Мәтінмен жұмыс жасау арқылы білім алушылар өз білімін өмірлік



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата19.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#94926
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
түзететілген ГСМ лиц жұм. Мукашева. Альдикенова

Ұсынылған ақпарат 
Факті 
Көзқарас 
Тақырыбы: Мәдениет –өмір мәйегі 
Мақсаты: Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру 
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, проблемалық 3 сұрақ құра. 
Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан 
халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. Елбасы Нұрсұлтан 
Назарбаев: «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай 
елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», деген есті сөзі 
әлі де ел жадында. Бүгінде Еуразияның ең бай да бірегей мәдениетінің 
қатарына қазақ мәдениетінің де кіргендігі біз үшін үлкен мақтаныш. Дана 
халқымыз: «Өнер – ұлттың жаны» деп бекер түстемесе керек. Өркениетті ұлт, 
ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан 
үлесімен танылып, бағаланады. Бұл тұрғыдан келгенде біздің көсіле 
сөйлеуімізге болады. Арғы ата бабаларымыздан қалған асыл мұралар, Қазақ 
хандығының іргесі қаланғаннан бергі жиналған жауһар дүниелер әлем алдында 
абыройымызды биіктетіп келеді. Соларды насихаттап, көкке көтеріп жүрген 
мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбегі орасан. Әрине, өнерді құрметтеп, 
мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Десе де, мұражайлар 
мен кітапханалардың, театрлар мен концерттік ұйымдардың, халық 
шығармашылығы және мәдениет үйлерінің, қалалық және ауылдық клубтардың 
қызметкерлерінің, сондай-ақ ақындар мен жазушылардың рөлі ерекше. Олар 
қоғамымыздағы руханиятты дамытуға, игілікті, адамгершілікті, қайырымдылық 
пен өзара түсіністікті өрістетуге жол ашып, үздік мәдени дәстүрлерді сақтауға 
һәм молайтуға ерекше мән беріп келеді. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ 
сессиясында сөйлеген сөзінде «Қазіргі заманғы әлемде еліміздің берік мәдени 
тұғырынсыз экономикалық және саяси табыстары болуы ақылға сыйымсыз. 
Планетаның 30 лайықты ұлтының біріне айналу үшін, бәрінен бұрын, ХХІ 
ғасырда ең танылған мәдениеттің қатарында болу керек. Біз Қазақстанның 
әлемдік «жоғары мәдениет қоғамының» үш ондығы шоғырына енуін 
қамтамасыз етуге тиіспіз» дей келе, мәдениет саласы қызметкерлеріне барлық 
жағдай жасалуын тапсырған болатын. Міне, соның нәтижесінде олардың ең-
бекақысы 
40 
пайызға 
өсті. 
Яғни 
театр әртістерінің орташа жалақысы 231 мың теңге, ал кітапхана, музей және 
архив қызметкерлерінің еңбекақысы 164 мың теңге болды. Әрине бұған дейінгі 
жалақыларымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Бүгінде мемлекет барынша 
мәдениет саласына көңіл бөліп, ауыл-аймақтардың мәдени өмірінің 
жандануына күш салып келеді. 
Халқымыздың бай мәдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қо-
сып келе жатқан азаматтардың еңбегі бағаланатын елеулі күн ел өмірінің ең 
айшықты сәтіндей ыстық. Себебі қаламға серт еткен ақын-жазушының, өнер 
мен тарих тағылымымен таныстыратын музей қызметкерінің, білім бұлағымен 
сусындатқан кітапханашының, мазмұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нәрін 


38 
сыйлайтын театр, кино және опера әртісінің, өңірлердегі мәдениет 
ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегі ұмытылмақ емес



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет