Методические рекомендации по организации исследовательской и проектной деятельности обучающихся мкш нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет23/184
Дата18.10.2023
өлшемі5,4 Mb.
#118880
түріМетодические рекомендации
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   184
Бағалау 
Бұл кезеңде жобаның нұсқасы оның күшті және әлсіз жақтары 
тұрғысынан талданады. Содан кейін оны қалай жақсартуға болатынын, қандай 
пысықтауды жүргізу қажеттігін, қандай өзгерістер енгізу туралы қорытынды 
жасау қажет. Осыдан кейін жобаның алғашқы нұсқасын барлық жақсартулар 
жүзеге асырылатын тағы бір еңбек кезеңі қажет, яғни екінші нұсқасы 
құрылатын болады. 
Жобалау жұмысы үдерісінде көптеген нұсқалар жасалады, қайта өңделіп 
жүзеге асырылады, жұмыстың аяқталуынан бұрын көптеген түзетулер енгізілуі 
мүмкін. 
Шығармашылық үдерістің негізгі қиындықтарының бірі мүлдем әртүрлі 
фазалар «дүниетанымды», майндсеттерді («mindsets», сөзбе-сөз: «ойлар 
жиынтығы»): өзіне және өз қызметіне көзқарастар, эмоциялар жиынтығын 
талап етеді. 
Джефф Петти шығармашылық үдерістің түрлі фазалары үшін келесі 
майндсеттерді көрсетеді: 
Шабыт.
Сыны жоқ 
(
некритикалық), еліктіргендік, кенеттен, 
қорқынышсыз, тәуекелділік, өзіне сенімділік, интуиция, импровизация. 
Сыншылдық, идеяның бағасы толығымен тоқтатылды. 
Айқындалу
. Стратегиялық, мақсатты, баяу, мұқият, келісімділік, логика. 


40 
Бағалау.
Жұмысқа деген сыни көзқарас, бірақ жұмыстың көрінісін және 
оны іске асыру қабілетін оң бағалау; оқуға деген ұмтылыс. 
Іріктеу
. Қазіргі уақытта олар қаншалықты жақсы әзірленгені туралы 
емес, идеялардың әлеуеті туралы оң пікірде. 
Инкубация. 
Өзіне деген сенім болуы; тапсырманың шешімін табатынына 
сенімділік; шыдамдылық, міндеттен «ажырату» қабілеті, оны қандай да бір 
уақытқа «ұмыту». 
Еңбек.
Төзімділік, сынамау, шабыт, кері байланыс қабілеті, мұқияттылық. 
Көптеген адамдар бір майндсеттен екіншісіне ауысу өте қиын, әсіресе 
кейбір майндсет олар үшін басым болады.
Бұдан басқа, көптеген адамдар ауысу табысты жұмыс үшін қажет екенін 
түсінбейді. Егер білім алушы «дұрыс емес» фазаға жақын болса, өз уақытында 
майндсетпен оның әрекеті тиімсіз болуы мүмкін. Мысалы, идеяларды іздеу 
кезінде сыни және перфекционистік көңіл-күй болуы, балама идеяларды таңдау 
кезінде сынсыз болу керек. 
Білім алушылар бірінші фазада күшті болуы мүмкін, ал екінші фазада 
әлсіз болуы мүмкін:
бір білім алушы идеялары тым көп болады,
бірақ оларды 
сыни бағалай алмайды, ал екінші білім алушы олардың кемшіліктерін 
байқайды, алдағы уақытта ұсынылған артықшылықтары мен кемшіліктерін 
бағалай алады. 
Сондықтан да жұмыс тобына ұқсас қызығушылықтары бар, бірақ 
психологиялық жағынан бір-бірін толықтыратын әртүрлі білім алушыларды 
таңдауы маңызды болып табылады. 
«Шығармашылық блоктар» жобаға қатысушылардың көпшілігі жарамсыз 
фазаны қолдануға тырысады, дұрыс емес майндсет немесе т.б. Шығармашылық 
жұмыс кезінде мұғалімнің рөлдерінің бірі – білім алушыларға әлсіз фазаларын 
жеңуге көмектесу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет