Мәтінмен жұмыс жасау арқылы білім алушылар өз білімін өмірлік


Мақсаты: Мәтіннің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын тауып,  бейнелеуіш сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазу 1-тапсырма



Pdf көрінісі
бет25/26
Дата19.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#94926
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
түзететілген ГСМ лиц жұм. Мукашева. Альдикенова

Мақсаты: Мәтіннің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын тауып, 
бейнелеуіш сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазу
1-тапсырма.Екі мәтіннің ортақ белгілері мен айырмашылығын венн 
диаграммасына түсіріңдер. 
А- мәтіні. Оқылым 
Соғыс жылдарында Қорғаныс қорына, майдангерлерге жіберілетін жоғарыда 
айтылғандай сыйлықтар, жылы киімдер, азық-түліктер, майдангерлердің 
отбасына, Қазақстанға көшірілген халықтарға көрсетілетін жәрдемдер есебі 
адам жаңылдыратын есепсіз көп салықтардан тыс жиналды. 
Ол да оңайлықпен жиналған жоқ. Ұраншылдықпен, күшпен жүзеге 
асырылды. Көзі тірі куәлердің айтуынша, мысалы, 1941-1945 соғыс 
жылдарында әр отбасы үйінде тышқақ лағы жоқ болса да 50 келі ет, 3 келі 
сарымай, тауығы жоқ болса да 30 жұмыртқа тауып беруге міндетті болды. Олар 
табылмаған күнде орнын ақшамен өтеуге тиіссің. Ол кезде ақша табу 
қасқалдақтың қанын табумен бірдей еді. Тапқан азық-түлігіңді, мүлкіңді салық 
үшін сата қоятын жақын жерде базар да жоқ. Салықтан құтылмаса ол жерде 
тұруға қақысы жоқтығына көзі жеткендер өтетін нәрселерін арқалап, 100-200 
шақырым жердегі базарға жаяу шұбыратын. Не қалт-құлт етіп отырған еңбекші 
отбасы бала-шағасының аузынан жырып астығын, асқатығын беріп 
құтылады.Ауылшаруашылығында еңбек еткен әйелдер құл орнында жүрді. 
Шаруаның тозағы мұнымен де бітпейді. Олардың әрқайсысы екі пұт 
тұқымды арамшөп дәндерінен, күрішті күрмегінен тазартып беруге міндетті.Ол 
да бір өзінше ауыр жұмыс. Қойма меңгерушісі таза тұқымнан айыған арам шөп 
дәндері мен күрмегін өлшеп, кемін мойнына жазады.Кейін еңбекақыңнан ұстап 
қалады. Міне, осындай сан-сапалық жұмыстың арасында жүріп әйелдер 
майдандағы жауынгерлерге көйлек, орамал, кеудеше, тон тігіп, шұлық тоқып 
беру тапсырмасын сөзсіз орындауы керек.Ол үшін дайын жүн таппағандар ескі 
көрпелерін сөгіп, оны түтіп, иіріп, белгіленген күні комиссияға тапсырады. Ол 
орындалмаса майданға қарсылық жасаған жан болып шыға келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет