Методические рекомендации по внедрению эффективных методик и технологий в процесс обучения детей с особыми образовательными потребностями


  ЕРЕКШЕ  БІЛІМ  БЕРІЛУІНЕ  ҚАЖЕТТІЛІГІ  БАР  БАЛАЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет3/150
Дата07.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#17120
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
1  ЕРЕКШЕ  БІЛІМ  БЕРІЛУІНЕ  ҚАЖЕТТІЛІГІ  БАР  БАЛАЛАРДЫ 

ОҚЫТУДЫҢ ТҰҒЫРЛАРЫ 

 

Қазақстанның  білім  беру  саясатының  негізгі  қағидаттарының  бірі  – 

қазіргі  уақытта  барлығы  үшін  білім  беруді  қамтамасыз  ету.  2000  жылы 

Бүкіләлемдік  Дакар  форумы  мен  1990  жылы  барлығы  үшін  білім  беру 

бойынша Дүниежүзілік форумда қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге 

асыру  бойынша  Қазақстан  өзіне  міндеттелген  Дакар  декларациясына  қол 

қойып  қабылдады.  Өмір  сүру  деңгейін  жақсарту  үшін  сапалы  білім  берудің 

бірінші  дәрежелі  шарты  ретіндегі  ықпалды  рөлін  сезінуде  Қазақстанның 

білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясатының  векторы  бүгінгі  таңда 

сапалы  дамуы  мен  халықтың  барлық  топтарының  білім  алуын  қамтамасыз 

етуге  бағытталған.  Білім  беруді  жетілдіру  процесі  –  бұл  үздіксіз  процесс, 

дегенмен,  республиканың  экономикасына  және  әлеуметтік  дамуына 

байланысты  болғандықтан  өзіндік  дами  алмайды.  Үкіметтің,  азаматтық 

қоғамның  және  бизнес  құрылымдардың  күш-жігерін  жұмылдыруда  білім 

беруді ерте жастан бастап ұлттық басымдықтардың біріне айналуына дәйекті 

түрде қамтамасыз етудің саяси еркін білдіру талап етіледі. 

Қазақстан  халықаралық  және  ұлттық  заңнама  нормаларына  сәйкес 

барлық  балалар үшін білім  алу  құқығына  кепілдік береді. Балалардың білім 

алу  құқығы  бірқатар  заңнамалық  құжаттарда  бекітілген:  ҚР  Конституциясы 

(30-бап),  «Білім  туралы»  ҚР  Заңы  (3-бап),  «Кемтар  балаларды  әлеуметтік 

және  медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау  туралы»  ҚР  Заңы, 

«Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңы. 

Сондықтан да, Қазақстанның білім беру жүйесі жоғары білікті, бәсекеге 

қабілетті,  позитивті,  коммуникативті,  логикалық  ойлау  қабілетіне  ие 

шығармашылық  тұлғаны  қалыптастыруға,  рухани  байлықты,  моральдық 

әдептілік  пен  толеранттылықты  үйлестіруге  бағытталған.  Қоғамдық 

қатынастарды  гуманизациялау  кезегінде  ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі 

бар білім алушыларының (ЕБҚ) жоғары сапалы білім алу құқығын қабылдау 

мен жүзеге асырусыз мүмкін еместігін көрсетеді [3]. 

Кеңейтілген  білім  беру  кеңістігінде  ЕБҚ  бар  бала  –  дамушы  тұлға 

ретінде  білім  алу  құқығын  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  етуде  білім  беру 

саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  маңызды  міндеттерінің  бірі  ретінде 

қарастырылады.  Бұл  ретте  білім  берудегі  теңдік  идеяларының  қалыптасуы 

мен  дамуындағы  маңызды  орын  стратегиялық  сипатқа  ие  білім  берудің 

барлық  жүйесін  қозғайтын  инклюзивті  білім  берудің  қалыптасқан  жүйесі 

болып  табылады,  сондай-ақ, білім беру  идеологиясының  ізгілендіру  жағына 

қарай өзгеруін болжайды. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  дамытуда  инклюзия 

қоғам ұстанымын ерекше, өзге адамдарға өзгертетін, өз құрдастары арасында 

сапалы  білім  алу  мүмкіндігін  кеңейтетін,  өзара  байыту  ресурсы  мен  оған 




 

құрметпен  қарауда  сан  алуандылықты  қабылдауға  сүйенетін  заңды  кезең 



болып  табылады.  Инклюзивті  білім  берудің  ерекшелігі  әрбір  адамды  оқыту 

процесінде  жеке  тәсілдемесін  қажет  ететін  білім  берудің  әртүрлі 

формаларын, әдістерін, технологияларын қолдануда икемділікті талап ететін 

өзіндік қажеттіліктері мен қызығушылықтары бар қайталанбайтын тұлғалық 

ерекшелігі бар бірегей адам болып табылады [3].  

Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді түсіну қажеттілігін қолдау мен 

сүйемелдеуді  қамтамасыз  ету  (Н.Н.  Малофеев,  Р.А.  Сүлейменова,  Н.М. 

Назарова, Л.М. Кобрина, З.А. Мовкебаева, О.А. Денисова, А.А. Байтұрсынов 

және  басқалар)  кезінде  барлығын  бірлесіп  оқытудың  орындылығы  мен 

мүмкіндігі  туралы  сенімге  негізделеді.  Әлеуметтік  қоғамдастықтың  ерекше 

қажеттіліктері бар адамдарға қарым-қатынасының өзгеруі, оларды оқыту мен 

тәрбиелеу, әлеуметтендіру және кәсіби даярлау мүмкіндіктерінде инклюзивті 

білім  беру  идеяларының  қалыптасуы  мен  дамуының  негізгі  принциптерінде 

әлеуметтік трансформация жатыр. 

Өткен  ғасырдың  80-ші  жылдардың  соңында  мүмкіндігі  шектеулі 

балаларға  қатысты  көзқарастардың  өзгеруіне  ықпал  ететін  бірқатар 

халықаралық құжаттардың қабылдануымен сипатталды. 1989 жылы БҰҰ Бас 

Ассамблеясы  Бала  құқықтары  туралы  конвенцияны  193  ел  қол  қойып 

бірауыздан қабылдады. Конвенцияның жиырма төртінші бабында білім беру 

құқығын  жүзеге  асыру  үшін  қатысушы  мемлекеттер  барлық  деңгейлерде 

инклюзивті білім беруді және өмір бойы оқытуды қамтамасыз етуге міндетті 

[4]. 


1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) ЮНЕСКО қамқорлығымен 

ерекше  қажеттілігі  бар  тұлғаларға  арналған  Дүниежүзілік  конференциясы 

өткізілді,  онда  «инклюзия»  термині  енгізілді  және  инклюзивті  білім  беру 

принципі  жарияланды.  Инклюзивті  білім  беру  білім  алушылардың  тек  қана 

оқу-тәрбие  процесінде  мүгедектігі  бар  балалардың  және  жасөспірімдердің 

белсенді  қатысуын,  сонымен  қатар  бүкіл  білім  беру  жүйесінің  барлық 

балалардың  білім  алу  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  қайта 

құрылымдауын қамтамасыз етеді [5]. 

Инклюзивті  білім  беру  мүгедектігі  бар  балалар  мен  ерекше  білім 

берілуіне  қажеттілігі  бар  балаларға  қатысты  кемсітушіліктің  алдын  алуға 

көмектеседі, олардың өз қоғамдастықтары мен жалпы қоғамның тең құқылы 

мүшесі  болу  құқығын  қолдайды.  Оқытудағы  түрлі  қажеттіліктері  бар 

индивидуумдар  –балаларға  бағытталған  және  барлық  балалар  екенін 

білдіретін  әдіснама  арқылы  инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асырады. 

Инклюзивті білім беру әр түрлі білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға 

бағытталған педагогикалық жүйені неғұрлым икемді етуге мүмкіндік беретін 

оқыту нысандары мен әдістерін жүзеге асыруды көздейді. 

Инклюзивті  білім  беру  барлық  балалардың  әр  түрлі  қажеттіліктеріне 

бейімделуі  тұрғысынан  білімге  қол  жетімділігін  білдіреді.  Қазіргі  кезеңде 



 

ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  балалардың  құқықтарын  жүзеге 



асыруда  балалар  тәрбиеленетін  және  оқитын  білім  беру  ұйымдарының  ата-

аналарына  (заңды  өкілдеріне)  таңдау  құқығын  беру  ғана  емес,  білім  беру 

жүйесінің  осындай  білім  алушыларды  қабылдауға  дайындығы  тұрғысынан 

объективті  мәселелер  мен  артықшылықтарды  түсіндіру  және  жеке 

мүмкіндіктерге сәйкес олардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау болып 

табылады. 

Инклюзивті  білім  беру  –  барлық  балалардың  физикалық,  психикалық, 

зияткерлік  және  басқа  ерекшеліктеріне  қарамастан  жалпы  білім  беру 

жүйесіне  енгізілген  оқыту  және  тәрбие  процесі  [6].  Олар  тұрғылықты  жері 

бойынша  жалпы  білім  беретін  мектептерге  өз  құрдастарымен  бірге  барады, 

бұл ретте олардың ерекше білім беру қажеттілігі ескеріледі. Сонымен  бірге, 

оларға  арнайы  қолдау  көрсетіледі.  Инклюзивті  білім  берудің  негізінде 

балалардың  кез  келген  кемсітуін  болдырмайтын  идеология  –  барлық 

адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар ерекше білім 

беру қажеттілігі бар балалар үшін ерекше жағдайлар жасау. 

Осыған  байланысты  интеграцияның  мәні  туралы  жаңа  көп  деңгейлі 

модельдік  ұсыну  айқын  болды.  Бірінші  деңгейде,  әртүрлі  жастағы  балалар 

мен түрлі даму мүмкіндіктері арасында тікелей байланыс бар. Екінші деңгей, 

арнайы  ұйымдастырылған  бірлескен  ойын,  жаттығу,  жұмыспен  қамту  және 

өмірлік жағдаяттар шеңберінде олардың бірлестігін білдіреді. Үшінші, кәсіби 

әлеуметтік-педагогикалық  қолдауға  және  әр  түрлі  балаларды  сүйемелдеуге 

қатысатын  білім  беру  ұйымдары  қызметкерлерінің  күш-жігерін  біріктіруді 

білдіреді.  Соңында,  интеграцияның  төртінші  деңгейі  оның  қатысушылары 

мен  тәрбиеленушілерінің  үйлесімдігі  қалыптасатын  ұйымды  сыртқы 

қолдаудың бірыңғай жүйесін құруды көздейді [7]. 

Инклюзия  гетерогенді  топ  үшін  бірыңғай  білім  беру  кеңістігінің 

идеяларына негізделеді. Баланың жеке білім алу қажеттіліктерінің ескерілуі, 

балаға  бағытталған  жалпы  педагогика  мен  психология  ұстанымынан 

туындайды. 

Инклюзивті  тұғыр  –  ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  білім 

алушылардың  жалпы  білім  беретін  мектепте  білім  берудегі  қиындықтарға 

бейімделуі  емес,  бүкіл  мектепті  реформалау  және  осындай  оқушылардың 

ерекше  білім  беру  қажеттіліктерін  ескеру  үшін  оқытудың  өзге  де 

педагогикалық тұғырларын іздеу болып табылады [8]. 

Инклюзивті оқытудағы қиындықтар жалпы білім беретін мектептегі оқу 

процесі  мен  практикасының  ұйымдастырылуымен,  сондай-ақ  бұрынғы 

қолданыстағы оқыту әдістерімен байланысты. 

Инклюзивті  оқыту  баланың  мүмкіндіктері  мен  құндылықтарының 

арақатынасымен  тығыз  байланысты,  бұл  ұйымдастырушылық  пен 

әдістеменің  интеграциялық  мәселелері  «әлеуметтік  жағдаятта  дамыту» 

ұғымымен  байланысты  ерекше  психологиялық  мазмұнды  көрсетеді. 



 

Дизонтогенез  жағдайында  бала  дамуының  бірегейлігі  арнайы  ұйымдарда 



дәстүрлі оқыту процесінен айтарлықтай айырмашылығы бар [9]. Инклюзивті 

оқыту  шарттары  бір  жағынан  баладан  және  оның  жақын  ортасындағы  күш-

жігерді  талап  етеді,  ал  екінші  жағынан,  өмірі  мен  іс-әрекетінде  өзін-өзі 

жүзеге асыру мен табысты әлеуметтендіру үшін үлкен мүмкіндіктер береді. 

Н.М.  Назарованың  пікірінше,  инклюзивті  (кіріктірілген)  білім  беру  – 

ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін 

мектептің білім беру процесіне қатынасуы мен белсенді қатысуы ғана емес, 

сонымен қатар барлық балалардың білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз ету 

жүйесі  ретінде  жаппай  білім  беру  процесін  қайта  құру  [10].  Сондықтан  да, 

мұндай білім беру жүйесіне интеграцияны енгізуде жүргізілетін әдіснаманы 

ауыстыруды қажет етеді. 

«Инклюзия»  ұғымының  таралуы  қоғамдық  сананы  демократияландыру 

процестерімен,  әрбір  адамның  лайықты  өмірі  мен  білім  алу  құқығын 

халықаралық деңгейде дамуымен байланысты. 

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды емес, қоғам мен оған деген қарым-

қатынасын өзгерту қажеттілігі – инклюзивті білім беру моделінің әлеуметтік 

тұғырнамасы  негізінде  құрылады.  Инклюзия  барлық балалар  үшін барынша 

дамыған,  гуманистік  және  тиімді  жүйе  болып  танылады.  Ол  әрбір  адамға, 

оның  дәстүрлі  мектеп  жүйесінің  өлшемдеріне  сәйкес  келу  дәрежесіне 

қарамастан  білім  алуға  құқық  береді.  Олардың  әрқайсысының  даралығын 

құрметтеу  және  қабылдау  арқылы  жеке  тұлға  қалыптастырады.  Сонымен 

қатар, балалар ұжымда бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасауға, педагогпен 

бірге білім беру мәселелерін шығармашылықпен шешуге үйренеді. 

Инклюзивті білім беру сыныптағы кез келген басқа балалардың ерекше 

білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды қабылдауды, оларды бірдей 

қызмет  түрлеріне  қосуды,  оқытудың  ұжымдық  түріне  тартуды  және 

міндеттерді  топтық  шешуді,  ұжымдық  қатысу  стратегиясын  –  ойындарды, 

бірлескен  жобаларды,  зертханалық,  далалық  зерттеулерді  және  т.б. 

пайдалануды көздейді. 

Инклюзивті  білім  беру  барлық  балалардың  жеке  мүмкіндіктерін 

кеңейтеді,  адамгершілікті,  толеранттылықты  дамытуға,  құрдастарына 

көмектесуге дайын болуға көмектеседі. 

Сонымен  қатар,  инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыруда  келесідей 

бірнеше қиындықтарды көрсетуге болады: 

- біздің қоғамда өкінішке орай, даму мүмкіндіктері шектеулі адамдарды 

қабылдай 

алмайды. 

Мұндай 


қарым-қатынас 

жылдар 


бойы 

қалыптасқандықтан, оны қысқа мерзімде өзгерту мүмкін еместігі; 

-  ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  балаларды  оқымағандар  деп 

танылуы; 

-  жалпы  білім  беретін  мектептердің  мұғалімдері  мен  директорларының 

көпшілігі  мүгедек  мәселелері  туралы  жеткіліксіз  біледі  және  ерекше  білім 




 

алу  қажеттілігі мен  мүгедектігі  бар балаларды сыныптардағы оқу  процесіне 



қосуға дайын еместігі; 

-  ЕБҚ  және  мүгедектігі  бар  балалардың  ата-аналары  балалардың  білім 

алу  құқығын  қалай  қорғауға  болатынын  білмейді  және  білім  беру  мен 

әлеуметтік қолдау жүйесінің алдында қорқыныш сезінуі; 

-  білім  беру  ұйымдарының  архитектуралық  қол  жетімділігі  барлық 

жерде шешілмегендігі. 

Инклюзия  –  жалпы  білім  беретін  мектепте  ерекше  білім  берілуіне 

қажеттілігі  бар  баланың  дене  бітімі  ғана  емес  екенін  түсіну  қажет.  Бұл 

мектептің  өзін,  мектеп  мәдениетін  және  білім  беру  процесіне 

қатысушылардың  қарым-қатынас  жүйесін  өзгерту,  педагогтар  мен 

мамандардың  тығыз  ынтымақтастығы,  ата-аналарды  баламен  жұмыс  істеуге 

тартуды жүзеге асырады. 

Қазіргі  уақытта  жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдері  арасында 

ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  балалармен  жұмыс  істеуге  қажетті 

дайындықтың болмауы мәселесі өте өзекті болып отыр. Инклюзивті ортадағы 

жұмыста 


педагогтардың 

кәсіби 


құзыреттілігінің 

жеткіліксіздігі, 

психологиялық кедергілер мен кәсіби стереотиптердің болуы байқалады. 

Ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту  процесінде 

педагогтар  мен  ата-аналар  арасындағы  өзара  қарым-қатынас  ерекше  рөл 

атқарады.  Ата-аналар  өз  баласын  жақсы  білетіндіктен,  педагог  бірқатар 

мәселелерді шешуде олардан  маңызды кеңестер ала алады. Мұғалімдер мен 

ата-аналардың  ынтымақтастығы  бірнеше  жағынан  жағдайды  қарауға 

көмектеседі,  ересектерге  баланың  жеке  ерекшеліктерін  түсінуге,  оның 

қабілетін анықтауға және дұрыс өмірлік бағдарды қалыптастыруға мүмкіндік 

береді. 

Қазіргі кезеңде қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін жүзеге асыру 

үшін  педагог  кадрларды  даярлау  басты  міндет  болып  тұр.  Н.А.  Алехина 

«Қазіргі кезеңдегі инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі мәселесі» атты 

зерттеуінде  педагогтардың  кәсіби  дайындығын  талдаудың  үш  компонентті 

моделін  сипаттады.  Теориялық  модел  үш  негізі  құрамдас  бөліктерден 

тұрады:  мүгедектіктің  әртүрлі  жағдайлары  бар  балалардың  даму 

ерекшеліктері  туралы  педагогтың  білімі,  мүгедектігі  бар  баланың 

эмоционалдық  қабылдау  дәрежесі,  олармен  өзара  іс-әрекет  жасаудағы 

дайындық деңгейі. 

Деректерді 

талдау 


негізінде 

келесі 


қорытындылар 

жасалды. 

Педагогтердың  білім  деңгейі  арасында  білім  алушының  ЕБҚ  және 

мүгедектігі  бар  білім  алушылардың  даму  ерекшеліктері  мен  олармен  өзара 

қарым-қатынас  кезінде  эмоциялық  қиындықтар  деңгейі  туралы  тікелей 

байланыс  байқалады.  Ерекше  білім  берілуіне  қажеттіліктері  бар  балалар 

туралы  педагогтардың  білім  деңгейі  жоғары  болған  сайын,  олармен  қарым-

қатынас  кезінде  эмоциялық  қиындықтар  деңгейі  соғұрлым  аз  болады. 




10 

 

Осындай байланыс педагогтардың  ЕБҚ  бар балаларды  сабақта өзара оқу  іс-



әрекетке қосуға дайындығына қатысты байқалады. 

Осының  негізінде  С.В.  Алехина  [11]  педагогикалық  кадрларды 

даярлауда  білім  беру  процесін  өзгерту  міндетті  емес  екендігін  талдайды. 

Педагогтардың  дайындық  деңгейіне  бағдарламаның  мазмұны  мен  оқыту 

түрлерінің  сәйкес  келуі  мен  негізгі  кәсіби  қиындықтарды  талдауы  маңызды 

болып табылады. 

М.Б.  Калашникова  «Мұғалім  инклюзияның  субъектісі  ретінде»  атты 

зерттеуінде  келесідей  талдау  жасайды:  «...  мектептердің  алдында  тек 

материалдық-техникалық ғана емес, әлеуметтік-психологиялық мәселелер де 

бар  екендігі  байқалады.  Олардың  бірі  –  жаңа  шарттардағы  жұмыста  жалпы 

білім  беретін  мектептердің  педагогикалық  ұжымдарының  субъективті 

қиындықтары» [12]. 

Б.А.  Коростелев,  Г.Л.  Котова,  Р.Г.  Тер-Григорьянц  «инклюзивті  білім 

беру  мектебінің  заманауи  моделін  енгізу  механизмін  қалыптастыру»  [12] 

зерттеуінде  инклюзивті  білім  беру  жүйесін  енгізуде  білім  беру  процесінің 

барлық  құрамдас  бөліктеріне  кешенді  әсер  етпей  кетуі  мүмкін  еместігін 

көрсетеді. 

Авторлар  инклюзивті  білім  беруді  табысты  енгізу  үшін  белсенді  іс-

әрекет жүргізілуге тиіс 4 топты шарттарға немесе бағыттарға бөледі: 

1. Материалдық-техникалық шарттар; 

2.  Процессті  инфрақұрылым  ұйымдастыруға  технологияларды,  жаңа 

тәсілдемелерді енгізу: 

-  білім  алушылардың  ерекше  білім  алу  қажеттіліктерін  жүзеге  асыруға 

арналған жабдықтар (мысалы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін 

белгілі бір биіктіктегі парталар немесе тақталар қажет болуы мүмкін); 

-  практикалық  сабақтарды  орындауға  арналған  жабдықтар  (кәсіби 

сынамалар: мамандандырылған аспаптар, станоктар); 

- арнайы спорт ғимараттары; 

-  компьютерлік  техника,  аудиториялық  және  дистанциялық  сабақтар 

өткізуге мүмкіндік береді. 

3. Бағдарламалық-әдістемелік шарттар. 

Балалардың  ерекше  білім  алу  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін 

мұғалімдерге  арналған  әдістемелік  құралдар  мен  оқушыларға  арналған 

дидактикалық 

материалдар 

әзірлеу, 

мектептерді 

арнайы 


оқу 

бағдарламаларымен,  оқулықтармен  және  оқу-әдістемелік  кешенмен,  арнайы 

көрнекі-дидактикалық 

материалдармен 

қамтамасыз 

ету 


қажет. 

Бағдарламалық-әдістемелік  қамтамасыз  ету  әртүрлі  қиындықтары  бар 

балалардың ерекше білім берілуінің қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. 

4. Білім алушыларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау. 




11 

 

Барлық  балалар  өздерінің  ерекше  қажеттіліктеріне  сәйкес  арнайы 



түзету-педагогикалық, әлеуметтік, медициналық және психологиялық қолдау 

алуы тиіс. 

Коростелев,  Котова  және  Тер-Григорьянц:  «кадрларды  даярлау  – 

инклюзивті  білім  беру  жүйесіне  көшу  кезіндегі  жұмыстың  үлкен  блогы 

екеніне  тоқтала  отырып,  бұл  блоктармен  қатар,  олар  тағы  да  бірнешелерге 

басқаларды  бөліп,  бөлінген  бағыттардың  барлығы  бойынша  кешенді 

ықпалсыз  инклюзивті  білім  беруді  енгізу  идеясы  жүзеге  асырылмайтынын 

айтады» [12]. 

Қазақстан  мектептерге  инклюзивті  білім  беруді  енгізу  мәселесімен 

айналысатын  көптеген  үкіметтік  емес  қоғамдық  ұйымдар  бар.  Мұндай 

ұйымдар  мектеп  оқушыларына,  олардың  ата-аналарына,  мұғалімдерге, 

сондай-ақ ЕБҚ бар балалардың ата-аналарына ерекше қажеттіліктерді түсіну 

бойынша тренингтер өткізеді. Осылайша, қоғамдық ұйымдар қоғамның ЕБҚ 

бар  балалар  туралы  хабардар  болуын  арттырады,  инклюзивті  білім  беру 

тақырыбын  ашады  (біреулер  үшін  –  ашады)  және  оның  жұмыс  істеуінің 

табысты тәжірибелерімен бөліседі. 

Инклюзивті  білім  беруге  арналған  әдебиеттерге  шолу  барысында  өте 

сыни  түрде  қабылданатын,  тәжірибесі  дамыған  елдерде  өзін  табысты, 

сенімді,  адамдардың  құқықтарын  жүзеге  асыратын  және  білім  беру 

процесінің  барлық  қатысушылары  үшін  тиімді  ретінде  түсіндіретіндіктерін 

көруге болады. 

Инклюзивті білім беру процесінде оқушының назарын және оның жеке 

ерекшеліктерін,  қажеттіліктерін,  мүдделерін,  күшті  және  әлсіз  жақтарын 

орталыққа қою маңызды кезең болып табылатынын тағы да атап өткен жөн. 

Инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  табысты  тәжірибесінде  оқушы  білім 

берудің субъектісі болып табылады, дәлелді түрде ол не істейді, не үшін және 

не  істей  алады,  не  жоқ  және  неге,  сондай-ақ  ол  не  оқиды  және  оқыту 

нәтижесі  қандай  болады  деп  есеп  береді.  Сонымен  бірге,  ерекше  білім 

берілуіне  қажеттілігі  бар  оқушы  өз  іс-әрекетінің  рефлекциясын  жүзеге 

асырады. 

Инклюзивті білім беру жүйесіндегі маңызды компонент мұғалім болып 

табылады,  өйткені  оның  жауапкершілігінде  ерекше  білім  берілуіне 

қажеттілігі  бар  оқушының  белгіленген  оқу  траекториясын  қадағалауы 

болады.  Бұл  траекторияны  мұғалім  оқыту  процесінде  оқушыда  пайда 

болатын  табыстардан  немесе  қиындықтардан  ынталандырып  түзете  алады. 

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы оқыту процесін жүзеге асыру 

үшін оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас жайлы, оң көңіл-күй 

және  сенімді  болуы  тиіс.  Бұл  кезде  мұғалім  рөлінің  маңыздылығын  көруге 

болады. 

Мұғалімдердің басым көпшілігі инклюзивті білім беру жүйесінде оқыту 

іс-әрекетін жүргізуге дайын болмағандықтан, кадрларды даярлау және қайта 



12 

 

даярлау  білім  беру  жүйесінде  инклюзияны  енгізу  және  дамыту  үшін  өте 



маңызды. 

Инклюзивті  кәсіптік  білім  беруді  жүзеге  асыруға  жоғары  оқу 

орындарының  педагогтарын  психологиялық  және  кәсіби  даярлау  маңызды 

шарттардың  бірі  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 

дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ерекше 

білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  адамдарға  жағдай  жасау  мақсатында  ерекше 

білім берілуіне қажеттілігі бар студенттермен жұмыс істеу үшін жоғары оқу 

орындарының  профессор-оқытушылар  құрамын  қайта  даярлау  көзделеді. 

Инклюзивті  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беруді  жүзеге 

асыру  үшін  жоғары  оқу  орындарының  кәсіби  қауымдастығын  ерекше  білім 

берілуіне  қажеттілігі  бар  адамдарға  бағытталған  өзгерістерге  дайындау 

қажеттілігі маңызды болып табылады [13]. 

Психологиялық-педагогикалық  зерттеулерде  мектепке  дейінгі  және 

мектеп  білім  беру  ұйымдары  педагогтарының  инклюзивтік  білім  беруге 

дайындық  мәселелері  белсенді  зерттелініп  келеді.  Сахнова  И.А.  инклюзивті 

білім  беру  сапасының  призмасында  педагогтардың  кәсіби  құзыреттілігін 

дамытудың негізгі міндеттері ретінде: 

1)  қалыпты  және  бұзылған  дамуы  бар  жастарды  бірлесіп  оқыту 

жағдайында 

педагогтардың 

педагогикалық 

іс-әрекетте 

құндылық-

мотивациялық қарым-қатынасын қалыптастыру; 

2)  педагог  қызметкерлердің  оқытуда  инклюзивті  тәсілдемелерді  жүзеге 

асыру үшін жалпы және арнайы білім жүйесін қалыптастыру; 

3)  педагогтер  психофизикалық  даму  ерекшеліктерін  және  жеке  білім 

беру қажеттіліктерін ескере отырып, барлық білім алушыларды сапалы оқыту 

үшін қажетті педагогикалық шеберлік пен дағды кешенін меңгеру; 

4) нормаға сәйкес дамып келе жатқан құрдастар ортасында ерекше білім 

берілуіне қажеттілігі бар адамдарды бірлесіп оқыту, тәрбиелеу және дамыту 

процесіне педагогтардың психологиялық дайындығын қалыптастыру [14]. 

Позитивті  психо-әлеуметтік  мектеп  ортасы  қатысушылардың  мінез-

құлқына,  олардың  психикалық  денсаулығы  мен  эмоционалдық  жағдайына, 

сондай-ақ  оқыту  нәтижелеріне  әсер  етеді.  Психологиялық  қолайлы  орта 

мейіріммен  қарау,  қолайлы  атмосфераны  құру,  білім  беру  процесінің  әрбір 

қатысушысы  үшін  тең  мүмкіндіктер  беру,  мектепте  зорлық-зомбылықтың, 

қорлаудың кез келген түріне тыйым салу арқылы құрылуы мүмкін. 

Л.С.  Выготский  дамуында  қиындықтары  бар  баланы  тәрбиелеудің 

міндеттері  ретінде  олардың  өмірге  кірігуі  мен  қиындықтарды  қандай  да  бір 

жолмен шешуді жүзеге асыру болып табылады деп санады. Сонымен қатар, 

өтемақыны  биологиялық  емес,  әлеуметтік  аспектіде  қарастырып,  дамуында 

қиындықтары  бар  балалармен  жұмыс  жасау  кезінде  педагогке  биологиялық 

фактілермен  ғана  емес,  олардың  әлеуметтік  салдарымен  де  байланысты 

екендігіне  тоқталып,  барынша  бағдар  беру  арнайы  білім  беруді  қайта 



13 

 

қараудың бастапқы нүктесі болуы керектігін Л.С. Выготский қалыпты дамып 



келе  жатқан  балалармен  бірлесуді  ұсынады.  Қажеттілікті  жоққа  шығармай, 

арнайы  білім  мен  оқытуды  жалпы  тәрбие  мен  оқытуға  бағдарлау  керектігін 

зерделейді [15]. 

Білім  беруде  инклюзияны  жүзеге  асырудың  тиімділігі  көбінесе  білім 

алушылардың,  олардың  ата-аналарының,  мамандардың  (дефектолог-

мұғалімдер,  логопед,  психолог,  әлеуметтік  педагогтер  және  т.б.) 

мүмкіндіктерінің әртүрлілігі жағдайында педагогтың жұмысқа дайындығына 

байланысты.  Бұл  дайындық  педагогтың  кәсіби  іс-әрекетінің  ерекшелігімен 

детерминацияланады  (инклюзивті  білім  беру  кеңістігінің  полисубъектілігі  – 

ЕБҚ  бар  балалар,  типтік  дамуы  бар  балалар,  балалардың  екі  тобының  ата-

аналары,  мамандар)  және  бірқатар  академиялық,  әлеуметтік-тұлғалық 

(базалық)  және  кәсіби  құзыреттіліктердің  қалыптасуын  болжайды. 

Осылайша,  болашақ  педагогтардың  білім  берудің  инклюзивті  жағдайында 

жұмысқа  дайындығын  қалыптастырудағы  неғұрлым  барабар  әдіснамалық 

тұғыры құзыреттілік тәсілдемесі болып табылады [16]. 

Авторлар  теориялық-әдіснамалық  талдау  негізінде  инклюзивті  білім 

беру  жағдайында  педагогтың  кәсіби  іс-әрекетке  дайындығының  түсінігін 

ұсынады, ол педагог тұлғасының интегралды субъектілік сапасын көрсетеді, 

академиялық,  кәсіби  және  әлеуметтік-тұлғалық  құзыреттіліктердің  кешеніне 

сүйеніп  және  тиімді  кәсіби-педагогикалық  қызмет  мүмкіндігін  анықтайды. 

Бұл  ретте  академиялық  құзыреттер  дегеніміз  білімнің  жеке  саласының 

методологиясы мен терминологиясын білу, онда жұмыс істейтін жүйелі өзара 

байланысты  түсіну,  сондай-ақ  оларды  практикалық  міндеттерді  шешуде 

пайдалану  мүмкіндігі;  кәсіби-нақты  педагогикалық  ахуалдың  талаптарына 

сәйкес  әрекет  етуге  әзірлігі  мен  қабілеті;  әлеуметтік-жеке  тұлға  ретінде 

адамның  өзіне  қатысты  құзыреттілік  жиынтығы,  индивидтің  басқа 

адамдармен, топпен және қоғаммен өзара әрекеттесуі. 

Демек,  болашақ  педагогтарда  инклюзивті  білім  беру  құндылықтарын 

қалыптастыру  процесі  олардың  кәсіби-педагогикалық  қалыптасуының 

міндеттерінің бірі болуы тиіс. 

Инклюзивті  білім  беру  құндылықтарына  келесі  ұстанымдар-

қабылдамалар жатады: 

-  адамның  құндылығы  оның  қабілеттері  мен  жетістіктеріне  байланысты 

емес; 


- әрбір адам сезінуі және ойлауы мүмкін; 

- әрбір адам сөйлесуге және естуге құқылы; 

- барлық адамдар бір-біріне мұқтаж; 

-  шынайы  білім  тек  нақты  қарым-қатынас  контекстінде  жүзеге 

асырылуы мүмкін; 

-  барлық  білім  алушылар  үшін  прогреске  қол  жеткізу  -  олар  не  істей 

алмайды емес, не істей алады; 



14 

 

- әралуандық адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді;  



-  әр  баланың  бірегей  ерекшеліктері,  мүдделері,  қабілеті  және  оқу 

қажеттіліктері бар; 

- дамуында кемістігі бар балалар кәдімгі мектептерде оқуға қол жеткізуі 

тиіс; 


-  мектептер  әр  баланың  білім  алу  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін 

жағдай жасауы тиіс; 

-  инклюзивтік  мектептер  –  көптеген  балалар  үшін  нақты  білім  беруді 

қамтамасыз ететін кемсітушілік көзқараспен күрестің ең тиімді құралдары; 

- барлық адамдар құрдастардың қолдауын және достығын қажет етеді; 

- әр баланың ерекшеліктері мен қажеттілігінің әралуан түрлілігін назарға 

алу үшін білім беру жүйесін әзірлеу және бағдарламаларды орындау қажет; 

- әр түрлі ұлт, дін және барлық мәдениеттер балаларын бірлесіп оқыту; 

- балаларды бірлесіп оқыту олардың әрқайсысы мектептің академиялық 

және  әлеуметтік  өміріне  қатысу  деңгейін  арттырады  және  мектеп  ішінде 

өтетін процестегі оқшаулану деңгейін төмендетеді. 

Педагогтарды  даярлаудың  білім  беру  бағдарламаларының  мазмұны 

инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ЕБҚ  бар  балалармен  жұмысқа 

дайындығын  айқындайтын  құзыреттіліктерді  қалыптастыру  қажеттілігін 

толық көлемде ескермейді. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2016  жылғы  5 

шілдедегі  №  425  бұйрығына  сәйкес  «Инклюзивті  білім  беру»  базалық 

пәндерінің міндетті компонентінің пәні еліміздің педагогикалық жоғары оқу 

орындарына  енгізілді.  Аталған  пәннің  оқу-әдістемелік  кешендерін  еліміздің 

жоғары  оқу  орындарында  оқып  үйренуде  пәннің  мазмұны  көбінесе 

декларативтік  сипатта  және  инклюзивті  білім  берудің  мәні,  құндылықтары 

мен  принциптерін  көрсетпейтінін  көрсетті,  болашақ  педагогтардың 

дайындығын  анықтайтын  академиялық,  кәсіби  және  әлеуметтік-тұлғалық 

құзыреттіліктерді толық көлемде қалыптастыруды көздемейді және басқа оқу 

пәндерінің мазмұнымен байланысты емес екендігі көрсетіледі. 

Осыған  байланысты  инклюзивті  білім  беру  құндылықтарының 

қалыптасу  процесін  модельдеуде  болашақ  педагогтар  дайындығының 

мотивациялық-когнитивті  компонентінің  маңызды  құрамдас  бөлігі  ретінде 

өзекті болып табылады. 

Инклюзивті білім беру құндылықтарын қалыптастырудың дидактикалық 

моделі бірқатар функцияларды орындайды: 

1) бағдарлық – инклюзивті білім беру жағдайында қызметтің бағдарлық 

негізін,  мақсатты  қондырғыларды;  академиялық,  кәсіптік  және  әлеуметтік-

тұлғалық құзыреттер кешенін құруға мүмкіндік береді; 

2) мағыналық бейнесі – инклюзивті білім беру идеяларымен байланысты 

мағынаны  айқындауға,  оны  нақтылауға,  осы  білім  берудің  құндылықты 

бағдарларын ұғынуға және мақсатты тұжырымдауға көмектеседі; 



15 

 

3)  гуманистік  –  инклюзивті  білім  берудің  құндылықты  бағдарларын 



дамытуға ықпал етеді [16]. 

Инклюзивті  білім  беру  құндылықтарын  қалыптастырудың  ұсынылған 

дидактикалық моделі келесі блоктарды қамтиды: 

1. Мақсатты блок (инклюзивті білім беру құндылығына сүйене отырып, 

болашақ 

мамандардың 

кәсіби-педагогикалық 

қызметінің 

мазмұнын 

анықтайтын құзыреттер кешенінің қалыптасуын қамтамасыз ету). 

2. Құрылымдық-мазмұнды блок. 

2.1. Тірек принциптері: 

-  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  білім  беру  процесі  субъектілеріне 

және олардың қызметіне құндылық қарым-қатынас принципі; 

-  білім  беру  процесінің  құрылымдық  компоненттері  мазмұнының 

жүйелілігі  мен  бірлігі  принципі  («педагогикалық  резонанс»  немесе 

«толассыз» психологиялық-педагогикалық процесс); 

-  кәсіби  іс-әрекетті жүзеге  асырудың  (инклюзивті білім беру  шарттары) 

қазіргі  шарттарының  талаптарын  сақтай  отырып,  болашақ  педагогтың 

тұлғалық  дамуының  басымдылығы  принципі:  тұлғаның  кәсіби  маңызды 

қасиеттерін, құндылық бағдарлары мен құндылық қарым-қатынасы негізінде 

құзыреттілікті  дамытудың  маңыздылығы,  оларды  алдағы  қызметте 

өзектілендіру қабілеті; 

-  атаулылық  принципі  (инклюзивті  білім  беру  жағдайында  кәсіби 

педагогикалық қызметтің ерекшеліктерін есепке алу); 

-  білім  беру  инклюзия  шарттарына  тән  кәсіби-педагогикалық  іс-әрекет 

мазмұнындағы үйлесімді және барабар көрініс принципі; 

- кәсіптік іс-әрекет және оқытудың рефлексивті принципі. 

2.2.  Құзыреттілігі:  академиялық  («мен  білемін»),  кәсіби  («мен  істей 

аламын, жасаймын»), әлеуметтік-тұлғалық («мен қабілеттімін). 

3. Дидактикалық блок. 

3.1.  Инклюзивті  білім  беру  құндылықтарын  ашатын  құзыреттілік 

кешенін  қалыптастыру  бойынша  жұмыс  түрлері,  әдістері,  тәсілдері  мен 

тәсілдері:  ұйымдастырушылық  (ақпараттық,  дамытушылық,  бағдарлық), 

коммуникативтілік  (перцептивті,  педагогикалық  қарым-қатынас  және  өзара 

іс-әрекет, педагогикалық техника) және дидактикалық іскерлікті жақсарту. 

3.2. Педагогикалық шарттар: 

-  инклюзивті  білім  беру  құндылықтарының  мәнін,  маңыздылығын, 

пәрменділігін  ашатын  академиялық,  кәсіби  және  әлеуметтік-тұлғалық 

құзыреттерді мақсатты және кешенді қалыптастыру; 

-  оқытудың  ұйымдастырушылық  түрлері  мен  әдістерінің,  сондай-ақ 

кәсіби  іс-әрекетте  инклюзивті  білім  беру  құндылығын  қабылдауды  және 

қолдану  қабілетін  қамтамасыз  ететін  құзыреттілікті  дамытуды  болжайтын 

аудиториядан  тыс  қызметтің  вариативтілігі,  оның ішінде  студенттерге білім 




16 

 

беру  кеңістігінде  ЕБҚ  бар  баланы  қолдауға,  оның  әлеуметтендірудегі 



мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған волонтерлікке біртіндеп енгізу. 

4. Технологиялық (процессуалдық) блок. 

Жұмыстың кезеңдері: 

-  мотивациялық  (инклюзивті  білім  беру  жағдайында  жұмысқа 

қызығушылықты дамыту, қабылданатын кәсіби шешімдердің, жасалатын іс-

әрекеттердің 

маңыздылығын 

түсіну; 


инклюзивті 

білім 


беру 

құндылықтарының  тұлғалық  маңыздылығын  («өзі  үшін»)  қалыптастыру; 

инклюзивті білім беру кеңістігінде жұмыс істеуге ұмтылу және қабілеті); 

ұйымдастырушылық-теориялық 



(жалпы 

мәдени, 


әлеуметтік-

психологиялық  және  кәсіби дайындық,  интеграциялық,  педагогикалық  және 

арнайы  оқу  пәндерінің  мазмұнын,  сондай-ақ  әр  түрлі  жастағы  балалармен 

жұмыс әдістері); 

-  іс-әрекеттілік  (практикалық, педагогикалық  міндеттерді шешуде  алған 

білімдері мен іскерліктерін қолдануға әзірлігі және қабілеті). 

Дидактикалық  үлгінің  нәтижелілік  критерийі  екі  топтан  тұрады: 

тиімділік 

критерийі 

(академиялық, 

кәсіби, 

әлеуметтік-тұлғалық 

құзыреттіліктердің  қалыптасуы)  және  әрекеттілік  (әлеуметтік  феномен 

ретінде инклюзивті білім беруге қарым-қатынастың өзгеру динамикасы). 

Ерекше  білім  берілуіне  қажеттіліктері  бар  балаларды  оқытуда  өзекті 

болып табылатын педагогикалық тұғырларды қарастырайық. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет