Методические рекомендации по внедрению эффективных методик и технологий в процесс обучения детей с особыми образовательными потребностями



Pdf көрінісі
бет5/150
Дата07.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#17120
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Жекелік тұғыр. 

Оқытудағы  жекелік  тәсілдеме  –  педагогикалық  принцип,  оған  сәйкес 

балалар ұжымымен оқу-тәрбие жұмысында әрбір балаға оның жеке басы мен 

өмір  сүру  жағдайларын  білуге  негізделген  педагогикалық  ықпал  етуге  қол 

жеткізіледі [23]. 

Білім  беруді  дараландыру  ең  өзекті,  практикалық  және  теориялық 

мәселелердің бірі болып қала береді. Қазіргі  уақытта инклюзивті білім беру 

мәселелері  жаңартылған  білім  беру  мазмұны  жағдайында  ерекше  білім 

берілуіне  қажеттілігі  бар  балаларды  оқытуда  оң  нәтиже  алу  үшін  егжей-

тегжейлі зерделеуді, жобалауды және енгізуді қажет етеді. 

Қазіргі  заманғы  шетелдік  және  отандық  педагогикадағы  жекелендіріп 

оқыту  процесінің  ұйымдастырылуы  оқыту  тәсілдемелері  мен  тәсілдерін 

таңдаумен,  оқушылардың  оқуға  қабілеттерінің  даму  деңгейін  ескеруімен, 

барлық оқушыларда бірдей емес екенділігімен түсіндіріледі. 

«Әлсіз»  білім  алушылар  бұрын  алған  білімдеріндегі,  іскерліктері  мен 

дағдыларындағы  кемшіліктерге,  қарым-қатынастың  нашар  дамыған 

тәсілдеріне және абстрагтауға байланысты оқу материалын меңгеруде үлкен 

қиындықтарға тап болады және мұғалімнің ерекше көмегін қажет етеді. 

«Күшті» оқушылар, егер мұғалім «орташа» оқушыға бағдар беріп жұмыс 

істесе,  онда  олардың  ақыл-ой  дамуы  тежеледі,  танымдық  белсенділігі 

төмендейді.  Пән  бойынша  жақсы  үлгеретін  оқушылар  үшін  толық  жұмыс 

істей алатын жағдай жасау қажет. Осылайша, өзіндік жұмысты ұйымдастыру 

кезінде сынып оқушылары толық нұсқаудың орнына «әлсіз» оқушылар үшін 

жасалғандай, негізгі тапсырманы орындағаннан кейін танымдық тапсырманы 

орындаудың мақсаты, тәртібі мен тәсілдері туралы жалпы нұсқаулармен ғана 

шектелуі  керек.  Жалпы  тапсырмадан  басқа  қосымша  тапсырмаларды  да 

ұсыну қажет: мысалы, математикадан тапсырманы басқа тәсілдермен шешу, 

шешудің ең тиімді тәсілін табу және дәлелдеу [24]. 

Жекелік  тәсілдеме  балаға  мектепке  келгенге  дейін  басталады:  болашақ 

бірінші сынып оқушысын зерттеу, оның ата-аналарымен әңгімелесу. Бірінші 

сыныпқа келген балалардың оқуға дайындығын зерттеу негізінде мұғалімдер 

оларды келесідей топтарға бөледі: 

- әріптерді білмейтін, сөйлеу дыбыстарын ажырататын дыбыстар; 

- әріптерді білетін, буындау бойынша дұрыс оқитын

- жақсы оқи алатын. 

Оқу  тобының  балаларына  әдетте  сабаққа  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Олар 

сөздер  мен  сөйлемдерді  құрастыру  және  жазу  үшін  неғұрлым  күрделі 



20 

 

тапсырмалар  алады,  оқу  үшін  неғұрлым  қиын  мәтіндер  береді  (кесте  1). 



Сабақ  кестесі  мынадай:  өткенмен  байланыс;  жаңаның  фронтальды 

түсіндірмесі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет