Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии


ҚР үкіметтік емес ұйымдарының тәжірибесі негізінде ресурстар



Pdf көрінісі
бет59/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
Байланысты:
инкл каз

ҚР үкіметтік емес ұйымдарының тәжірибесі негізінде ресурстар 
 
«Дара» қоры 2021 және 2022 жылдары «Әлемді ашамыз: Қазақстан 
мұражайларында қолжетімді орта құру» жобасын іске асырды. Жоба аясында 
еліміздің бірнеше қалаларында (Астана, Алматы, Семей, Қарағанды, Павлодар, 
Атырау) 
музей 
экспонаттарының 
аудиодескрипциясы 
жасалды. 
Аудиодескрипция зағип және нашар көретін балалар мен ересектерге арнайы 
ауызша сипаттама мен тактильді модельдер арқылы өнер туындыларымен 
танысуға көмектеседі.
180 экспонат, 30 тактильді модель, 13 сағаттық саундтрек дайындалды. 
Сондай-ақ, «Дара» қоры мен БҰҰ Даму бағдарламасымен Астанадағы ҚР 
Ұлттық музейінде «Мәдениет және спорт объектілері мен олардың 
қызметтерінің қолжетімділігі мен ақылға қонымды бейімделуін қамтамасыз 
ететін аудиодескрипция мен басқа да элементтерді енгізу» тақырыбында 
дөңгелек үстел өткізілді. 
 
 
 
Microsoft корпорациясының ресурстары. Тең мүмкіндіктер 
 
Microsoft корпорациясы – компьютерлерге, ұялы телефондарға арналған ең 
ірі бағдарламалық жасақтама өндірушілерінің бірі,. Microsoft корпорациясының 
ең танымал бағдарламалық өнімдері Windows операциялық жүйесі және 
Microsoft Office құжаттары мен презентацияларын өңдеуге арналған 
бағдарламалық жасақтама. 


152 
Инклюзивті тәсіл ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен жалпы барлық 
адамдар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік береді, өйткені әр адам белгілі 
бір жағдайларда (жарақат, сыртқы ортаның өзгеруі және т.б.) арнайы құралдарға 
мұқтаж болуы мүмкін. Сонымен қатар тәжірибе инклюзивті технологиялардың 
пайдаланушылардың кең ауқымы тез сұранысқа ие болатындығын растайды.
Microsoft өнімдері, соның ішінде Windows, Microsoft Office, Microsoft 
365/Office 365 әртүрлі қажеттіліктерді ескере отырып жасалған. Соның ішінде 
олар компьютерлермен және мобильді құрылғылармен өзара әрекеттесуді, 
байланыс орнатуды және командада бірлесіп жұмыс істеуді жеңілдететін және 
ыңғайлы ететін арнайы құралдар мен параметрлерді қолдайды. 
Қол жетімді ортаны құру және технологиялық инновациялар арқылы әр 
адамға тең мүмкіндіктер беру Microsoft корпорациясының негізгі қағидасы 
болып табылады [99].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет