Тұлғаға-бағдарлық тұғыр
Тұлғаға-бағдарлық тәсілдемесі берілген қасиеттермен жеке тұлғаның
қалыптасуын емес, білім беру процесі субъектілерінің жеке функцияларын
тиісінше дамыту және толыққанды көрсету үшін жағдай жасауды көздейді.
Педагог іс-әрекетінің бағыты ретінде тұлғалық тәсілдеме – бұл педагогтың
ұжымдағы әрбір баламен өзара әрекеттестікте ұстанымын анықтайтын негізгі
құндылық бағыты [25].
Тұлғаға-бағдарлық тәсілдемесі педагог пен балаға өзін жеке тұлға
ретінде сезінуге, олардың мүмкіндіктерін анықтауға, ашуға, өзіндік сана-
сезімін қалыптастыруға, өзін-өзі анықтаудың, өзін-өзі жүзеге асырудың және
өзін-өзі бекітудің жеке-маңызды және қоғамдық қолайлы тәсілдерін
қолдануда көмек көрсетуді көздейді.
Тұлғаға-бағдарлық тәрбие – бұл жалпыадамзаттық құндылықтар
негізінде тұлғалық қасиеттерді дамыту мен өзін-өзі дамыту. Гуманистік
ғұлғаға-бағдарлық тәрбиесі – баланың мәдениетке, социум өміріне, оның
барлық шығармашылық қабілеті мен мүмкіндіктерінің дамуына, мәдени
бірегейлігінің, әлеуметтік бейімделуінің және шығармашылық тұрғыдан өзін-
өзі жүзеге асыруының педагогикалық басқарылатын процесі.
Тұлғалық тәсілдеме – бұл психология ғылымының маңызды принципі,
ол баланың жеке тұлғасын есепке алу. Бұл тәсілдеме баланың тәрбие
процесіндегі жағдайын анықтайды, оны осы процестің белсенді субъектісі
деп тануды білдіреді, демек субъект-объектілік қатынастардың қалыптасуын
білдіреді [26]. Жеке тұлғаға-бағдарлық тәсілдемені жүзеге асыру кезіндегі
жұмыстың негізгі бағыттары:
- оқыту барысында балада жайлы сезім қалыптастыру (әр іс-шара оң
эмоциялар әкелуі тиіс, бала мектепке қуана бару керек);
- ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік-тұрмыстық
бейімделуі (сыныптағы және жалпы мектептегі жайлы жағдайды білдіреді);
- коммуникацияның вербалды және вербалды емес дағдыларын
қалыптастыру;
- балалардың мінез-құлқының эмоциялық аясына қолдау көрсету
(балалардың өз күшіне сенуі, мектепте оларға риза болуына, олардың
эмоционалдық көңіл-күйін өзгертуі үшін осындай жұмыс әдістерін таңдау
қажет);
25
- әр адамның жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін есепке алу.
Мектепке
деген
қызығушылықты
ынталандырудың
пәрменді
тәсілдерінің бірі – оқу-тәрбие процесінде табысты жағдайын құру. Табысқа
жетудің қуанышын білдіруге, қиындықтарды жеңудегі одан әрі жетістіктерге
жету мүмкін емес. Егер бала мұғалімнің көңілін сезсе, сыныпта қолайлы
микроклимат қалыптасады, балада қызығушылық пайда болады. Мұның бәрі
сенімсіздік, қорқу сезімін төмендетеді. Бұл ретте үрейленудің жағдайы
сенімділік жағдайымен алмасады, балаға бұл үрдіс қызықты болады, ол
мектепке келеді. Тәрбие міндеттерін анықтауда үлкен көмек көрсетеді, бұл
үрдісті басқару және ынтымақтастық мақсатында білім алушының жағдайын
зерттеуге бағытталған.
Жеке-топтық және ұжымдық жұмыстың үйлесімі – күрделі міндет,
өйткені ол үшін әрбір оқушының қолжетімді қарқынмен жұмыс істеуін
қамтамасыз ету қажет. Күшті оқушылармен жұмыс істеу негізінде мазмұны
бойынша үнемі артып отыратын жүктеме болуы тиіс. Әлсіз оқушылармен
жеке жұмысты жүргізгенде бастан кешкен қиындықтарды жүйелі түрде
зерделеуге негізделуі тиіс. Жұмыстың ұжымдық формаларын жекелік
тәсілдемемен жүргізудің бірінде әр түрлі қиындық дәрежесіндегі сараланған
тапсырмаларды пайдалану болып табылады. Тапсырмаларды 2 бөлікке
бөлуге болады: міндетті және қалаған.
Бұл әлсіз оқушыларға асықпай, міндетті бөлімді орындауға, ал күшті
оқушыларға қосымша орындауға мүмкіндік береді.
Педагог үшін дифференциалдық және жекелік тәсілдемелерді жүзеге
асыру кезінде шыдамдылық, табандылық, оқушыларға жақсы қарау,
уақытында көмек көрсету, ұжымдық жұмысқа белсенді тарту, табысты
көтермелеу қажет етіледі.
Үлгерімді бағалау жалпы бағалау нормаларына негізделе алмайды, ол
оқушының алға жылжу дәрежесін ескеруі, оның оқу процесін ынталандыруы
және тәрбие қызметін орындауы тиіс. Оқушының даму нәтижелерін басқа
балалардың табыстарымен емес, өзінің жетістіктерімен салыстырудың
тұлғаға-бағдарлық тәсілдемесін жүзеге асыру кезінде өте маңызды.
Табысқа жетудің кез келген нәтижесі бағалануы тиіс болады, ол
оқытудағы мотивацияны арттырады және іс-әрекетте тұрақты, оң көзқарасты
қалыптастырады.
Бұл тәсілдемедеде келесідей мұғалімнің негізгі функциялары атқарады:
- балаларға бейімделуге көмек;
- баланың белсенділігін (қозғалыс, зияткерлік, танымдық, әлеуметтік,
шығармашылық, мінез-құлық) көрсету үшін мектепте білім беру процесіне
қажетті жағдай жасау;
- білім алушының өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі реттеу
бойынша күш-жігерін ынталандыру;
- баланың жеке тұлғасын қалыптастыру процесі жүріп жатқан шарттар
26
мен қатынастарға үнемі көңіл бөлу;
- жалпы мектептегі балалардың қарым-қатынасын реттеу және тәртіптеу
(топаралық, тұлғааралық қарым-қатынас);
- туындаған жанжалдардың алдын алу және оларды шешуге көмек
көрсету;
- мектепте және мектептен тыс жерлерде баланың педагогтар және
ересектермен қарым-қатынасын реттеу;
- тұрмыстық шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру негізінде
балаларды өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына мақсатты және дәйекті
үйрету;
- зиянды әдеттердің алдын алу бойынша балалармен жұмыс жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |