Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет14/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

1-жаттығу. «Аяқты нысанаға тигізу». Ойыншының міндеті – құм салынған қалташықты немесе нығыздалған допты аяғымен қысып тұрып нысанаға дәл түсіру. Ойынды күрделендіру үшін арақашықтықты ұлғайтуға болады

2-жаттығу. «Бармақтар сайысы». Кішкентай домалақ шарларды немесе ұсақ тастарды оң аяғымен оң жақтағы ыдысқа, сол аяғымен сол жақтағы ыдысқа жылдам салған ойыншы жеңімпаз атанады












3-жаттығу. «Гимнастикалық қуыспақ». Қуушы өзін ұстап алмау үшін белгілі бір гимнастикалық қалыпты ұстау керек: жартылай шапагат, тепе-теңдік сақтау, жүрелей отыру және т.с.с.



4-жаттығу. «Кішкене науа». Бастапқы қалып (б.қ.): бірінші және соңғы ойыншылардан басқаларының барлығы жүрелей отырады. Бірінші «Домала» деген пәрмен береді де, бір мезгілде аунап жатқан ойыншылардың жанынан қолындағы допты домалатады және оны соңғы ойыншы қағып алады да, колоннаны айнала жүгіріп біріншінің орнына тұрады, ал бірінші б.қ қабылдайды



Волейбол ойынын үйретуге арналған ойындар және ойын түріндегі жаттығулар
Ойын түріндегі жаттығулар:
1. Жұптасып орындалатын жаттығулар.
- бірінші ойыншы екінші ойыншыға допты төменнен екі қолымен қағып алатындай етіп лақтырады, допты қабылдаған ойыншы дәл солай бірінші ойыншыға лақтырады;
- бірінші ойыншы допты 1-1,5 метр сәл солға немесе оңға лақтырады, екінші ойыншы алға ұмтылып, допты бас деңгейінде қағып алуы керек және кері қайтарады да, бастапқы қалыпты қабылдайды;
- бірінші ойыншы допты екінші ойыншыдан 1-1,5 метр жерге сәл оңға немесе солға лақтырады. Екінші ойыншы бір бүйірге, алға, артқа ұмтылып допты қағып алуы керек. Ойыншылардың ұмтылу қимылын уақытылы орындауына назар аудару керек.
- ойыншылар бір-бірінен 3-5 м жерге орналасады және допты төмен, орташа және биік траекториямен лақтырады. Доптың ұшу траекториясына қарай қолдың еңкею бұрышы өзгеретіндігіне ойыншылардың назарын аудару керек: траектория қаншалықты төмен болса, қолдың еңкейу бұрышы соншалықты көп болады.
2. Екі колоннаға орналасып, допты бір-біріне бағыттау. Дәл солай, тек тордан асыра орындау.
3. «Кім дәлірек?» Екі команда колоннаға тұрып, қабырғадан 5 метр жерге орналасады. Қабырғаға 2×2 шаршы сызылған. Екі команданың ойыншылары кезектесе отырып допты соғады (соғу әдісін мұғалім айтады) және шаршыға тигізуге тырысады да, колонна соңына барып тұрады. Шаршыға көбірек тигізген команда жеңімпаз атанады.
4. «Әткеншек (айналма ойын орны)». Екі команда ойыншылары екі шеңбер құрып орналасады. Шеңбердегі ойыншылар бір-бірінің артынан, 2 метр қашықтыққа орналасады. Белгі бойынша әр команданың бір ойыншысы допты жоғары лақтырады да, шеңбер бойымен жүгіреді, ал оның орнына келесі ойыншы келеді және допқа жерге түсуге мүмкіндік бермей қағып алады. Содан соң, дәл солай жоғары лақтырады да, алға жүгіріп кетеді. Допты аз түсірген команда жеңімпаз атанады.
Жеңілдетілген (қорытынды)ойындар
«Бер де, шық». Ойынға қатысушылар беткі сызыққа бір-бірінен 4 метр жерге жұпастып орналасады және бір бүйірмен қозғала отырып, допты бір-біріне береді.
«Допты келесіге беру». 6-8 ойыншы шеңбер құра орналасады, бір ойыншы шеңбер ортасында. Белгі бойынша ойыншылар допты бір-біріне бере бастайды, ал ортада тұрған ойыншы допқа қолын тигізуге тырысады. Допты түрлі бағытпен беруге болады. Қолын допқа тигізген ортаңғы ойыншы, сол ойыншының орнына шеңберге тұрады, ал ол ойыншы ортаға кіреді және ойын жалғасады.
«Тордан асыр». Ойын волейбол алаңында өткізіледі. Ойыншылар екі командаға бөлініп, ал олар тағы екі топқа бөлінеді және алаңның екі жағына бір-біріне қарама-қарсы колоннаға орналасады. Белгі бойынша алаңның оң жағындағы колоннада бірінші тұрған ойыншылар допты екі қолымен жоғарыдан тордан асырып, өз командаласына береді және өзі колоннаның соңына барып тұрады. Қарсы беттегі оқушы да дәл солай қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет