Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет12/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

«Үшінші артық». Барлық ойыншылар шеңбер бойымен жұпастып, бір-бірінің арттарынан тұрады. Шеңбердің сыртында екі ойын бастаушысы: біреуі қашады, екіншісі қуады. Қашып жүрген ойыншы құтылып кету үшін кез келген жұптың алдына келіп тұра қалуы тиіс. Жұп құрап тұрған ойыншылардың артқысы қашады да, қуушы оны қуа жөнеледі. Қуушы ойыншы қашып жүрген ойыншыны ұстап алса, олар рөлдерімен ауысады.
«Ақ аюлар». Ойынға 15-тен астам ойыншы қатысуға болады. 2-3 ойыншы қол ұстасып, тізбек құрады: олар «ақ аюлар». Олардың міндеттері – қалған «пингвиндерді» шеңбермен қоршап алу. Ұсталған «пингвин» «ақ аюға» айналады. Ойын ең соңғы пингвин ұсталғанға дейін жалғасады.
«Допты жіберіп алма». Ойынға қатысушылар шеңберге тұрып, қолдарын бір-бірінің иықтарына қояды. Ойынды бастаушы шеңбердің ортасында тұрады, аяғының астында доп. Бастаушының міндеті – допты теуіп, шеңберден шығарып жіберу. Ойыншылардың міндеттері – допты шеңберден шығармай, бастаушыға қайтару. Қолды босатуға болмайды. Ойынды бастаушыға да, шеңберден тұрған ойыншыларға да сызықтан асуға болмайды. Егер доп қолдан немесе бастан асып кетсе соққы саналмайды. Ал доп аяқ аралығынан өтіп кететін болса, бастаушы ұтқан болып саналады. Ол шеңбердегі ойыншыларға қосылып, оның орнына допты жіберіп қойған ойыншы тұрады.
«Алысқа лақтыр, жылдамырақ жина». «Лақтырушылар» мен «жинаушылар» командасы сайысқа түседі. Екі команда да бір сызық бойына орналасады. Олардың алдыларына лақтырушылар жүгіріп бара алатындай екінші сызық сызылады. «Лақтырушылардың» қолдарында салмағы 150 гр доп. Бірінші белгі бойынша «лақтырушылар» жүгіріп келіп, доптарын лақтырады. Екінші белгі бойынша «жинаушылар» жылдам жинау үшін жан-жаққа жүгіріп, доптарды жинауға кіріседі. Жүгіруді бастағаннан бастап, соңғы «жинаушы» мәре сызығынан өткенге дейінгі уақыт есепке алынады. Жүгіруді ерте бастап қойғандарға 5 секундтық айып уақыты қосылады. Содан соң, ойыншылар орындарымен ауысады. Доп жинауға аз уақыт жұмсаған команда жеңімпаз атанады.
«Атыспақ». Ойын волейбол алаңында немесе көлемі жағынан соған ұқсас алаңда өткізіледі. Екі беткі сызықтан 1 метр жерге «тұтқындарға» арналған сызық сызылады. Ойыншылар екі командаға бөлініп, әрқайсысы өз алаң бөлігіне еркін орналасады. Әр командадан бір капитаннан тағайындалады және олар қарсылас команданың тұтқындарға арналған сызығына аса орналасады. Капитандардың бірі допты лақтырады (кімнің лақтыратыны жеребе бойынша анықталады). Ойыншылардың бірі допты қағып алған жағдайда, допты тигізу үшін қарсылас команданың ойыншыларына лақтырады. Өзіне доп тиген ойыншы қарсы алаң бөлігіндегі тұтқындарға арналған сызыққа, өз капитанының жанына орналасады және сол жерден қарсыластың ойыншыларына қарсы ойынды жалғастырады. Егер ол ұшып келе жатқан допты секіріп қағып алса, онда қарсыласқа тигізуге тырысады. Осылайша допты лақтыру тәртібі өзгеріп отырады және алаңдағы ойыншылар саны азая береді. Ойыншылардың барлығына доп тиген кезде ойынға капитандар кіріседі және ойын олардың біріне доп тигенге дейін жалғасады. Ойынды аяқтаудың басқа нұсқасын ойлап табуға болады:
- 10-15 минут ойнау;
- алаңда қалатын ойыншылар саны.
«Пойыздар эстафетасы». Ойыншылар командаларға бөлініп, колоннамен бір-бірінен 3-4 адымға орналасады. Белгі бойынша өз колоннасында бірінші тұрған ойыншылар белгілі бір қашықтықты жүгіріп өтіп, өз орнына келеді де, келесі ойыншымен қол ұстасып жүгіреді. Жүгіруді өз пойызымен бірінші боп жүгіріп өткен команда жеңімпаз атанады.
Эстафеталар
«Сызықтық эстафета». Ойыншылар 6-8 адамнан 2-4 командаға бөлінеді. Командалар колоннамен, бір сызық бойына орналасады. Әр команданың алдына 10-15 метр жерге ұршық (фишка) орнатылады. Ойыншылар эстафета кезінде ұршықты айналып жүгіреді немесе өзімен алып жүгірген заттарын ұршықтың орнына қояды да, өз командасына қарай жүгіреді. Ысқырық бойынша бірінші тұрған ойыншылар жүгіруді бастайды. Олар өз колоннасына қайтып келіп, қолын келесі ойыншыға тигізеді немесе бір затты береді. Ойынды аяқтаған ойыншы өз колоннасының соңына барып тұрады да, кезекті ойыншы жүгіруді бастайды. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңімпаз атанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет