Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтінде сипатталған жағдайдың хронологиясын анықтаңыз



бет9/105
Дата27.09.2023
өлшемі338,16 Kb.
#111136
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Мәтінде сипатталған жағдайдың хронологиясын анықтаңыз:
А). 1905-1907 жж
В). 1911-1914 жж
С). 1908-1912 жж
D). 1914-1918 жж
Е). 1917-1920 жж
19. «Большевиктер өздерінің идеологиялық қарсыластары – армян ұлтшылдарының «Дашнакцутюн» партиясымен одақ жасауға барды... автономияшылдардың шағын отрядының қарсылығы оңай тойтарылып, қала басып алынды. Үш күнгі адамдарды қырғынға ұшырату мен талап тонаудан соң қала өртелді».
Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз:
А). Түркістан АКСР-інің жойылуы
В). Қоқан автономиясының талқандалуы
С). Анненковтың Верныйға шабуылы
D). Алашорда үкіметінің талқандалуы
Е). Дутовтың Орынборды басып алуы
20. Мәтінде қай тарихи оқиға сипатталғанын анықтаңыз:
«Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көз жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп Шағатай ұлысы кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады»:
А). Әбілқайыр мен Барақ арасындағы күрес
В). Ұрұс хан мен Тоқтамыс арасындағы күрес
С). Ілияс қожа мен Әмір Темір арасындағы күрес
D). Темір-Мәлік пен Тоқтамыс арасындағы күрес
Е). Ұрұс хан мен Әмір Темір арасындағы күрес

IV нұсқа



1.Мәтінде сипатталған екі елді анықтаңыз:
«...олардың арасындағы жауласушылық мұнымен бітпейді. Отырар, Сығанақ, Арал теңізінің аумағы бұл екі ел үшін ұзақ жылдар бойына қақтығыс көзіне айналды. Билік үшін бәсеке тек моңғолдар екі елді де жаулап алғаннан ғана біржола тынады»:
А). Оғыз, қыпшақ
В). Қимақ, қарахан
С). Печенег, оғыз
D). Қарахан, қарақытай
Е). Қыпшақ, Хорези
2. Мәтінде сипатталған шайқасты анықтаңыз.
«Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты... Қаған... арабтарды біржолата талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді. Алайда жеңіске қуанған тоқырлықтар мен түргеш әскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын әскерімен қалған Сұлу қағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады»:
А). Бұқарадағы шайқас
В). Тоқарстандағы шайқасы
С). Атлахтағы шайқас
D). Самарқандағы шайқас
Е). Навакеттегі шайқас
3. Мәтінде берілген мемлекеттік тұлғаны анықтаңыз.
"XVI ғ. басына қарай Қасым сұлтан әлі хан лауазымын алған жоқ, бірақ оның билігі соншалықты үлкен болғандықтан ешкім бұл ханды есіне алмады":
А). Бұйдаш
В). Тахир
С). Тоғым
D). Құдайменді
Е). Мұрындық
4. Төменде келтірілген мәліметті оқып жаңадан құрылған мемлекетті көрсетіңіз.
940 жылы түрік тайпалары Қашғарияға шоғырланып, Баласағұнды басып алды, Қарлұқ қағанатының соңғы билеушісін құлатты. ...Сатұқ Боғра хан басқарған жаңа мемлекет құрылды.
А). Қарақытай
В). Моңғол мемлекеті
С). Керей хандығы
D). Ұйғыр
Е). Қарахан
5. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғадан кейін түріктер қол жеткен саяси дәреже:
«Жужан қағандығы түріктерден жеңілгендеріне қарамастан, оларға қарсы және бірнеше рет жорық жасады. Бірақта ешбір жеңіске жете алмады. Ал 552-554 жылдары Қара-Ескенің інісі Мұқан қағанның кезінде жужандар мүлде қайтып бас көтерместей болып жеңілді»:
А). Түрік қағанаты Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті
В). Түрік қағанатының Азияның шығысындағы ықпалы күшейді
С). Түрік қағанаты Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды
D). Түрік қағанаты Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды
Е). Түрік қағаны «елхан» деген атақ алды
6. Мәтінде қай тарихи оқиға сипатталғанын анықтаңыз.
«... Қырғыздар (қазақтар)... бұрынғы тәртіпті қолдарына қару алып, ақырына дейін қорғауға әзір екенін мәлімдеп тұрып алды. Халықтың толқуын күн өткен сайын күшейіп, кеңінен етек жайды. Қырғыздар енді сөзден іске көше бастады: бұзақылардың қара құрым қалың тобы құрылды. Орал облысында мұндай топтар барлық жерде, ал Торғай облысында – Елек пен Қобда өзендерінің бойында жиі кездесті...»:
А). 1868-1869 жж. көтеріліс
В). 1837-1847 жж. көтеріліс
С). 1856-1857 жж. көтеріліс
D). 1886-1891 жж. реформалар
Е). 1822-1824 жж. реформалар
7. «Жерлері тегіс, шөптесін, жаңбырлы әрі суық келеді. Тауларында қылқан жапырақты ағаш көп өседі» деп үйсін мемлекетінің табиғатына сипаттама берілді:
А). Грек деректерінде
В). Иран деректерінде
С). Үнді деректерінде
D). Қытай деректерінде
Е). Парсы деректерінде
8. Төменде келтірілген мәлімет қай тұлғаға байланысты екенін анықтаңыз.
Таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады, күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады, ал кешке бізбен бірге тамақ ішті
А). Мөде
В). Томирис
С). Дарий
D). Скунха
Е). Аттила
9. Мәтінде сипатталған тайпаны анықтаңыз:
«Олар 1141 жылы Самарқан қаласына жақын жатқан Қатуан даласында болған шайқаста селжұқтар мен қарахан әскерлерін ойсырата жеңеді. Бұхара қаласын, Мауараннахрдың орта бөлігін толығымен жаулап алады. Мұннда ескеретін жағдай, олар Қарахан мемлекетінің ішкі басқару жүйесіне ешбір өзгеріс енгізбеген»:
А). Қарақытайлар
В). Наймандар
С). Керейлер
D). Қыпшақтар
Е). Жалайырлар
10. «1743 ж. Жайықтың сол жақ жағалауында... қазақтармен және ОртаАзия көпестерімен сауда жасау үшін арнайы Айырбас сарайы салынды. Жергілікті қазақтар оны «Ақ базар» деп атады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет