Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет15/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

«Доп беру эстафетасы». Екі команда қарама-қарсы колоннаға, бір-бірінен 8 метр қашықтыққа орналасады. Белгі бойынша бірінші ойыншы допты еденге соғып, өзі карсы тұрған колоннаға қарай жүгіре қозғалады. Қарсы тұрған колоннаның бірінші ойыншысы еденнен серпілген допты қағып алып қарсы беттегі екінші балаға жоғарыдан (төменнен) екі қолымен бағыттайды. Ойын уақытқа өткізіледі.
«Мергендер». Командалар беткі сызыққа, бір қатарға орналасады. Екі команданың бір ойыншысы көп ұпай жинау үшін, допты ойынға қосу әрекетін санмен белгіленген шаршыға орындайды. Шаршыдағы санға сәйкес командаға ұпай беріледі және көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
«Қозғалмалы нысана». Ойыншылар шеңберде тұрып волейбол добын шеңбер ішіндегі жүргізушіге тигізуге тырысады. Соққыны волейбол соққысын орындаған кездегідей, бір қолмен орындау керек. Қателескен ойыншы ортаға, жүргізушінің орнына кіреді.
«Қамалды қорғау». Ойыншылар шеңберге орналасады, шеңбердің ортасында қамал (үшбұрыш құрайтын, жіппен байланған үш гимнастикалық таяқшалар), ал шеңбердің ішінде сол қамалды қорғаушылар. Шеңберде тұрған балалар волейбол добын қамалға лақтырады. Қамалды құлатқан ойыншы қорғаушы қызметін атқарады.
«Пионерболды екі доппен өткізу». Ойыншылар екі командаға бөлініп волейбол алаңына орналасады, ал командалар арасында биіктігі 2 метрлік тор. Ойыншылардың міндеттері – допты қарсылас алаңына түсіру. Әр команда екі доптың да бір мезгілде қарсылас алаңына түсіру үшін әрекет етеді. Доппен екі адым жасауға, бір-біріне беруге болады. Қателіктер: лақтырған доптың алаңнан тыс жерге түсуі, тордың астынан өтіп кетуі. Ойын 10 ұпай алғанға дейін жалғасады. Алаңға екі доп бір мезгілде түскен кезде және команда қателік жібергенде ұпай беріледі.
«Шағын волейбол». Көлемі 6×12-ден 9×18 дейінгі көлемдегі алаңға биіктігі 2 метрлік тор тартылады. Ойыншылар екі командаға бөлініп, алаңның екі бөлігіне еркін орналасады. Ойыншылардың бірі допты тордан асыра лақтырады. Қабылдаушы команданың ойыншылары бір-біріне допты бес рет бере алады және соңғы әрекеттен соң соққы жасап қарсы бетке өткізулері керек. Ойын доп жерге түскенше жалғасады. Допты жерге түсіріп алған немесе алаңнан тыс жерге шығарып жіберген командаға 1 айып ұпайы беріледі. Ойын командалардың бірі 15 айып ұпайын алғанға дейін жалғасады. Бес әрекеттен аз жасап, допты қарсы жаққа бағыттау қателік болып саналмайды.
«Волейбол ойынынан шығып қалу». 6-8 ойыншыдан бөлінген екі команда алаңның екі жағына еркін орналасады және мұғалімнің белгісі бойынша ойын жалғасады. Төреші бір команданың үш қателік жібергенін анықтап, соңғы қателік жіберген ойыншыны ойыннан шығарады. Ойыншылар саны азайған команда қарсыластарына қарай допты соғып, ойынды бастайды. Егер ойын кезінде тағы қателік жіберілетін болса, алаңнан бір ойыншы қуылады. Екі команданың да адамдар саны азая бастаған кезде ойын шарты өзгереді: кезекті үш қателік жіберген команда ақылдаса келе алаңнан бір ойыншысын қуады ма, жоқ әлде қарсы команданың бір ойыншысын қосып алуына рұқсат береді ме, соны шешеді. Ойын үш патриядан тұрады. Ойын алаңда жалғыз ойыншы қалғанға дейін жалғасады немесе 10-15 минут деп уақытпен шектеуге болады. Жіберілетін қателер волейбол ойыны ережесі бойынша анықталады. Бір ойыншысынан айырылған команда допты ойынға қосады. Ойынға қайтып кіретін ойыншылардың реті мынадай: бірінші шығып қалған, содан соң екінші және т.с.с. допты ойынға қосуды кезекпен, алаңда сағат тілімен қозғала отырып орындайды.
Футболды үйретуге арналған ойындар мен ойын түріндегі жаттығулар
Ойын түріндегі жаттығулар:
1. Сағат тіліне қарсы бағытта, шеңбер бойымен доппен қозғалу. Екі ойыншының қайсысы қуып жетеді немесе қолын тигізеді?
2. Ұзындығы 6×6 шаршы алаңды айнала доппен қозғалу. Шаршыны екі рет айналып, бірінші келген ойыншы жеңімпаз атанады.
3. «Алға-артқа жүгіру». Ұзындығы 20 метрлік алаңды 3 сызықпен бөледі. Нәтижесінде түрлі жалпақтықтағы 4 жолақ болуы керек (7 м, 4м, 6м, 3 м). Ойыншы бірінші сызықтан келесі сызыққа дейін алға-артқа жүгіруді бастайды.
4. 10×10 шаршы метр алаңда сағат тіліне қарсы бағытпен доппен қозғалу. Екі ойыншы қарсы бұрышта тұрып, допты өзінде көбірек ұстауға тырысады. Добы жоқ екі ойыншы қалған екі бұрышқа орналасады. «Бас!» деген бұйрық бойынша олар екеуінің аралығындағы қарсыластарының добын тартып алуға тырысады.
5. «Доппен допты». Ойыншылар санына қарай алаң көлемін таңдау керек. Барлық ойыншылар доптарымен алаңда еркін қозғалып жүреді. Бір ойыншы (жүргізуші) өз добын көбірек ойыншыға тигізуге тырысады және ол үшін 1 минут уақыт беріледі. Содан соң жүргізуші ауыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет