«Жалаушаларға арналған сайыс» (ойынды конькисіз де жүзеге асырылуы мүмкін). Ойыншылар бір жолға желінеді. Жалаушылар 10-15 метр қашықтықта орналастырылады. Бірінші жолда жалаушалар ойыншылардың санынан екеуі кем орнатылады. Екінші жолда бірінші жолға қарағанда екеуге аз белгіленеді және т.с.с., бір жалауша қалғанша. Қатысушылар 1-ші жолда жүгіреді де, бір жалаушадан алады, ойыншылар сайысты жалғастырады, ал кімге жалауша жетпесе, бастапқы орнына қайтып барады. Ойын жалғаса береді, соңғы жалаушаны алған жеңімпаз атанады.
«Қарлығашты қуып жет». Ойыншылардың бірі (қарлығаш) басқаларының алдына 6-8 м жерге тұрады. Белгі бойынша қарлығаш «ұшып» кетеді, ал қалғандары оны қуып жетулері керек және қуып жеткен ойыншы қарлығаш болады.
«Конькидегі эстафета». Барлық командалар сөрелік сызық бойына орналасады. Әр колоннаның алдына арақашықтығы 10-15 м жерге 5-6 жалауша орнатылады. Белгі бойынша команданың бірінші нөмірлері жарысты бастайды және жалаушаларды айналып келіп, келесі ойыншы жарыс жолына шығады және мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен команда жеңімпаз атанады.
13-жаттығу. «Канада хоккейі». Бір сызық бойына 2-3 қатар жалаушалар шоғыры орнатылады (әр жалаушаның аралығы 5-6 м). Сөре сызығына 2-3 ойыншы шақырылады және оларға шайба мен имек таяқ беріледі.
Тапсырма: конькимен қозғала отырып жалаушаларды айналып өтіп, имек таяқтың көмегімен шайбаны мәреге жеткізу. Жалаушаларды құлатпай жылдам келген ойыншы жеңімпаз атанады
14-жаттығу. «Жыланша ирелеңдеу». Сөре сызығына аралығы 5-6 метр жерге 5-6 жалауша қойылады. Оқушы «Сөреге!» бұйрығы бойынша сөре сызығына келеді және «Бас!» пәрменімен жалаушаларды айналып өтіп мәреге жетеді. Жалаушаларды құлатпай жылдам келген ойыншы жеңімпаз атанады
«Ысқырықты тыңда». Ойынға қатысушылар қол созым бойы жерге бастапқы сызыққа орналасады. Белгі бойынша алға сырғанап, қатарды бұзбауға тырысады. Жүргізуші олардың алдында сырғанап жүріп түрлі қимылдар орындай бастайды, ал қалғандары сол қимылдарды қайталаулары керек. Содан соң, ысқырық бойынша артқа қарай жүгіреді. Бірінші келгенге 3 ұпай, екіншіге – 2, үшіншіге – 1 ұпай беріледі. Осылайша бірнеше рет қайталанған соң жеңімпаз анықталады.
«Қоңырауды қуып жет». Ойынды өткізуге қоңырау керек. Қоңырауды ойыншылардың біріне береді және ол қоңырауды соға отырып төрт ойыншыдан қашады. Төртеуі қуып жетіп қоңырауы бар баланы қоршауға алулары керек. Алайда, ол ойыншы өзін қоршау қаупі туындаған жағдайда қоңырауды басқа біреуге беруіне болады.
«Хоккейшілер сайысы» (бұл сайысты конькимен де, конькисіз де өткізуге болады). Қарға – диаметрі 80 см екі шеңбер сызылады. Шеңберлердің аралығы 80-100 см. Әр шеңбердің ортасында шайба жатады. Қолдарында имек таяқтары бар екі ойыншы қарсыластың шеңберіндегі шайбаны шығарып жіберіп, ал өзінікін қорғауға тырысады. Екеуіне де ол шеңбердің ішінде кіруге болмайды. Сайысуға 2-3 минут уақыт беріледі. Жеңімпаз анықталмаған жағдайда қосымша 1 минут беріледі.
15-жаттығу. «Имек таяқты атша мініп». Әр командада бір имек таяқ және оны эстафета таяқшасы тәрізді бір-біріне берулері керек. Олардың міндеті – имек таяқты атша мініп ұршықты (допты) құлатпау. Құлатқан жағдайда қайтып келіп ұршықты (допты) орнына қою керек, содан соң ғана жарысты жалғастыруына болады
16-жаттығу. «Алға-артқа». Ойынға қатысушылар бір-біріне қарап жұптасып орналасады. Олардың міндеттері – 30-100 м жердегі жалаушаға дейін бірге жүгіріп барып – келу. Яғни, бірінші ойыншы конькиді кәдімгідей тепсе, екіншісі артымен қозғалуы керек. Артымен қозғалатын ойыншы аяғын бірге қосып сырғиды. Мәре сызығынан бірінші болып өткен жұп жеңімпаз атанады