40
- ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары балалардың
білім алу құқығын қалай қорғауды білмейді және білім беру мен әлеуметтік
қолдау жүйесінен қорқады;
- білім беру ұйымдарының сәулеттік қолжетімділігіне барлық жерде рұқсат
етілмейді;
- инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің жұмысқа дайын
еместігі: педагогтер ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған жеке
оқу жоспарларын құруда және оқу бағдарламаларын бейімдеуде қиындықтарға
тап болады;
- арнайы педагогтерге үлкен қажеттілік бар, педагог-ассистенттердің
функцияларын қайта қарау қажет, балалар үшін жеке көмекшілердің
міндеттерімен біріктіру мүмкіндігі бар;
- мектептердің сыртқы мамандармен (арнайы мектептер, ПМПК, ППТК
және т. б.) әлсіз өзара іс-қимылы;
–мектепке дейінгі ұйымнан мектепке, мектептен ТжКБ жүйесіне ауысқан
кезде ерекше қажеттіліктері бар баланы қолдау тетіктері жоқ;
- инклюзивті оқыту (мектеп-колледж) жағдайындағы білім беру ұйымдары
арасындағы кәсіптік өзін-өзі анықтау және жұмысқа орналастыруда ерекше білім
беруді қажет ететін білім алушыларды қолдау бойынша өзара іс-қимыл әлсіздігі;
- колледждерде ерекше қажеттіліктері бар жасөспірімдердің инклюзивті
білім берумен төмен қамтылуы;
– инклюзивті білім берудегі медициналық тәсіл басым, тек мүмкіндігі
шектеулі балалар ғана арнайы қолдаумен қамтылған, ал ерекше қажеттіліктері
бар басқа балалар назардан тыс қалады;
- ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қосымша біліммен қамтудың
төмендігі: ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған білім беру
ұйымдарында арнайы жағдайлардың болмауы олардың қосымша білім беру
қызметтерін алу құқығын шектейді;
- барлық деңгейлерде инклюзивті білім беру сапасын бағалау бойынша
нақты критерийлердің болмауы;
- инклюзивті білім берудің жүйелілігінің, үздіксіздігінің, сабақтастығының
болмауы (балабақша, мектеп, колледж);
- білім берудің бір деңгейінен екінші деңгейіне оңтайлы көшу қамтамасыз
етілмейді, нормативтік негізде сабақтастық жоқ.
Инклюзия ерекше білім беруді қажет ететін баланың жалпы білім беретін
мектепте физикалық болуымен шектелмейтінін түсіну керек. Бұл мектептің өзін,
мектеп мәдениетін және білім беру процесіне қатысушылардың қарым-қатынас
жүйесін өзгерту, педагогтер мен мамандардың тығыз ынтымақтастығы, ата-
аналарды баламен жұмыс істеуге тарту.
Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің арасында
Достарыңызбен бөлісу: