ЭТНОМӘДЕНИ КОМПЕТЕНТТІЛІКТІ ДАМЫТУ ТРЕНИНГІ
Полимәдени білім: концепция мен бағдарламалар
Полиэтникалық қоғамда білім беру мен баланы тәрбиелеу мәселесі
барлық әлемде өзекті мәселе болып табылады, сондықтан да полимәдени білім
концепциясы әлемдік білім беру кеңістігін жаулап алуда. Оның негізгі тезисі
болып «ешбір мәдениет адам тарихында шақырылмаған қонақ болып
табылмайды, және ешбір адамды мәдени жалған атағы ретінде қарастыруға
болмайды» (Перотти, 1995,35б.)
Бірақ, мәдениаралық білім кең түсінілмеді, ол мектепте тек тәрбиенің
кейбір мындай міндетері ретінде қолданылды:
♦
әр баланың тұлғалық дамуы, яғни оларға жеке-даралы ыңғай жасау;
♦
этникалық және мәдени сауатылықты дамыту, яғни балаларға барлық
этникалық қоғамдағы-өзінің және «басқаның» мәдениеті мен тарихи ерекшелігін
ақпараттандырудың белгілі бір деңгейінің жетістігін анықтау;
♦
этномәдени компетенттілікті қалыптастыру, яғни әртүрлі этномәдени
топтардың айырмашылықтарын жағымды қатынаста біліп қана қоймай, сонымен қатар
оларды түсіну және басқа мәдениетпен өзара қарым-қатынас жасау шеберлігіне
үйрету;
♦ қазіргі әлемдегі өзара әсер ету мен өзара байыту мәдениетін түсіну,
интегративті процестерді дамыту.
Мұғалім бұндай сабақта жазбаша тапсырманы қолданады, балалардан
тарихтың жалғасын немесе берілген тақырып бойынша өз шығармаларын
жазуды сұрайды, ол әртүрлі жанрлық формада болуы мүмкін (ертегі, шумақтар
түрінде), сонымен бірге қай тілде жазса да өз еркі, оған шектеу қойылмайды.
Сонымен мұғалімнің басты міндеті болып әр баланың максималды түрде өзін
көрсетуі болып табылады. Бұндай бағдарламаның бала үшін құнды болып
табылуы мынада:
♦ өзінің этникалық таптаурындарын және нанымдарын түсінудің алғашқы
тәжірибесін алады;
♦ құрбы-құрдастарымен тікелей қарым-қатынас жасау барысында басқа
халық пен мәдениет жөнінде ақпарат алады;
♦ өзін және басқа жеке даралықпен ұқсас еместігін, сонымен қатар
этикалық айырмашылығын біліп, бағалау қабілетін игереді;
26
♦ көп тілділікті бағалайды, өз тәжірибесін вербалды көрсетуге үйренеді;
[Павленко, Таглин, 2005].
Полимәдени оқыту моделі келесі аспектілерде ажыратылып
байқалынады:
•
Оқыту әдісі арқылы дидактикалық немесе эксперимент арқылы;
Дидактикалық моделде :тарихты, әдет- ғұрыпты білумен мәдениетті
түсінуге болады, яғни оның өкілдерімен тиімді қарым - қатынас жасау
қажеттілігіне негізделеді. Керісінше, эксперименталдық модель сендіруге
негізделген, көбінесе адамдар білімді өздерінің тәжірибесінен алады, мысалы,
белсенділіктің ерекше түрінен - стимуляциялық және рөлдік ойындар, яғни
проблемалық жағдайларды мәдениаралық қарым- қатынастың үрдісіндегі
дайындықты анықтау үшін құрылады.
•
Оқыту мазмұны арқылы жалпы - мәдени немесе мәдени спецификасы;
Мәдени спецификалық оқыту оқитындарға берілген нақты өкілдерімен қарым -
қатынас принциптерін түсінуге мүмкіндік береді, оқыту үйлесімді этностық
қарым - қатынастарға бөгет жасайтын психологиялық құбылыстардың
(жағымсыз таптаурындар, теріс ұғым және т.б.) түсінігін ашады. Жалпы мәдени
оқыту үрдісі идеалды түрде ұғынумен байланысты:
1) адам мінез құлқы, эмоциялармен когнитивтік мәдени специфика;
2) туған мәденитке тән специфика;
3) коммуникациялық қарым-қатыннас үрдісінде мәдени факторлардың
маңыздылық деңгейлерінен тұруы керек.
•
Сфера бойынша, яғни негізгі нәтижелерге жетуге ұмтылу когнитивті,
эмоционалды немесе мінез құлықты;
Когнитивтік амалды жақтаушылар мәдени және мәдениаралық
айырмашылықтарды алуына көңіл бөледі. Эмоционалдық амал қондырғыларды
трансформациялауға бағытталған, мәдениетаралық қарым-қатынаспен
байланысты, адамдардың «басқаға» қатынас сезімі (теріс ұғымнан
толеранттылыққа (шыдамдылыққа) дейін немесе белсенді іс әрекетке, жақын
қарым- қатынастың дамуына бағытталған). Одан басқа, эмоцияларға
бағытталған оқыту бағдарламалары оқитындарға жаңа мәдени ортада
сенімсіздік пен қобалжуды жеңуге көмектеседі, сонымен сол ортаға бейімделуі
жақсы өтеді. Мінез-құлықтық тәсіл және қарым - қатынастың тиімділігін
арттыру үшін дағды мен шеберлікті қалыптастыруға икемді, яғни бейімделген.
ЭТНОМӘДЕНИЛІК ТРЕНИНГ: МІНДЕТТЕР МЕН МОДЕЛЬДЕР
Метафорлық тренинг интенсивті әлеуметтік процесс деп атауға да
болады, ал этномәдени тренинг-интенсивті инкультурация (индивидтің өз
халқының мәдениетіне енуі) және аккультурация (индивидтің оған бөтен
мәдениетке ену). Этномәдени тренингтің әртүрлі бағдарламалары басқа
мәдениет өкілдерімен тікелей қарым - қатынас жасауға және индивидтерді
мәдениеттің көп түрлігіне қатысты қиындықтармен күресуге көмектесуге
бағытталған және оларға полимәдени ортада тиімді қарым - қатынас жасауға,
өмір сүруге, оқуға және жұмыс істеуге көмектесу, мәдениаралық
27
түсінбеушілікке негізделген қақтығыстарды азайту. Нақты міндеттерді орындай
отыра, мәдениаралық тренинг ғаламдық мақсаттарға жетуге көмектеседі, яғни:
1) әлеуметтік және мәдени жағдайлардың өзгеруіне: нәсілдің әлсіреуі,
шовинизм мен қоғамда басқа түрлі дискриминация мен теріс ұғымнан;
2) қақтығыстарды реттеу және үйлесімді этникааралық қарым - қатынасты
насихаттауға бағытталған.
Этномәдени тренингтің кез келген бағдарламасы «Қалай?» деген сұраққа
жауап беруге тырысады: индивид басқа мәдениет өкілдерімен тұлғааралық
қатынасты қалай жақсарта алатынын, оның сол елдің құндылықтарымен,
нормаларын, рөлдік құрылымын қалай игере алатындығын көрсетеді. Шынайы
өмірде көптеген адамдар этноцентрлік деңгейдің бірінде болады.
Мәдениаралық ерекшеліктерді мойындамау, мономәдени ортада өмір
сүретіндер және басқа мәдениет өкілдерімен қарым - қатынас жасау тәжірибесі
жоқ индивидтерге тән. Мәдениет арасындағы ерекшеліктер олармен
ескерілмейді, өзіндік дүниежүзілік бейнені әмбебап мәдениет ерекшеліктерін
қорғау деңгейіндегі адамдар, полимәдени ортада өмір сүретіндер өзінің өмір
сүруіне қауіп ретінде қабылдайды және оған қарсы тұруға тырысады,
құндылықтар мен өз мәдениетінің нормаларын жалғыз шындық ретінде
қарастырады, ал бөтендер – «дұрыс емес» сияқты. Бұл деңгей эгоцентризммен
және өз мәдениетін мақтаныш етумен жетеленеді, барлық адамзатқа идеал
ретінде қарастырылады.
Мәдениетаралық ерекшеліктерді минимизациялау, индивид ашық оларды
мойындап оны жағымсыз бағаламайды, бірақ маңызды емес деп қарастыруды
білдіреді. Бұл деңгейді сипатай отыра, Беннетт «трансцендентті
әмбебаптылық» жайлы айтты. Бірақ та, этномәдени компетенттіліктің даму
процесінде адам тағы бір сатыға көтерілуге қабілетті. Интеграция деңгейінде
индивидтің ментальдығы дүниені түсіну ғана емес, басқа да мәдениетті, онда
бимәдениетті немесе мультимәдениетті ұқсастықты қосады. Индивидтің
бұндағы позициясы - тұлғалық өсуінің жоғарғы деңгейін М.Беннетт
конструктивті маргиналдылық деп атады, ол мынандай ұғымдарға сәйкес
келеді, мәдениет арасындағы мультимәдени тұлға -делдал ретінде, бұл басқа
авторлармен де қолданылады. Түсіндірілу бойынша, бұл деңгейді
этнорелятивистік сияқты емес, интеграциялық деңгей ретінде қарастыру керек.
Этномәдени тренингтің кез келген бағдарламасының міндеттері:
спецификалыққа, қалыптасуға, дамуға және барлылығында мінсіздігін
бағдарламаларда оқытылатындардың ойларына, эмоцияларына және мінез
құлқына ұшырауы тиіс. Ал, осыдан, мәдениаралық компетенттіліктің
компоненттері триада болып табылады: білім - шеберлік - әлеуметтік
қондырғылар. Когнетив бағытында тренинг оқитындарға таптаурындарымен
қоса теріс ұғымдарды түсінуге, басқа мәдениет өкілдерімен қарым- қатынасына
әсер етуге көмектеседі, сондықтан оның мақсаттары білім мен санаға көңіл
аудару. Эмоциялар бағытында тренинг коммуникативті қондырғыларды
түзетуге және тәсілдерді тиімді игеруге көмектесуге, басқа мәдениет
өкілдерімен қарым - қатынаста эмоционалдық реакцияларын басқаруға
бағытталған, мысалы қобалжу, қорқу немесе ашу. Мінез- құлықтық
28
аспектілерде этномәдени тренинг ереже бойынша көмектесуге құрылады, яғни
қатысушыларға «мәдени аралық сананы» арттыруға дисскусиялар көмектеседі
және онда осындай тақырыптар көтеріледі:
•
Топ мүшелерінің арасындағы мәдени айырмашылықтар;
•
Түрлі этникалық топтар мүшелерінің арасында қарым - қатынас
ерекшеліктері;
•
Таптаурындар, теріс ұғымдар, дискриминация және оның себептері мен
нәтижелері;
•
Қатысушылардың «критикалық инцинденттер немесе өз тұлғалық
тәжірибесіндегі жағдайлар», кенет өзгерген сол немесе басқа мәдениет өкілдері
туралы жаман не жақсы жақтарын түсіну.
Және тағы да мәдени-спецификалық рөлдік ойындар да қолданылады, олар
қатысушыларға шынайы жағдайда басқа мәдениет өкілдерімен қатынас жасауға
үйренуге көмектеседі. Бұндай ойындарда екі түрлі рөлге бөлінушілік болуы
мүмкін: кейде қатысушылар өз мәдениетінің рөлдерін ойнайды, кейде
«рөлдермен ауысады» - өздеріне басқа мәдениет өкілдерінің рөлдерін
қабылдайды. Мінез - құлық пен қондырғылардың арасындағы байланыс туралы
және аттитюдтың адам мінез - құлқына ықпал ететін факт туралы белгілі.
Ақырғы жағдайда, атап айтқанда, рөлдік ойынның көмегімен қарама - қарсы
шыдамды қатынасқа жетуге болады, өйткені ойын барысында адамға
жұртшылық алдында өзі басынан бастап келіспеген көзқарасын қорғауға тура
келеді. Рөлдік ойынның адамға ықпалы рөлді орындау процесінде өзін-өзі
сендіру іске аса бастауымен түсіндірілуі мүмкін. Адам өз сезімін мойындаған
кезде, олар ол үшін небір маңызды, небір өзекті болып келеді де, есте жақсы
сақталады. Тек рөлдік ойын, адам белсенділігін және импровизацияны талап
ете отыра, оның небір тиімді болуына көмектеседі, яғни кез келген
дидактикалық әдістерге қарағанда, рөлдік ойындарға қатысушылардың
қондырғыларының өзгеруі арқылы олар мәдениаралық қатынас тәжірибесін
алады, және оны шынай мәдениаралық қатынасқа аудару оңай. Бірақ бұндай
оқыту түрі ылғи да өз мақсатына жете бермейді: этноцентризмнің күшті
жағдайында, ол адамға сабақ барысында теріс ұғымнан құтылуға бөгет
жасайды.
ЭТНОМӘДЕНИЕТТІ ТРЕНИНГ ЖӘНЕ ТРЕНЕРДІҢ
КОМПЕТЕНТТІЛІГІНІҢ БАСТЫ ПРИНЦИПТЕРІ
Этномәдениетті тренингтің бағдарламасын жасай отыра, тренингтің
басты принциптері белсенді әлеуметтік-психологиялық әдістермен басқарылуы
керек. Олар:
1)
Тренер мен қатысушылардың іс-әрекеттік принципі. Яғни, дәлірек
айтсақ, олардың аралығындағы белсенділіктің реттелуі. Л.А.Петравскаяның
айтуынша, бұл тренингтің әдісін қолдану, қатысушының белсенді әлеуметтік-
психологиялық позициясын дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Ал бұл арқылы,
тұлға жан-жақты дамиды, психологиялық мәдениеті жоғарлайды, және белсенді
29
өмірлік позициясы қалыптасады (Петровская, 1989). Бірақ, бұл нәтижеге жету
үшін, жалпы принципті сақтау керек.
2) Тренер мен қатысушылардың шығармашылық позициясы.
Бағдарламаны құрастыру процесінде барлығы логикалық және технологиялық
болғанымен, тренер тек қана «Дұрыс ойлау аймағын» ғана емес, сондай-ақ
«Шығармашылық аймақты» да ескеру қажет. Тренер тренинг ақиқаттын
бейнелей отырып, қатысушылар үшін шығармашылық атмосфераны жасау
керек. (Мастеров, 2004)
3) «Осында және қазір» принципі. Нақты сынауды жаттықтырады.
(Мастеров, 2004)
4) Қарым-қатынастың субьективті формасы. Бұнда диологты формалар
басты рөл атқарады (Петровская, 1989)
Тек қана бұл принциптермен шектеліп қоймай, сонымен қатар тренинг
бағдарламасының басқа да принциптерін ескеру қажет, мысалы «Әмбебаптың
этномәдениет принципі». Бір жағынан тренер кез келген салт-дәстүрді мысалға
ала тұрып, қатысушыны этноцентрикалық позицияға бағыттауы мүмкін, ал
екінші жағынан, мәдениетті релятивизм де қауіп төндіруі мүмкін, себебі
қатысушыларда өзіне деген сенбеушілік туу мүмкін.
Этномәдениетті тренинг эффектісінің бағалануы.
Этномәдениетті тренинг эффектісінің бағалануының мәселелері қазіргі
әдебиеттерде жиі кездеседі. Бұл мәселелерді шешу үшін, алдымен, тренингтің
эффекті және эффектілігі ұғымын дұрыс түсініп, ажыратуымыз керек.
Психологтардың түсініктеріне сүйенсек, психологиялық эффект дегеніміз –
тренингтің әсерінен қатысушылардың өздерінің өзгеруі мен олардың іс-
әрекеттерінің өзгеруі. Тренинг кезіңде пайда болған эффекті өзгерулер қысқа
уақытты және қалыпты емес, олар біраз уақыт өткен соң жойылып кетеді. Ал
көп уақытты эффект жағдайында пайда болған өзгерістер, көп уақытқа дейін
сақталады. Өкінішке орай, тренингтік эффектілер лабораториялық болып та
келе алады, яғни тек қана тренингтің лабораториялық жағдайында туындап,
өмірлік жағдайларда көрінбеуі мүмкін.
Тренингтің нәтижелері қойылған мақсатқа сәйкес келуі де, келмеуі де
мүмкін. Сондықтан, біз алдымызға мақсат қойып өткізген тренинг Үміттелген
деп аталады. Этномәдениетті тренингтің үміттелген және ұзақ уақытты
эффектілер салдарынан, қатысушыларда төмендегідей өзгерістер байқалуы
мүмкін:
- Этномәдениетті компетенттілік деңгейінің жоғарлауы;
- Этномәдениетті сензитивтіліктің дамуы;
- Эмпатия деңгейінің жоғарлауы;
- Этникалық және әлеуметтік ұқсас позитив деңгейінің жоғарлауы;
Тренингтің тиімділігі төмендегі 2 көрсеткіштерге байланысты болып
келеді:
1) Қатысушылармен болатын өзгерістердің деңгейіне байланысты, олар
барлық үш аспекті қамтиды: Когнитивті, эмоционалды және тәртіпті.
2) Қатысушылардың тобының тренингпен қанағаттанушылығына
байланысты.
30
Тренингтің эффектілігінің бағалануының ең атақты және көп қолданбалы
схемасы ол – Д.Киркпатриктің схемасы. Ол бұл схеманы 1959 жылы ұсынған.
Бұл схемада автор тренинг эффектілігінің бағалануының төрт негізгі деңгейін
ерекше белгілейді. Олар:
1) Тренингке қатысушылардың реакцияларының деңгейі, яғни олардың
көзқарастары, ойлаулары, бағалануы.
2) Мүліктену деңгейі. Яғни нұсқауларды орнату жатады.
3)
Тренингтен кейінгі мінез-құлықтың деңгейі, және тренингтен тыс
уақыттағы мінез-құлық.
4) Қорытынды нәтижелер деңгейі, яғни қорытынды жасау. (Жуков, 2004)
Қатысушылардың бағдарламасының бағалануы. Бұл техника оңайрақ, ол
тренингтен кейінгі қатысушылардан жазбаша сауалнама алудан
құрастырылады. Әдетте, тренингтен кейін қатысушыларға 2 стандартты сұрақ
қойылады:
1) Бағдарламаның қай бөлімдері сіздерге әсерін тигізді және эффекті
болды?
2) Бағдарламаның қай бөлімдері пайдалы болды?
Ал тренингтің соңында қорытынды сұрақ қойылады: Тренингтің қай
бөлімдеріне сіздер өзгерістер енгізуші едіңіз? Бұл сауалнаманы құпия түрде
өткізген жөн. (Жуков,2004)
Құрылымданбаған бақылау. Тренер тренингтен соң, бақылау нәтижелерін
жазып, анализ жасайды.
Құрылымданған бақылау. Бұнда арнайы схемалар қолданылады. Бұл әдіс
арқылы тренингке қатысушылардың тренинг барысында болып жатқан тәртіп
пен мінездеріндегі өзгерістерді байқауға болады. Бұл мақсатты жүзеге асыру
үшін кодтаудың арнайы схемалары пайдалынады, олар арқылы коммуникация
мен демонстрацияның позитивті және негативті эмоцияларын белгілеп алуға
болады. Мысалы: Қатысушыларға сұрақ қойып, олардың жауаптарын белгілеп
алу.
Фокус-топ. Тренинг пен оның қатысушыларына мақсатталған
бағдарламаның талдауы жүргізіледі. Фокус-топқа қатысушылардан басқа, тағы
да бұл салада тәжірибеленген бірнеше адам қатыса алады. Фокус-топтың
жүргізушісі тренер болуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда қатысушылар онымен
толығымен ашылмауы мүмкін.
Сабақтың мазмұнының талдануы. Бұл жағдайда аудио немесе видео
тренингтер жүргізіледі. Содан кейін жазудың анализі құрылымданған бақылау
сияқты схема бойынша өтеді. Бұл техниканын қолдануымен талдау терең және
детальді болып жасалынады.
Зерттелудің жоспары алуан түрлі болады. Құрылымына байланысты жай
және күрделі болады. Ол мына эффектілерге байланысты болып келеді:
1. Фон эффектісі. (тренингтің әсерімен өтетін кез келген жағдайлар);
2. Даму эффектісі. (тренингке байланысы жоқ таптаурындардың
өзгерулері);
3. Алдыңғы өткен тестің келесі тесті жақсы өтуге бағытталған эффектісі;
31
4. Топ құрамының эффектісі (эксперименталды және бақылау топтардың
эквиваленттіліксіздігі).
ЭТНОМӘДЕНИЕТТІҢ КОМПОНЕНТІ ЖӘНЕ
ЖҮРГІЗУШІНІҢ КЕПІЛДЕМЕСІ
Этномәдениеттің кез келген типі болмасын тренингте идеалды бола
алмайды және универсалды моделінің тренингі теориялыққа жатпайды.
Этномәдени тренингті жақсы түсіну үшін, тренингтік даму этномәдениет көмек
етеді және ұлтаралық мәдени диалогқа келтіріп, ұжым арасындағы қатысуыды
дамыту керек.
Этномәдени қажеттіліктің әдіснамалық негіздері.
Әдіснаманың
деңгейі
Тренингтің бағдарламалары
Жалпы
философиялық
әдіснаманың
деңгейі
«Коперниканское» адамның түсінігі туралы (Асмалов,
2001). Адам және оның әлеуметтік мазмұны қоғамдық
қатынаста – адам әлемі, танымдық мәдениеті,
әлеуметтік ақиқаттың құрылымы (Андреева,2005).
Әдіснамалық
деңгейінің жалпы
ғылыми
принциптері
Қоғамның және табиғаттың танымдық көп сапасының
құбылысы (Асмалов,2001). Этнопсихологияның жан-
жақты теориялық бағыты (Стефоненко, 2006).
Нақты ғылыми
әдіснамалық
деңгей
Іс-әрекет детерминанты топтың ақиқатты іс-әрекеті,
сондықтан «әлеуметтік-психологиялық топтың
мінездемесін өзгереді, оларға ықпал жасайды»
(Петровская, 1982, с.97; Леонтьев А.Н. 1983).
Нақты
әдіснаманың
деңгейі
және
техникасы
Когнитивті-бихевиористік парадигма (Шульц, 1998;
Эллис, Драйден, 2002).
Егер тренингті жүйе ретінде елестетсек, онда оны бес деңгейде шеше
аламыз:
•
Сабақ тренингін құрастыру.
•
Әдіснаманы таңдау, ақпаратпен жұмыс жасау.
•
Динамикалық топпен басқару.
•
Жекеше тұлғаны талдау және мәдени ерекше өзгешеліктердің
қатысушылары.
•
Тренердің тұлғалық дамуы.
Тренингті құрғанда әрбір теңдеуді шешкен жөн, онсыз жүйе толық
болмайды. Ең керекті бес функциясын қарастырайық. Олар бағдарлауда теңдеу
шешімі болады. Сабақ тренингін құрастыру.
32
Құрастырмалы бағдарламалар көптеген авторлардың ойынша бәрі
соңынан басталады – нәтиженің жоспарлауы, яғни кез келген тренингтің негізгі
мақсаты. Сабақ құрастыру нәтижелері үш баланс бойынша құрастырылады:
концепциялар, аспаптар және ресурстар. Тренингтегі концепциялық балансты
этномәдени компонентері – бұл жай ғана кез келген мәдениетті білу ғана емес,
сонымен қатар өзінің жеке басының білімі, яғни «өміріндегі тәжірибемен
байланысты». Тренингтің соңында қатысушылар жаңа тәсілдерді қолданады,
бұл салада, мысалы, кез келгенің түсіну мәдениеті аралық конструктивтігін
білу, этникалық және топтық дискриминациялар, ресурсты - субьективті
әлемнің суретін азды не көпті нақты білуі, тренингтің нәтижесініде
қатысушыларда нақты өзгерістер болады. Мысалы: этноцентр немесе бұл
әлемде басқа халықтың көзқарастарымен бағыт берілуі. Тренингтің нәтижесі
оның мақсатын анықтайды:
•
Этномәдениеттің компетенттілігінің дамуы жоғарлайды.
•
Мәдениаралық конструктивті диалогінің дамуы.
Тренингтердің мақсаттарын бірін нақтырақ қарастырайық –
этномәдениеттің компонентінің жоғарлауы және талдау жасаймыз оның
бағдарламасының жұмысы қалай іске асырылуына байланыты. Этномәдениетті
компетентілік бұл білімнің жалпы, басқа мәдениеттер туралы білуі, сол
мәдениеттерінің өкілдерімен қарым-қатынасы. Бұл компетенті негізгі
компетенттерінің бірі – басқа мәдениетті өкілдерімен қарым-қатынасы жасау
ерекшелігі.
Отаншылдық әлеуметтік-психологиялық сәйкестігі. Әлеуметтік
перцептивтік, коммуникативтік және интерактивтік аспектінің қатынасы
болып, мәдениетаралық компетентің дамуының қатынасындағы және үш
аспектінің құрастырылуы, перцептивтің дамуы, коммуникативтік және
интерактивтік этномәдениеттің компетенттілігінде жатыр. Бұл тренингпен бір
уақытта сол компонентің екі шешімін ұсынылады.
Этномәдени біліктілікті дамытудағы психотехникалық
тренингтің мазмұны
Теориялық конструкт және оны
құрастыру
Тренингтің мазмұны
Психотехникалық жаттығулар
1. Әлеуметті-перцептивті біліктілік
1.1.Когнитивті
процестер:
әлеуметтік деңгей; топты
ұқсастыру;
топаралық
диференциал;
-Дамуының этникалық ұқсастығы
және санасы;
-«Әлемнің суреті» өзінің және
басқа мәдениетін танысуы;
-Қасиеттерді
талдау
және
қатысушылар
арасындағы
айырмашылық;
-Жалпы
ұқсастықты
қалыптастыру(азаматтық,
аймақтық, жергілікті).
«Менің есімімнің тарихы»,
«Ұлттық тағамды әңгімелеу»,
«Мақал-мәтелдерді талдау», «Тірі
мүсінші», «Ертегіші», «Біз
немізбен ұқсаспыз!», Ойын «Біз
бірге, Қазақстан!».
1.2.Атрибутты процестер:
-әлеуметтік
каузальді
артибуция;
-таптаурындар;
1.3. Аттитюды:
-жаңсақ нанымдар
-мәдени ерекшелік,
-мәдени дамуының сензитивтілігі,
этникалық
таптаурындарды
қарастыру,
-өзінді қорлық сезіну, т.б.
«Кім туралы айтылып жатыр,
Шеш», «Өрмекшінің өрмегі соқыр
сезім», «Мәдени ассимилятор».
33
2. Коммуникативті біліктілік.
2.1.Рефлексия
-Адекватты дағдыны дамуы, өзінің
ішкі жағдайын білдіру.
«Өрмекшінің өрмегі соқыр сезім»,
«Берілген тақырыпқа шығарма
жазу».
2.2.Кері байланыс
-Кері байланысты икемдеу, даму.
«Берілген тақырыпқа шығарма
жазу».
2.3.Диалог
қатынасын
құрастыру
-эмпатия
және
сензитивті
белгілерін қалыптастыру.
-өзара ықпал ету және ашық
белгіленгеніне қалыптастыру;
«Менің есімімнің тарихы»,
«Ортаға кір», Ойын «Біз бірге,
Қазақстан!».
2.4.
Вербальді
емес
коммунакация
-қатысушылардың
мәдени
айырмашылық санасындағы адам
тәрбиесінің қатынасы;
-вербальді емес тіл қатынасын
анықтау және олардың мәдени
себептері,
-вербальді емес дамуының
қатысушылардың мәнерлігі,
«Әуежайда танысу», «Қарым-
қатынас кеңістігі», «Ортаға кір».
3. Өзара әрекеттің біліктілігі.
3.1. Әлеуметті мәдениеттің
мінез-құлығы;
-салт-дәстүр,
әдет-ғұрып,
құндылық, қағида, ереже,
рөлдерді реттеу.
Ментальді этникалық қатынастар:
-мәдени қағидаларды талдау
арқылы мақал мен ережелер;
-адам құндылықтары
«мақал-мәтелдерді талдау», «Тірі
мүсінші», «Ертегіші», «Мәдени
ассимилятор»,
3.2. Іс - әрекеттің ұйымдағы
қатынасы
-ұлтаралық мәдени диалогінің әдет
құрылымның дамуы;
-толеранты
мінез-құлықтың
қалыптасуы
«Мәдени ассимилятор». «Біз
бірге, Қазақстан!».
Достарыңызбен бөлісу: |