген, мыңдаған км-ге созылған, аса тереңде
жаралатын жер қыртысының ірі тектоникалық құрылымы. Ірі
Рифттер рифтік белдемдер деп аталады. Ені 15 — 70 км-ден (Ӛлі
теңізРифті) 200 — 400 км-ге (Қызыл теңіз Рифті) дейін жетеді.
Рифт аумағында негіз және сілті құрамды тау жыныстары мол,
қышқыл тау жыныстары аз кездеседі. Рифттердің осьтік
грабендерінде гравитац. максимум байқалады. Рифттер жер
қыртысының ерте кезде босаңсыған белдемдерінің аумағындағы
ішкі құрлықтық Рифттер (мыс., Шығыс Африка, Байкал Рифттері),
құрлықтық типті жер қыртысы жоқ белдемдердегі құрлықаралық
Рифттер (мыс., Қызыл теңіз, Аден шығанағы Рифттері, қ. сурет)
және жер қыртысының мұхиттық типі тараған ортаңғы мұхит
жоталары аумағындағы ішкі мұхиттық рифттер болып бӛлінеді.
Қалыптасу себебі жер қойнауындағы күштермен байланысты, сырт
пішіні орларға яки жарықтарға ұқсайтын, ұзыннан-ұзақ созыла
сағаланатын (ұзындығы жүздеген, тіпті мыңнан астам шақырым)
кұрылым.
С
САҒЫМ — атмосфера қабаттарының әр түрлі тығыздығының
болуы салдарынан жарық сәулесінің кейбір ауа қабатынан
шағылуы, оған байланысты болатын сәуленің сынуы. Жер бетінен
ауаның қызған қабаты кетерілгенде бұл жиі байқалады. Жер
бетіндегі бір заттан шыққан жарық сәулесі түгелімен шағылысқа
ұшырауы мүмкін. Сондықтан нәрсенің кескіні ауада ілініп тұрған
секілді
болып
керінеді.
Сағымның
арқасында
жайшылықта кӛкжиектіңтасасында жатып кӛрінбейтін заттардың
кӛрінуі мүмкін.
САЗ —
негізінен
сазды
минералдардан
(каолинит,
монтмориллонит, т.б.) тұратын, [[пластика]лық қасиеті бар шӛгінді
тау жыныстары. Су тиген саздың қысым әсерінен белгілі пішін
қабылдап, кепкенде соны сақтап қалуы пластикалық деп аталады.
Саз шӛгінділер ішінде ең кӛп тарағаны (53%). Ол жұмсақ, суда
жібіп иленеді, күйдіргенде берік тастай болады. Құрамы күрделі,
басты минералдары: каолинит, монтмориллонит, гидрослюдалар,
палыгорскит, сапонит. Саздар минералдық құрамы бойынша
каолинитті, гидрослюдалы, монтмориллонитті, полимиктілі болып
ажыратылады. Каолинитті саз немесе каолин құрамында ӛзінен
басқа гидрослюда, галлуазит, кварц, т.б. минералдар кездеседі.
Химиялық құрамы: SіO2 — 30 — 70%, Al2O3 — 20 —
50%. Пластикалығы 22-ден
жоғары,
қолмен
үгіледі,
суға
қаныққанда кӛлемі 3 есе ӛсіп, тұтқыр қамырға айналады. Оны
кірпіш, фарфор, фаянс, т.б. жасауда және қағаз, резинаӛндірісінде
толтырғыш ретінде қолданады. Қазақстанның Ақмола, Ақтӛбе,
Қостанай, Қарағанды ӛңірлерінде кен орындары бар.
Гидрослюдалы сазда каолинит, монтмориллонит, карбонаттар,
сульфидтер, т.б. кездеседі. Химиялық құрамы: Al2O3 — 20 —
30%,
сілтілер
—
4
—
5%,
т.б.
Адсорбциялығы
жоғары, пластикалығы тӛмен, суда 9 есеге дейін ӛседі. Оларды
құбыр, қышқылға тӛзімді бұйым, цемент ӛндірісінде қолданады.
Монтмориллонитті С-да Al2O3 — 20%-дан аспайды және CaO,
Fe2O3, MgO, SіO2 болады. Оның бентонит, флоридина деген
түрлері бар. Оларды қалып, сабын жасауда және бұрғылау
ерітінділерін
даярлауда, мұнайӛнімдерін,
шырындарды,
т.б.
тазартуда пайдаланады. Саздың бұл түрлерінің кенорындары
Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс Қазақстандаорналасқан.
САЙ — тау етектерінде,
далаларда
ұшырасатын,
кӛбінесе
делювийлік шӛгінділермен кӛмкерілген кӛлбеу жағалаулы құрғақ
немесе уақтылы ғана су ағатын шағын аңғарша, кӛбіне құрғақ,
кейде маусымдық су ағатын, беткейі кӛлбеулене келген ұзын ойыс.
Сай
жер
бетінің
эрозияға
ұшырауынан
( қар және жаңбыр суыны) және жыралардың одан әрі дамуынан
қалыптасады.
Ұзындығы 10 — 15 км-ге, ені жүздеген м-ге, тереңдігі ондаған
м-ге дейін жетеді.
Табаны мен беткейлері шабындық ретінде пайдаланылады;
егін, бау-бақша ӛсіріліп, елді мекендер орналасады.
Сай
—
1.
кұрғақ немесе уакытша су ағатын, кӛлбеу келген ойыс
табанды (табаны мен беткейлері түйетайланып тегістелген жыра),
беткейлері шығыңқы әрі шымдақ, кейде бұталар ӛскен аңғар.
Ұзындығы ондаған км, ені 100 м, тереңдігі ондаған м болады.
Кӛбінесе орманды дала мен далалық белдемдерде кездеседі. Сай
жыралардың соңғы сатысына жатады;
2.
қар және жаңбыр суының ӛрекетінен пайда болатын жыра,
басқаша айтқанда, жыраның ақырғы сатысы, беткейлері мен үстін
шым басқан. Жылдың басым бӛлігінде құрғақ болып, кейбір
маусымда су ағып жататын кӛлбеу беткейлі ойыс. Сайдың
ұзындығы 10—15 км- ге, терендігі ондаған, ені жүздеген метрге
дейін жетеді, табаны мен беткейлері шабындык ретінде
пайдаланылады, бау-
бақша ӛсіріліл,
онда
елді
мекендер
орналасады.
САРҚЫРАМА – судың ӛзен арнасын кӛлденең кесіп ӛтетін тік
жартасты кертпештен құлап, тік ағуы. Тым қатты және борпылдақ
жыныс қабаттары кезектесе қалыптасқан ӛңірлермен ӛтетін ӛзендер
бойында пайда болады. Жиегі үнемі шайылу салдарынан
Сарқырама ӛзен ағысын бойлай жоғары шегіне береді. Су бірнеше
кертпештен каскад құрып құлауы мүмкін. Дүние жүзіндегі ірі
Сарқырама:Оңтүстік
Америкадағы Анхель (биікт.
1054
м), Африкадағы Тугела (биікт. 933 м) және Виктория (биікт. 120 м).
Қазақстанда Алтай, Іле
Алатауы, Жетісу
Алатауы тауларының
ӛзендерінде
кездеседі. Су
бірнеше
кертпештен
қатарынан
сарқырама легін құрай (каскад) құлауы мүмкін.
Дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалар
Биіктігі Аты
Мемлекет
Ӛзен
979 м
Анхель
Венесуэла
Чурун
948 м
Тугела
ОАР
Тугела
914 м
Три сестры
Перу
900 м
Олоупена
АҚШ
895,4 м Умбилла
Перу
860 м
Виннуфоссен Норвегия
Винну
850 м
Балайфоссен
Норвегия
Балай
840 м
Пуукаоку
АҚШ
840 м
Джеймс Брюс Канада
836 м
Браун
Жаңа Зеландия
820 м
Струпенфоссен Норвегия
Струпен
818 м
Утигард
Норвегия
Утигардсельва
792 м
Вайхилау
АҚШ
Вайхилау стрим
788 м
Колониал Крик АҚШ
Колониал Крик
774 м
Монге
Норвегия
Монгельбек
САРЫАРҚА — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және
табиғи-тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау.
Сарыарқаға
Қарағанды,
Астана
облыстарының
жері
толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді.
Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта
бӛлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы ӛңірді
ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер
бетіндегі ӛсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен
жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді.
Сарыарқа – қазақтың байлығының кӛзі ғана емес, сонымен қатар
ӛнердің, мәдениеттің және тарихтың кеніші. Сарыарқаның асыл
тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз
дауысты Қазыбек,
ақындар Шӛже, Шашубай,Доскей,
жазушы
С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет,
Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров ғалымдар
А.Чижевский және Е.Бӛкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері
Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған.
Кӛмірлі ӛңірдің халқы Қазақстанның тұңғыш Президенті
Н.Назарбаевты да ӛзінің бел баласы деп есептейді. Ӛйткені ол жас
күнінен
бастап Теміртаудағы атақты ҚазақстанМагниткасында
горновой болып еңбек жолын бастаған. Еліміздің тарихынан орын
алған «адамзат ажалының аралындай» КарЛАГ-та жас ғұмырларын
«тар жол, тайғақ кешумен» ӛткізген небір совет және шет елдің
жүздеген оқымыстылары, зиялы қауым ӛкілдері тар қапаста жүрсе
де Қарағандыда тұңғыш ӛнер ошақтарын ашқан «алғашқы
қарлығаштар» болып табылады. Бұл ӛнер қайраткерлерінің артынан
ызғарлы, қайғылы сұмдыққа толы жылдары туындаған ӛнер
мұралары қалды. Қазіргі кезде бұл мұралар әлем жұртшылығының
қызығушылығын тудырып отыр.
САХА РА (араб. ) — жер бетіндегі ең үлкен шӛл. Ауданы 9
065 000 км². Сахара Солтүстік Африкада 10 мемлекеттің
территориясында орналасқан (Египет, Ливия, Тунис, Алжир,
Марокко, Батыс Сахара, Мавритания, Мали, Нигер, Чад, Судан).
СЕЙСМОГРАФ — жер қабығының тербелуін жазатын аспап.
Сейсмограф ӛзінің ӛте сезімталдығының нәтижесінде бірнеше мың
километр қашықтықта болған жер сілкінуін жазып алады. Бұрынғы
СССР-да Голицин мен Никифоров сейсмографтары тараған. Онда
ілулі заттың тербелуі электрлік тербелуге айналып, жазуды алыстан
түсіруге мүмкіндік береді.
СЕЙСМОЛОГИЯ — жер сілкінуді зерттейтін геофизикалық
ғылымның бір саласы. Бұл жер сілкінудің пайда болуының
себептері мен жағдайларын, олардың географиялық таралуын, жер
сілкіну әсерінен пайда болған сейсмикалық (серпімділік)
толқындарды және сол толқындардың жердің ішкі қабаттарында
таралуын зерттейді. Жасанды жер сілкінуге негізделген
экепериментті сейсмологияның әдістері пайдалы қазындыларды
іздеу мен инженерлік-геологиялық зерттеуяерде қолданылады
СЕЛДЕР — таулы аудандарда жиі болып тұратын лайлы немесе
тасты-лайлы тасқындар. Олар жазғы күшті жаңбырлардан түзілген
ағын судың тік тау беткейлерінен тастопырақтарды ӛзен арнасына
ағызып әкеп, одан әрі арна арқылы тасқын құрауынан пайда
болады. Селдерде кесек тастардың үлесі 75%-ке дейін барады.
Селдер орасан күшпен және жылдамдықпен ағады да кӛбінесе
жолындағы елді мекендерді, кӛпірлерді, жолдарды бұзып,
егістіктер мен бау-бақшаларды басып, аса зор апатқа ұшыратады
(Мыс.: 1963 жылғы 7 июльдегі Есік кӛлінде болған сел). Селді
тасқындармсн күресу үшін олардың ағатын жолдарындағы
қалтарыстардан дамбалар, бӛгеулер жасап, ӛзен бассейнінде
ағаштар отырғызылады. қазақстанда сел Іле Алатауы мен Жоңғар
Алатауынан ағатын ӛзендерде жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |