Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет18/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

Қысқы уақытта, таза ауада өткізілетін ойындар 3-сурет (5 ойын түріндегі жаттығу). Ойын-сауық түрлері.
«Шеңбердегі шайба». Жүргізушіден басқа ойыншылардың барлығы бір-бірінен 1-2 адым жерге шеңбер құрып орналасады. Шеңбер ортасындағы жүргізуші алдына шайба (мұз сынығы) қояды және аяғымен шайбаны тебе бастайды, ал ойыншылар оған кедергі келтіреді. Өзінің оң жағынан шайбаны өткізіп алған ойыншы жүргізуші болып тағайындалады. Бірде-бір рет жүргізуші болмаған ойыншы жеңімпаз болып саналады.


3-сурет (ойын түріндегі 5-жаттығу).




5-жаттығу. «Тышқанға арналған қақпан». Таяқшаны құлатқан балаға айып ұпайы беріледі. Артқа қайта өткенде таяқты орнына қою керек



«Жалаушалар сайысы». Ойынды өткізу үшін ойыншылар санына тең келетін 2 түсті жалаушалар (таяқша, кубиктер) және төрт бұрышты алаң керек. Бір команданың әр ойыншысында екі түсті жалауша болады. Екі топқа бөлінген ойыншылар алаңның бір жағына орналасады. Ал келесі команданың ойыншылары екі топқа бөлініп, шаршының қарсы жағына орналасады. Мұғалімнің белгісі бойынша екі команданың да ойыншылар алға қарай жүгіреді. Бірінші команда ойыншыларының міндеттері – әр қайсысының қолында бір түсті жалауша қалатындай етіп, бір-бірімен жалауша алмасу. Екінші команданың міндеттері – оған кедергі жасау. Егер екінші команданың ойыншысы бірінші команданың ойыншысына қолын тигізсе, ұсталған ойыншы ойыннан шығарылады. Ойыншыларының жартысынан көбі жалаушылармен алмасып үлгерген команда жеңімпаз болып саналады.
«Ұршықты құлат». Ойыншылар колоннаға орналасып, 8-10 метр жерге орнатылған ұршықты доппен ұрып құлатуға тырысады. Ойынды өткізу үшін бірнеше доп керек. Құрал-жабдық жеткілікті болған жағдайда тапсырманы барлық ойыншылар бір мезгілде орындай алады.
Шанамен өткізілетін ойындар. 4-сурет (6-12 жаттығу.)
«Мерген». Таудың (төбе) құлдилау жолынан 4-5 м жерге көлемі әртүрлі 3 қалқанша орнатылады. Командалар 6-8 адамнан, 2-3 командаға бөлініп жарысады. Әр команданың ойыншысы кезегімен таудан сырғанап, құлдилап келе жатып қалқаншаларға қар лақтырады. Үлкен қалқаншаға тигізгені үшін 1 ұпай, орташасына тигізгені үшін – 2, кішкентайына тигізгені үшін – 3 ұпай беріледі және ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
«Кім алысқа?». Ойынға қатысушылар таудың басына шығып, шанамен таудың етегіне дейін сырғанайды. Құлдилап келе жатып қолымен көмектесуге болады. Әр ойыншыға шанамен құлдилау түсуге 2-3 мүмкіндік беріледі және ең алысқа сырғанаған ойыншы жеңімпаз атанады.
«Шығыршықты ілу». Таудың етегіне жолдан 2-3 м жерге екі қада қағылады. Әр ойыншыға диаметрі 20-30 см шығыршық беріледі. Шанамен сырғанап келе жатып шығыршықты қадаға ілу керек.
«Шана сайысы». Ұзындығы 100-400 метрлік тұзақ немесе шеңбер түрінде бейнеленген қашықтық сызылады. Ойыншылар екі командаға бөлінеді және әр командада бір шанадан олады. Сөреге екі ойыншы шығады: біреуі шанада, екіншісі бауынан сүйреуші. «Бас!» деген белгімен екі команда ойыншылары сайысты бастайды. Қашықтық ортасына жеткенде екеуі орындарымен ауысады.
«Шұғыл хабар». 200-300 метрге созылатын шеңбер түріндегі қашықтық 5-6 кезеңге бөлінеді. Сөрелік және мәрелік сызық бір жерде болады. Ойынға екі команда қатысады. Ойыншылардың біреуі шанаға отырады, екіншісі бауынан ұстайды. Белгі берілген кезде жарыс басталады және екі жұп екі жаққа жүгіреді. Әр кезеңде жұптар ауысады және мәреге бірінші жеткен команда жеңімпаз атанады.
«Шана қалашығы». Ойыншылар екі топқа бөлініп бір-біріне қарама-қарсы орналасады (ұлдар мен қыздар). Шана ұлдарда. Олар бір аяқтарын шанаға қойып, екіншісімен итеріліп қарсы бетке барады және шананы қызға береді. Тапсырма солай қайталана береді және тапсырманы орындаған ойыншы колонна бойына барып тұрады. Командалар сөре сызығынан 15-20 м жерге колонна болып орналасады. Ортасынан сызық сызылады. Әр команданың алдына 2 ұршықтан қойылады. Бірінші ойыншы шанаға отырады, екіншісі оны сүйрейді. Ұршыққа жеткен кезде ұршықты қолына алып, соңғы аялдамаға дейін жарысады және орындарымен ауысады. Қайтып келе жатқан кезде ұршықты орнына қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет