Мәтінмен жұмыс жасау арқылы білім алушылар өз білімін өмірлік



Pdf көрінісі
бет24/26
Дата19.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#94926
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
түзететілген ГСМ лиц жұм. Мукашева. Альдикенова

ТақырыбыКөкшетау жері 
Мақсаты: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер 
мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін 
жазу. 
1-тапсырма.Берілген мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін теріп жаз. 
Сыр мен сымбаттың елі, сұлулық атты қымбаттың елі – Көкшетау. 
Көкшетау десе көкірекке шүпілдеп толатын, көңілді ғажап сезімге бөлейтін 
көрікті күйлер көп-ау. Алдымен Көкшетаудың жері, орман-тауы, өзен-көлі, 
табиғаттың сұлулығы сыр шертеді. Бір ғана Бурабай, Оқжетпес пен Жұмбақтас. 
Абылай алаңы... Көкшетауға ғашық болу үшін, құрмет тұту үшін осылардың 
өзі-ақ жеткілікті. Ал бұл екі арада Айыртау мен Арықбалықты, Зеренді мен 
Сырымбетті қайда қоясыз. Иә, айтты-айтпады, «Жер шоқтығы Көкшетау, 
бауыры толған бақша-бау...» 
Қазақ тарихы мен мәдениетінің, әні мен жырының да үлкен құйқалы 
қыртысы осы сырлы сұлулықтармен, ел иесі, жер киесімен астасып жатыр. 
«Сұрасаң Абылайдың тұрған жерін, Қырық сегіз жыл хан болған Көкшетауда» 
деп неге жырлайды дейсіз жырау бабаларымыз. Бүкіл қазақ үшін ортақ кие 
қонған, қасиет орнаған жер екенін айтып тұр ғой. Осы ақиқатты ақиық ақын 
Мағжаннан асырып айту қиын-ау. Ертеде Абылайға қоныс болған Бурабайды 
«Алаштың кебесіндей ізгі жай» деп тебіренуі тегін емес-ау, зарлық сәуегейдің! 
«Арқада Бурабайға жер жетпесе, Алашта Кенекеме ер жетпейді» деп тағы бір 
қияға тартып толғайды толағай Мағжан. Иә, Абылай мен Кенесарыны айтқанда 
қазақтың елдігі, тәуелсіздігі жолындағы қаһармандық күрестің де бір бесігі 
Көкшетау болғандығын жүрекке түймеске, сол үшін де жер науанына басыңды 
имеске 
болар 
ма?
2-тапсырма. 
Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра 
отырып, «Жер төресі-жыр еркесі» тақырыбына жинақы мәтін жаз. 
Тақырыбы: Соғыс жылдарындағы Қазақстан 


39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет