Методические рекомендации для педагогов начальных классов по обучению основам безопасного



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата02.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#132500
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
 
 



1 Қауіпсіз жол қозғалысы негіздері 
Жол қозғалысы қауіпсіздігі – жол қозғалысына қатысушылардың 
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін орасан зор шаралар кешені. Кез келген ересек 
адам да, мектеп білім алушылары да, көлік жүргізушілері де, көлік құралындағы 
жолаушылар да, жаяу жүргіншілер де «жол жүрісіне қатысушылар» болып 
табылады. 
Жол жүрісі қауіпсіздігі – қатысушыларының жол-көлік оқиғалары мен 
олардың зардаптарынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға
халықтың денсаулығына теріс әсерінен қорғалу дәрежесін көрсететін жол 
жүрісінің жай-күйі [1]. 
Заңнамалық актілерде жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатысушылардың 
жол-көлік оқиғаларынан және олардың зардаптарынан қорғалу дәрежесі деп 
түсiндiрiледi. Жол-көлік оқиғасы – көлік құралының жолда жүруі процесінде 
және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, 
өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де 
материалдық залалға әкеп соққан оқиға деп жіктеледі [1]. 
Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудің негіздеріне жол қозғалысы 
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі әр түрлі шаралар жатады. Жол қозғалысы 
қауіпсіздігіне әсер ету дәрежесіне және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға 
байланысты бұл шаралар белсенді және пассивті екіге болып бөлінеді.
Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі белсенді шараларға: 

жол желісінің барлық нысандарын, ерекшеліктерін ескере отырып 
сауатты жобалау және орналастыру; 

жол құрылысының жол-көлік оқиғаларының болуына ықтималдығына 
әсерін зерттеу және уақтылы алдын алу; 

негізгі нормативтік құжат ретінде жол қозғалысының өзiн де, жол 
қозғалысы ережелерін де ұйымдастыруды үздексіз жетілдіріп отыру; 

жол қауіпсіздігінің барлық қатысушыларының жолда жүру ережелерін 
сақтауын үнемі бақылап отыру; 

қозғалысты ұйымдастыруға жауап беретін көлік құралдары мен 
жабдықтардың (қозғалыс белгілері, бағдаршамдар және т.б.) техникалық жай-
күйін тұрақты бақылап отыру жатады. 
Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі пассивті 
шараларға: 

көлік құралдарының қауiпсiздiгi үшін жабдықтарды жетілдіру: 
құрылымдық жағынан – көлік шанағының қаттылығын күшейту, салондарды 
белсенді-пассивті құралдармен, яғни белбеулермен, қауіпсіздік жастықтарымен 
күшейту және т.б.; 

жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол жүйесіндегі 
құрылғыларды жобалау және жетілдіру. 
Жол қозғалысы қауіпсіздігі негізінен жолда жүру ережелерінің 
орындалуына тікелей байланысты болады. Жолда жүру ережелері – оның барлық 
қатысушылары үшін қауіпсіз қозғалыс жағдайларын барынша егжей-тегжейлі 



сипаттайтын және жолда болып жатқан әрбір іс-қимылды реттейтін негізгі құжат 
болып табылады. Сондықтан, жолда жүру ережелерін сақтау қауіпсіздікті 
қамтамасыз етуге 90% кепілдік береді. Ал қалған 10% еңсерілмейтін күштің 
салдарынан болатын жағдайларға, яғни кездейсоқ ауруға немесе дүлей апаттарға 
жатады. 
Күн сайын біз жаяу жүргінші, жолаушы немесе жүргізуші ретінде әрекет 
ететін жол қозғалысының пайдаланушыларының қатарында болып отырмыз. 
Жаяу жүргінші болу – жауапкершілігі жоғары рөл. Сондықтан, әр ересек адам 
да, бала да, көлік жүргізушісі де жолда жүрудің негізгі ережелерін сақтаулары 
тиіс. Жол-көліктік апаттарды азайтудың жолдары: 
- жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен, ал 
олар болмаған жағдайда жол жиектерімен жүрулері тиіс; 
- тәуліктің қараңғы уақытында немесе көру/көріну/байқау нашар болған 
кезде (кешқұрым кезде) көлік жүретін жолдың жиегімен жүрген жағдайда жаяу 
жүргіншілерге жарық қайтарғыш элементтері бар заттар ұстау немесе киіміне 
жарық шағылыстыратын таспа жапсырып алу ұсынылады, бұл құралдардың 
жарқырауы көлік жүргізушілеріне жол жиегіндегі жаяу жүргінші туралы 
хабардар етеді; 
- жаяу жүргіншілер жол қиылыстарын, көлік жүретін жолдарды жаяу 
жүргіншілер өткелдерінен, олар болмаған жағдайда тротуардың немесе жолдың 
жиек сызығы бойымен кесіп өтулері тиіс немесе жолда жүру ережелерін
(1-қосымша) сақтаулары тиіс. 
Сонымен, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері – балалардың өмiрi мен 
денсаулығын сақтаудың негiзгi болып табылады. Еліміздің жолдары мен 
көшелерінде қозғалыс жылдамдығы мен автокөлік саны жылдан-жылға жоғары 
қарқынмен өсіп келеді және бұл процестің келешекте ілгерілеу жалғасады. Бұл 
жағдай жол қауіпсіздігі негіздеріне баса назар аударуды қажет етері сөзсіз. 
Сондықтан білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере 
отырып жолда жүру ережелерін оқытуды бастауыш сыныптардан бастау қажет. 
Балалардың көшедегі және жолдағы қауіпсіз мінез-құлқы дағдыларына үздіксіз 
оқыту жүйесі мектеп оқушыларының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету мәселелері бойынша және жол қозғалысы ережелерін зерделеу бойынша 
мектептен тыс және пән сабақтарына кіріктіру арқылы әртүрлі іс-шаралардың 
түрлерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет