Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет55/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68
Байланысты:
инкл каз

 
 
 
 


145 
Қазақстанның тәжірибесі негізінде арнайы білім беру ресурстарын 
пайдалану жөніндегі ұсынымдар 
 
Еліміздің жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің назарына ҚР 
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық 
орталығының (бұдан әрі – АИБД ҰҒПО) оқу-әдістемелік ресурстарының үлкен 
арсеналы ұсынылады. Бұл ұйымның тарихы 1992 жылдан «Ақыл-ой және дене 
дамуында ақаулары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және 
кәсіби-еңбекпен оңалтудың Республикалық орталығынан» бастау алады.
АИБД ҰҒПО сайтында 
https://special-edu.kz/
 
жалпы білім беру 
ұйымдарының педагогтері үшін кең әдістемелік ресурс болып табылатын арнайы 
білім беруге арналған оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (ОӘК) 
танысуға болады (19-кесте). 
19-кесте. АИБД ҰҒПО әзірлеген ОӘК
АИБД ҰҒПО сайтында 1-бөлімде 
«Зерде бұзылыстары бар білім 
алушыларға арналған ОӘК»
бөлімінде 0-ден 10-сыныпқа дейінгі: бастауыш 
сыныптарда «Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» «Оқу және тіл дамыту», 
«Математика», «Айналадағы әлем», «Қол еңбегі», «Бейнелеу өнері», 5-10 
сыныптар аралығында «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Қазақ тілі» (Т2), 
«Айналадағы әлем», «Жаратылыстану», «География», «Қазақстан тарихы» 
пәндері бойынша ОӘК берілген.
Мысалы, зерде бұзылыстары бар білім алушыларға 
арналған «Сауат ашу» – қазақ тілді мектептердің 0-
сыныбына арналған оқулықтар, сауат ашуға арналған 
жұмыс дәптерлері және зерде бұзылыстары бар 
балаларға сауаттылыққа үйрету бойынша оқу-
әдістемелік кешенге әдістемелік нұсқауларды қамтиды.
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенге 
арналған әдістемелік құрал жеңіл ақыл-ой кемістігі бар 
оқушыларды 0-сыныпта оқыту үдерісін ұйымдастыруға 
көмектесу мақсатында құрылған. Әдістемелік құралда 
сыныппен 
жұмысты 
ұйымдастыруға 
арналған 
ұсынымдар берілген. Әдістемелік құралда оқулықпен 
және жұмыс дәптерімен жұмыс ерекшелектеріне 
тоқталып, мұғалім үшін сабақ жоспарының үлгілері 
берілген. 
Оқу-әдістемелік кешен жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім 
алушыларды сауат ашуға оқытудың Үлгілік оқу 
жоспары мен жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға 
сәйкес, сондай-ақ осы қарастырылып отырған санаттағы 


146 
білім 
алушылардың 
танымдық 
әрекетінің 
ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылған. 
Оқу-әдістемелік кешенін жеңіл ақыл-ой кемістігі бар 
білім алушыларды кез келген жағдайда: жалпы білім 
беру мектебінің арнайы сыныбында да, сондай-ақ 
инклюзивті білім беру жағдайындағы әдеттегі 
сыныптарда да оқытуды ұйымдастыруда пайдалануға 
болады.
1. Халықова Б. С. т.б. Сауат ашу. Оқулық. 1 бөлім. Зерде 
бұзылыстары бар білім алушыларға арналған арнайы 
мектеп.
Б. С. Халықова, Г. Ж. Есенжолова, А. Қ. Биисова – 
Алматы, «ӘБЕО орталығы» ЖШС, 2018. – 108 б. 
2. Халықова Б. С. т.б. Сауат ашу. Зерде бұзылыстары бар 
білім алушыларға арналған арнайы мектептің 0-
сыныбына арналған № 1 жұмыс дәптері. Б. С. Халықова, 
Г. Ж. Есенжолова, А. Қ. Биисова – Алматы, «ӘБЕО 
орталығы» ЖШС, 2018. – 68 б. 
3. Халықова Б.С., Есенжолова Г.Ж., Биисова А.Қ. Сауат 
ашу. Зерде бұзылыстары бар білім алушыларға арналған 
арнайы мектептің 0-сыныбындағы жеңіл ақыл-ой 
кемістігі бар білім алушыларды оқытуға арналған 
әдістемелік құрал/ Б.С. Халықова, Г.Ж. Есенжолова, 
А.Қ. Биисова/ – Алматы, "ӘБЕО орталығы” ЖШС, 
2017. – 52 б. 
URL:
https://special-edu.kz/news/161/single/129
Зерде бұзылыстары бар білім алушыларға арналған 
«Математика» – қазақ тілді мектептердің 5-сыныбына 
арналған оқулықтар, математиканы оқытуға арналған 
жұмыс дәптерлері және зерде бұзылыстары бар 
балаларға математиканы үйрету бойынша оқу-
әдістемелік кешенге әдістемелік нұсқауларды қамтиды.
Әдістемелік нұсқаулықта ақыл-ой бұзылыстары бар 
оқушыларды математика пәніне оқыту үдерісінің 
жобасы берілген, оның құрамында: жобалы түрдегі 
тақырыптық жоспарлау, деңгейлік мақсаттылық, оқу 
тақырыптарының технологиялық карталары, деңгейлік 
мақсатқа сәйкес әр тақырыпқа арналған үлгі түріндегі 


147 
бақылау тапсырмалары, әр оқушының материалды 
меңгеру деңгейін белгілеу үшін оқу жетістіктері 
карталарының формалары, сабақтың ақпараттық 
картасының үлгісі бар.
Оқу үдерісінің материалдары мен оқушылардың 
мүмкіндіктеріне негізделе отыра, мұғалім әр оқушының 
табысты түрде оқытылуының жеке траекториясын 
құрастырады.
1. Сүлейменова Р. А. т.б. С 90 Математика. Зерде 
бұзылыстары 
бар 
балаларға 
арналған 
арнайы 
мектептердің (сыныптардың) 5-сыныбына арналған 
оқулық / Р. А. Сүлейменова, И. Г. Елисеева, 
Ш. Ж. Карипжанова. – Алматы: «ӘБЕО орталығы» 
ЖШС,2019. – 180 б. 
2. Сүлейменова Р. А. т.б. С 90 Математика. Зерде 
бұзылыстары бар оқушыларға арналған арнайы 
мектептердің (сыныптардың) 5-сыныбына арналған 
жұмыс дәптері / Р. А. Сүлейменова, И. Г. Елисеева, Ш. 
Ж. Карипжанова. – Алматы: «ӘБЕО орталығы» ЖШС, 
2019. – 60 б. 
3. Сүлейменова Р. А. т.б. С 90 Математика. Зерде 
бұзылыстары 
бар 
балаларға 
арналған 
арнайы 
мектептердің (сыныптардың) 5-сыныбындағы жеңіл 
ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытуға арналған 
әдістемелік құрал / Р. А. Сүлейменова, И. Г. Елисеева, 
Ш. Ж. Карипжанова. – Алматы: «ӘБЕО орталығы» 
ЖШС, 2019. – 152 б. 
URL: 
https://special-edu.kz/news/216/single/183
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет