Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет27/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33

СУ  -  сутек  оксиді,  Н
2
О  –  қалыпты  жағдайда  сутек  пен  оттек  1:8 
кӛлемдік  қатынаста  болатын  тұрақты  қарапайым  химия  қосылыс. 
Табиғатта ең кӛп таралған, бүкіл гидросфера Судан тұрады, Судың 
тіршілік  үшін  маңызы  ӛте  зор.  Аристотель  ӛз  еңбектерінде  (біздің 
заманымыздан  IV  ғасыр)  Суды  тӛрт  құбылыстың  (от,  ауа, 
топырақ,  су)  біріне  жатқызса,  ғалымдар  XVIII  ғасырдың  аяғына 
дейін Суды жеке элемент ретінде қарастырды. 
Суды  алғаш  ағылшын  ғалымы  Г.Кавендиш  (1731  –  1810)  зерттеді 
(1781  –  1782),  ал  француз  ғалымы  А.Лавуазье  (1743  –  1794)  сутек 
жанғанда Су түзілетінін дәлелдеп (1783), Ж.Млньемен бірге сандық 
құрамын анықтады (1785). 
Судың  құрамында  массасы  бойынша  11,19%  сутек,  88,81%  оттек 
болады;  молекуласы  2  атом  сутек  пен  1  атом  оттектен  тұрады, 
молек.  м.  18,0160,  иіссіз,  дәмсіз,  түссіз  (терең  жері  кӛгілдір) 
сұйықтық.  Құрамында  2Н  (дейтрий)  бар  Су  -  ауыр  су  (D
2
O)  деп 
аталады. Ауыр Судың физиқалық қасиеттері ӛзгешелеу болады. Су 
С-та қайнайды.

С-та қатып, 100



 
20 °С-тағы тығыздығы 0,99823 г/см
3


 
0 °С-тағы тығыздығы 0,9168 г/см
3
 (мұзда). 
Судың  физиқалық қасиеттерінде, балқу жылуында,  меншікті жылу 
сыйымдылығында, 
тұтқырлығында, 
жылу 
ӛткізгіштігінде 
ерекшеліктер бар. Мысалы:, мұз жеңіл болғандықтан  Суда қалқып 
ӛзендер  мен  кӛлдердің  түбіндегі  тіршілік  сақталады.  Су  қалыпты 
температурада  кӛптеген  заттармен  әрекеттеседі.  Сілтілік  және 
сілтілік-жер  металдармен  әрекеттескенде  гидроксид  пен  сутек 
түзеді 
(2Na+2H
2
O=2NaOH+H
2
↑). 
Су 
әр 
түрлі 
жағдайда 
бейметалдармен  (фтор,  хлор,  бром,  фосфор,  кӛміртек)  әрекеттесіп, 
қышқылдар (HCl, HClO, HPO3, HF, HBr) және оксид (СО) түзеді. 
Атмосферада  Су  бу,  тұман,  бұлт,  тамшы  және  қар  кристалдары 
түрінде  кездеседі.  Су  оттек,  сутек,  азот  қышқылын,  спирт, 
альдегидтер,  сілтілер,  т.б.  аса  маңызды  химиялық  ӛнімдерді 

ӛндіруде  қолданылатын  химиялық  реагентер.  Оның  катализатор 
ретінде маңызы зор.  
Химиялық қасиеті 
Сутек пен оттектің химиялық қосылысы. 

 
Массалық құрамы: Н —11,19%, О — 88,81%. 

 
Молекулалық  массасы  18,0153.  Су  планетамыздағы  ең  кӛп 
тараған  заттардың  бірі;  ол  үш  түрде  —  бу,  су  және  мұз  күйінде 
ұшырасады; күшті еріткіш. 

 
Су  айдауыш  мұнара-  елді  мекендерді  сумен  қамтамасыз  ету 
жүйесіндегі  су  ӛтімі  (шығыны)  мен  қысымын  реттеп  отыруға 
арналған құрылыс. Ол цилиндр тәрізді етіп арнайы болаттан немесе 
темір-бетоннан жасалған шаннан және оны кӛтеріп тұратын тіреуіш 
құрылымнан  тұрады.  Мұнараның  биіктігі  25—30  м-ге,  шанының 
сыйымдылығы  ондаған  текшелерге  жетеді.  Тіреуіш  кірпіш  не 
ағаштан жасалады. Шан ішіндегі судың қыста катып қалмауы және 
ластанбауы үшін ол жылу ӛткізгіштігі тӛмен жеңіл материалдармен 
қапталып, үсті шатырмен жабылады. Судың сапалық құрамы сутек 
пен оттектен тұратыны, ал сандық құрамы екі сутек атомы мен бір 
оттек  атомынан  тұратындығы  мәлім.  Судың  айырылуы  электр 
тогының әсерінен жүреді, бұл реакциямен сендер сутекті  алу әдісі 
бойынша таныссыңдар: 
2H
2
O→2H
2
↑+O
2
↑ 
Күрделі  заттың  құрамдас  бӛліктеріне  айырылуы  -  анализ  деп 
аталады. 
Жай заттармен әрекеттесуі: 
I.  Судың  металдармен  әрекеттесу  реакцияларын  сутегін  ал 
әдістерінде қарастырған болатынбыз: 
2Na + 2НОН = 2NaOH + Н
2
↑ 
Са + 2НОН = Са(ОН)
2
+ Н
2
↑ 
Белсенділігі  тым  жоғары  емес  металл  сумен  әрекеттескенде  оның 
оксиді түзіледі: 
Mg + НОН = MgO + H
2
 
Белсенділігі тӛмен металдар сумен әрекеттеспейді. 
II.  Бейметалдармен  әрекеттесуі:  Су  кейбір  бейметалдармен  де 
әрекеттесе алады. Қыздырға кӛмірге су қоссақ екі түрлі газ қоспасы 
түзіледі - ол «су газы» деп аталады: 
С + НОН=СО↑+Н
2
↑ 

Кӛмірді  жағарда  оған  су  қосып  шылайтынын  білесіңдер,  сонда 
түзілген  екі  газ  да  жанғыш  екен.  Хлорды  суға  жібергенде  екі 
қышқылдың қоспасы түзіледі. 
Сl
2
 + НОН = НСlO + HCl 
Кҥрделі заттармен әрекеттесуі: 
I.  Активті  металдардың  оксидтерімен  әрекеттесіп  гидроксидтер 
(негіздер) түзеді. 
Na
2
0 + Н
2
0 = 2NaOH 
Әктасқа  су  қосқанда  оның  қайнай  бастағанын  кӛреміз,  реакция 
жылу бӛле жүреді: СаО + Н
2
0 Са (ОН)
2
 + Q 
Металл оксидтері + су = негіз 
II. Кейбір бейметалдардың оксидтері сумен әрекеттескенде қышқыл 
түзеді. Күкірттің бір түйірін алып жақсак оның оксиді түзіледі: 
S + O
2
 =SO
2
 
Жану  ӛнімін  суға  жіберсек:  S0
2
  +  Н
2
0  =  H
2
S0
3
  күкіртті  қышқыл 
түзіледі,  кӛк  лакмус  қызарады.  Дәл  осындай  реакциялар  басқа 
бейметалдардың да оксидтерімен жүреді. Сl
2
0 + H
2
0 = 2HCl0 N
2
O
3
 
+ H
2
0 = 2HN0
2
 
Бейметалл оксидтері + су = қышқыл 
III.  Белсенділігі  жоғары  металдардың  гидридтері  де  сумен 
әрекеттесіп гидроксидтер береді. 
NaH + НОН = NaOH + Н
2
↑ 
IV. Кейбір тұздар сумен химиялық әрекеттесіп кристаллогидраттар 
түзеді: 
CuS0
4
 + 5H
2
0 = CuS0
4
 * 5H
2
0 мыс купоросы; 
FeS0
4
 * 7H
2
0 темір купоросы; 
Na
2
S0
4
 * 10H
2
0 глаубер тұзы. 
Кристаллогидраттардың 
молекулалық 
массасын 

тұздың 
молекулалық  массасына  су  молекулаларының  массаларын  қосып 
табамыз. 
M
r
(Na
2
C0
3
*10H
2
0) =106+180=286. 
Су  -  біршама  инертті  биологиялық  еріткіш  сүйықтық,  онда 
кептеген  органикалық  жӛне  бейорганикалық  заттар  ериді,  бірақ 
олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен 
тұзды  еріткенде,  ал  газ  күйіндегі  заттардың  еруін  газдалған  су 
ішкенде  немесе  суды  қайнатқанда  бӛлінген  кӛпіршіктерді  байқау 

арқылы  кӛрсек,  сұйық  күйіндегі  заттардың  еруін  сірке  суын 
еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен. 
Заттардың  суда  еруі  тек  физикалық  құбылыс  қана  емес,  күрделі 
физико-химиялық 
үдеріс, 
еру 
барысында 
еріген 
заттың 
молекулалары  еріткіштің  молекулаларында  біркелкі  таралып  қана 
қоймайды,  олармен  химиялық  әрекеттесе  де  алады.  Оны  күкірт 
қышқылын  еріткенде  жылу  бӛлінетіндіктен,  сол  сияқты 
құрғатылған  мыс  сульфатының  ақ  түсті  кристалдарын  еріткенде 
кегілдір  түсті  ерітінді  түзілгенінен  байқауға  болады.  Кез  келген 
табиғи су ерітінді болып теңіз суында - 260 г /л тұз бар, сондықтан 
онда тіршілік жоқ, яғни атына сай. 
Ерігіштік  —  берілген  температурада  еріткіштің  (су)  100  немесе 
1000  грамында  ери  алатын  зат  массасымен  және  кӛлемімен 
анықталатын шама (г/100 г, г/1000 г Н
2
0, моль/л ). 
Ерігіштік  заттың  табиғатына  тәуелді,  мысалы:  қант  ерімтал  болса, 
бор,  әк  нашар  еритін  заттар.  Газ  күйіндегі  заттар  үшін  ерігіштік 
қысым мен температураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым 
артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Қатты 
заттардың кӛпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де 
артады.  Сұйық күйіндегі заттардың ерігіштігі олардың табиғатына 
байланысты,  мысалы,  спирт  суда  жақсы  ерісе,  ал  бензин  нашар 
ериді. табылады. Мысалы, Каспий тендзінде 13 г / л , Қара теңізде 
19 г/л, Ӛлі Ерітінді деп еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті 
(гомогенді) жүйені айтады. 
Берілген  зат  еріткіштің  белгілі  бір  мӛлшерінде  осы  температурада 
әлі  де  ери  алатын  болса,  ерітінді  қанықпаған,  ал  ери  алмаса  — 
қаныққан деп аталады. 
СУ  ТАСҚЫНЫ  -  бұл  қардың  еруі,  жауын-шашын,  суды  желмен 
айдаған және кептелу кезінде ӛзендердегі, кӛлдер мен теңіздердегі 
су  деңгейінің  кӛтерілуі  нәтижесінде  жерді  айтарлықтай  су  басу. 
Ӛзендер  арнасына  суды  желмен  айдау  арқылы  болған  су  тасқыны 
ерекше  түрге  жатады.  Су  тасқыны  кӛпірлер,  жолдар,  ғимараттар, 
құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың 
кӛп жиналуы (4  м/с астам) және  су үлкен биіктікке  кӛтерілсе (2  м 
кӛп)  адамдар  мен  жануарлардың  опат  болуына  әкеліп  соқтырады. 
 Қираудың  негізгі  себептері  ғимараттар  мен  құрылымдарға  су 
массасының,  жоғары  жылдамдықта  жүзіп  жүрген  мұздардың, 
әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық 

соққысы  болуы  мүмкін.  Су  тасқыны  кенеттен  пайда  болып  және 
бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.  
СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ - электр генераторын  айналдыратын  
гидравликалық 
турбинамен  
су 
ағынының 
механикалық 
энергиясын электр  энергиясына түрлендіретін  электр  станциясы. 
Қазақстандағы 
ең 
алғашқы  
СЭС 1902 
жылы Зырян 
кенішін энергиямен 
қамтамасыз 
ету 
мақсатында Тұрғысын 
ӛзенінде салынды.  Оның  қуаты  1  мың  кВт  болды.  1927  жылы 
Жоғары  Хариузовск  СЭС-і  (куаты  3,2  мың  кВт),  1934 
жылы Үлбі СЭС-і  (қуаты  27,6  мың  кВт)  салынды.Үлкен  Алматы 
ӛзенінде 10  каскадтан  тұратын  СЭС  (жалпы  қуаты  47  мың  кВт) 
1959  жылы  салынып  бітті.  Соңғы  жылдары  кешенді  мақсатта 
пайдаланылатын  бірнеше  ірі  су-энергетикалық  тораптар  іске 
қосылды:  Ертіс  ӛзенінде Ӛскемен  СЭС-і (куаты  331,2  мың  кВт) 
және Бұқтырма СЭС-і 
(қуаты 
675 
мың 
кВт), 
Іле 
ӛзенінде Қапшағай СЭС-і  (қуаты  434  мың  кВт)  және  т.б.  Елімізде 
су-энергетика  құрылыс  объектілерінен  басқа  200-ден  астам  шағын 
және  орташа  СЭС  салынған.  Қазақстандағы  ірі  СЭС-тердің 
барлығы  энергия  жүйесі  ӛқрамындағы  жылу  станцияларымен 
үйлестіріле  пайдаланылады.  Бұл  жағдайда  олардың  жоғары 
дәрежедегі  кешенді  үнемділігі,  пайдаланудағы  сенімділігі  артады. 
Сондықтан СЭС салу ӛзеннің ағын суын су кӛлігі, ирригация және 
сумен  қамтамасыз  ету  және  т.б.  мақсаттарда  кешенді  пайдалануға 
мүмкіндік береді. 
СУБДУКЦИЯ —  спрединг  процесі  нәтижесінде   континент  
жағалауларына 
жылжып 
жеткен 
мұхиттық 
литосфераның 
сол литосферақозғалысына  қарсы  бағытталған  немесе  "тыныш 
тұрған"  континенттік  литосфера  астына  қарай  сұғынуы. 
Литосфералық 
тақталар 
тектоникасы 
геотектоникалық 
тұжырымдамасының негізгі тӛрт қағидасының (континенттер ығуы, 
спрединг,  субдукция  және коллизия)  бірі  болып  табылатын  бұл 
процеске  сәйкес,  тӛмен  сұғынған  мұхиттық  литосфера  мен  оны 
кӛмкерген  континенттік  литосфераның  бір-бірімен  тоқайласуы 
(үйкелісі)  Беньофф-Заварицкий-Вадати  белдемі  деп  аталатын 
арнаулы  құрылымдар  жиынтығының  қалыптасуына  себепші 
болады.  Белсенді мұхит жағалауларында  ғана  қалыптасқан  мұндай 
құрылымдар  жиынтығына  жататын  құрылымдар  шұңғыл  науалар 
жататын құрылымдар шеткі теңіздер.  

СУБЛИМАЦИЯ (лат sublіmo  –  биікке  кӛтеремін)  –  заттың  
кристалдық   күйден   газ тәрізді  күйге  ауысуы;  жылудың 
жұтылуымен  жүретін  процесс.  Сондай-ақ  сублимация  қатты  және 
газ тәрізді фазалар қатар ӛмір сүретін температура мен қысымның 
барлық  интервалында  болатын  буланудың  бір  түрі.  Сублимация 
үшін қажетті энергия сублимация жылуы деп аталады. Сублимация 
жылуы  мен  қатты  дене  бетіндегі  қаныққан  бу  қысымы  мен 
температура 
арасындағы 
тәуелділік Клапейрон-Клаузиус 
теңдеуімен ӛрнектеледі.  Металдық  кристалдар  сублимациясының 
нәтижесінде  бір атомды булар  пайда  болады; иондық кристалдар 
буланып, 
газдық 
фазада полярлы 
молекулалар құрады; 
молекулалық  кристалдар  молекулалардан  тұратын  бу  түзеді. 
Сублимацияның  негізгі кинетикалық  сипаттамасы –сублимация 
жылдамдығы.  Сублимация  жылдамдығы  –  уақыт  бірлігі  ішінде 
сублимацияланатын  заттың  массасы.  Зат  сублимациясының  шекті 
жылдамдығының  температура  және  газ  тәрізді  фаза  қасиеттеріне 
тәуелділігі  арқылы  Жер  маңындағы  орбиталардан  жерге  түсетін 
ғарыштық  аппараттарға  жылуқорғанғыштығы  үшін  қолданылатын 
затты  таңдауды  анықтайды.  Сублимация  қатты  заттарды  тазалау 
үшін кеңінен қолданылады.  
СУККУЛЕНТТЕР —  сабақтары  жуан  да  етті  және  жапырағында 
мол  су  қоры  бар  әр  түрлі  тұқымдас  ӛсімдіктер  тобы.  Жапырақта 
жиналған  су  қорын  Ӛсімдік  қуаңшылық  кезеңде  пайдаланады. 
Суккуленттер  шӛлдер  мен  шӛлейттерде  тараған.  Мысалы, 
кактустар, сүттігендер тағы басқалар. 
СУҚОЙМА –  1)  жер  бетіндегі  табиғи  (кӛл)  және  жасанды 
(бӛген, әуіт) ойыстарға ағынсыз немесе баяу ағыспен жиналатын су 
кӛздері;  тұрақты  немесе  су  мол  жылдары  ғана  толуы  мүмкін;  2) 
құрлық қойнауындағы су жиналған немесе құрғап қалған су орны; 
олар табиғи су жиналатын және жасанды Суқойма болып бӛлінеді. 
СУЭЦ  КАНАЛЫ – Жерорта  теңізі   мен   Қызыл  теңізді 
жалғастыратын  халықаралық  маңызы  бар  жасанды су  жолы
Ұзындығы  161  км,  ені  120  м-ден  (Суэц  – Исмаилия порттары 
аралығында)  318  м-ге  (Исмаилия  – Порт-Саид аралығында)  дейін, 
тереңдігі  фарватерінде  18  м-ге  жетеді. 1859  –  1869 жылдары 
салынып  (1967  –  1976 жылдары Египет-Израильқақтығысына 
байланысты  жабылды), 1980  –  1982жылдары  қайта  жӛндеу 
жұмыстары жүргізілді. Тӛменгі Египеттің су жолдары жүйелерімен 
(Исмаилия  каналы  – Каир – Ніл;  145  км)  байланысқан;  ауыл 

шаруашылдығы  жерлерін  суландыру  желісі  (Аббасия,  38  км) 
тартылған. 
Канал 
арқылы 
жылына 
80 
млн. 
т 
жүк 
(негізінен мұнай мен 
мұнай 
ӛнімдері, 
қара 
және түсті 
металл кентастары)  тасымалданады.  Суэц  каналы   Азия   мен  
Африка   арасындағы  географиялық  шартты  шекара  болып 
саналады. 
СҤЙЫҚТЫҚ (Жидкость)  - агрегатталган  күйде сүйылатын  зат. 
Сүйықтық үлкен қысымда түтқыр күйде кездеседі. 
СЫРДАРИЯ (тәжікше Сирдарѐ; ӛз. Sirdaryo; парсыша:  ردريس
اي
 )  —
 Орталық 
Азиядағыӛзен. 
Ол 
кейде кӛне 
грек 
тіліндегі ὁ 
Ιαξάρτης деген  аты  бойынша Яксарт деп  аталады.  Ӛзеннің  грекше 
аты кӛне парсы тіліндегі Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сӛз 
тіркесінен бастау алады, бұл ӛзеннің суының түсінен пайда болған. 
Ортағасырлық  мұсылман  жазбаларында  ӛзен  жұмақтағы  тӛрт 
ӛзеннің 
бірінің 
атымен 
«Сейхун» 
(سيحون) 
деп 
аталған. Амудария ӛзені  болса  «Жейхун»  деп  аталған,  бұл 
жұмақтағы  тӛрт  ӛзеннің  тағы  бірінің  аты.  Қазақстанда  жергілікті 
тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды. 
Парсы  тілінен келген  Сырдария  атауы  ежелден  бері  қолданылып 
келеді.  Батыс  елдеріндегілер  болса  20-шы  ғасырға  дейін  бұл 
ӛзенді Яксарт атауымен  атап  келді.   Ескендір  Зұлқарнайынның  
жаулап  алған  жерлерінің  солтүстік  шекарасы  Сырдария  ӛзені 
арқылы ӛтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша, Ескендір б.з.д 
329 жылы Александрия Эсхата («Ең алыстағы Александрия») деген 
қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд деп аталады. 
Ӛзен Қырғызстан мен 
шығыс  
Ӛзбекстандағы 
 Тянь-Шань 
тауларындағы   екі  ӛзеннің:  Нарын   және   Қарадария   ӛзендерінің 
қосылуынанбастау  алады  да,  2,212  km  қашықтықта  орналасқан  
Арал  теңізіне барып  құяды.  Сырдария  ӛзенінің  алабы  800  000 
шаршы километрді құрайды, бірақ су іс жүзенде соның тек 200 000-
ынан  ғана  жиналады.  Оның  біржылдық  теңізге  құюы  —  28 
кубокилометр  ғана,  бұлАмударияның теңізге  құятын  суының 
жартысына тең. 
СӚНГЕН ЖАНАРТАУ - cite_note-1– кӛбіне қираған не шайылған, 
тарихи 
кезеңде 
белсенділігі 
білінбеген 
жанартау. 
Сӛнген жанартауға кратерішайылып, 
Бүліне 
бастауы, 
беткейлерінде терең барранкостар пайда болуы мен құрылысының 
қирауы тән. 


 
Кейбір 
сӛнген 
жанартау 
кейде 
қайта 
атқылайды, 
мысалы,Камчаткадағы Безымянный  жанартауы  (1955).  Әрекетті 
жанартаулар  алаңында  орналасқан  сӛнген  жанартау  ұйқыдағы 
жанартау деп аталады. 
Т 
 
ТАБИҒАТ  ЕСКЕРТКІШІ —  ғылыми,  мәдени-танымдық  немесе 
эстетикалық  жағынан  бірегей  және  құнды  табиғи  ескерткіш. 
Ауқымы жӛнінен шағын табиғи кешен немесе жасанды жеке табиғи 
нышан деп бӛленеді. 
ТАЗА  СУ  -  түссіз,  иіссіз,  дәмсіз  сұйықтық.  Судың  қабаты  5  м 
асқанда кӛгілдір түсті болып кӛрінеді. 
Қалыпты  қысымда  100°С-та  қайнайды  да,  0°С-да  мұзға  (р=0,92 
г/см
3
)  айналады,  сондықтан  мұз  су  бетінде  қалқып  жүреді.  Сонда 
оның  кӛлемі  9%-ға  артады.  Судың  беткі  қабатының  мұзбен 
қапталып жатуы  ондағы тіршілік  иелерінің қыс  мезгілінде  де  ӛмір 
сүруіне жағдай жасайды. Температурасы 4°С болғанда, тығыздығы 
1г/см
3
 (судың ерекшелігі). Судың жылу сыйымдылығы ӛте жоғары, 
оны мына мысалмен түсіндірейік. Жаздың аптап ыстық күндерінде 
су  жылуды  сіңіріп,  ӛзеннің  маңайын  салқындатып  тұрады, 
сондықтан адамдар оның жағалауына дем алуға кӛптеп барады. 
Осылайша  жиналған  жылуды  су  қыс  мезгілінде  біртіндеп  ауаға 
береді,  сондықтан  қатты  аязды  күндерде  ӛзеннің  беті  тұманданып 
тұратынын  сендер  сан  дүркін  кердіңдер.  Су  жер  бетінен  тараған 
жылудың  60%-ын  ұстап  қалып,  оны  суынудан  сақтап  тұрады. 
Табиғи  сулар  әдетте  таза  болмайды,  онда  еритін  және  ерімейтін 
заттардың  қоспалары  болады.  Теңіз  суында  еріген  тұздар  кептеп 
кездессе,  (3,5%)  ағын  және  жер  асты  суларында  кальций  мен 
магний  тұздары  болады,  ал  жауын  мен  еріген  қар  суларында 
кӛбінесе  шаң  мен  еріген  күйдегі  газдар  (0
2
,  N
2
,  С0
2
,  S0
2
,  т.  б) 
кездеседі. 
ТАЙГА (түркі-моңғ  сӛзі  -  қылқан  жапырақты  орман)  —  солтүстік 
жарты 
шардың 
қоңыржай 
белдеуіндегі 
қылқан 
жапырақты Сібір орманының 
аты. 
Тайга 
термині 
бүкіл Еуразия мен Солтүстік  Америка бойынша  созылып  жатқан 
қылқан  жапырақты орман аймағының  ӛсімдігі  мен  қоңыржай 
белдеудің  ландшафтық  орман  зонасын  да  атауға  қолданылады. 
Европалың 
тайга 
кӛбінесе 
шырша 
мен 
қарағайдан 
тұрады. Оралға жақындағанда 
Батыс 
Сібір 
тайгасында 

Сібірбалқарағайы,  қарасамырсын,  Сібір  самырсыны  кездесе 
бастайды. Енисейденшығысқа  қарай  Сибирь  бал  қарағайы  басым, 
бірақ ол даур бал қарағайымен араласады да, ал таулар мен таулы 
үстірттердің  бас  жақтарында  теселме  самырсындар  жыңғылдары 
пайда  бола  бастайды.  қиыр  Шығыс  тайгасында  аян  шыршасы  мен 
қарасамырсынның ерекше түрі тараған. 
ТАҚЫР — шӛл және шӛлейт аймақтардағы сазды    тау  
жыныстарынан  тұратын,  беті  тегіс,  қатты  алқаптар.  Ауданы 
бірнеше 
мг-ден 
10—12 
кмг-ге 
дейін 
болады. 
Кӛбінесе ӛсімдік ӛспейді.  Кӛктемде  қар  еріген  кезде  немесе 
нӛсер жаңбыр жауғанда тақырға қақ тұрады. Субуланып кеткеннен 
кейін  түбі  қатады  да,  тобарсып,  кӛпбұрышты  жарықшақтарға 
бӛлініп-бӛлініп 
кетеді. 
Тақыр Орта 
Азия менҚазақстанда, әсіресе Үстірт пен Маңғыстауда кең  аумақты 
қамтиды.  Құлаққа  бұл  сӛз  шалынғанда  есімізге  ешқандай  ӛсімдік 
ӛспейтін  қуқыл  жер  түседі.  «Құм  болғанда  құстың  қанатын  қиып, 
тұлпардыд  тұяғын  тілетін  тақыр  жер»  (Н.  Әбуталиев,  Сахара 
сыйы.). 
ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ — жер қабығында бірнеше тектен қосылған 
минералдық  тау  жыныстары, минералдардың немесе  органикалық 
заттың  қатқан  немесе  қатпаған  жиынтығы.  Тау  жыныстары  шығу 
тегіне қарай мынадай үш үлкен топқа бӛлінеді: 

 
магмалық тау жыныстары 

 
шӛгінді тау жыныстары 

 
метаморфтық тау жыныстары 
Минералдардың 
барлығы 
«мономинералды» 
және 
«полиминералды»  болып екіге бӛлінеді. Мономинералды дегеніміз 
—  тек  бір  ғана  химиялық  қосылыстан  (мысалы, кварц, пирит),  ал 
полиминералды  дегеніміз  —  бірнеше  химиялық  қосылыстан 
(минералдардың  басым  кӛпшілігі)  тұратын  минерал.  Минералдар 
жиынтығының құрылуының бірнеше жолы бар: 
1.
 
Жер бетіндегі  үдерістердің  кезіндегі  шӛгінді  тау 
жыныстарын құрайтын дәндердің қосылып ӛсуі немесе бӛлінуі; 
2.
 
Атпалы 
тау 
жыныстарын 
құрайтын 
магманың 
кристалдануы; және 
3.
 
Сыртқы  жағдайдың  (мысалы, қысым мен температура) 
ӛзгеруі нәтижесінде метаморфозды тау жынысын құрайтын заттың 
қатты күйіндегі қайта кристалдануы. 

Тау  жыныстың  осы  үш  түрі  бір-бірінен  дәндерінің  арасындағы 
қарым-қатынасымен (текстурасымен) ерекшеленеді. 
Шӛгінді тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді: 
1.
 
Дәнаралық  шӛкпе  немесе  ұсақ  дәнаралық  лай  ұстап 
тұрған жұмыр немесе қырлы дәндер; 
2.
 
Ұзын  біліктерінің  негізгі  бағытын  кӛрсететін  саз 
минералдардың ұсақ жиынтықтары; 
3.
 
Дәндердің арасында түзу шеттері мен үштік жалғастарды 
кӛрсететін минералдардың кристалды жиынтығы (мысалы, кәлсит); 
4.
 
Кәлситтің кесекаралық шӛкпесі немесе ұсақ кесекаралық 
лай ұстап тұрған қазбалы кесектердің жиынтығы
5.
 
Органикалық 
заттың 
жиынтығы 
(мысалы, лигнит немесе кӛмір). 
Барлық  атпалы  тау  жыныстар  байланыспалы  текстурасын 
кӛрсететін минералдардың жиынтығымен ерекшеленеді. 
Метаморфозды тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді: 
1.
 
Ұзын  біліктерінің  негізгі  бағытын  кӛрсететін  кристалды 
минералдардың жиынтықтары; 
2.
 
Теңмӛлшерлі  және  еркін  бағытты  теңмӛлшерлі  емес 
минералдардың кристалды жиынтығы; 
3.
 
Жапсарлы,  ангедралды,  кейде  сорайған  минералдардың 
ӛте ұсақ дәнді жиынтығы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет