Жеңілдетілген (қорытынды) ойындар «Шеңбердегі доп». Ойыншылар қол созым бойымен бір шеңберге тұрады, алаңның ортасына добы бар жүргізуші орналасады. Ол допты аяғымен соғып, алаңнан шығарып жіберуге тырысады. Шеңбердегілер допты аяқтарымен тоқтатып, бір-біріне береді және олардың әрқайсысы доптың оң жағынан өтіп кетпеуін қадағалайды. Допты оң жағынан жіберіп алған ойыншы ортаға шығады. Доп тізеден жоғары көтерілмеуі керек. Қолмен ұстауға болмайды.
«Шаяндардың футболы». Ойын үлкен және жеңіл доппен өткізіледі. Барлық ойыншылар өз алаңының беткі сызығына қолдарын таянып, жамбастарына отырады. Доп алаңның ортасында. Мұғалімнің белгісі бойынша барлығы шаян тәрізді қимылдап допқа қарай қозғалады. Допқа ие болған ойыншы келесі командаласына беріп, алаңның қарсы бетіне жеткізуге тырысады.
«Футбол қуыспағы». Ойын спорт залында немесе хоккей кортында өткізіледі.
1-ші нұсқасы: жүргізуші допты ойыншылардың біріне тигізуге тырысады. Доп тиген бала жүргізуші болады.
2-ші нұсқасы: екі жүргізуші допты бір-біріне бере отырып, ойыншыларды қуады және тигізуге тырысады. Доп тиген ойыншы жүргізуші болады.
«Тобықпен лақтыру». Салмағы 1-2 келілік нығыздалған допты екі аяқ аралығына (тобық тұсымен) қысып лақтыру. Сөре сызығында тұрып екі аяқпен итеріліп тік аяқпен алға-жоғары лақтыру.
«Аяқпен ойналатын лапта». Ойын сипаты кәдімгі лаптаға ұқсайды, тек допты аяқпен соғу керек. Команда құрамында 9 ойыншы болады. Лапта ойынындағыдай екі командаға бөлінеді. Бір команда – соққы жасаушы, екінші команда – жетекші, алаңдағы ойыншылар. Аяқпен ойналатын лапта – тегіс алаңда ұзындығы 50-70 м., ені 25-30 м. Ойналады.
Ойын футбол алаңында өткізіледі. Соққы жасаушы команданың ойыншысы жүгіріп келіп допты соғады. Допты соғу кезекпен орындалады, сондықтан ойыншылар нөмірленуі керек. Соққы жасаған ойыншы қалашық сызығынан үйшік сызығына дейін өзін ұстауға мүмкіндік бермей жүгіріп келуі керек. Алаңдағы ойыншылар допты қақшып кетуге тырысады. Оны аяғымен немесе қолымен орындауға болады. Допты тоқтатқан соң, соққы жасаушы команданың алаңда жүгіріп жүрген ойыншысына допты тигізуге тырысады. Соққы жасаушы команданың ойыншысы үйшік сызығына жетіп үлгерген жағдайда өз командасына 1 ұпай әкеледі. Ал алаңдағы ойыншылар допты әуеде қағып алса немесе жүгіріп жүрген ойыншыға тигізсе, соққы жасаушы команда қателік жіберген болып саналады. Үш қателік жіберілген соң командалар орындарымен ауысады. Ойын алты партиядан тұрады. Яғни, әр команда үш реттен орын ауысады және ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Ойынды қосымша ережелермен толықтыруға болады: ойын футбол добымен өткізіледі; допты лапта таяғымен емес, аяқпен соғады; алаңдағы ойыншылар допты бір-біріне бере алады, соғып жібере алады, иықпен соға алады. Кезекті соққыны орындайтын ойыншы допты өз алаңының кез келген жеріне қойып бастай береді. Доптың алаңнан шығып кетуі аут деп белгіленеді және командаға айып ұпайы жазылады.
Баскетбол ойынын үйретуге арналған ойындар және ойын түріндегі жаттығулар. Ойын түріндегі жаттығулар: 1. «Мүсін». Оқушылар алаңда доппен қозғалып жүріп (әрқайсысында бір доптан), белгі бойынша тоқтайды (тоқтамаған ойыншы бір ұпай жоғалтады).
2. «Қуыспақ». Оқушылар доппен қозғала отырып, өзін жүргізуші ұстауына, қол тигізбеуіне жол бермеу керек.
3. «Балықшы». Оқушылар (балықтар) беткі сызық бойына орналасады, ал «балықшы» ортаңғы сызықта болады. Белгі бойынша ойыншылар доппен қозғала бастайды және балықшының қолын тигізбей алаң ортасына жетулері керек. Ұсталған ойыншы балықшы рөліне тағайындалады.
4. Допты қабырғаға сызылған шаршыға немесе ұстап тұрған шеңберге лақтыру.
5. Жұптасып орналасып, кез келген тәсілмен беру.
6. Қарама-қарсы колоннада допты бір-біріне беру.
7. Төрт ойыншы төрт бұрышқа орналасады, бір ойыншы доппен ортада. Ортадағы ойыншы допты берген соң, допты қабылдаған ойыншының орнына барып тұрады.
8. Допты секіріп қағып алу. Белгі – жүгіру – секіру – допты қағып алу – шеңбер айнала доппен қозғалу. Шеңберде тұрған ойыншы колоннаның соңына барып тұрады.