Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет17/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92
Жеңілдетілген (қорытынды) ойындар
«Доп капитанға». Баскетбол ойынына ұқсайды. Ойынға қатысушылар екі командаға бөлініп, допты игеруге, белгілі бір нысанаға лақтыруға тырысады. Алайда, допты себетке емес, алаңның қарсы жағындағы өз ойыншысына (қаққыш) лақтыру керек. Қаққыштың секіріп қағып алуына болады, тек ол ауқымы 70-100 см шеңберден (бейтарап аумақ) шықпай әрекет етуі керек. Ол аумаққа екі команданың алаңдағы ойыншыларына да кіруге болмайды. Кіріп кеткен жағдайда доп қарсы командаға беріледі. Өрескел қате жасағаны үшін қаққыштан 6 м жерде айып добын лақтыру құқығы беріледі. Қаққыштың алдына, бейтарап аумақ маңына орналасқан бір ойыншы ғана кедергі жасауға рұсқат. Ойыншы алаңның ортаңғы бөлігін өткен соң ғана лақтыра алады деп ойын ережесіне өзгеріс енгізуге болады. Әрбір дәл лақтырылған доп командаға ұпай әкеледі. Содан соң допты қарсы команданың ойыншылары қосады.
«Капитанды қорға». Ойыншылар екі командаға бөлінеді және өз капитанын, үш-төрт шабуылшылары мен қорғаушыларын сайлап алады. Алаң ортасынан тең бөлінеді. Капитандар мен қорғаушылар өз алаңында, ал шабуылшылар қарсылас бөлігінде болады. Доп ойынға қосылған соң, допқа иелік еткен команда доппен қозғалу арқылы қарсы команданың капитанына жақындап, оған допты тигізуге тырысады. Оған қорғаушылар мүмкіндік бермей, допты тартып алуға тырысады және алаңның келесі бөлігіндегі өз шабуылшыларына жеткізуге әрекет етеді. Допты капитанға тигізгені үшін командаға бір ұпай беріледі. Капитандар өз алаңында қозғала жүріп, өзіне топты тигізбеуге тырысады. Қорғаушылар өз алаңынан шыға алмайды, ал шабуылшылар қорғаушыларға көмекке келу үшін өз алаңына қайта алмайды. Ойын ережесін бұзғаны үшін команда доптан айырылады. Ойын 15-20 минутқа жалғасады және көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
«Қозғалыссыз баскетбол». Сабақтың тығыздығын сақтау үшін ойын алаңның екі бөлігінде, әр бөлігінде екі командамен өткізіледі және әр команда құрамында 3-4 ойыншыдан болады. Допқа ие ойыншы алаңда қозғала алмайды, ол тек допты бере алады. Ал допсыз ойыншылар алаңда қозғала береді. Допты тек әуеде қағып алуға болады. Допты себетке түсіргені үшін екі ұпай беріледі. Әр команда бір-біріне жиі доп беріп, себетке көбірек түсіруге тырысады және көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
«Үш командамен өткізілетін баскетбол». Баскетбол алаңында үш команда болады. Екінші және үшінші командалардың әрқайсысы өз алаңында аумақтық қорғаныс ұйымдастырады. Доп бірінші команда ойыншыларында болады. Мұғалімнің белгісі бойынша олар екінші команданың себетін шабуылдайды. Екінші команданың ойыншылары допқа ие болысымен, олар үшінші команданың қалқаншасын шабуылдайды. Допты жоғалтып алған бірінші команданың ойыншылары сол жерде аумақтық қорғанысты ұымдастырады. Үшінші команда допқа иелік етіп, алаңның қарсы бетіндегі себетті шабуылдайды. Допты себетке түсіргені үшін командаға бір ұпай беріледі және өз аумағын қорғауға дайындалады, ал ұтылған команда шабуылға кіріседі. Ойын кезінде баскетбол ойынының ережесі сақталады және ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
«Доппен өткізілетін қуыспақ». Ойын баскетбол алаңында екі командамен өткізіледі. Ойыншылар өз алаңына орналасады. Команда капитандары қарсылас алаңына өтетін 2-3 ойыншыны тағайындайды. Белгі бойынша ол ойыншылар доппен қозғала отырып қарсы команда ойыншыларына жақындап, қолын тигізуге тырысады. Ойын 1 минутқа жалғасады, содан соң олардың орнына басқа ойыншылар тағайындалады және ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Доппен қозғалу кезінде артық адым (3), қосарланған қозғалыс жасауға болмайды. Қателік жіберген ойыншылар ұсталған боп саналады. Барлық ойыншыларға бір доптан беріп ойын ережесін өзгертуге болады.
«Доп үшін тартыс». Ойын баскетбол ережесімен өткізіледі, тек себетке лақтыруға болмайды. Алаңның ортасынан ойынға доп қосылады да, допқа ие болған ойыншылар бір-біріне 10 рет доп беруге тырысады және ол үшін командаға 1 ұпай беріледі. Содан соң ойын тоқтатылып, қайтадан допты ортаға лақтырумен ойын басталады. Ойын 8-10 минут өтеді және ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Ойын кезінде әр ойыншы өз қарсыласын тауып, одан допты тартып алуға тырысады және олар бір-біріне 10 рет доп берулері керек. Егер доп қарсыластың көмегімен алаңнан тыс шығарылған болса немесе өрескел ойнаса, онда ойын қайтадан жалғасады және доп беру санағы жалғасады. Допқа ие команда ойын ережесін бұзса (артық адым, қосарланған қозғалыс) доп қарсы командаға беріледі. Ойынды доппен қозғалу немесе еденнен серіппей бір-біріне беру түрінде өткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет