Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет19/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

«Тасбақалар». Ойынға қатысушылар жұптасып орналасады. Белгі бойынша шанаға бір-біріне арқасын беріп отырады және аяқтарымен итеріле отырып мәреге жету керек (18-20 м), ал қайтарда шананы сүйретіп жүгіріп қайтады.
«Шанадағы тартыспақ». Қарсыластар бір-бірімен ұзындығы 4 метрлік жіппен байланған шанаға отырады және шананың алдыңғы жағын артқа қаратып қояды. Жарысқа қатысушы аяғымен жерге тіреле отырып, қарсыласты өзіне қарай тартып алуы керек.
«Шанамен өткізілетін эстафеталар». 1. Командалар мәре сызығынан 15-20 м жерге орналасады. Әр команданың түсі бөлек өз жалаушасы болады. Бір ойыншы қолына жалаушасын алып тізерлеп шанаға отырады, ал екінші ойыншы оны соңғы аялдамаға дейін сүйрейді және сол жерде орындарымен ауысады.
2. Командалар 40-50 м жердегі мәре сызығына қарсы колонна болып орналасады. Белгі бойынша әр команданың үш қатысушысы (біреу шанада, екіншісі сүйреуші, үшіншісі – шананы артынан итеруші) мәре сызығына дейін және кері қарай жүгіреді. Содан соң, шана сүйреген ойыншы колоннаның соңына тұрады, оның орнына шананы итерген, ал шанада отырған оның орнына тұрады. Шанаға колоннада бірінші тұрған ойыншы отырады. Нұсқасы: екі ойыншы қатысуына болады және мәре сызығында орындарымен ауысады (4-сур.9,10,11-жаттығулар).
Шанамен өткізілетін ойындар.
4-сурет (6-12 ойын түріндегі жаттығулар)







6-жаттығу. «Шанада тұрып, шаңғыша жарысу». Қауіпсіздік ережесін сақтау керек

7-жаттығу. «Карел жарысы (үскірмен) жарысу»




8-жаттығу. Үскірлер қысқа. Егер ойыншылар көп болса, барлығын бір мезгілде жарыстыруға болады




9-жаттығу. «Шанамен өткізілетін эстафеталар.







10-жаттығу. «Буксир – «Итергіш». Шананы жіберуге болмайды

11-жаттығу. «Жол талғамайтын көлік». Қолды арқасынан алуға болмайды






12-жаттығу. «Аяқ сайысы». Тек аяқпен итерілу керек



«Сырғығыш шаналар». Ойыншылардың бірі шанаға жатады, екіншісі оның аяғынан ұстап алға итереді. Бұрылысқа келгенде орындарымен ауысады.
Конькимен өткізілетін сайыстар. (5-сурет (13-16 ойын түріндегі жаттығулар)
«Қуыспақ». 15-20 м аралықта екі сызық сызылады – сөре және мәре. Жарысқа қатысушылар сөре сызығына орналасады және «Бас!» деген белгі бойынша мәреге дейін жарысады. Мәре сызығын бірінші өткен ойыншы жеңіске жетеді.
«Кім алысқа?». Ойыншылар сөре сызығына бір-бірінен 2-3 адым аралықта орналасады. Белгі бойынша 4 адым итеріліп, содан соң алысқа сырғанауға тырысады және ең алысқа сырғыған ойыншы жеңімпаз атанады.
«Шайбамен өткізілетін сайыс». Ойынға қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы орналасады (ұлдар қыздарға қарсы). Әр командаға шайба мен имек таяқ беріледі. Белгі бойынша бірінші ойыншы (ұл бала) алдында тұрған кедергілерді айнала отырып (құлатпай), шайбаны қыздарға дейін жеткізеді де шайба мен имек таяқты береді және сол командада қалады. Ал, қыз бала шайба мен имек таяқты ұлдарға жеткізуі керек, сосын колоннаның соңына барып тұрады. Ойын жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет