Мәтінмен жұмыс жасау арқылы білім алушылар өз білімін өмірлік



Pdf көрінісі
бет20/26
Дата19.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#94926
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
түзететілген ГСМ лиц жұм. Мукашева. Альдикенова

 
31 қарасөзі 
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі 
байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде 
ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол 
нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; 
төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, 
салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я 
бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - 
күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер. 
 
2-тапсырма.Мәтіндердің негізгі ойын анықта. 
 
Тақырыбы: Бабадан қалған асыл сөз 
Мақсаты: Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш 
құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала жазу. 
 1-тапсырма. «Бабадан қалған асыл сөз» тақырыбына жанрлық және 
стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып, шағын мақала жаз. 
 
Тақырыбы: Ашу түбі-кейіс 
Мақсаты: Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан 
дамытып жазу. 
1-тапсырма. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқып, өз көзқарасыңды
аргументтер арқылы дәлелдеп, дамытып жаз. 

 
 
 
Тақырыбы: Жақсылық шарапаты 
Мақсаты: Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе 
жазу. 
1-тапсырма. Мәтін тақырыбына көңіл бөл. Бұлай аталу себебіне 
түсінік бер. 
«Шарапат» сөзіне түсіндірме сөздік көмегімен түсінік бер. 
Шоқан оқитын сынып үлгерімі бойынша ең жақсы сынып болып 


33 
саналатын. Сыныптағы балалардың бәрі де дарынды. Айдын әуе кемелері 
үйірмесіне барады, ұшақтың моделін керемет құрастырады. Қали болса
музыка мектебінде оқиды, көркемөнерпаздар концертіне үнемі қатысады. 
Жақында қалалық конкурстың лауреаты атағына ие болды. Ардақ өлең 
шығаратын, 
оның өлеңдері бірнеше рет республикалық балалар 
басылымынан жарық көрді. Айгүл биді керемет билейді. Тек Жаңылсын ғана 
тұйық, көп көзге түспейтін. 
Бір күні балалар мектептен дуылдасып қайтып келе жатыр еді, алдарынан 
бір әйел: 
-Балалар, сендерге кішкентай қыз бала кезіккен жоқ па? Үстіне қызғылт 
күртеше, аяғына көк етік киген...- деді, даусы дірілдеп. 
-Жоқ!-деп бірден жауап қайтарды да, әңгімесін жалғастыра берді Айдын. 
-Балалар, мүмкін апайға баласын іздеуге қөмектесерміз. Алысқа кете 
қоймаған шығар,-деп ұсыныс жасады Жаңылсын. 
Бірақ, өкінішке орай, барлығының да тығыз жұмыстары бар екен: Қали 
музыка мектебіне асықты, Айдын үйірмеге баратын болды... Тек Жаңылсын 
ғана ойланбастан әйелдің жанына барып, оның қызы туралы сұрастыра 
бастады. 
Келесі күні бірінші сабаққа жанында жетектеп алған қызы бар кешегі 
әйел кенеттен кіріп келді. Ол қызын тауып алуға көмектескен Жаңылсынға 
алғысын білдіру үшін келген екен. Сыныпты үнсіздік басты. Барлығы да 
Жаңылсынды жаңа көргендей ризашылықпен, қызыға, қызғана қарап қалған. 
(186 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет