Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет9/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


34 
2 Қазақстандық мектептерде «баршаға білім беру» қағидатын іске 
асырудың өзекті мәселелері 
Әлемдік қоғамдастық «баршаға білім беру» қағидатын іске асыруға 
маңызды мән береді. Инклюзивті білім беру, баршаға білім беру 
парадигмасының құрамдас бөлігі болып табылатын, барлық балалардың 
зияткерлік немесе физикалық қабілеттеріне, мәдени, әлеуметтік, этникалық, 
нәсілдік, діни қатыстылығына қарамастан, жалпы білім беретін мектепке бару 
және құрдастарымен бірлесіп оқу құқықтарының теңдігін көздейтін тәсіл болып 
табылады. 
Әр баланың өзінің қадір-қасиетін құрметтейтін және оңтайлы дамуға ықпал 
ететін сапалы білім алуға құқығы бар деген сенім ЮНИСЕФ-тің адам 
құқықтарына негізделген білім беру тәсілінің негізінде жатыр. 
Сапалы білім алу – әр баланың құқығы. Бала құқықтары туралы 
конвенцияда және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияда барлығы үшін 
сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсаты және әрбір баланың әлеуетін 
дамыту үшін қажетті тұтас қолдауды қамтамасыз етудің маңыздылығы айқын 
көрсетілген. Сапалы білімге әр бала (соның ішінде ең осал және шеттетілген 
балалар) мектепке барғанда және оларды өмірге қажетті дағдылармен 
қамтамасыз ететін инклюзивті сапалы білім алған кезде ғана қол жеткізуге 
болады. 
Инклюзивті саясаттың негізгі аспектілері көптеген мемлекеттік құжаттарда 
көрсетілген: ҚР Конституциясы, ҚР «Білім туралы» [1, 2], «Қазақстан 
Республикасындағы Бала құқықтары туралы» [31], «Мүмкіндігі шектеулі 
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау 
туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау 
туралы» [3], «Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық 
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» [32, 33] және т.б. 
Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі 
және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына 
Жолдауында «біздің біліміміз қолжетімді және инклюзивті болуы тиіс...» деп 
атап өтті [33].
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында 
жалпыұлттық басымдықтар арасында білім беру саласындағы қолжетімділік пен 
теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі міндет бөлінді: «...Қазақстан үшін 2025 жылға 
қарай түбегейлі өзгерістер: тұрғылықты жеріне және әлеуметтік мәртебесіне 
байланысты білім беру сапасындағы алшақтықтан – сапалы білім алуға 
қолжетімділікті теңестіру. Барлық білім беру ұйымдарында инклюзивті білім 
беру үшін жағдайлар жасалатын болады» [6]. Осыған байланысты «Сапалы білім 
беру» ұлттық жобасында мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру 
ортасымен қамтамасыз ету міндеті белгіленген [7].
Сапалы білім берудің өмір сүру деңгейін жақсартудың басты шарты 
ретіндегі ықпалды рөлін түсіне отырып, Қазақстанның білім беру саласындағы 
мемлекеттік саясатының векторы бүгінде баршаға сапалы даму мен білім беруді 


35 
қамтамасыз етуге бағытталған. 
Қоғамдық қатынастарды ізгілендіру, өз кезегінде, ерекше білім беруді қажет 
ететін балалардың сапалы бірлескен білім алу құқығын қабылдаусыз және іске 
асырусыз мүмкін емес. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық 
актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының қабылдануымен «ерекше білім беруді 
қажет ететін адамдар» ұғымы кеңейіп, тек денсаулығына байланысты оқуда 
қиындықтарға тап болған адамдарды ғана емес, сонымен қатар халықаралық 
нормаларға сәйкес әртүрлі экономикалық, әлеуметтік және басқа себептермен 
(мысалы, мигрант балалар, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар және 
т.б.) оқуда қиындықтары бар адамдарды да қамтыды [32]. 
Кеңейіп келе жатқан білім беру кеңістігінде ерекше білім беруді қажет 
ететін бала, ең алдымен, дамып келе жатқан тұлға болғандықтан, оның білім алу 
құқығын іске асыруды қамтамасыз ету білім беру саласындағы мемлекеттік 
саясаттың маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар 
білім берудегі теңдік идеяларының қалыптасуы мен дамуында стратегиялық 
сипаттағы және бүкіл білім беру жүйесіне әсер ететін, сондай-ақ білім беру 
идеологиясын ізгілендіру бағытында өзгертуді көздейтін инклюзивті білім 
берудің қалыптасқан жүйесі маңызды орын алады. 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуда инклюзия 
қоғамның ұстанымын ерекше, өзге адамдарға өзгертетін, өз құрдастарының 
арасында сапалы білім алу ықтималдығын кеңейтетін және әртүрлілікті өзара 
байыту ресурсы ретінде қабылдауға және оған құрметпен қарауға сүйенетін 
табиғи кезең болып табылады. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі – әр адам 
өзінің қабілеттері, қажеттіліктері мен қызығушылықтары бар ерекше тұлға 
болып табылады, ол оқу процесінде жеке көзқарасты және осы ерекшеліктерді 
ескеретін әртүрлі формаларды, әдістерді, білім беру технологияларын қолдануда 
икемділікті талап етеді. 
Инклюзивті білім беру идеяларын қалыптастыру мен дамытудың негізгі 
принциптері әлеуметтік трансформация, әлеуметтік қоғамдастықтың ерекше 
қажеттіліктері бар адамдарға деген көзқарасының өзгеруі, оларды оқыту мен 
тәрбиелеу, әлеуметтендіру және кәсіби даярлау мүмкіндіктерінде жатыр. 
Инклюзивті білім беру мүгедектігі бар балалар мен ерекше білім беруді 
қажет ететін балаларға қатысты кемсітушіліктің алдын алуға көмектеседі, 
олардың өз қауымдастықтары мен жалпы қоғамның тең құқылы мүшелері болу 
құқығын жүзеге асыруды қолдайды. Инклюзивті білім беру балаларға 
бағытталған әдістеме арқылы жүзеге асырылады және барлық балалар әртүрлі 
оқу қажеттіліктері бар жеке адамдар екенін мойындайды. 
Инклюзивті білім беру педагогикалық жүйені әртүрлі білім беру 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған икемді етуге мүмкіндік беретін 
оқыту нысандары мен әдістерін іске асыруды қамтиды. 
Инклюзивті білім барлық балалардың әртүрлі қажеттіліктеріне бейімделу 
тұрғысынан баршаға білім берудің қолжетімділігін білдіреді. Ерекше білім 
беруді қажет ететін балалардың құқықтарын іске асыру қазіргі кезеңде балалар 


36 
тәрбиеленетін және оқытылатын білім беру ұйымының ата-аналарына (заңды 
өкілдеріне) таңдау құқығын беру ғана емес, сонымен қатар білім беру жүйесінің 
осындай білім алушыларды қабылдауға дайындығы және олардың жеке 
мүмкіндіктерге сәйкес сапалы білім алуы үшін жағдайлардың болуы тұрғысынан 
объективті проблемалар мен артықшылықтарды түсіндіруден тұрады. 
Инклюзивті оқыту шарттары, бір жағынан, бала мен оның жақын ортасынан 
айтарлықтай күш-жігерді талап етеді, ал екінші жағынан, өмір мен іс-әрекетте өз 
қабілетін іске асыруға және табысты әлеуметтенуге үлкен мүмкіндіктер береді. 
Н.М. Назарованың пікірінше, инклюзивті білім беру – жалпы білім беретін 
мектептің білім беру процесіне ерекше білім беруді қажет ететін балалардың 
белсенді қосылуы және қатысуы ғана емес, сонымен қатар барлық балалардың 
білім беру қажеттіліктерін қамтамасыз ету жүйесі ретінде бүкіл жаппай білім 
беру процесін қайта құру [34]. 
«Инклюзия» 
ұғымының 
таралуы 
негізінен 
қоғамдық 
сананы 
демократияландыру процестерімен, әр адамның лайықты өмір сүру және білім 
алу құқығын халықаралық мойындауымен байланысты. Инклюзивті білім беру 
моделі келесі әлеуметтік тәсіл– ерекше қажеттіліктері бар адамдарды емес, 
қоғамды және олардың оларға деген көзқарасын өзгерту қажеттілігі негізінде 
құрылады. 
Инклюзия барлық балалар үшін анағұрлым дамыған, адамгершілік және 
тиімді жүйе ретінде танылды. Ол дәстүрлі мектеп жүйесінің критерийлеріне 
қаншалықты сәйкес келетініне қарамастан, барлығына білім алуға құқық береді. 
Олардың әрқайсысының даралығын құрметтеу және қабылдау арқылы тұлғаның 
қалыптасуы жүреді. Сонымен бірге балалар ұжымда болады, бір-бірімен өзара 
әрекеттесуді, қарым-қатынас орнатуды, педагогпен бірлесіп білім беру 
мәселелерін шығармашылықпен шешуді үйренеді. 
Инклюзивті білім беру ерекше білім беруді қажет ететін балаларды 
сыныптағы кез келген басқа балалар ретінде қабылдауды, оларды бірдей іс-
шараларға қосуды, ұжымдық оқыту формаларына қатысуды және 
тапсырмаларды топтық шешуді, ұжымдық қатысу стратегиясын – ойындарды, 
бірлескен жобаларды, зертханалық, далалық зерттеулерді және т.б. қолдануды 
қамтиды. 
Инклюзивті білім барлық балалардың жеке мүмкіндіктерін кеңейтеді, 
адамгершілікті, төзімділікті, құрдастарына көмектесуге дайын болуға 
көмектеседі. 
Қазақстан Республикасында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды 
қолдауға бағытталған ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылады, барлық 
балалардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына 
тең қол жеткізу құқығы қамтамасыз етіледі. 
2022-2023 оқу жылында ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны 188 
144 баланы құрады. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жас құрамы: 
- ерте жас (0-ден 3 жасқа дейін) – 7 719 бала, бұл ерекше білім беруді қажет 
ететін балалардың жалпы санының 4,1%-ын құрайды; 
- мектепке дейінгі жас (3 жастан 5 жасқа дейін) – 47 726, бұл 25,4%; 


37 
- мектеп жасы (6 жастан 18 жасқа дейін) – 132 699, бұл 70,5%.
Облыстық 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультациялардың (ПМПК) деректері бойынша 2022-2023 оқу жылында білім 
беру бағдарламалары бойынша және түзету-педагогикалық қолдаумен білім 
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында, қоғамдық және жеке 
ұйымдарда 183 159 бала қамтылды, бұл 97,4%-ды құрайды. 
Жалпы білім беретін мектептерде инклюзияны қолдаудың 640 кабинеті
жұмыс істейді, білім беруді дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы 
шеңберінде жыл сайын инклюзияны қолдаудың 40 кабинетін ашу жоспарлануда. 
Инклюзивті білім беруді дамытуда оң тәжірибесі бар жалпы білім беретін 
мектептер базасында педагогтермен өзінің практикалық тәжірибесімен алмасу 
үшін 22 облыстық ресурстық орталық құрылды. 
Облыстық және қалалық ПМПК мәліметтері бойынша, 2022 жылы ерекше 
білім беруді қажет ететін 11 597 тәрбиеленуші балабақшалардың жалпы 
топтарындағы барлық балалармен тең дәрежеде білім алуға және тәрбиелеуге 
мүмкіндік алды (2021 ж. – 10 987, 2019 ж. – 9 202 бала); мектеп жасындағы 
ерекше білім беруді қажет ететін 112 274 баланың 48,6%-ы инклюзивті біліммен 
қамтылды (2021 ж. – 46,1%). 
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау білім беру саласындағы 
мемлекеттік саясаттың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Инклюзивті 
оқыту ортасы физикалық кедергісіз қолайлы ортаны, оқытудың икемді 
бағдарламалары мен әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, білім 
алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жүйелілігін, педагогтің 
инклюзивті құзыреттілігін қоса алғанда, арнайы жағдайлар жасауды көздейді. 
2022 жылы балалардың инклюзивті білім алуына жағдай жасаған мектепке 
дейінгі ұйымдардың үлесі 55,4%-ды құрады (2021 ж. – 40,8%). Соңғы 3 жылда 
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 10%-ға өсті (2022 
ж. – 84,9%, 2020 ж. – 74,9%). Көп жағдайда бұл көрсеткіштің өсуіне білім беру 
ұйымдары басшыларының ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуға 
жағдай жасамағаны үшін жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекіту әсер етті. 
ТжКБ ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін 
барлық жерде арнайы жағдайлар жасалмаған: кедергісіз қолжетімділік, арнайы 
оқу-әдістемелік материалдар, бағдарламалар колледждердің еліміз бойынша 
жалпы санының 50%-дан сәл астамында бар; ТжКБ ұйымдарының 2,3%-ы 
арнайы педагогтермен олардың жалпы санынан қамтамасыз етілген; инклюзивті 
оқытуға ерекше білім беруді қажет ететін 2 622 студент тартылған, бұл 16-18 жас 
аралығындағы ерекше білім беруді қажет ететін жасөспірімдердің жалпы 
санының 2,3%-ын құрайды. 
Колледждерде ерекше қажеттіліктері бар студенттерді оқытудың 
мысалдарын келтірейік. Астана қаласының Менеджмент және бизнес 
колледжінде «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Дизайн» мамандықтары 
бойынша есту қабілеті зақымдалған студенттер кәсіптік білім алады. Олар үшін 
оларды бейімдеу үшін максималды жағдайлар жасалады. Колледж педагогтері 
нашар еститін студенттер кәсіби дайындықтан өтіп, екінші немесе үшінші курста 


38 
қалған студенттер арасында толықтай бейімделетінін атап өтті. Бұл ретте 
колледжде инклюзивті білім беруге қосылған студенттерге арналған арнайы 
бағдарламалар жоқ. Олар барлық сабақтарға қатысады және МЖМБС 
бағдарламасын толығымен орындайды. 
Тек дене шынықтыру сабақтарында ерекше білім беруді қажет ететін 
студенттер арнайы медициналық топта оқиды. 2011 жылдан бастап Қазақ 
технология және бизнес университетінің колледжінде мүгедек балалар «Дизайн» 
және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша қашықтықтан білім 
алады. Менеджмент және бизнес колледжінде 2012 жылдан бастап «Шаштараз 
өнері және сәндік косметика» және «Дизайн» мамандықтары бойынша 
мүгедектігі бар балалар оқиды. Сондай-ақ медициналық колледжде ағымдағы 
оқу жылында алғаш рет «Массажист» біліктілігін алу үшін көру қабілетінен 
мүгедектерді қабылдау жүзеге асырылды. Құрылыс-техникалық колледжінде 12 
жыл бойы «Сылақшы-суретші» мамандығы бойынша мамандандырылған түзету 
мектеп-интернатының түлектері оқиды. 12 жыл ішінде Астана қаласының 
колледждерінде 200-ден астам мүмкіндігі шектеулі түлектер дайындалды. 
Семей қаласының қызмет көрсету саласы колледжінде 2012-2013 оқу 
жылынан бастап мемлекеттік тапсырыс бойынша «Шаштараз өнері және сәндік 
косметика» мамандығы бойынша есту қабілеті зақымдалған студенттер оқиды. 
Студенттер теория мен практиканы бар зейін-ықыласпен оқып, колледждің 
барлық іс-шараларына қатысады. Колледж «Кустовое общество инвалидов» ҚБ 
және өзінің өндірістік базалары бар Семей қаласының саңыраулар қоғамымен 
тығыз жұмыс істейді. Тәжірибелік сабақтарда «Инклюзив» тобының білім 
алушылары балалар үйлерінің, интернаттардың, аз қамтылған және нашар 
еститін балаларға қызмет көрсетеді, сол арқылы қоғамға көмек көрсетіп, 
тәжірибе жинайды. «Инклюзивті білім беру» жобасы аясында Қарағанды 
техникалық-құрылыс колледжінің базасында инклюзивті білім беру колледжі 
құрылды.
2015 жылдан бастап сұранысқа ие мамандықтар бойынша «Тамақтануды 
ұйымдастыру», «Құрылыс», «Дизайн» мамандықтарына даярлау басталды. 
Жобаның әлеуметтік серіктесі «Қарағанды тұрғын үй құрылысы» корпорациясы 
болды. Қарағанды колледждерінің білім алушылары мүмкіндігі шектеулі 
адамдармен бірге оқуға дайын. 2012-2013 оқу жылында Орал ақпараттық 
технологиялар колледжі «Техник-бағдарламашы» мамандығы бойынша тірек-
қимыл аппаратының функциялары бұзылған білім алушыларды алғашқы 
қабылдауды жүзеге асырды, ал 2013-2014 жылдары есту және сөйлеу қабілеті 
зақымдалған білім алушылар қосылды. 
«Сервис» Батыс Қазақстан технологиялық колледжінде қыркүйек айынан 
бастап нашар еститін және естімейтін білім алушыларға «Тігінші» мамандығын 
алу үшін арнайы топ ашылды. Білім алушылардың психологиялық-
педагогикалық көмегі үшін сурдоаудармашы, психологтар, әлеуметтік 
педагогтар және өндірістік оқыту шеберлері жұмыс істейді. Кедергісіз аймақ 
үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. 


39 
Типтік жүйеде инклюзивті білім беруді дамыту келесі себептер бойынша 
оң нәтижелерге ие: 
- мүмкіндігі шектеулі балаларға үздіксіз білім беру қағидаты іске 
асырылуда; 
- жұмысшы мамандығын алғысы келетіндердің барлығына бірдей 
бастапқы мүмкіндіктер бар; 
- өскелең ұрпақта мүмкіндігі шектеулі жандарға деген жанашырлық пен 
төзімділік сезімі қалыптасады. 
Осылайша, бүгінгі таңда ТжКБ-ның өзекті мәселесі оқытуға арнайы 
(ерекше) тәсілдерді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі студенттер санының өсуі 
болып табылады. 
Білім алушы жастардың мүгедектігі тіршілік әрекетіне елеулі шектеулер 
туғызады, әлеуметтік бейімделуге, қарым-қатынаста, оқытуда және кәсіптік 
дағдыларды меңгеруде қиындықтарға ықпал етуі мүмкін, сондай-ақ тең емес 
мүмкіндіктердің әлеуметтік проблемасы болып табылады. Мүгедектігі бар 
адамдар үшін, әлемдік қоғамдастықтың көптеген елдерінде, соның ішінде 
Қазақстанда бүгінгі күні әртүрлі оңалту қызметтері құрылды, олардың мақсаты 
ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды қазіргі қоғамға ықпалдастыру 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет