ТРЕНИНГТІК ТОПТАҒЫ ТОПТЫҚ ДИНАМИКА
Тренингтік топ миниатюрдағы қоғам болып табылады. Осыған орай
барлық әлеуметтік топтарға сай топтық процестер болып жатады. Топтың өмірі
барысында болатын топішілік әлеуметтік-психологиялық процестер және
құбылыстар жиынтығы әлеуметтік-психологияда «топтық динамика» терминіне
біріктіріледі. Топтық динамикаға тренингтік топтағы топтың даму процестері,
өзара қарым-қатынас пен мүшелерінің өзара әрекетінің дамуы жатқызылады.
Топтық динамиканың негізгі процестері ретінде тренингтік топта бөліп
көрсетіледі:
- топтың даму фазалары;
9
- топтық рөлдер мен көшбасшылық феномені;
- топтық бірлестік және конформдық;
- жаңаның пайда болу процестері;
- топтық шешім қабылдау процестері.
-
ТРЕНИНГТІК ТОПТЫҢ ДАМУ ФАЗАЛАРЫ
Конструктивті жұмыс тек психологиялық дамыған және дайындалған
топта жүргізіледі. Топ терапевтикалық және түзету-дамытушылық қасиетке ие
болу үшін дамуы қажет. Топтың дамуы мен құрылу процесінің суреттеудің
әртүрлі ағымдары бар, топтың құрылуы және даму сценарийі, басшының
позициясы мен рөлі, жеке даралы стиль сияқты процестерге байланысты
болады. Бірақ көптеген авторлар даму процесінде топ 4 негізгі фазадан өтеді
деп көрсетеді:
1. Бағыттылық және тәуелділік фазасы. Қатысушылар ситуацияда бір-
біріне және жүргізушіге қарайды. Көп қатысушыларда қызығушылық
байқалады. Қорғаныс ретінде болып жатқанға күмәнмен қарау болуы мүмкін.
Бұл кезде топ жүргізушіге бағытталып, оған тәуелді болады. Одан нұсқаулар
мен басқаруды күтеді, ол жалғыз ұйымдастырушысы мен қатысушылар
арасындағы байланыс звеносы болады. Жүргізуші жұмыс барысында топқа да
қарап, оның мүшелерінің қызығушылықтары мен ұмтылыстарын талдайды.
Топтың өмір сүруі қатысушылардың категориясы мен жүргізушінің стиліне
байланысты болады. Топтың бұл фазаны өту нәтижесі келесі фазада байқалады.
2. «Притика» және қақтығыс фазасы. Қатысушылар өзара топта
әлеуметтік орынды таңдайды. Бәсекелестікке ұмтылу көрінеді. Рөлдерді бөлісу
белсенді жүреді, агрессивтілік жоғарлайды. Кей кезде топ мүшелері бір адамды
таңдап оған басымдылық жасайды, жүргізушімен ашық конфронтацияның
болуы мүмкін. Бұл фаза топта қысымдылық және жоғары қастаңдықпен
сипатталады. Бір-біріне құрылымдық көмек әлі болмайды немесе көрінбейді.
Бағалау мен кеңес беру көп болады. Бұл кезең басқарушы (жүргізуші)
тарапынан бағалауды талап етеді. Топ көңілін болып жатқанды қабылдауға
бағыттау қажет. Неғұрлым ситуациядан шығуда көмек басым болса, соғұрлым
әрі қарай жұмыстың мағаналы әрі терең болуына ресурстар көп болады.
3. Әріптестік және мақсатқа бағыттылық фазасы. Егер топ мүшелерінде
жалпы құндылықтар, сенімділіктер, сезімдердің ашық білдіру және жалпы
«Біз» дегенді сезіну байқалса, онда топ дамып бұл фазаға жеткендігін білдіреді.
Енді қатысушылар өз проблемалары жайлы ашық айтады. Осы кезеңде топ
терапевтикалық қабілет пен тұлға дамуы қамтамасыз ететін қасиетке ие
болады.
4. Топтың аяқталу фазасы. Қойылған міндеттерді толық шешіп,
сұрақтарға жауап табылатын болса, онда топ өзінің әлеуметтік-құрылымы
ретінде өмірін аяқтайды. Қатысушыларда тренингтен соң қиындық сезімі
10
қалмас үшін, жүргізуші тренингті аяқтау жұмысын мақсатты жасау қажет.
Қатысушылар топтан тыс өмірге эмоционалды дайын болу тиіс. Кейде жаңа
ғана өзінің жеке тәжірибесін бастаған жүргізуші бұл фазаға көп көңіл бөлмей,
«топтық арылу қалпында қалдырады», ол тренингтің нәтижесіне әсер етеді.
ТРЕНИНГТІК ТОПТАҒЫ ҚЫСЫМДЫЛЫҚ ПЕН БІРЛЕСТІК
Топтық бірлестік - топ жұмысының нәтижелі болуына әсер ететін шарт.
Жақсы ұйымдасқан топ қана қатысушылардың ашылуына, өз ойларының
конфронтациясына әсер етеді. Топтық бірлестікке көмектеседі: басқа топтармен
қарсыластық, қатысушылардың жеке міндеттерін шешу және дұрыс
ұйымдастырылған іс-әрекет; топтағы достық атмосфера; қатысушылар
арасындағы симпатия және позитивті қарым-қатынас; тренингке қатысудан
көмекті күту; топ пен жүргізушінің пристижі; қатысушылардың оң мотиві.
Топтық қысымдылық (күш салу) топ мүшелерінің жеке ұмтылыстары мен
нақты топтағы ситауцияның қатысушылардың күтулерімен сәйкес келмесе
пайда болады. Топтағы тұлға аралық қатынастың ерекшеліктері мен мінезге
қанағаттанбаушылық та әсер етеді.
Қысымдылыққа қарама-қарсы қалып- жайлану (расслабление) ал топтық
динамика контексінде қысымдылыққа қарсы қасиет - топтық бірлестік.
Қысымдылық қатысушылар арасындағы соқтығыстар мен топтық қақтығыстар
арқылы пайда болады. Топтық бірлестік - орталықты ұмтылыстық күш, ол топ
қарым-қатынасының тұрақтылығы мен қатысушылардың жақын араласуына
бағытталады. Бірақ топтық қысымдылықты тренингтік топтағы негативті және
жағымсыз деп қарамауымыз қажет. Қысымдылық (күш салу) – ресурс және алға
жылжытатын фактор, ол қатысушыларды өзгерістерге итермелейді. Ал топтық
бірлестік – топтың тұрақтандыру факторы, топты бұзылу мен қысымдылықтан
(күш салудан) сақтайды. Осының арқасында топ мүшелері қолдау мен
қауіпсіздікті сезінеді. Жүргізуші топтың күш салу мен бірлестіктің қарама-
қарсы функцияларын есепке алып, олардың арқасында үйлесімділікті ұстауы
қажет.
ТРЕНИНГТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Көптеген авторлар әлеуметтік-психологиялық тренингтің негізгі мақсаты
ретінде қарым-қатынастағы компетенттілікті жоғарлатуды көрсетеді.
Бірақ қазір ӘПТ тек қарым-қатынаспен ғана емес, оның ұғымын кеңейтуге
болады. Адам жеке тұлға ретінде қоғамда, қарым-қатынас барысында және
басқа адамдармен өзара әрекет арқылы қалыптасады және дамиды.
Коммуникативті қабілеттер – адамның даму шарты, оның даму нәтижесі.
Қарым-қатынастағы компетенттілікті жоғарлату адамның тұлғалық
қасиеттерін, әлеуметтік белгілерін өзгертумен байланысты, оның өзіне және
қоршаған әлемге жалпы қатынасын қарастыру қажет. Әлеуметтік-
психологиялық тренингтің жеке міндеттері қазіргі уақытта жеке бағыт болып
бөлініп шықты.
11
ТРЕНИНГТІҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ
Психологиялық тренинг нақты принциптер бірлігінде құрылады, оның
негізінде тренингтің әдісі ретінде дұрыс қолданудың ережесі мен басқарудың
ерекшеліктері түсіндіріледі.
С.И.Макшанов тренингтің принциптерін бірнеше топтарға бөліп
көрсеткен:
- Ұйымдастырушылық принциптер;
- Тренинг орталығын құру принципі;
- Қатысушылардың мінез-құлық принциптері.
Ұйымдастырушылық принцип тренингті4 жүргізілуін және дайындық
ерекшелігін анықтайды және оған келесілер жатады:
- Тренингке қатысушы топты жинақтау принципі мына сипаттамаларды
ескереді: жынысы, жасы, кәсіби деңгейі, қызметтік иерархия деңгейі, сонымен
қатар тұлғаның кейбір психикалық қасиеті.
- Физикалық тұйықтылық принципі. Тренингтік топ құрамдас адамдармен
басынан аяғына дейін жұмыс істейді. Топ жұмысының бастауынан кейін оған
жаңа қатысушылар кірмейді. Бірнеше сабақты босатқандар топ мүшелерінің
келісімімен кейінгі жұмысқа қатыса алады. Бұл үшін оларға топ мүшелері
босатқан сабақтағы барлық болғандарды айтуы тиіс.
- Кеңістік пен уақытты ұйымдастыру тренингінің принципі топтың
кеңістік пен уақыт сипаттауларын анықтайды.
- Тренинг орталығын құру принципі. Тренингтегі арнайы орта көбінесе
жұмыстың тиімділігі мен бағыттылығын анықтайды. Тренингтік топ сыртқы
әлемді жасанды құрылған әсер ретінде беретін миниатюрдағы қоғам болып
келеді. Психологиялық тренингтің ортасының сәйкес келуі кең әлеуметтік
қоршаған айналаның фрагметі және мағаналы шындық ерекшелігінің негізгі
көрсеткішіне сәйкес келуі қажет. Әйтпесе лабораториялық тренингтік ортада
проблемалар туындауы мүмкін. Сонымен қатар қолданылатын әдістемелік
құралдарға және орындалатын міндеттерге сәйкес келуі керек.
Тренинг орталығын құру принципі келесілерді қамтиды:
- жүйелік детерменация принципі. Тренинг ортасында адамның және
топтың психологиялық феномендік өзгеруінің негізгі факторларын анықтау;
- Шыншылдық принципі- қатысушылардың проблемаларын және
әлеуметтік кәсіби жағдайларының бөлшектерін өндеуге келетін ортаны құру.
Лабораториялық тренингтік ортаның шындықтан айырмашылығының көп
болуы салдарынан алынған өзгерістердің шынайы өмірге ауысуы ықтималдығы
азаяды.
- Артықшылық принципі - топтың дамуы және мазмұнды жылжуының
негізінде тренингтің әрі қарай жалғасуының әртүрлі нұсқаларын таңдаудың
12
мүмкіндігін дамыту (қатысушылардан алған ақпатарттар, тренингтік
процедураны жүргізу және т.б.).
- Қатысушылардың мінез-құлық принципі. Қатысушылардың мінез-құлқы
қандай болмасын психологиялық тренингте нақты принциптерге және нақты
модельге құрамды болып келеді. ӘПТ-да қатысушының мінез-құлқы
принциптері келесі түрлерге бөлінеді:
- модельдеу принципі. Қатысушы мінез-құлықтарының негативті және
позитивті формаларын көрсететін түрлі жағдайларды модельдеу.
- Белсенділік принципі тренингке барлық қатысушылардың белсенді
жұмыс жасауын талап етеді. Тренингтің нәтижелілігі әрбір қатысушылардың
болған жағдайларға және процедураларға оның тұлғалық қатысу деңгейін
анықытайды.
- Шынайылық принципі. Әрбір қатысушы өз шындық шегін анықтауға
құқығы бар, егер айтқысы немесе әрекет еткісі келмесе, онда «жоқ» деп айтуға
да құқығы бар. Ал егер, айтуға бел буса, онда мағаналы, шынайы түрде берілуі
тиіс.
- «Қазір және мұнда» принципі. Берілген принцип бойынша тренингтегі
жағдаяттар сыртқа шықпауы тиіс.
- Сенімділік принципі. Қатысушының бір-біріне деген сыйластық
қатынасына бағытталады. Тренинг барысында қатысушылардың қарым-
қатынасы және бірлескен әрекеті басқалардың уайымы мен сезімі,
құндылықтары, қызығушылықтары негізінде құрылуы керек.
- Зерттелушілік (шығармашылық) позиция принципі. Тренингтік топта
басқаларды тануға, өзара қатынас заңдылықтарының ерекшеліктерін зерттеуге,
өз мәселесін шешуге, өзіндік талдауға стимулдайтын креативті орта
қалыптасады.
- Мінез-құлықты объектілеу (тану) принципі. Бұл принцип санадан тыс
инпульсивті деңгейді саналатырады. Қатысушылардың өз мінез-құлықтарын
тануы және өз іс-әрекеттеріне деген жауапкершіліктердің тууы оның өзіндік
өсуінің белгісі. Мұнда ең басты құрал кері байланыстың болуы.
Топтағы жағдайларды видео, аудио жазбаларға түсіруге болады.
Этикалық принцип. Оған жататындар:
- Құпиялық (конфеденциолдық) принципі. Тренингтік топтағы жағдайлар
жөніндегі ақпарат топ сыртында айтылмауы керек. Бұл принципті ұстану, оны
бұзбау топтағы сенімділіктің артуына негіз болады.
- Зиян келтірмеу принципі. Бұл принципті ұстану жүргізушінің және
қатысушылар жағынан зиян келтіруді болдырмайды. Жүргізуші тренингте
13
болған жағдайларға жауап береді және «зиян келтіріп алма» позициясын
ұстанады.
- Тренингтің мақсаты оның мазмұнына сәйкес келуі принципі. Кейде
жұмыс барысында қатысушылардың тренинг жоспарының мазмұнына өзгеріс
еңгізу тілегі тууы мүмкін. Бұл кезде жүргізуші қатысушылардың қорғаныс
реакциясының тілегін өзгертуі міндет емес. Ол жеке қатысушылармен қосымша
жұмысты арнайы бағыттаған тренинг немесе кеңес беру түрінде орната алады.
Алайда бұл қадам жүргізушінің тренингке дайындығының жетістігі аз
екендігінің көрсеткіші бола алады. Жүргізушінің тұлғалық ерекшеліктері,
кәсіби білімі мен қабілеті топтық және әрбір қатысушының тұлғалық
дамуының құралы болып келеді. Нәтижесінде жүргізушінің даярлық стилі
білімі мен тәжірибесі барысында жұмыстың сәттілігі анықталады.
Психологиялық техникаларды, тәсілдерді, ойындар мен жаттығуларды білу –
шебердің қолындағы құралы ретінде жүреді. Бұл құралдарды қолдана білу-
біріншіден, шебердің тұлғалығынан, оның кәсіптілігінен және екіншіден, бұл
құралдың сапалылығына байланысты. Жүргізуші әрқашан не істеу керек,
қандай нәтижелер болатынын, бұл нәтижелермен не істей алуға болатыны
жайлы алдын-ала көріністе болуы керек.
Тұлғамен жұмыс. Жеке тұлғамен жұмыс тұтасымен әрбір қатысушының
өзі жайлы, өзінің ерекшеліктері, өз тұлғасының мықты және бос жақтарын, өз
мүмкіншіліктерін терең ұғыну, тану процесімен жүзеге асады. Бұнда
қатысушының Мен-концепциясы ескеріледі, танымдық процестерімен
коммуникативті компетентілігі дамиды. Тұлғамен жұмыс барысында
қатысушылардың әлеуметтік бағдарлары мен сенімдері, құндылықтары,
өздеріне және басқаға деген қатынасы өзгеріледі. Берілген жұмыс
қатысушылардың ішкі шектеулерінің ашылуына, тұйықтылықты жеңуге
көмектеседі. Тұлғамен жұмыс нәтижесінде әрбір қатысушының өзін тұлға
ретінде қабылдауға, өмірде табысты болуға бағыттайды. Бірақ топ мүшелері
өздерін талдауға және терең түсініп ашылауы үшін, олардың бір-біріне сеніп,
қолдау беретінін түсінуі қажет.
Топтық жұмыс. Қатысушылардың конструктивті жұмысы топтық
психологиялық қарым-қатынаста дамуы, жүзеге асуы мүмкін. Топтық өмір
құрылған моментін бастап бір орында тұрмайды, ол ішкі және сыртқы
факторлар әсерімен әрқашан дамиды. Топтық қиын, бір ағзадағы өзара
байланысты элементтер жүйесін құрайтын және белгілі бір ішкі құрылым,
мақсат, норма, санкция, рөлдер және т.б. ретінде қарастыруға болады. Бұл
элементтер біреуінің өзгеруі барлық ағзаның өзгеруіне әкеледі. Тренинг
барысында жүргізушінің топпен жұмыс жасау рөлі топтық динамиканы жалпы
қарасп және оның даму процесін қамтамас ету болып табылады. Жүргізуші
топтың даму процесін бақылап және оны басқара ала білуі керек.
14
ТОПТЫ БАСҚАРУ СТИЛІ
Жүргізушінің жұмыс істеу стилі топты басқаруда еркін және директивті
(бағлдарлы) болады. Еркін басқару формасы пасивті түрде көрінуі мүмкін.
«Сыртқы пасивтіліктің» болуы қатысушыларда сенімділіктің болмауында
туады, өйткені тренер қатысушыларға мақсатты, жетістікке жету құралдарын
айтпайды. Тренердің сыртқы «пасивтілігі» ашық көрінгендіктен кей кездері
қытысушыларға ызаландыруды тудыру мүмкін. Жүргізуші ешқандай әрекет
етпей «тек қана тындайды». Топта ұзақ уақыт пауза болуы мүмкін. Жүргізуші
бірақ ешкімді сендірмей және ештене түсіндірмеу мүмкін. Ол қатысушылардың
сұрақтарынан, талаптарынан қашқақтауы мүмкін. Топта қысымдылық пен
белгісіздік пайда болады. Бұл топты басқарудың ең қиын формасы. Мұнда
жүргізушіден жоғары кәсібилікті, эмпатикалық тындаудың жеткілікті
техникасын меңгеруді, әр қатысушыдан шыққан вербалсыз ақпаратты көру
қабілетін, топты қабылдау мен «сезіну» қабілетін білу және топты жалпы
басқара алуы керек. Әйтпесе қатысушылар тарқап, не үшін келгендігін,
жиналғандарын білмеулері мүмкін. Бірақ берілген форма (техника ретінде)
жақсы нәтижеге жеткізуі де мүмкін. Егер, бұл форма техника түрінде
қолданылатын болса, онда басында мәселе анықталып алынуы тиіс. Бұндай
форманы сонымен қатар кейбір тақырыптық немесе кәсіби топтарға қолдануға
болады, бұл жерде жүргізуші өзіне басынан бастап кеңесші рөлін алады да оған
тек қажетті болған кезде ғана назар аударады. Бұл жағдайда топқа еркіндік
беріліп, олар проблема мен оның шешу жолдарын таңдайды. Басқарудың басқа
ақырғы формасы- бұл бағдарламалар, онда топты басқаруды қатаң түрде
директивті стиль қолданылады. Бастаушы тренерге шынайы топтық жұмысты
жүргізуі үшін компромисстік форманы қолданған пайдалы. Сабақтын жоспары
мен тренингтің құрылымын ұстану және әр уақытта топтың барысын,
қатысушылардың көңіл-күйін қарау, қажет болса жұмыстың жоспарланған
мазмұнынан ауытқуға, бірақ бастапқы мақсатты ұстану дайын болуы қажет.
ТРЕНИНГТЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТОПТЫҚ ӘДІСТЕР МЕН
ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
Топтық психологиялық тренинг процесінде жүргізуші әртүрлі топтық
жұмыстың әдістерін, әдіснамалық тәсілдер мен құралдарды қолданады.
Диагностикалық процедуралар.
Тренингте диагностикалық процедуралар қолданылуы мүмкін:
- топқа қатысушыларды іріктеуде;
- қатысушылар арқылы өзі туралы ақпарат алу құралы ретінде;
- өзін-өзі түсіну немесе өзіндік ашылу тәсілі ретінде;
- тұтасымен тренингтің және тренингтік процедуралардың тиімділігін
бағалау және қамтамасыз ету.
Топпен жұмыс жасау процесінде қолданатын психодиагностикалық
тестер мен әдістерді жүргізбес бұрын ол қатысушыларға өзін түсінуге деген
қажеттілігін, өзін зерттеуге деген және өзін білуге деген қажеттілігін құра білу
15
қажет. Өзін білу процесі барысында терең өзін түсіну болады, яғни онда
алынған ақпараттарды топпен талқылауға деген тілегі туады, яғни өзін талдау,
өзіндік ашылу жүріп жатады.
Ақпараттандыру. Тренинг процесінде жүргізуші жоспарлаған бойынша
топтық мақсаттың дамуымен, топтың мазмұнды қозғалысын және жаттығулар
мен процедураларды орындауға дайындығы жөнінде қажетті жағдайларды
қатысушыларға ақпараттауы мүмкін. Ақпарат беру психологиялық түсініктің
ашық формасы арқылы жүргізіледі, ол өзінің практикасынан немесе
материалдардың анализінен сипаттама беруі мүмкін. Бұның негізінде қосымша
көмекші әртүрлі тәсілдерді қолдануға болады (ведио, аудио, және т.б.).
Ақпарат беру процесінде жүргізуші қиналған белгілі бір қатысушыларға
көмектесуі мүмкін, оларға әрекет процесінде кері байланыс беру, қолдау
көрсету арқылы.
Психогимнасткалық жаттығулар.
Психогимнастикалық жаттығу әртүрлі, олар жүргізушінің түрлі
міндеттерін қамтиды. Олар мыналарға бағытталған: қатысушылардың
танымдық процестерінің дамуына, түсінушіліктің кеңеюіне, өзін түсінуге, өз
бейнесін түзетуге, эмоционалдық қалыпты бағыттап реттеуге және т.б.
Эффективті мінез-құлықтық жаттығулар келесі кезеңдерден тұрады:
- өзгеруді қажет ететін белгілі бір мінез-құлық;
- үміт еткен мінез-құлықты модельдеу;
- үміт етілген мінез-құлықтты сәтті орындау үшін қсымша ресурстарды
табу мен оның қажетті орындау;
- бір немесе бірнеше сабақтар барысында жаңа мінез-құлықты машықтау;
- топ сыртында болатын жағдайларға жаңа мінез-құлықты тарату;
-
топ сыртындағы қатысушылардың мінез-құлықтары жөнінде ақпарат алу.
Қатысушылардың өз бейнелерін тануыларын дамыту үшін бір-біріне
өздерін көрсету жатығуларын ұсынуға болады. Сол арқылы белсенді кері
байланыс алуға болады. Алдында айтылғандай топ өзінше бір психологиялық
айна тәрізді болады, бұнда яғни қатысушылар бір-бірлерін және өздерінің
бейнелерін жақсы көреді. Сонымен қатар бұл жаттығу тәсілі зейінді, есті,
бақылаушылықты, ойлауды тиімді дамытады.
Рөлдік ойындар. Рөлдік ойынның ең кең ұғымы әдіс болып табылады,
оның негізгі мәні қатысушыларды әртүрлі ойындар арқылы қыздыру. Бұл
анықтамаға мыналарды жатқызуға болады, ұйымдастырылуы қиын, көп
қатысушылар және әртүрлі рөлдер, яғни сюжеттік – рөлдік ойын. Дұрыс
ұйымдастырылған және ойналған рөлдерді басқару жалпы тұлғаға қауіп
төндірмейді, себебі ол «тек қана ол кейіпкердің ойының ойыны», оны «жаңа
өлшемдермен» эксперимент жасау.
Рөлдердерді ойнау жақсы өзгеру механизімі болып табылады. Сондықтан
рөлдерді ойнау әдіс ретінде басқа құрылымсыз әдістерге қарағанда қауіпсіз
болып табылады да қатысушы қажетті жағдайларда « рөлдерді ойнау арқылы
тығылып» керек кезінде одан шығуға мүмкіндік береді. Рөлдік ойын процесінде
қатысушыларға өз ойларын, сезімдерін жеткізуге және әрекет етуге мүмкіндік
береді.
16
Рөлдерде ойнау:
- қатысушылардың өзіндік шектеулеріне шығуға және ол шектеулерге
итермелеуге болады;
- өзін-өзі танудың шекараларын кеңейуіне әкеледі;
Топтық пікірталас. Топтық пікірталас бағытының негізгі үш типін бөліп
көрсетуге болады:
1. Кәсіби - тұлғалық бағыт. Бұл пікір-талас типінде топ тұлғаның
қиындықтары жөнінде немесе бір қатысушының кәсіби өмірін талдайды. Топ
мүшелері берілген проблемаға өз ойларын білдіріп, өз сезімдерін білдіреді де
кері байланыс ұсынылады.
2. Тақырыптық бағыт. Талқылау сұрақтармен проблемаларға арналады,
оның шешімі барлық топқа қатысты болады. Тақырып жұмыс процесі
барысында белсендірілуі немесе алдынала жоспарланып дайындалуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда тақырыптық пікірталас алдынала анықталынып алынады.
Бұл жағдайда қатысушыларға берілген тақырып бойынша дайындалуларына
мүмкіндік беріледі.
3. Өзара әрекет етуге бағыттылық. Бұл пікірталас типі топтық динамикаға
бағытталған, яғни топ мүшелерінің қарым-қатынасы, қатысушылардың өзара
реакциялары. Бұл пікірталаста «қазір және осында» принципін ұстанған дұрыс.
Пікірталастың жоғарылығы топтың бірігу деңгейін көтереді, бірақ ол
тақырыпты таңдау мен сұрақтың дұрыс қойылуына тікелей байланысты
екендігін естен шығармау қажет. Сондықтан да сұрақты дұрыс қою және оны
дұрыс жеткізу өте жоғары талапты қажет етеді. Сонымен қатар кейбір
жағдайларда қатысушыларды белсендіру үшін шеңбер бойынша барлық топ
мүшелерін өз ойларын айтуларын өтінуге болады, бұл барлық топ мүшелерін
белсендендіру мүмкіндігін артырады.
Достарыңызбен бөлісу: |