Методические рекомендации по внедрению эффективных методик и технологий в процесс обучения детей с особыми образовательными потребностями



Pdf көрінісі
бет9/150
Дата07.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#17120
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   150
Response to Intervention – RTI 

Көптеген елдерде (АҚШ, Финляндия, Ұлыбритания және т.б.) Response 

to  Intervention  (RTI)  тәсілдемесі  –  «араласу  реакциясын  талдауда  құрылған 

оқыту» таралды. 

RTI – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды ғылыми 

негізделген  әдістемелер  бойынша  оқудағы  баланың  жылжуын  тұрақты 

мониторингілеумен  және  одан  әрі  оқытудың  мақсаттары  мен  әдістеріне 

қатысты  шешімдер  қабылдау  үшін  тексеру  нәтижелерін  пайдаланумен 

оқытуды ұйымдастыруды көздейтін жүйе. 

RTI келесі негізгі ережелерге негізделген: 

- білім беру жүйесі барлық балаларды тиімді оқытуға қабілетті; 

-  мүмкін  болатын  проблемалардың  алдын  алу  үшін  ерекше  білім  беру 

қажеттілігі  бар  балаға  және  оның  отбасына  ерте  кешенді  көмек  көрсету 

маңызды; 

- оқуда қолдау көрсетудің көп деңгейлі моделі қажет; 

- білім алушылардың прогресіне үнемі мониторинг жүргізу керек; 

-  оқытудың  одан  әрі  стратегиялары  мен  тактикасы  объективті 

деректермен анықталуы тиіс. 

Осы тәсілдемеге сәйкес балаларға жұмыс барысында көмек көрсету үш 

деңгейді  көздейді,  олардың  әрқайсысы  әртүрлі  араласу  дәрежесімен 

сипатталады.  Бірінші  деңгейде  қолдау  мектеп  оқушылары  айналысатын 

негізгі 


оқу 

бағдарламасының 

нақты 

мәселелеріне 



шоғырланған. 

Оқушылардың 80-85% - ға жуығы осы деңгейден тыс қосымша көмексіз, оқу 

деңгейіне сәйкес нормаларды орындауға қабілетті. Мұндай көмек жеткіліксіз 

оқушылар екінші деңгейлі қолдау алады, ол әдетте шағын топтарда қосымша 

сабақ түрінде болады. 

Екінші  көмек  деңгейінде  қарастырылған  қосымша  жұмыстан  кейін 

жекелеген оқушылар (3-6%) қиындықтарды бастан кешіреді. Ол кезде оларға 

үшінші деңгей (әдетте жеке жұмыс барысында) көмек көрсетеді.  

Көмектің  барлық  сипатталған  деңгейлері  оны  ауыстыру  ретінде  емес, 

әдеттегі  оқу  бағдарламасына  қосымша  ретінде  қарастырылады.  Үшінші 

деңгей  арнайы  білім  беру  нұсқасы  болып  табылады.  Бұл  тұрғыда  көмек 

деңгейлерінің нәтижелерін бағалау құралдарын іздеу өте өзекті [29]. 



Денсаулықты сақтау тұғыр 

Мектеп  дені  сау  ұрпақты  өсіруге  арналған  болғандықтан,  педагогтар 

білім  алушылардың  физикалық  дамуы  мен  психикалық  денсаулығын 

қамтамасыз  ету  үшін  оларға  байланысты  барлық  әрекеттерді  жасауы  тиіс. 




30 

 

Бала  денсаулығының  жай  –  күйі-мектеп  бағдарламаларын  табысты 



меңгерудің  маңызды  шарты,  сондай-ақ  таяу  жылдардағы  еңбек  ресурстары 

сапасының  және  ел  халқының  ұдайы  өсуінің  шешуші  көрсеткіші  екендігі 

сөзсіз. 

Соңғы  онжылдықта  балалардың  денсаулық  деңгейі  ғалымдардың 

зерттеулері  көрсеткендей,  үнемі  төмендеуде,  бұл  көптеген  әлеуметтік-

гигиеналық  және  биологиялық  факторлардың  өсіп  келе  жатқан  ағзаға  әсер 

етуіне  байланысты.  Бұл  оқушылардың  денсаулығын  қорғау  педагогтардан 

осы өзекті мәселені шешудің тиімді жолдарын іздеуді талап ететінін тағы да 

дәлелдейді.  Мұғалім  білім  алушыға  денсаулықты  сақтауға  көмектесетін 

осындай оқу қызметін ұйымдастыруы қажет. 

Ең  маңызды  аспектілердің  бірі  сабақ  кезінде  оқушылардың 

психологиялық  жайлылығы  болып  табылады.  Бір  жағынан,  оқушылардың 

шаршауының  алдын  алу  міндеті  шешіледі,  екінші  жағынан  –  әр  баланың 

шығармашылық  мүмкіндіктерін  ашу  үшін  қосымша  ынталандыру  пайда 

болады.  Психологиялық  жайлылық  пен  эмоциялық  көтеріңкі  көңіл 

жағдайында  сыныптың  жұмыс  қабілеттілігі  айтарлықтай  жоғарылайды,  бұл 

білімді  неғұрлым  сапалы  меңгеруге  және  соның  салдарынан  неғұрлым 

жоғары нәтижелерге әкеледі. 

Сабақта  тілектестік  жағдай,  жайлы  музыка,  мәнді  әңгіме,  әрбір  пікірге 

назар  салу,  оқушының  өз  көзқарасын  білдіруге  деген  мұғалімнің  оң 

реакциясы,  жіберілген  қателіктерді  тактикалық  түзету,  өзіндік  ойлау  іс-

әрекетін  көтермелеу,  орынды  юмор  немесе  кішігірім  тарихи  ауытқулар  – 

әрбір  баланың  қабілеттерін  ашуға  ұмтылатын  педагог  болуы  ғана  емес, 

олардың балалардың қалыпты психикалық денсаулығына ықпал етеді. 

Сонымен,  ересектер  жеке  мысал  ретінде  салауатты  өмір  салтын 

көрсетсе, балаларды ерте жастан бастап өз денсаулығын бағалауға, сақтауға 

және нығайтуға үйретсе, онда бұл жағдайда қазіргі және болашақ ұрпақтың 

дені  сау  және  интеллектуалды,  рухани  және  физикалық  дамитындығына 

сенуге болады. 



31 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет