«Доппен өткізілетін эстафеталар» 1. Екі баскетбол добын еденнен серпе қозғалу.
2. Үш допты тасымалдап жүгіру (баскетбол, волейбол немесе теннис доптарын).
3. Доппен кенгуру тәсілімен жүгіру: ойынға қатысушы допты екі аяқ аралығына қысып, екі аяқпен секіре жүгіреді.
4. Допты жұпасып тасымалдау. Ойыншылар бір-біріне қарама-қарсы, допты іштерімен қысып тұрады. Аяқтарын тіркестіре қозғалып, белгілі бір қашықтықтан өтулері керек және допты түсіруге болмайды.
5. Таяқшалармен өткізілетін эстафета. Ойынға қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Қолдарында екі гимнастикалық таяқша, ал таяқшаның үстінде доп. Белгілі бір қашықтықты жүгіріп өте отырып, допты түсіріп алмаулары керек.
6. «Құрт тәрізді ирелеңдеу». Ойынға қатысушылардың бірі баскетбол доптарына жатады және еденнен қолымен итеріле отырып алға қозғалуы керек. Екі ойыншы допты аяғынан кеудесіне қарай қозғай отырып, оған көмектеседі.
7. Бастапқы қалып. аяқты бүгіп таянып отыру, ішке допты қойып және допты түсіріп алмай белгіленген қашықтықты өту керек.
8. Допты үшеулеп тасымалдау. Баскетбол немесе волейбол добын үш ойыншы маңдайларымен ұстап тұрады және допты түсіріп алмай белгіленген қашықтықты өтулері керек.
9. «Допты хоккей». Теннис добын гимнастикалық таяқшамен соға отырып қозғалады.
10. Тура бағытпен немесе жолға қойылған кедергілерді айналып қозғала отырып футбол добын соға қозғалады.
«Айналымдық эстафета». Эстафетаны спорт алаңында өткізеді. Жүгіру жолдарын 30-60 метрлік кезеңдерге (этаптарға) бөледі. Ойынға қатысушылар 2-4 командаға бөлінеді. Әр команданың ойыншылар өз этаптарына орналасады. Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіру басталып, бірінші этаптың жүгірушісі эстафетаны екіншіге береді және жарыс солай жалғаса береді. Бірінші боп мәреден өткен команда жеңімпаз болып табылады.
«Қарама-қарсы эстафета». Оқушылар 2-4 командаға бөлінеді. Әр команда екі топқа бөлініп, белгілі бір қашықтыққа бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Эстафетаға қатысушылар өз тобында орындарымен ауысып болғанша жүгіріп, тапсырмаларды орындайды. Қайта сап құрады, бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді.
Гимнастика элементтерінен тұратын ойындар «Желаяқтар». Оқушылар гимнастикалық кілемшенің шетіне (сөрелік сызық) бір қатарға орналасады. Мұғалімнің белгісі бойынша алға еңкейіп, аяқтарын тобық тұсынан қармай ұстап (тізелерін бүкпей) тепе-теңдік сақтай отырып, алаңның қарсы бетіне қозғалады. Дұрыс және жылдам қозғалған ойыншы жеңімпаз атанады.
«Жорғалаушылар».Оқушылар 2 командаға бөлінеді және колоннаға тұрып сөре сызығына орналасады. Әр команданың алдына 10 метр жерге нығыздалған доп қойылады. Ысқырық бойынша оқушылар аяқтарын бүгіп еденге отырады. Әр ойыншы артында отырған ойыншының тілерсегінен ұстап, аяқ және жамбастарымен итеріле отырып алға қозғалады (құрт тәрізді). Солайша нығыздалған допты айналып, артқа қайтады.
«Шаяндар мен аулаушы». Ойыншылар (шаяндар) еденге (гимнастикалық кілемшеде) жамбастарымен отырып, қолдарымен арттарынан таяна отырып қозғалады, ал ойынды жүргізуші (аулаушы) төрттағандап қозғалып, оларды ұстауға тырысады. Отырып жинақталған (группировка) немесе жүрелей таянып отыруды дұрыс орындаған ойыншыны ұстауға болмайды, ал ұсталып қалған ойыншы аулаушының рөлін атқарады. Ойын барлық шаяндар ұсталғанға дейін жалғасады.
«Ең таңдаулы». Ойыншылар кезекпен акробатикалық жолақшада немесе гимнастикалық құралдарда жаттығуларды орындайды. Келесі ойыншыға әрекетті қайталауға болмайды (ол үшін айып ұпайы беріледі). Алуан түрлі жаттығулар жасаған және аз қателік жіберген ойыншы жеңімпаз атанады.
2-сурет. ЖДЖ (жалпы дамыту жаттығулары) элементтері және жеңіл атлетика элементтерінен тұратын ойындар (4 жаттығу)