Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет33/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ЖҤЙЕ, экожүйе –  тірі  ағзалар  жиынтығының 
қоректену, ӛсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету 
кеңістігін  бірлесе  пайдалануының   тарихи   қалыптасқан   жүйесі.  
Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта  да  кіретін  тірі 
табиғаттың  негізгі  функционалдық  бірлігі  болып  табылады. 

Экожүйенің 
құрылымын энергияны трансформациялаудың үш 
деңгейі    (консументтер,  продуценттер,  редуценттер)  мен  қатты 
және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері 
оның  құрамына  кіретін ӛсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне 
байланысты.  Әр  түрлі  экожүйелерде  ӛсімдіктің   күн   энергиясын,  
минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мӛлшерде 
жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, 
ӛзгеріп 
отыратын 
кездерінде  тіршілік  қорлары  барынша  толық  пайдаланылатын 
экожүйелерді қаныққан деп,  ал  осы  қорды  толық  пайдаланбайтын 
экожүйелерді қанықпаған деп атайды. 
ЭКСПЕДИЦИЯ (лат. ехpedіtіo – тәртіпке, ретке келтіру) – 1) Ресей 
империясындағы кейбір мемлекеттік мекемелердің немесе олардың 
бӛлімдерінің атауы (мыс., Сенаттың құпия экспедициясы, 18 ғ.); 2) 
кӛлік  экспедициясы  шартынан  туындайтын  азаматтық-құқықтық 
қатынастар;  3)  құ-жаттарды,  материалдарды,  т.б.  салып  жіберумен 
айналысушы  ұйымның  құрылымдық  бӛлімшесі  немесе  осындай 
ұйымның ӛзі. Тарбағатай. Климаттың континенттігі ауданның кӛп 
жерінде  температураның  тез  ауытқуынан,  ауаның  құрғақ  болып, 
жауын  –  шашынның  аз  жауатындығынан  байқалады.  Аудан 
климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден 
ӛте  алыс  қашықтықта  орналасуына  байланысты.  Сондай-ақ, 
климатқа  аудан  территориясының  және  кӛршілес  жатқан 
аймақтардың жер бедеріде әсер етеді. Ауданның жазы ыстық, қысы 
суық, қаңтардың орта температурасы – 22 С, - 30С, шілдеде + 25 С, 
+  35  С.  Жылдық  жауыннын  орта  мӛлшері  200-300  мм.  Жауын 
шашынның  кӛбі  қыста  түседі.  Оңтүстік  Шығыстан  Солтүстік 
батысқа  дейінгі  орталық  бӛлігі  ашық  сарғылтым  топырақ 
қабатымен,  тау  беткейлері  қоңыр  топырақты  жайылғымен 
ерекшеленеді.  Аудан  жерінің  кӛпшілік  бӛлігі  жазық.  Зайсан  қазан 
шұңқыры  манындағы  құмды,  құмдақ  және  қалын,  қабатты  сұр 
топырақты жерлерде жусанды – соран ӛсімдіктер, ал Зайсан кӛлінің 
жағасына таяу шалғынды батпақты топырақта тұрақты шалғындар 
мен  жайылымдар  бар.  Тарбағатай  тауының  етегінде  қиыршық 
тасты боз қызыл-қоңыр топырақтарда тобылғы аралас әр түрлі шӛп 
ӛседі. Тарбағатайда бірнеше топырақ пен ӛсімдіктер белдеулері бар 
1400  м  биіктікке  дейін  таулы  қызыл-қоңыр,  таулы  қара 
топырақтарда бозды бетегелі дала зонасы, одан жоғары /1400-1700 
м/  қара  топырақ  тәрізді  шымды-шалғындық  топырақтарда 
суальпілік  және  альпілік  шалғындар  ӛскен  таулы  зонасы  бар. 

Зайсан  қазан  шұңқыры  –  Қазақстанның  шығыс  бӛлігіндегі  ойыс. 
Оңтүстік  Алтай,  Қалба  және  Сауыр  –  Тарбағатай  жоталары 
аралығындағы  тектоникалық  ойыс.  Ұзындығы  –  225  км,  ені  100  – 
125  км.  Зайсан  қазан  шұңқырының  үштік  дәуіріндегі  кӛл 
тасқындарының  аллювалдық  шӛгінділерінен  түзілген.  Қазан 
шұңқыр  таудан  ағатын  ӛзендермен,  сай  –  жырлармен  тілімделген 
ойыстан шӛл және шӛлейт жерлері жайылымға пайдаланады. 
ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК РАДИАЦИЯ  күннен келетін сәулелік 
радиация.  ол  300  000  км/с  жылдамдықпен  тарайды  және  жердің 
бетіне дейін жетеді. 
Күннің  сәулелі  радиациясы  бірнеше  спектрлік  облыстарға  бӛлінеді 
(X, - толқын ұзындығы); 
1)
 
гамма-сәуле 
2)
 
рентгендік сәуле 
3)
 
ультракүлгін сәуле  
4)
 
кӛрінетін жарықтық  сәуле 
5)
 
инфрақызыл  сәуле 
6)
 
радиотолқынды  сәуле 
ЭЛЕКТРОНДЫ  МИКРОСКОПТЫҢ кӛрсеткіштік  қабілеті  ӛте 
жоғары. 
Қазіргі 
электронды 
микроскоптың 
кӛрсеткіштік 
қабілеттілігі 
0,1-0,3 
нм-ге 
дейін 
жетеді. 
Электрондық 
микроскоптың  құрылыс  принципі  жарық  микроскопына  ұқсас, 
сәулелерінің  рӛлін  электр  тоғымен  қыздырылған  вакуумда 
орналасқан  V  пішінді  фольфрам  жібі  электрондар  тасқынының 
қызметін  атқарады,  әйнек  линзалардың  орнында  электромагниттік 
линзалар  орналасқан.  Жарық  микроскопының  объективі  мен 
окулярының 
орнына 
электрондықмикроскоптың магниттік 
катушкалары  сәйкес  келеді.  Электронды  микроскопта  (ЭМ) 
міндетті  түрде ваккум болуы  қажет,  себебі  ауада  электрондар 
алысқа  кете  алмайды,  оттегі,  азот  немесе  кӛмір  қышқыл  газы 
молекулалармен кездессе, олар бӛгеліп ӛз жолын ӛзгертіп шашырай 
кетеді.  Электрондар  тасқынының  бағытын  қажетіне  қарай  қуатты 
электр  ӛрісі  немесе  магнит  ӛрісімен  ӛзгертуге  болады. 
Электрондардың  жылдамдығы  үдесе,  электрондық  микроскоптың 
шешуші  кабілеті  артады.  Электронды  микроскоптың  экраны  мен 
фотопластинкада 50 000 есе үлкейтуге, фотошығаруда одан да кӛп 
есе үлкейтуге (10) болады. Қазіргі уақытта  флуоресценцияланатын  
экраннан  электронды  -  микроскопиялық  суреттерді  сандық  
телекамерамен   компьютерге  беріледі.  Принтерді  пайдалана 

отырып,  суреттерді  шығара  алады.  Электронды  микроскоптың 
кӛмегімен металл мен кристалды торларда зерттеуге қолданады. 
Электронды микроскоптарда жарықтың орнына электрон сәулелері 
қолданылады,  осыған  байланысты  қолданылатын  қуаттың  күші 
50—100 кВ-қа дейін барады, ал толқын ұзындығы 0,056—0,035 А°-
ге жетеді. Толқын ұзындығы неғұрлым қысқа болса, микроскоптың 
кӛрсеткіштік  қабілеттілігі  сорғұрлым  артатынын  физика  курсынан 
жақсы  білеміз.  Осыған  байланысты  электронды  микроскоптардың 
кӛрсеткіштік  қабілеттілігі  —1—7  А°-ға,  ал  үлкейткіштік 
қабілеттілігі  600  000-ға  дейін  жетеді.  Электронды  микроскоптың 
кӛмегімен  қарайтын  заттың  қалыңдығы  400—600А°  препаратты 
кӛруге  болады,  ӛйткені  қалың  препараттан  электрондар  ӛте 
алмайды,  олардың  ӛткізгіштік  қасиеті  нашар.  Электронды 
микроскопқа  препарат  дайындайтын  приборды   ультрамикротом  
деп  атайды.  Осы прибордың  кӛмегімен  жұқа  кесінді  жасап,  оны 
объекті  торына  бекітіп,  арнайы  бояулармен  бояп,  электронды 
микроскоппен  қарайды.  Электрон  сәулелері  препарат  арқылы 
ӛткенде объектінің үлкейтілген «кӛлеңкесі» экранға түседі. 
ЭЛЛИПСОИД - cite_note-0- (эллипс және гр. eіdos – түр) – екінші 
ретті тұйық бет. Оның симметрия центрі (0) және үш симмертия осі 
(Элипсоидтің  осьтері  деп  аталатын)  болады.  Егер  координаттар 
басын 
элипсоидтың 
симметрия 
центріне 
орналастырсақ, 
ал координаттар  осьтерін оның  симметрия  осьтері  бойынша 
бағыттасақ,  онда  элипсоидтың  теңдеуі  мына  түрде  жазылады: 
координаттар 
осьтерінің 
элипсоидпен 
қиылысу 
нүктелері 
элипсоидтың  тӛбелері  деп  аталады.  Элипсоидтың  жазықтықпен  
қимасы эллипс болады. Сондықтан элипсоидты эллипстің ӛз осінің 
біреуінің  бойымен  айналуы  нәтижесінде  пайда  болған  бет  деп  те 
атайды. 
ЭЛЬБА, Лаба (нем.  Elbe,  чех.  Labe)  –  Батыс Еуропадағы ірі 
ӛзендердің  бірі. Чехия менГермания жерінде.  Ұзындығы  1165  км, 
алабының  аумағы  148  мың  км2.  Бастауын Судет тау  сілемінің  ең 
биік  бӛлігі  – Крконоше   (1602  м)  тауынан  алады.  Жоғарғы 
ағысында  биіктігі  70  м  болатын Эльба су  құламасын  құрайды. 
Орта Еуропа жазығы  арқылы  ағып,  Солтүстік  теніздерге  эстуарий 
(ұзындығы  100  км-дей)  жасап  құяды.  Негізгі  салалары:   Йизера,  
Хафель (оң), Влтава,Заале (сол).  Орташа  жылдық  су  ағымы  920 
м3/с; суы кӛктемде тасиды. Таулы бӛлігі 1,5 – 2 ай, тӛменгі ағысы 2 
–  3  апта  қатады.  Тӛменгі  ағысында  теңіз  толысуының  әсері 

байқалады,  атырауынан  жоғары Колин қ-на  (Чехия)  дейін  кеме 
жүзеді. 
Каналдар 
арқылы Везер, Эмс, Рейнжәне Одер ӛзендер 
жүйелерімен, 
эстуарийі 
– Киль каналымен Балтық тӛменгі 
жалғастырылған.  Элба  бойындағы  ірі  қалалар:   Усти   (Чехия),  
Дрезден,   Магдебург   және  теңіз  порты  – Гамбург(Германия) 
орналасқан. Б. Несіпқұлова  
ЭМИГРАЦИЯ (лат.  emіgzaze  –  елден  кету  деген  мағынаны 
білдіреді)  –  ӛз  еліңдегі  тұрғылықты  мекенін  бӛтен  елдегі 
тұрғылықты жерге айырбастау. Адамдардың Эмиграцияға кетуінің 
түрлі  себептері  бар.  Соғыстар,  этн.  қайшылықтар,  экон.  дағдарыс, 
экол. техногендік апаттар, революциялар мен радикалды ӛзгерістер 
Эмиграцияға  себебі  болуы  ықтимал.  Мыс.:  Қазақстандағы 
зорлықпен  ұжымдастыру  және  сталиндік  қуғын-сүргін  саясаты 
салдарынан  2  млн-нан  астам  қазақ  қырылса,  1,5  млн-нан  астамы 
еріксіз  эмигрант  болды.  Кеңес  үкіметі  бос  қалған  қазақ 
жеріне Ресейдің ішкі  аймақтарынан  халықты  миграцияға  тартты. 
Бір  мемлекеттің  шеңберіндегі  халықтың  кӛшіп-қонуы  миграция 
болса,  халықар.  және  мемлекетаралық  кӛшіп-қонуы  Эмиграцияға 
болып саналады. Әлемдік саяси тарихта Эмиграцияға ның ӛрістеуі 
19  ғ-дың  2-жартысы  мен  20  ғ-дың  1-жартысын  қамтиды.  Атап 
айтқанда, 1- және 2-дүниежүзілік соғыстар салдарынан 100 млн-нан 
астам  адам  ата-мекендерін  тастап,  басқа  мемлекеттерге  кӛшуге 
мәжбүр болды. Сонымен қатар осы кезеңде Еуропа халықтарының 
Солтүстік Америка құрлығына  жер  іздеп,  байлық  пен  алтын  іздеп 
Эмиграцияғалануына  35  млн-ға  жуық  адам  қатысты.  Әлем 
тарихында  мұндай  құбылыстарды  ―халықтардың  ұлы  кӛші-қоны‖ 
деп те атайды. С. Борбасов .  
ЭНЕРГИЯ (гр. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әр 
түрлі  формасының  жалпы  ӛлшеуіші.  Материя  қозғалысының  әр 
түрлі  формалары  бір-біріне  айналып  (түрленіп)  отырады.  19 
ғасырдың  орта  шенінде  осы  қозғалыстың  барлық  формалары  бір-
біріне  белгілі  бір  сандық  мӛлшерде  ғана  айтылатындығы 
анықталды;  осы  жағдай  ―энергия‖  ұғымын  енгізуге,  яғни 
қозғалыстың  әр  түрлі  физикалық  формаларын  бірыңғай 
ӛлшеуішпен  ӛлшеуге  мүмкіндік  берді.  ―  Энергия‖  ұғымы  сақталу 
заңына  бағынады  (қ.  Энергияның  сақталу  заңы,  Термодинамика). 
Энергия  туралы  түсінік  мәңгілік  қозғалтқыш  жасаудың  мүмкін 
еместігін  дәлелдеуге  байланысты  пайда  болды.  Жұмыстың 
қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір ӛзгерістің (отынның 

жануы,  судың  құлауы,  т.б.)  нәтижесінде  ғана  орындалатындығы 
анықталды;  дененің  бір  күйден  басқа  бір  күйге  ауысуы  кезіндегі 
белгілі  бір  жұмыс  істеу  қабілеті  оның  энергиясы  деп  аталды. 
Қозғалыстың  әр  түрлі  формасына  сәйкес  энергияның  да  бірнеше 
түрі  бар  (мысалы,  механикалық  энергия,  химиялық  энергия, 
электромагниттік  энергия,  гравитациялық  энергия,  ядролық 
энергия,  т.б.)  Физиканың  даму  процесінде  энергия  ұғымы 
нақтыланып  әрі  жалпыланып  отырды.  Энергия  туралы  ілімнің 
дамуындағы  маңызды  бір  кезең  үздіксіз  ортадағы  энергия 
қозғалысы мен ― энергия ағыны‖ туралы ұғымның енгізілуі болды. 
Энергия  ағыны  деп  энергия  тығыздығы  мен  берілген  ортадағы 
орын  ауыстыру  жылдамдығының  кӛбейтіндісіне  тең  векторды 
айтады. 
Кванттық 
физиканың 
дамуы 
энергия 
ның 
квантталатындығы  жайлы,  яғни  кейбір  жағдайда  жүйенің  энергия 
сы тек дискретті (үздікті) мәндерді ғана қабылдайды деген фактіні 
дәлелдеуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдай мысалы, сәуле шығару 
энергия  сына,  микробӛлшектердің  тербеліс  және  айналу 
Энергиясына  қатысты  айтылады.  Салыстырмалық  теориясында 
Энергия  (Е)  мен  масса  (m)  арасындағы  байланыстың  (Е=mс
2

мұндағы с – вакуумдегі жарық жылдамдығы) ашылуы физика үшін 
зор  маңызды  болды.  Бұл  қатыс  әмбебаб  қатыс  болып  есептеледі. 
Сондықтан  ол  тіпті  ӛте  кішкентай  микробӛлшектің  ӛзінде  де 
әрқашан  қозғалыстың  белгілі  бір  түрі  болатындығын  кӛрсетеді. 
Мұндай  қозғалыстың  ӛлшеуіші  mс2  ӛрнегі  болады.  Әсіресе  бұл 
қатыстың  ядр.  энергетиканың  дамуына  байланысты  іс  жүзіндегі 
маңызы  арта  түсті.  Энергия  бірліктердің  халықаралық  жүйесінде 
(СИ) джоульмен, бірліктердің СГС жүйесінде эргпен ӛлшенеді. Ал 
ядролық және атомдық физикада энергияның ӛлшеу бірлігі ретінде 
электронвольт алынады. 
ЭТНОС,  этникалық  қауымдастық  -  [грек,  ethnos  -  тайпа,  халық]  - 
бір  халықты  екіншісінен  ажыратуға  мүмкіндік  беретін  ортақ 
белгілері  бар  қауымдас¬тық.  "Этнос"  ұғымы  әлі  күнге  бірыңғай 
түсінілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын кӛпшілік зерттеушілер 
барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру 
қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. 
Н.  Гумилевтан  кейін)  оны  негізгі  жүйе  ретінде  қарастырады 
(субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.). 
 

―ЭФИОПИЯ‖, Эфиопия 
Федеративтік 
Демократиялық 
Республикасы –  Солтүстік  Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. 
Ӛз  атауын  ежелгі  грек  сӛзінен  (Айтопия, айтопи –  ―жүздерін  күн 
күйдірген‖)  алған.  Кӛп  уақыт  ел Абиссиниядеп  аталды.  Солт-
нде Эритреямен, 
батысында Суданмен, 
оңт-нде Кениямен, 
шығысында Джибути және Сомалимен шектеседі.  Аум.  1127127 
км2.  Халқы  –  59,1  млн.  (2003).  Тұрғындарының  3/4  бӛлігін 
амхарлар  мен  оромолар  (галлалар),  қалған  бӛлігін  тиграилер, 
гураге,  аргоббалар,  данакиль,  харари,  т.б.  құрайды.  Эфиопияда 
сондай-ақ  гректер  мен  армяндар,  арабтар,  үндістандықтар, 
пәкстандықтар, т.б. халықтар тұрады. Халқының 50%-ына жуығы – 
мұсылмандар,  45%-ы  –  христиандар,  қалғандары  жергілікті  діни 
нанымды 
ұстанушылар. 
Астанасы 
– Аддис-Абеба қ. 
Ел 
конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. 
 
Ю 
 
ЮКАТАН 
БҦҒАЗЫ
Юкатан 
түбегі 
мен Куба аралы 
аралығында. Кариб 
теңізінен 
 Мексика  
шығанағымен 
жалғастырады.  Ұзындығы 55 км, ені 200 км, кеме жүзетін бӛлігінің 
ең  терең  жері  1269  м  (Куба аралына  таяу  жерде).  Юкатан  бұғазы 
арқылы Кариб  теңізіненМексика шығанағына  қарай  бүкіл  жыл 
бойына Гольфстрим ағысын тудыратын қуатты су толқындары ӛтіп 
отырады.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет